- •2 Кезен
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
- •Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.

Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№16 Жағдайлық есеп
13 жасар қыз. Бір жұма бұрын тілде пайда болған ойық жараларға шағымданады. Қабылдауға ата-анасынсыз келген. Тексеру кезінде: жақ асты лимфа түйіндері 1см көлемінде, тығыз серпімді (эластичый) консистенциялы, қозғалмалы, пальпация кезінде ауырмайды, тері түсе өзгермеген. Тілдің бүйір жағында ауырмайтын, диаметрі 1см, пішіні тәрелке тәрізді, шеттері көтерілген ойық жаралар бар. Ойылудан алынған экссудатта түнекайдынды микроскопта зерттегенде спираль пішінді, саны 8-12 болып келген бұрамалары біркелкі, айналу, маятник тәрізді, жылжу, иілу қозғалыстарын жасайтын микроорганизмдер табылды
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№ 17 Жағдайлық есеп
28 жастағы Науқас Д, стомотологка жоспарлы тексеруге келді. Дәрігер науқастын ауыз қуысын біраз тексергеннен кейін, ауыз қуысында жағымсыз иістін шығуымен, тістің қызыл иегінің ауруымен сипатталатынын және қосымша созылмалы танзилитпен және гастрит ауруымен ауырады екен.
Сіздің болжалам диагнозыныз?
Науқастан қандай зерттеу материалын аламыз?
Лабораторияға зерттеу материалын тасымалдау және дұрыс сынама алу әдістемесі?
№ 18 Жағдайлық есеп
Стомотологиялық поликлиникаға тістің шайнау бұлшығетінің қатты ауруы мен науқас келіп қаралды. Дәрігердің тексерісінен кейін, науқаста шайнау бұлшықетінің аумағында терең кариозды пульпиттің болуымен байқалды.
Сіздің болжалам диагнозыныз?
Науқастан қандай зерттеу материалын аламыз?
Лабораторияға зерттеу материалын тасымалдау және дұрыс сынама алу әдістемесі?
№19 Жағдайлық есеп
30 жастағы Науқас Л., Стомотологиялық поликлиникадағы дәрігерге тіс иегінің қанағыштығымен, шырышты қабатының қызаруымен, ісінуімен, осыған байланысты науқастың тамақтануының қиындауы байқалып шағымданып келді. Науқас осы жағдай бір апта бойы созылып жатқанын дәрігерге айтты.
1. Сіздің болжалам диагнозыныз?
2. Зертеуге науқастан қандай материал алуымызға болады?
3. Лабораторияға зерттеу материалын тасымалдау және дұрыс сынама алу әдістемесі?
№20 Жағдайлық есеп
Зертханада картоп-глицеринді петри табақшасындағы дақылдан жағынды дайындалды. Зерттеу заты 40 жастағы науқастан алынған. Сынама жоғарғы қызыл иектен, қатты және жұмсақ таңдайдан, тілден және жоғарғы еріннен алынды. Науқас ерініндегі ауру сезіміне және жарыққа, ауыз қуысынан бөлінген іріңді-қан аралас бөліндіге және тістерінің босағанына шағымданған. Жағындыны Циль-Нильсен әдісімен бояғанда қызыл таяқшалар табылған.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
Патологияның алдын алу шараларын көрсетіңіз?
Сынама алу және оны зертханаға жеткізу әдісі?
№21 Жағдайлық есеп
50 жастағы ер адам ауыз қуысында бірнеше қабынусыз ауырмайтын гранулемасымен ауруханаға түсті. Ауыз қуысын қарағанда төменгі жақтың бұлшықетінде ұстамалы спазмдар байқалды (тризмы), Кейбір аймақтарда түйіндер және тығыздығы қатты инфильтарт пайда болған. Оның ортасында өсіндісі бар, ол өсіндіден құрамында сары-көк дәндері бар сұйық ірің ағып тұр
Сіздің болжам диагнозыңыз?
Науқастан зерттеуге қандай материал алу керек?
Зертханаға сынама алу және оны тасымалдау әдісі.
№22 Жағдайлық есеп
31 жастағы М. атты науқас ауыр жағдайда туынды эктодермамен ауруханаға түсті. Науқастың ауыз қуысының шырышты қабатында нерв тбағаналарында инфитьтрат тәрізді зақымданулар және тілдің ұлғайуы байқалды. Инфильтраттар жұмсақ және қатты таңдайда, ерінде және тілде де пайда болған. Соның әсерінен науқаста қасы мен кірпігі түсіп, түрі «арыстанның бетіне» ұқсаған.
Сіздің болжам диагнозыңыз?
Науқастан зерттеуге қандай материал алу керек?
Зертханаға сынама алу және оны тасымалдау әдісі.
№23 Жағдайлық есеп
5 жастағы Д есімді науқас, №3 балалар стоматология емханасына ауырғанна 3 күннен соң қаралды.
Шағымы: ауыз қуысында аздаған жағымсыз ауру сезімі мен тамақ ішуінің қиындауына.
Қарап тексергенде: ауыз қуысының барлық шырышты қабығын ірімшік тәріздес, ұйыған сүт секілді, шпателмен қырғанда оңай алынып астында ашық - қызыл түсті кейбірі қанталаған негізі бар ақ түсті қақ (налет) басқан.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№24 Жағдайлық есеп
Стоматология емханасына 30 жастағы науқас астыңғы жағының сол жақ бөлігінің жедел ауру сезіміне шағымдалын қаралды. Ауру сезімі бір күн бұрын кешке басталып түнде бірден күшейіп кеткен, ұстама тәріздес құлаққа беріледі. Ауыз қуысын қарап тексергенде 36 аумағында терең кариозды қуыс бар екендігі анықталды.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№25 Жағдайлық есеп
29 жастағы ер адам көмекке стоматологиялық емханаға жүгінді. Науқас қызыл иегінің қанталауына, дене қызуының 37,5-380 жоғарылауына, тамақ ішіп, сөйлеген кезде күшейетін шырышты қыбығының ауру сезімдеріне шағымданды. Қарап тексергенде қызыл иектің альтерациялану белгілері бар жедел қабынуы, қызыл иек жиегінің деформациясы, сонымен қатар ауы қуысынан шіріген иістің шығуы байқалады. Қызыл иек жиегі мен тіс аралық емізікшелерінің эпителилері күңгірттеніт некрозданған («обрезанные» края).