- •2 Кезен
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
- •Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
- •Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.

2 Кезен
№1 Жағдайлық есеп
Стоматолог қабылдауына тіс жегі шағымы бойынша науқас келді. Ауыз қуысын тексеру барысында науқастың қызыл егінен ауру сезімі жоқ, ашық қызыл түсті, тісті жарты ай тәрізді қоршаған эрозия табылды.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№2 Жағдайлық есеп
Науқастың төменгі жақ сүйек аймағында абсцесс түзілген ауру сезімді инфильтрат табылған. Іріңнен жасалынған жағындыда күлгін түсті, шеттері колба тәрізді томпайған жіңішке жіптердің өрімі- друздар анықталған
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№3 Жағдайлық есеп
Стоматолог қабылдауына ауыз қуысында қышқыл тағам ішкенде күшейетін ауыру сезімі мен күйдіру сезімдеріне шағымданған науқас келді. Ауыздың шырышты қабатын қарағанда диффузды қызарған өңез табылды. Анамнезден науқас круппозды пневмониямен ауырып көп дозада антибиотиктерді қабылдағаны анықталды. Өңезді микроскопиялық зерттегенде овал пішінді бүршіктенген жасушалар мен псевдомицелий анықталды.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№4 Жағдайлық есеп
Науқас стоматологиялық клиникаға ауыз қуысы мен көмейде қолайсыз сезімің пайда болып, жұтынғанда ауру пайда болғанына, тәбетінің төмендеп, дене қызуының 37,5-38оС-ге дейін көтерілгеніне, шаршағыштыққа шағымданған науқас келді. Қарап тексергенде таңдай бездерінің аумағында фибринозды қабық байқалды, қабықша беті тегіс және жылтыр.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№5 Жағдайлық есеп
Стоматолог қабылдауына нәресте, анасының айтуынша, баланың жалпы жағдайы төмендеп, дене қызбасы 38оС-қа көтерілуі, бас ауруы, ұйқысы мен тәбетінің бұзылу шағымдары. Бала тамақ қабылдағанда қызыл иегінің ауырып, қанталауына шағымданады. Дәрігердің тексерісі кезінде ойылған жаралар, жанындағы тіндердің некрозы, тіс аралық емізікшелердің ойылуы, ауыз қуысының шырышты қабатының ептеп гиперемияға ұшырағандығы анықталды. Жарада алынған бөліндіден жасалынған жағындыда қызғылт түсті шиыршықталған таяқшалар мен қызғылт түсті спиральтәрізді бактериялар табылды.
Сіздің болжам диагнозыңыз қандай?
Зерттеу мақсатында науқастан қандай материал алу қажет?
Зерттеу материалын алу және лабораторияға тасымалдау тәсілдері.
№6 Жағдайлық есеп
Стоматолог инфекциялық стационарға консультацияға шақырылды. Бала 7 жаста. Дене қызуының 38,5оС-ге дейін көтерілгеніне, тамағының ауырғанына шағымданады. Ауырғанына екі тәулік болған. Обьективті: мұрын - еріндік ұшбұрышынан өзге аяқ-қол, дене терісі түгелдей гиперемияланып бетін нүктелік бөртпе қаптаған. Жақ астындағы лимфа түйіндері үлкейген, тығызданған, пальпация кезінде ауырады. Еріндері құрғақ таңқурай түсті. .Ауыз қуысы, бадамшалардың аңқалардың шырышты қабаты гиперемияланған. Тілі жұлып алынбайты сұр-сары түсті қақпен көмкерілген, тілдің жиектерінде тістердің ізі қалған Бадамшалардан аңқадан дайындалған материалдан қүлгін түсті тізбектеліп орналасқан кокктар табылды.