Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEST 4-курс.Цикл хирургия.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать
  1. Перфоративті асқазан ойық жарасы .

  2. Жатырдан тыс жүктілік.

  3. Жедел аппендицит.

  4. Аналық без апоплексиясы.

  5. Жедел холецистит.

429. Ер адам, 30 жаста, эпигастрий аймағындағы «пышақ сұққандай» ауру сезіміне, әлсіздікке, жүрек айнуға шағымданады. Анамнезінен: асқазанның ойық жара ауруы ауырған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр. Тілі құрғақ, іші қатайған, тыныс алуға қатыспайды. Пальпация кезінде іші қатайған, барлық аймақтарында қатты ауру сезімді. Бауыр тұйықтығы анықталмайды. Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық аймақтарында оң. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

  1. Перфоративті асқазанның ойық жарасы. Перитонит.

  2. Жедел жабыспалы ішек өтімсіздігі Перитонит.

  3. Жедел холецистит. Перитонит.

  4. Жедел панкреатит. Панкреонекроз. Перитонит.

  5. Жедел аппендицит. Перитонит.

430. Ер адам, 30 жаста, 3 тәулік бұрын эпигастрий аймағында басталған іштің тұрақты жайылмалы ауру сезіміне шағымданады. Бір тәулік бұрын бір рет құсқан. Тілі құрғақ, жабындымен қапталған. Іші қатайған, барлық аймақтарында ауру сезімді, бірақ оң жақ бүйір канал бойынша айқынырақ. Перкуторлы – іштің барлық аймақтарында тимпанит. Бауыр тұйықтығы сақталған. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қандағы лейкоциттер саны 18 тыс/мл. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

  1. этиологиясы анықталмаған перитонит.

  2. Жедел аппендицит. Перитонит.

  3. Жедел холецистит. Перитонит.

  4. Перфоративті асқазанның ойық жарасы. Перитонит.

  5. Жедел панкреатит. Панкреонекроз. Перитонит.

431. Ер адам, 30 жаста, 3 тәулік бұрын эпигастрий аймағында басталған іштің тұрақты жайылмалы ауру сезіміне шағымданады. Бір тәулік бұрын бір рет құсқан, үлкен дәрет бір рет болған. Тілі құрғақ, жабындымен қапталған. Іші қатайған, барлық аймақтарында ауру сезімді, бірақ оң жақ бүйір канал бойынша айқынырақ. Перкуторлы – іштің барлық аймақтарында тимпанит. Бауыр тұйықтығы сақталған. Щеткина-Блюмберг симптомы оң. Перистальтика естілмейді. Қандағы лейкоциттер саны 18 тыс/мл. Таяқша ядролы-10%. Төменде көрсетілген емнің қайсысы тиімді?

  1. Перитонеальный лаваж.

  2. Жедел операция – лапаротомия.

  3. Лапароскопиялық холецистэктомия

  4. Лапароцентез.

  5. Лапароскопиялық аппендэктомия.

432. Әйел адам, 60 жаста, оң жақ қабырға асты аймағындағы майлы тамақтан кейін пайда болған интенсивті ауру сезімге, жүрек айнуға, әлсіздікке шағымданады. Іші ісінбеген,ипльпация кезінде жұмсақ, оң қабырғаасты аймақта қатайған. Перитонеальді симптомдар жоқ. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

  1. Жедел ішек өтімсіздігі

  2. Жедел панкреатит.

  3. Жедел холецистит.

  4. Мезентериалды қанайналымның жедел бұзылуы.

  5. Жедел аппендицит.

433. Әйел адам, 60 жаста, оң жақ қабырға асты аймағындағы майлы тамақтан кейін пайда болған интенсивті ауру сезімге, жүрек айнуға, әлсіздікке шағымданады. Іші ісінбеген,ипльпация кезінде жұмсақ, оң қабырғаасты аймақта қатайған. Перитонеальді симптомдар жоқ. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы бірінші кезекте жасалуы тиіс?

  1. Фиброгастродуоденоскопия

  2. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы

  3. Құрсақ қуысының УДЗ

  4. Компьютерлі томография

  5. Диагностикалық лапароскопия

434. 35 жасар әйелде стационарға жедел холециститтің клиникасымен келіп түсті. Кейінгі 3 күнде қалтырау пайда болды, дене қызуы 38С көтерілді, сарғаю үдеді. Іштің ауру сезімі күшейген жоқ, перитонит белгілері өршіген жоқ.Қандағы билирубин 80 мкМоль/л Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

  1. іріңді холангит.

  2. Холедохолитиаз

  3. Перивезикальді абсцесс.

  4. холедохтың терминальді бөлігінің стриктурасы.

  5. Жедел панкреатит

435. 78 жасар қосарланған гипертониялық ауруы бар қарт ер адамда қысылған шап жарығы өздігінен 2 сағаттан кейін түзеліп кетті. Төменде көрсетілген емдік шараның қайсысы тиімді?

  1. науқасты үйіне жіберу

  2. жарықты алып тастау операциясы

  3. ортаңғы лапаротомия жасап ішекті тексеру

  4. жедел лапароскопия жасау

  5. науқасқа динамикалық қарау жүргізу

436. 46 жасар клиникаға асказан­-ішек жолдарынан қан кетумен түскен ер адамда жедел гастродуоденоскопияда он екі ішектің созылмалы тромбталған қантамыры бар ойық жарасы анықталды, қан кету рецидивінің қаупі бар.Төменде көрсетілген емдік шараның қайсысы тиімді?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]