Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEST 4-курс.Цикл хирургия.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать
  1. УДЗ

  2. құрсақ қуысының рентгенографиясы

  3. Колоноскопия

  4. Ректороманоскопия

  5. лабораторлы анализдер

838. 14 күндік шала туылған баланың жағдайы өте ауыр. Тыныс жиілігі минутына 60 рет, қатқыл тыныс, аздаған ылғалды сырыл екі өкпесіненде естіледі. Жүрек тондары ритмді, жиілігі минутына 150 рет. Он бүйірімен жатқызып емізген кезде нәресте қақалып жөтеледі. Ал зонд арқылы тамақтандырғанда қақалып жөтелу байқалмайды. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыныз қайсы?

  1. өңеш ахалазиясы

  2. өңеш тарылуы

  3. кеңірдек-өнеш жыланкөзі

  4. өңеш атрезиясы

  5. өңеш дивертикулы пищевода

839. Перзентханада ортопед жаңа туған нәрестеде «таю» және аяқтың алшақтанбау симптомдарын анықтады. Ауырсыну және қабыну белгілері анықталмайды.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

  1. сан сүйегінің туу кезінде болатын эпифизиолизі

  2. сан сүйегінің патологиялық шығуы

  3. тума сан шығуы

  4. Легг-Кальве-Пертес ауруы

  5. сан сүйегінің мойнының сынуы

840. Перзентханада ортопед жаңа туған нәрестеде «таю» симптомын және оң жақ санның алшақтанбауын анықтады. Клинико-рентгенологиялық тексеруден кейін «тума сан шығуы» диагнозы қойылды. Қандай ем ЕҢ тиімді?

  1. наркоз арқылы жабық репозициясы

  2. қанқалық тарту

  3. кеңжаялыққа орау

  4. Лоренц бойынша гипстік таңғыш салу

  5. наркоз арқылы ашық түрде қалпына келтіру

841. Перинатальды гипоксия симптомдарымен туылған 3 апталық нәрестенінің қол-аяқтарының бұлшық еттерінде айқын гипертонусы анықталды. Аяқтың алшақтануы шектелген. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

  1. санның патологиялық шығуы

  2. жамбас-сан буынның дисплазиясы

  3. сан мойынының сынуы

  4. Легг-Кальве-Пертес ауруы

  5. жамбас-сан буынның артриті

842. Перинатальды гипоксия симптомдарымен туылған 3 апталық нәрестенің қол-аяқтарының айқын бұлшық еттерінің гипертонусы анықталды. Аяқтың алшақтануы шектелген. Жамбас-сан дисплазиясына қандай рентгенологиялық белгі ТӘН?

  1. ацетабулярлы бұрыштың ұлғаюы

  2. сан сүйегі бойының деформациясы

  3. ацетобулярлы бұрыштың азаюы

  4. сан сүйегі проксималды бөлігінің көлденең өлшемінің кеңеуі

  5. антеторсия

843. 6 айлық балада сол жақта тума сан шығуы диагнозы қойылды.

Қандай рентгенологиялық белгі ТӘН?

  1. ортан жіліктің ұршықбасы ұясынан шығуы

  2. ұршық ұясының тереңдеуі

  3. сан сүйегінің ішіне ротациясы

  4. бөксе бұлшық еттерінің гипертонусы

  5. ұяшықты остеопороз

844. 6 айлық балада сол жақта тума сан шығуы диагнозы қойылды.

Қандай клиникалық белгі тән?

  1. аддукция

  2. супинация

  3. санның алшақтанудың шектелуі

  4. эквинус

  5. аяқтың ішке қарай ротациясы

845. 6 айлық балада сол жақта тума сан шығуы диагнозы қойылды. Шыққан сан оңай салынады. ЕҢ тиімді қолданатын емі?

  1. буын шығуын ашық әдіспен салу

  2. кең жаялықпен орау

  3. функционалды тарту

  4. наркозбен жабық әдіспен салу

  5. гипстік таңғышты қолдану

846. Енді жүре бастаған 1 жас 3 айлық баланың аяқ алысы «үйрек жүрісі» тәрізді.

ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

  1. Легг-Кальве-Пертес ауруы

  2. сан сүйегінің патологиялық шығуы

  3. сан сүйегінің тума сол жақты шығуы

  4. екі жақты тума сан шығуы

  5. жамбас-сан буынның артриті

847. 14 күндік нәресте басын сол жаққа қисайтып және оңға қарай бұрылған күйде ұстайды. Пальпацияда сол жақ кеуде-бұғана-емізікше бұлшық еті бойымен «ұршық» тәрізді түзілім анықталды. ЕҢ тиімді болжам диагнозыңыз қандай?

  1. мойын қабырғасы

  2. туа пайда болған жақты қисық мойын

  3. «қанат» тәрізді мойын

  4. Клиппеля-Фейля ауруы

  5. Гризель ауруы

848. 14 күндік нәресте басын алға қарай қисайтып және оңға қарай бұралған күйде ұстайды. Пальпацияда сол жақ кеуде-бұғана-емізікше бұлшық еті бойымен ұршық тәрізді түзілім анықталды. «Туа пайда болған қисық мойын» диагнозы қойылған.

ЕҢ тиімді емдеу тәсілі қандай?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]