Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEST 4-курс.Цикл хирургия.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать
  1. Операция барысында фатеров үрпісінің анықталмаған ісігі

  2. Созылмалы панкреатит

  3. Холедохтың қайталамалы тасы

  4. D Холедохта іркілген тастар

  5. Өт жолдарының ұзың тұқылы

451. Науқас 29 жаста, 2 сағат бұрын кеуденің сол жақ бөлігінің қатты ауырғандығы, ауа жетпеуі байқалған. Жарақат болмаған, өкпе ауруларымен ауырмаған. Дене қызуы қалыпты. Сол жақ өкпе үстімен өкпе дыбысы естілмейді. Перкуссия кезінде сол жағында қорап тәрізді дыбыс және аралықтың оң жаққа ығысуы анықталады. Қандай патологияға күдіктенуге болады

  1. инфаркт миокард;

  2. спонтанды бейарнамалы пневмоторакс;

  3. фибринозды плеврит;

  4. диафрагмальды жарық;

  5. туберкулез

452. Науқаста алкогольді ішімдіктер ішкеннен кейін көп рет құсу болған, соңғы құсық қызыл қанмен аралас. Болжам диагнозы қандай:

  1. Мэллори – Вейс синдромы

  2. асқазан жара ауруы

  3. өннеінің варикозды кеңейген веналарынан қан кету

  4. Крон ауруы

  5. Жедел панкреатит

453. Науқас 66 жаста, жедел тоқ ішек түйілуі клиникасымен шұғыл түрде операцияға алынды. Лапаротомия кезінде-сигма тәрізді ішектің циркуляцияланған стеноздаушы ісігі, парааортальды лимфа түйіндердің ұлғайғаны және бауырға метастаз бергені анықталды. Гартман операциясы жасалды. Бұл қандай операция болып табылады:

  1. симультанды;

  2. паллиативті;

  3. радикальды;

  4. аралас (комбинированный);

  5. барлық жауаптар дұрыс емес.

454. Науқас шап аймағындағы жарықтың болуына және оның жиі қысылуына шағымданады. Қысылған сәтте қасаға үсті аймағына тартылып ауырсыну, кіші дәретке жиі бару. Науқаста не болды.

  1. жапқыш тілігінің жарығы;

  2. шаптың тіке жарығы

  3. сан жарығы;

  4. шаптың қиғаш жарығы;

  5. жылжымалы жарық.

455. 36 жасар науқасқа жайылмалы перитонитке байланысты перфоративті тесікті тігу операциясы жасалды, 5-ші тәулікте ішінің ұстамалы ауруы, жүрек айну, қайталап құсу пайда болды. Медикаментозды терапиядан кейін аз мөлшерде желі шықты. Бірақ біраздан соң ауырсынуы қайта басталып, өт аралас құсқан. Жағдайы орташа ауырлықта, Ps 100, тілі құрғақ, іші аздап кепкен, жұмсақ, ішектің сирек, бірақ күшейген перистальтикасы, «шалпу шуы» анықталады. Іш қуысының қайталанған R – граммасында (біріншісінен 4 сағ кейін жасалған) көптеген Клойбер тостағаншалары анықталады. Науқаста қандай диагноз.

  1. Диафрагма асты абсцессі

  2. Жедел панкреатит

  3. Перитонит

  4. Жедел жабыспалық ішек түйілуі

  5. Ішек аралық іріңдіктер

456. 30 жасар ер кісі сол жақ кеуденің ортаңғы қолтық асты сызығы бойында оқ-дәрілік жарақатпен келіп түсті. АҚҚ 90/60 ммсбб, Ps 120 мин, ТАЖ 30 1 мин, көктамыршілік 2 л тұзды ерітінділер құйылғаннан кейін орталық веноздық қысым 30 см.су.б. дейін көтерілді, бірақ гипотензия сақталған. Плевра қуысы таза, аускультацияда тыныс алуы қалыпты, сіздің диагнозыңыз:

  1. жүрек тампонадасы

  2. өкпе артериясының жыртылуы

  3. қабырғалардың «терезе тәрізді» сынығы

  4. миокард инфарктісі

  5. клапанды пневмоторакс

457. Жедел панкреатитпен ауырған науқаста, ауырғаннан кейiн 15 тәулiкте эпигастральды аймағынан аздап ауыратын эластикалық құрылым пальпацияланады. Мүмкiн болатын диагнозды атаңыз:

  1. iш пердесiнен тыс флегмона

  2. iш пердесiнен тыс қан ұюы

  3. жедел обструктивтi холецистит

  4. оментобурсит

  5. iшекаралық абсцесс

458. 24 жасар әйел адамға аппендицит туралы операция жасалып жатыр, құрсақ қуысын ашқанда қара түстi қан шықты, құрт тәрiздi өсiндi аздап қанталаған. Сiздiң ойыңызша гемоперитонеумнiң жиi себебi не

  1. деструктивтi аппендицит кезiнде тамырдың жарылып кетуi

  2. аналық без кистасының айналуы

  3. жатырдан тыс жүктiлiк

  4. Меккелев дивертикулы

  5. аднексит

459. Егер аппендэктомиядан кейiн 3 тәулiкте әлсiздiк, қалтырау, дене қызуының 39 С дейiн көтерiлуiмен терлеуi, склера мен терiнiң сарғаюы пайда болса, қандай асқыну туралы ойлауға болады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]