Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
buhuchet_kurs_97.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204.8 Кб
Скачать

Кіріспе

Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Калькуляциялау – бұл барлық тауарлық өнімдердің де әрі бір бірліктің де өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысын оперативті басқаруда маңызды орын алады, өйткені ішкі резервті дер уақытында (уақтылы) ашуға мүмкіндік беріп, оны өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және бәсекеге жарамдылығын арттыруда пайдаланылады. Калькуляцияны өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға және өнімнің (жұмыс, қызмет) нарықтағы сұранысын ескеретін негізгі бағасын белгілеуде пайдаланады.

Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.

Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.

Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькуляция жатады.

Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен ролъ атқарады.

Калькуляциялаудың аса қажетті алғы шартына өндірістік шығынның жиынтық есебін ұйымдастыру жатады. Өнеркәсіптерде өндірістің жиынтық шығын есебі мен калькуляциялауға екі нұсқа қолданылады – жартылай дайындалған өнімсіз және жартылай дайындалған өнімді.

Бірінші жағдайда шығын есебі жартылай дайындалған өнімді бір құрылымдық бөлімшеден екіншісіне тапсыру барысында өзіндік өндірістің жартылай дайындалған өнімдердің өзіндік құндарын бухгалтерлік қайта есептеусіз жүргізіледі.

Екіншісінде – есеп бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесінде жартылай дайындалған өнімді келесі қайта тапсыру барысында өзіндік өндірістегі жартылай дайындалған өнімдердің өзіндік құндарын қайта есептеумен жүзеге асырылады. Өндіріс шығынының жиынтық есебі өнім шығармаларының әрбір қайта бөлуі бойынша анықталады және өнім бір мезгілде тұтастай ұйым бойынша да, келесі қайта бөлуге берілетін құрылымдық бөлімшелер бойынша да калькуляцияланады.

Өнідірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында пайдаланылады. Оларда, аяқталмаған өндіріс болмайды және шалафабрикаттарды өзі өндіреді.

Көптеген кәсіпорындар жұмыс практикасында өндірістің қарапайым әдісінің дұрыстығын және прогресшілділігін (іргелішілдігін) дәлелдеп береді. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің қарапайым төрт нұсқасы бар.

Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады.

Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар қолданады. Бұл арада дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің қажеттілігі туындайды.

Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын, мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда қолданылады.

Қарапайым әдістің төртінші нұсқасын өнімнің өзіндік құнын анықтамай – ақ шығындар есебін бөлістік немесе процестік бойынша жүргізетін кәсіпорындар пайдаланады.

Өндірістік шығынның тапсырыстық есебін мына жағдайларда жүзеге асуы мүмкін: бірегей бұйымдарды немесе арнайы тапсырыспен орындалған бұйымдарды немесе бірқатар бұйым партиясын дайындауды бөлектеп дараландыруда ұйымдастырылуы мүмкін, өнім бірлігінің орташасы емес, дараланған, өзіндік құн туралы ақпарат алу қажет (құрылыс, кеме жасау, құбыр жасау, полиграфия, жиһаздар өндіру, ҒЗЖ (ғылыми зерттеу жұмысы) орындау, құрастырушылық, жөндеу жұмыстары, аудиторлық және кеңес беру қызметтері және т.б. ұсақ сериялы, дара тұрпатты өндіріс).

Бұл әдісті қолдану барысында іс жүзіндегі өзіндік құн тапсырыс аяқталғаннан кейін анықталады, бұған дейін барлық шығындар аяқталмаған өндіріс ретінде қарастырылады.

Шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бөлістік әдісі өнімді жаппай өндіретін кәсіпорындарда қолданылады, онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді.

Дайын өнім немесе шалафабрикат шығарумен аяқтайтын технологиялық процесті бөлістік әдіс деп атайды. Бөлістік әдісте өндіріс кеткен шығындар олардың әрбір кезеңі, фазасы, ауысымы, яғни бөлісі бойынша есептелінеді.

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдісін негізінен жаппай өндіріспен шұғылданатын кәсіпорындар пайдаланылады.

Өндірістегі шығындарды есепке алу өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың нормативтік әдістері бойынша жұмыстардың технологиялық және нормативтік карталар жасаудың басталады. Ол қарталарда материалдардың, жалақының жұмсалуы және өнім дайындауға қажетті басқа да шығындар айқындылады. Нормативтік карталардың негізінде өнім бірлігінің нормативтік өзіндік құны көрсетілген нормативтік калькуляциялары бойынша жасалады.

Халықаралық практикада қолданылатын әдістерінің бірі- «Дерект-костинг» жүйесі. Оның мәні: тікелей (өзгермелі) шығындар дайын өнім түрлері бойынша қорытындылайды, ал жанама (тұрақты) шығындар жеке шоттар жинайды және ол қай есептік кезеңде пайда болды, сол есептік кезеңдегі жалпы қаржылық нәтижеге есептен шығарады.

«Директ-костинг» жүйесінің артықшылығы – баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге, сондай-ақ шығын мен нәтижелерді есептеу, доспарлау, нормалау, бақылау процесін оңайлатуға болады.

Әдістің екіншісі - «Стандарт-кост» жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығыны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс турады есеп беруді жасайды.

Курстық жұмысымды жазғанда қолданылған әдебиеттерінің негізгісі – В.К. Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» және В.Л. Назарова «Басқару есебі».

Курстық жұмысым негізгі үш бөлімнен тұрады және оның жалпы көлемі 34 бетті құрайды.

Міне, осындай негізгі бөлімдер бойынша курстық жұмысымды ашамын.

1-бөлім. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жөніндегі жалпы түсінік

1.1 Көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын калькуляциялау жөніндегі жалпы ереже

Өнімнің өзіндік құны – бұл өндіріске және өткізуге кететін ақшалай түрдегі шығындар.

Калькуляциялау дегеніміз өнімнің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің бір өлшемге есептелінген өзіндік құны болып табылады. Ол кәсіпорын жұмысын жедел басқару үшін маңызды роль атқарады және ішкі резервтерді дер кезінде ашуға және өнімнің өзіндік құнын жоспарлауға, өнімге, жұмыстар мен қызметтерге көтерме және бөлшек бағаларды негіздеуге пайдаланылады.

Өндірісті ұйымдастыру ерекшеліктері мен технологиясына байланысты өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың бірнеше әдістері қолданылады. Халық шаруашылығының түрлі салаларындағы кәсіпорындарда қандай да бір әдісті қолдану өнімнің өзіндік құнын жоспарлау, есепке алу және калькуляциялау жөніндегі негізгі ережелеріне сәйкес белгіленеді.

Калькуляциялауды жасау мерзімі: алдын ала және кейінгі (немесе кезектегі) болып екіге бөлінеді.

Алдын ала жасалатын калькуляция өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті деңгейдегі шығындардың мөлшерін топшылайды. Оған жоспарлы, сметалық және нормативтік калькуляция жатады.

Жоспарлы калькуляция - өнімге (жұмысқа, қызметке) және бұйым бірлігіне мүмкін болатын шығындардың деңгейінде анықталады, бірақ ол кезде жалақының, энергияның, отынның, материалдардың нормасы, өндірістің технологиясы, сондай-ақ резервтері ескеріледі.

Сметалық (болжамдық) калькуляция – бұл жоспарлы калькуляцияның бір түрі, ол жоспарланған және жаңадан игерілген бұйымның негізінде жасалады. Ол жоспарлы калькуляцияны жасауға негіз бола алады.

Нормативтік калькуляция - ағымдағы жоспарлы калькуляцияның бір түрі болып табылады. Бұл аталған әдіс шығындарды есептеудің нормативтік әдісін және кәсіпорынның өзінде пайдаланып жүрген өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын қолданады. Оның негізінде қол жеткен шығындар деңгейін сипаттайтын ағымдағы және әрекет етіп тұрған нормаларды пайдаланады.

Нормативті калькуляцияның жоспарлы калькуляцияға қарағанда дәлділігі анағұрлым жоғарылау болып келеді.

Кейінгі (немесе кезекті) калькуляция өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады.

Олар нақты шығынды көрсетеді. Оларға нақты (есеп беру калькуляциясы) және шамаланған калькуляция жатады.

Өнімнің өзіндік құнының нақты (есеп беру) калькуляциясы нақты шығындармен сипатталады, ал ол жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты себептері бойынша да (өнімді өндірудің орындалуы немесе орындалмауы, кейбір шығындар түрлерінің артық немесе кем жұмсалуы) және оған байланыссыз себептері бойынша да (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымдардың нормасы, суға, газға, жылуға, электр энергиясына тарифке өзгерістер енгізілуіне байланысты) ауытқуы мүмкін.

Калькуляцияның бұл түрі нақты шығындар туралы есептік мәліметтің негізінде дайындалады.

Шамаланған калькуляция нақты шығындар және тоғызайдың ішінде алынған өнімдер немесе басқа да кезеңге есептелген шығындар деңгейінде жасалады.

Калькуляцияның бұл түрі ағымдағы жылдағы өндірілген өнімнің нәтижесін алдын ала бағалау үшін пайдаланылады.

Калькуляциялау кезінде өнімнің өзіндік құнының калькуляциясын және шығындарды есептеу объектісін дұрыс белгілеу өте үлкен ролъ атқарады.

Шығын есебінің объектісі – кәсіпорын өндіріс шығын есебінің талдамалығын ұйымдастырудағы объект. Өнеркәсіптерде шығын есебінің объектісі мен калькуляциялау объектісі бір-біріне дәл келеді. Мысалы, тігін өндірісінде шығын есебінің объектісі мен калькуляиялау объектісіне бұйым (сырт және іш киімдер) жатады.

Калькуляциялау объектісі – кәсіпорын калькуляциялайтын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері. Мысалға, ауыл шаруашылығында есеп және калькуляциялау объектілері бір-біріне дәл келмейді (мал шаруашылығы: шығын есебінің объектісі – ірі қара мал, ал калькуляциялану объектісі – сүт, төл, көң).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]