Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEST 4-курс.Цикл хирургия.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать
  1. Бронхография

  2. құрсақ қуысының рентгенографиясы

  3. өңеш катетеризациясы, эзофагография

  4. кеуде торының шолу рентгенографиясы

  5. Бронхоскопия

831. Бала қалыпты жүктіліктен айы күні жетіп туылды. Салмағы 3100 гр. Туылғаннан соң 5 минуттан кейін асфиксия ұстамасы дамып, өкпені жасанды желдендіруге ауыстырылды. Қараған кезде кеуде клеткасы ұлғайған. Аускультативті сол жақта тыныс естілмейді, оң жақта пуэрильді. Перкуторлы сол жақтың кейбір бөліктерінде тұйықталу, кейбір бөліктерінде қорабтық дыбыс анықталады. Жүрек тондары тұйық, жиілігі минутына 150-ге дейін, оң жақ бұғана ортасы сызығында максимальды қатты естіледі. Пальпацияда іші жұмсақ, түсіңкі, бауыры қабырға доғасы жиегінде анықталады. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

  1. бөліктік эмфизема

  2. өкпе кистасы

  3. диафрагмалды жарық

  4. пневмония

  5. пневмоторакс

832. Нәрестені екінші тәулікте қараған кезде баланың жағдайы орташа ауыр, тері жабындылары және шырышты қабықтары қызғылт, ұлпалар тургоры аздап төмендеген. Өкпе және жүрек жағынан ауытқулар анықталмады. Іші кебіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Асқазанды зондтау кезінде 40 мл қою қоңыр түсті құрамы алынды. Тік ішектен сұр түсті шырышты тығын алынды. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

  1. сақина тәрізді ұйқы безі

  2. пилоростеноз

  3. ащы ішектің атрезиясы

  4. 12 елі ішектің атрезиясы

  5. 12 елі ішектің стенозы

833. Нәрестені екінші тәулікте қараған кезде баланың жағдайы орташа ауыр, тері жабындылары және шырышты қабықтары қызғылт, ұлпалар тургоры аздап төмендеген. Өкпе және жүрек жағынан ауытқулар анықталмады. Іші кебіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Асқазанды зондтау кезінде 40 мл қою қоңыр түсті іркілген ішек құрамы алынды. Тік ішектен сұр түсті шырышты тығын алынды.

Диагнозды дәлелдеу үшін қандай зерттеу ЕҢ тиімді?

  1. Ректороманоскопия

  2. Колоноскопия

  3. құрсақ қуысының рентгенографиясы

  4. лабораторлы анализдер

  5. ультрадыбысты зерттеу

834. Нәрестені екінші тәулікте қарағанда баланың жағдайы ауыр, солғын, тері жабындылары бозарған. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді, жиілігі минутына 130 ретке дейін. Іші түсіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Құрсақ қуысының рентгенограмасында – жоғары бөлігінде 2 сұйықтық деңгейі, төменгі бөлігінде сұйықтық деңгейлер көрінбейді. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

  1. 12 елі ішектің туа біткен өткізбеушілігі

  2. ащы ішектің атрезиясы

  3. Гиршпрунг ауруының жедел формасы

  4. пилорикалық каналдың атрезиясы

  5. жіңішке ішектің дивертикулі

835. Нәрестені екінші тәулікте қарағанда баланың жағдайы ауыр, солғын, тері жабындылары бозарған, меконии болмаған. Жүрек тондары тұйықталған, ритімді, жиілігі минутына 130 ретке дейін. Іші түсіңкі, жұмсақ, ауырсынусыз. Тік ішектен сұр түсті шырышты тығынды шықты. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ЕҢ тиімді?

  1. Асқазанды зондтау

  2. барий қоспасымен рентгенография жасау

  3. Эзофагоскопия

  4. Вангенстин әдісі бойынша рентгенография

  5. Лапароскопия

836. Туылғаннан кейін 3-ші тәулікте нәрестенің жағдайы кенеттен нашарлады, мазасызданды, өт аралас құсу пайда болды. Жүрек тондары анық, ритмді, жиілігі минутына 140 ретке дейін. Іші түсіңкі, аздап қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Ішек перистальтикасы күшейген. Тік ішектен қан аралас шырыш алынды. Рентгенограммада құрсақ қуысының жоғарғы бөлігінде сұйықтықтың екі деңгейі бар. ЕҢ ықтимал болжам диагнозыңыз қандай?

  1. мегадуоденум

  2. мекониальды өткізбеушілігі

  3. жіңішке ішектің көптеген атрезиялары

  4. Ледда синдромы

  5. ішек инвагинация

837. Туылғаннан кейін 3-ші тәулікте нәрестенің жағдайы кенеттен нашарлады, мазасызданды, өт аралас құсу пайда болды. Жүрек тондары анық, ритмді, жиілігі минутына 140 ретке дейін. Іші түсіңкі, аздап қатайған, пальпация кезінде ауырсынады. Ішек перистальтикасы күшейген. Тік ішектен қан аралас шырыш алынды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін қолданған ЕҢ тиімді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]