Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEST 4-курс.Цикл хирургия.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать
  1. Қан кету

  2. ойық жараның мальгнизациясы

  3. ойық жараның тесілуі

  4. пилородуоденальды тарылуы

  5. ұйқы безіне пенетрациялануы

392. Аяқтың оң жақ варикозды кеңейген көктамырымен науқасқа тексеруде марштық сынақ өткізілді. Берілген сынақты нені анықтау мақсатында өткізу тиімді?

  1. коммуникантты көктамырлардың жеткіліксіздігін

  2. аяқтың терең көк тамырлар өткізгіштігін

  3. аяқтағы артериальды қан айналымның жеткіліксіздігін

  4. тізе асты артериясы тромбозын

  5. жедел тромбофлебитті

393. Сол жақ шап жарығымен науқасқа операция жасау барысында жарық қапшығының қабырғасы қуық екендігі анықталды. Жарықтың қай түрі ықтимал?

  1. Рихтерлік

  2. қиғаш шап

  3. жылжымалы

  4. тік шап

  5. сан

394. Аудандық аурухананың қабылдау бөліміне жылан шағып алынған ер адам келді. Төменде көрсетілген емдеу тактикасының қайсысы тиімді?

  1. шаққан жерді новокаинмен егу

  2. шаққан жерді күйдіру

  3. шаққан жерге тілік салу

  4. шаққан жерге жылытқыш басу

  5. жарадан ауызбен уды барынша сору

395. Тік ішек сызаты күдігімен ер адам түсті. Қандай аспаптық зерттеу әдісі тиімді?

  1. ректороманоскопия

  2. ирригоскопия

  3. УДЗ

  4. асқазан рентгеноскопиясы

  5. лапароскопия

396. Қабылдау бөліміне жол апаты оқиғасынан кейін 30 жасар ер адам жеткізілді. Обьективті қарағанда гемоторакс күдіктелді. төменде келтірілген әдістердің қайсысы тиімді?

  1. перкуссиялау

  2. аускультациялау

  3. рентгенография

  4. рентгеноскопия

  5. плевра қуысын пункциялау

397. Оң жақ қабырға астының ауырсынуы, лоқсу, құсу шағымдарымен науқас түсті. Аталған симптомдар майлы тағам қабылдағаннан кейін пайда болған. Обьективті қарағаннан кейін және қосымша тексерулерден соң науқаста жедел калькулезді холецистит екендігі анықталды. Қандай операция түрін жасаған тиімді?

  1. холецистэктомия

  2. холедохотомия

  3. холецистоэнтеростомия

  4. ұлтабар арқылы папиллосфинктеротомия

  5. өт қабын тампонмен шектеу

398. Қабылдау бөлімшесіне оң жақ қысылған шап жарығы клиникасымен ер адам шағымданып келді. Сырқат анамнезінен жарық 7 жыл бойы бар, 10 сағат ішінде жарықтың аймағында ауырсыну, жарық орнына салынбайды. Мұндай жағдайда қандай шара маңызды?

  1. жылы ванна

  2. жарықты орнына салып көру

  3. жедел операция

  4. жарықты орнына салу үшін спазмолитиктерді тағайындау

  5. наркотиктер

399. Қысылған жарыққа операция жасау барысында жарық қалтасында екі ішек ілмегі табылды. Қысылудың қандай түрі?

  1. нәжісті

  2. элластикалық

  3. ретроградты

  4. Рихтерлік

  5. Литтревтік

400. Емханаға ер адам оң жақ шап аймағының ісік тәрізді түзілімінің пайда болуына, ауырсынусыз, жеңіл орнына салынатын шағымымен келді. Сырқат шағымынан жарық 5 жыл шамасында. Емдеу әрекеті қандай?

  1. жоспарлы хирургиялық ем

  2. консервативті ем

  3. жағдайға байланысты әрекет

  4. консервативті ем нәтижесіз болғанда хирургиялық емдеу

  5. шұғыл операция

401. Операциядан кейін аяқ флеботромбозының дамуы, қандай қатер тудыруы мүмкін:

a) Аяқ - басының гангренасы

b) Өкпе артерия тромбоэмболиясы

c) Тері асты көк тамырларының варикозды кеңеюі

d) Ми тамырларының эмболиясы

e) Операциядан кейінгі пневмония

402. Өкпе эмфиземасымен ауыратын науқаста асқазанның тесілген жарасын тігу операциясынан кейін 4-ші тәулікте, кенеттен пневмоторакс дамыды. Пневмотораксты жою үшін плевра қуысын қай жерден дренаждаған жөн:

a) артқы аксиллярлы сызық бойынша 8-ші қабырға аралық

b) алдыңғы аксиллярлы сызық бойынша 7-ші қабырға аралық

c) алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша 4-ші қабырға аралық

d) ортаңғы бұғана сызығы бойынша 5-ші қабырға аралық

e) ортаңғы бұғана сызығы бойынша 2-ші қабырға аралық

403. Кан кеткен жараны операция жасағаннан кейін алғашқы тәулікте тағайындауға болмайды:

a) Гемотрансфузия, плазма құю

b) Тұзды ерітінділерді құю

c) Глюкоза құю

d) Гепарин

e) Антибиотиктер

404. Механикалық сарғаюмен асқынған, өт өзекшелерінің тыртықты түйілу кезінде операция алдындағы емдік дайындау шаралары:

a) өт жолдарының декомпрессиясы (тері арқылы, бауыр арқылы)

b) антибиотикотерапия

c) жедел түрде билиодигистивті анастомоздар салу

d) диетотерапия

e) гемосорбция

405. Кеуде қуысының тікелей жалпы шолу рентгенографиясы кезінде қанша минимальды сұйық көлемі анықталуы мүмкін:

a) 100 мл

b) 200 мл

c) 300 мл

d) 400 мл

e) 500 мл

406. Бейарнамалы кенет пневмоторакстың жиі кездесетін себебі:

a) Плевральды өсінділерінің жыртылуы

b) Туа біткен өкпе кисталарының жыртылуы

c) Өкпе эмфизематозды көпіршіктерінің жыртылуы

d) Бронхтың жыртылуы

e) Өкпе абсцессінің жарылуы

407. Науқаста өкпеден қан кету жөнінде қай кезде ойлауға болады:

a) Құсу кезінде қанның бөлінуі

b) Жөтелмен қанның бөлінуі

c) Қанның таңертең түкірік тәрізді шығуы

d) Науқас көпшікте қанның ізін анықтайды

e) Нәжіспен қан араласып шығу

408. Ұйыған гемоторакс кезінде қандай ем қолданады:

a) Физиотерапиялық прецедура

b) Рентгенотерапия

c) Плевра қуысын дренаждау және плевра ішілік ферментті препараттарды енгізу

d) Торакотомия жасау

e) Торакоскопия жасау

409. Өкпе артерия тромбоэмболиясының негізгі себептері болып қандай веналардың тромбофлебиті табылады:

a) Бет көктамырлары

b) Аяқтарының терең көк тамырлары және кіші жамбас көк тамырлары

c) Қолдарының терең көк тамырылары

d) Аяқтарының беткей көк тамырлары

e) Қолдарының беткей көк тамырлары

410. Артерия тамырының кішігірім зақымдануы және жарақаты кезінде хирургтың іс-әрекеті қандай:

a) Тек қана консервативті терапия

b) Консервативті терапия нәтижесіне байланысты жеделдеу операция

c) Толық артериялық қанайналымын қалпына келтіруге бағытталған шұғыл операция

d) Артериовенозды фистулалар немесе жалған аневризма дамыған сәтте тек қана жоспарлы операция

e) Операцияға дайындау мақсатында ангиография жасау

411. Жедел панкреатитпен ауыратын науқастарда жүргізілген адекватты консервативті терапияға қарамастан перитонит белгілері пайда болса қандай тактиканы пайдалану керек:

a) Диагностикалық лапароскопия

b) Жедел лапаротомия, холецистостомия, санация және іш қуысын дренаждау;

c) Консервативті емді жалғастыру

d) Динамикалық бақылау

e) Лапароцентез

412. Жедел ащы ішек түйілуі болған науқасқа диагностикалық лапароскопия жасау кезінде кіші жамбас қабырғасына жабысқан, склерозданған үлкен шарбы май бөлігі анықталды. Шарбы майдың бұл бөлігі мықын ішектің тұзағын басып жатыр. Әкелуші ішек 5 см –ге дейінкеңіген. Ауру басталғанына 6 сағат өткен. Науқасқа қандай операция жасау керек:

a) Жедел (срочная) лапаротомия

b) Жабысқақты лапароскопиялық жолмен жою

c) Ішектің жағдайын бағалап, ішек түйілуін лапароскопиялық жолмен қалпына келтіру

d) Ішек түйілуін лапароскопиялық жолмен қалпына келтіріп, соңынан релапароскопия жасау

e) Жоспары лапоратомия

413. Лапароскопиялық холецистэктомия жасау кезінде өт қабының қуысы тесіліп кетті, не жасау керек:

a) Лапаротомияға көшу

b) Іш қуысынан конкременттерді алып, санациялау

c) Өт қабын бөліп алуды жалғастыру

d) Өт қабы тесігін тігу

e) Тесілген тесікті поролон немесе дәкелі турундамен тампондау

414. Механикалық сарғаюдың себептерін қоюдың ең дұрыс әдісі болып төмендегілердің қайсысы табылады:

a) Лапароскопия

b) Радиоизотопты динамикалық билиосцинтиграфия

c) Өт қабы мен өт жолдарын ультра дыбысты зерттеу

d) Эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография

e) Лапароскопическая холецистография

415. Тері және бауыр арқылы холангиографияны орындау кезінде қандай асқынулар болуы мүмкін:

a) Қан кету

b) Өт ағу

c) Перитониттің дамуына әкелетін қуысты ағзалардың зақымдалуы

d) Холангиттің өршуі немесе жедел панкреатиттің дамуы

e) Іш өту

416. 29 жасар еркек әлсіздікке, бір реттік қара түсті, сұйық нәжістің болғанына шағымданып түсті. Анамнезінен: түнде аш болғанда ауру сезімі мазалайды. Объективті: түрі бозғылт, РS -110, АҚ-90/60 мм с.б.б. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

  1. жедел лейкоз

  2. Меллори-Вейс синдромы

  3. геморрагиялық гастрит

  4. 12 елі ішек ойық жарасы

  5. өңештің көктамырларының варикозды кеңеюі

417. 52 – жасар ер адам лоқсу, кекіру, тұрыпқалған тамақпен құсуға шағымданады. Анамнезінен: 1ай бұрын о12 елі ішектің ойық жарасын тігу операциясы жасалған.Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

  1. дуоденостаз

  2. пилородуоденальді стеноз

  3. демпинг-синдром

  4. кардиоспазм

  5. асқазан атониясы

418. 38-жасар еркекте деструктивті панкреатитпен ауырғанына 14 күн болғанда гектикалық қызба, қалтырау, лейкоцитоз, лейкоформуланың солға ығысуы, эпигастрийде өлшемі 15,0х20,0 см болатын инфильтрат пайда болған.Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

  1. іріңді холангит

  2. панкреатогенді жыланкөз

  3. құрсақтан тыс флегмона

  4. шарбымай қалтасының абсцессі

  5. жедел холецистит

419. Әйел адам, 50 ж, іштің толғақ тәрізді ауруына, жүрек айнуға, құсуға, жел мен нәжістің жүрмеуіне шағымданады. 11 жыл бұрын аппендэктомия жасалған. Қарағанда ішінің кебуі және ассиметриясы анықталады, перитонеальді белгілер жоқ. Қанда лейкоцит саны - 6,7 тыс. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

  1. ішек инфаркты

  2. 12-елі ішек ойық жарасының тесілуі

  3. жедел холецистит

  4. жедел ішек өтімсіздігі

  5. жедел панкреатит

420. Ер адам, 26 ж, іріңдеген аппендикулярлы инфильтрат клиникасымен келіп түсті. Төменде көрсетілген қай шара тиімді?

  1. консервативті ем

  2. аппендэктомия

  3. оң жақты гемиколэктомия

  4. абсцессті ашу және дренаждау

  5. жергілікті рентгенотерапия

421. Жедел флегмонозды холециститке байланысты жасалып жатқан операция кезінде өт қабының мойнының және гепатодуоденальді байлам тұсында тығыз қабыну инфильтраты анықталды. Гепатодуоденальді байлам элементтерін бір-бірінен ажыратылмайды. Төменде көрсетілген қай емдеу тактикасы тиімді?

  1. холецистоентероанастомоз салу

  2. түбінен холецистэктомия жасау

  3. холецистостомиямен шектелу

  4. холецистогастроанастомоз салу

  5. холецистодуоденоанастомоз салу

422. Холецистэктомия жасалғаннан 2 жыл өткеннен кейін эпигастрийде және оң жақ қабырғаасты аймақта ауру сезімі пайда болғандықтан УДЗ жасалды. Холедох диаметрі 2,4 см. Төменде көрсетілген қай шара тиімді?

  1. ФГДС

  2. ЭКГ

  3. көктамырлық урография

  4. ретроградты холангиография

  5. дуоденальді зондтау

423. Холецистэктомия жасалғаннан 6 ай өткеннен кейін ауру сезімсіз сарғаю пайда болды. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

a) обтурациялық холедохолитиаз b) обтурациялық паппиллолитиаз

c) жарақаттан холедох стриктурасы

d) холедохтың операция кезінде байлануы e) созылмалы панкреатит

424. Холецистэктомия жасалғаннан кейін науқаста майлы тамақ ішкеннен кейін белдемелі ауру сезімі пайда болды. Төменде көрсетілген зерттеу әдістерінің қайсысы бірінші кезекте өткізілуі тиіс?

a) ультрадыбыстық зерттеу b) көктамырлық холангиграфию c) инфузионды холангиографию d) ретроградты холангиографию e) тері арқылы холангиографию

425. Холецистэктомия жасалғаннан 15 жыл өткеннен кейін постхолецистэктомиялық синдром, үлкен дуоденальді емізіктің стенозы дамыған, жалпы өт өзегінің диаметрі 20.0 мм астам. Төменде көрсетілген емнің қайсысы тиімді?

a) холедохты сыртқа дренаждау

b) трансдуоденальді папилосфинктеропластика

c)эндоскопиялық папиллотомия

d)билиодигестивті анастомоз

e) папилосфинктеротомия билиодигестивті сағамен бірге

426. Ер адам, 56 жаста, стационарға гангренозды холецистит клиникасымен ауыр жағдайда түсті. Зерттегенде холедох диаметрі 15 мм астам. Науқас операцияға алынды. Холецистэктомияны қалай аяқтаған тиімді?

a) өт қабының өзегін байлау

b) холедохты сыртқа дренаждау c) холедоходуоденоанастомоз

d) холедохоеюноанастомоз e) трансдуоденальді папиллосфинктеропластика

427. Әйел адам, 58 жаста, хирургиялық бөлімшеге сол балтырының тері асты веналарының жедел тромбофлебитімен келіп түсті. Жүргізілген емге қарамастан, 4 күн ішінде қабыну үрдісі өршіген, сол санында ауру сезімі пайда болған, тері гиперемиясы, тіндердің тығыздануы, санның төменгі және ортаңғы аймақтарында үлкен тері асты вена бойымен ауру сезімі мазалайды. Төменде көрсетілген емнің қайсысы тиімді?

  1. Жедел тромбоэмболэктомия

  2. Консервативті ем-антикоагулянттар.

  3. Линтон операциясы

  4. Троянова-Тренделенбург операциясы

  5. Жартылай спиртті компресс

428. Әйел адам, 19 жаста, оң жақ мықын аймағының ауру сезіміне, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 1 тәулік болған - эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болады, кейіннен оң жақ мықын аймағына ауысады. Іш симметриялы, іш кебу жоқ, сол жағына жатқызғанда ауру сезімі күшейеді, осы қалыптағы пальпация кезінде айқын білінеді. Төменде көрсетілген болжамалы диагноздардың қайсысы ықтимал?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]