Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
buhuchet_kurs_97.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.8 Кб
Скачать

2.2 Өндіріс шығындарын есепке алудың тапсырыстық әдісі

Тапсырыстық әдіс – технологиялық мақсаттарға арналған материалдар шығынын, өндіріс жұмысшыларының негізгі еңбекақысын және үстеме шығындарды нақты өнім шығарумен немесе қандай да бір қызметті орындаумен оңай ақтап алатын (немесе орнын толтыратын) өндірістерде қолданылады. Бұл әдіс, әдеттегіше, бір тұрпатты (тип) өндірістік ұйымдағы кәсіпорындарда, құрылыста, қызмет көрсету саласында қолданылады.

Барлық тікелей шығындар жекелеген тапсырыстар бойынша шығын номенклатурасында белгіленген разрядта ескеріледі. Барлық қалған шығындар пайда болған орны бойынша ескеріліп, бөлу базасымен белгіленгенге сәйкес тапсырыстардың өзіндік құнына қосылады.

Жеке тапсырыс шығын есебі мен калькуляциялаудың объектісі болып табылады. Тапсырыстар бір ұйымға жеке (дара), ал ұсақ сериялы өндірісте бірнеше бұйымдарға келіп түседі (немесе ашылады).

Есептің тапсырыстық әдісіне мына ерекшеліктер тән:

  • тапсырыстар бойынша шығындарды қортындылау (жалпылау);

  • тапсырысты орындау барысында оны есептен шығару;

  • тапсырыстар есебінің карточкасын жүргізу, сондай-ақ жанама шығынды жекелеген тапсырыстарға бөлу аса қажет.

Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың тапсырыстық әдісі аз сериялы және жеке –дара өндірісі бар кәсіпорындарда, жөндеу және эксперименттік жұмыстарда пайдаланылады. Барлық тікелей шығындар әрбір (жекелеген) тапсырыстар бойынша белгіленген номенклатура баптарының кескінінде есепке алынады. Тапсырыс кәсіпорынның өндірістік бөлімшесінде арнайы бланкілерде ашылады, содан соң ол орындаушы – цехқа және бухгалтерияға түседі. Әрбір тапсырысқа өзіндік код беріледі, онда жұмысшыға есептелген жалақы, барлық құжаттардағы материалдардың шығысы, өндіріске кеткен шығын есебін жүргізетін карточкаға көшіріліп жазылады. Тапсырыстың өзіндік құны оларды әзірлеумен байланысты шығындар сомасынан тұрады.

Тапсырыстың өзіндік құнын калькуляциялау үшін шалафабрикатсыз әдісі пайдаланылады.

Тек дайындау цехында (құю , ұсталық-пресс және т.б.) шалафабрикатты әдіс пайдаланылады, демек, аталған цехтар бойынша жеке калькуляция жасалады. Яғни, шалафабрикаттық әдісте тапсырысты жасау процесі цехтан цехқа өтеді, бірақ ондағы жасалған операциялар бухгалтерлік есепте көрініс таппайды.

Цехтар шығындарды әрбір (жекелеген) табыстың кескенінде, калькуляциялаудың бекітілген номенклатурасы бойынша, ал негізгі материалдар, шикізаттар, технологиялық отындар мен энергиялар – белгіленген топ кескінінде аналитикалық есепте көрініс табады.

Ал үстеме шығыстары олардың өндірілген орны бойынша есептелінеді және ай сайын қабылданған тарату тәсілі бойынша әрбір тапсырыстың өзіндік құнына жатқызылады.

Ақаудан алынған жоғалтулар, әдетте, өздерінің тиесілі тапсырыстарына есептен шығарылады. Орындалмаған тапсырыстар, аяқталмаған өндірістер ретінде танылады.

Тапсырыс орындалып біткен соң және оның техникалық қабылдануы тапсырыс берушіге ұсынғаннан кейін өндірістік бөлім кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырыстың біткені туралы хабарлама жасайды, содан соң тапсырыс бойынша шығындар жасау процесі тоқтатылады. Кейбір кәсіпорындарда тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға өткізсе, сол қоймаға накладнойы өткізу тапсырыстың жабылғаны (мысалға, электротехникалық өнеркәсібінде).

Бұл әдісті қолдану барысында іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған дейін барлық шығындар аяқталмаған өндіріс ретінде қарастырылады. Тапсырыстық әдістің кемшіліктері мынада: күрделі, қайталанбайтын немесе сирек қайталанатын тапсырыстарды әзірлеу кезінде материалдық және еңбек шығындарын нормалауды ұйымдастыру қиын, нормативтік калькуляцияларды жасау және өндіріс шығындарын алдын ала бақылау жасап отыруды қиындатады. Осы кемшілікті жою үшін өндірістің ұзақ циклінде ірі бұйымды әзірлеу кезінде (кеме жасауда, ауыр машина жасауда) олардың торабына (агрегаттарына, кострукциялық элементтеріне) жекелеген тапсырыс ашуды ұсынады, яғни олардың әрбір конструкциясы аяқталған болып саналады.

Кіші сериялық өндірісте тапсырыс саны ағымдағы айда шығарылатын болып жоспарланған санымен сәйкес келеді. Нақты бір бұйымды немесе бірнеше бұйымды (тапсырыстарды) әзірлеу үшін пайдаланған барлық тораптар мен детальдар (бөлшектер) есепте бөліп көрсетіледі.

Тораптар мен детальдардың (бөлшектердің) бірінші түрі бойынша олардың шығындарының есебі тапсырыстық әдіспен, ал сериялық немесе жаппай өндірістік тәртіпте дайындалатын бұйымдар – екінші, яғни нормативтік әдіспен ұйымдастырылады. Сөйтіп, бұйымның жалпы құны тапсырыс ескерілген жекелеген тәртіпте дайындалғандардан шығындардан және нормативтік әдісі бойынша жалпы немесе сериялық өндіріс тәртібінде есептелген тораптар мен детальдардың (бөлшектердің) жалпы құнынан немесе өзіндік құнынан құрылады.

Кәсіпорынның экономикалық қызметінің қызметкерлері жекелеген және кіші сериялық өндіріс жағдайында өндірістегі шығындарды есепке алудың нормативтік әдісінің элементтерін мүмкін болатын жерде қолдануды ұсынуы тиіс.

Тапсырыстар бойынша шығындар топтастырылып, өндіріс есебінің карточкаларында әрбір тапсырыстың өзіндік құны есептелінеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]