Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TEST 4-курс.Цикл хирургия.DOC
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.71 Mб
Скачать

1. Пострезекциялық синдромға не жатады?

  1. Демпинг синдромы

  2. Меллори-Вейс синдромы

  3. Золлингер-Эдисон синдромы

  4. Мейо-Робсон синдромы

  5. Курвуазье синдромы

2. Резекциядан кейінгі пептикалық жаралар қай кезде пайда болады?

  1. үздіксіз қышқылды сөл бөлуді қалдырғанда

  2. асқазанның үлкен түбірін қалдырғанда

  3. асқазандағы затты ішекке үздіксіз түсуіне жағдай жасалғанда

  4. ішектің кілегей қабатының күресу қабілетінің төмендеуі

  5. ішек эпителиясының дисплазиясы

3. Асқазан және 12 елі ішек жарасының жедел асқынуын анықтаңыз

  1. жара перфорациясы, қан кету

  2. асқазанның шыға беріс бөлігінің тыртықты стенозы

  3. жараның ісікке айналуы

  4. 12 елі ішек пиязшығының тыртықты-жаралы деформациясы

  5. жараның жақын жатқан ағзаларға енуі (пенетрация)

4. 29 жастағы еркектің шағымдары: әлсіздік, "кофе қоюымен" құсу, анамнезінде 5 жыл бойы түнгі аштық, ауырсыну. Ешқашан емделмеген. Сіздің болжам диагнозыңыз?

  1. қан кетумен асқынған 12 елі ішек жарасы

  2. өңештің варикозды венасынан қан кету

  3. Меллори-Вейс синдромы

  4. жедел лейкоз

  5. қан кетіп асқынған асқазан эрозиясы

5. Жасанды өңеш пластикасына ... қолдану тиiмдi.

  1. асқазанды

  2. Шоқ iшектiң сол жағын

  3. ащы iшектi

  4. тоқ iшектiң оң жағын мықын iшекпен қосып алып

  5. мықын iшектi

6. Ұлтабар жарасы тесілгенде оң мықын аймағы етінің қатаю себебін түсіндір

  1. асқазан ішіндегі қышқыл заттардың оң жақ канал арқылы төмен ағуы

  2. жұлын нерві арқылы рефлексті байланыс

  3. құрсақ қуысында ауа жиналуы

  4. жайылған перитониттің дамуы

  5. құрт тәрізді өсіндімен висцеро-висцералды байланыс

7. Iшек жыланкөзiн диагностикалаудағы ең мәлiметтi әдiстiң бiрi ...

  1. фистулография.

  2. ирригоскопия.

  3. колоноскопия.

  4. көлемдi рентгеноскопия.

  5. фиброгастродуоденоскопия.

8. ... нәжiсте өзгермейтiн қан болуы мүмкiн.

  1. тiк iшек рагында

  2. геморройдальды түйiндердiң жедел тромбофлебитiнде

  3. өкпенiң кавернозды туберкулезiнде

  4. асқазан рагында

  5. полиптерде

9. Жедел панкреатит диагнозын не растайды:

  1. қанның жалпы зерттемесі

  2. капралогиялық зерттеулер

  3. зәр тұнуы

  4. зәр диастазасы .

  5. коагулограмма

10. Гастродуоденальді қан кетудегі тексеру тәсілі

  1. ЭФГДС

  2. асқазан рентгеноскопиясы

  3. лапароскопия

  4. лапароцентез

  5. іш қуысы УДЗ-і

11. Гастродуоденальді жараның тесілуінің клиникалық ағымы шок сатысының ұзақтығы

  1. 3-6 сағат

  2. 2-3 сағат

  3. 8-10 сағат

  4. 12 сағат жоғары

  5. 24 сағат

12. Қандай жағдай жедел холециститтің асқынуы кезіндегі жедел операцияға кері көрсетпе болады?

  1. жедел миокард инфарктісі

  2. іріңді холангит

  3. жайылмалы перитонит

  4. механикалық сарғаю

  5. жедел панкреонекроз

13. Асқазанды қанмен қамтамасыз етуші тамырлар?

  1. сол және оң асқазандық, сол және оң асқазан шарбылы, көкбауырлы артериялар

  2. жоғарғы, төменгі шажырқай артериялары

  3. бауырлы, жоғарғы және төменгі шажырқайлы артерия

  4. көкбауырлы, сол, оң асқазанды артерия

  5. іш бағаны (чревный ствол) және төменгі шажырқай (брыжеечная) артериясы

14. Резекциядан кейін пептикалық жараның пайда болуына жағдай жасалатын факторларға жатиайтынын ата:

  1. рефлюкс-гастрит

  2. кең гастроэнтероанастомоз

  3. асқазандағы заттардың үздіксіз эвакуациясы

  4. париеталды клеткалардың гиперплазиясы

  5. асқазанның экономды резекциясы

15. Асқазан немесе 12 елі ішек жарасының пенетрациясын анықтаңыз

  1. жараның жақын жатқан ағзаларға енуі

  2. асқазанның сыртынан қысым түсуінен деформациялануы

  3. 12 елі ішек пиязшығының тыртықты-жаралы деформациясы

  4. жараның ісікке (ракқa) айналуы

  5. жараның бос құрсақ қуысына енуі

16. Қуыс мүшенің перфорациясына күдік туғанда іш қуысының мүшелеріне шолу рентгеноскопиясы қандай мақсатпен жүргізіледі?

  1. пневмоперитонеумды анықтау

  2. ұйқы безінің кистасының перфорациясын табу

  3. ішекте сұйықтық деңгейінің пайда болуын анықтау

  4. асқазан атониясын анықтау

  5. дуоденостаз сатысын анықтау

17. Жасанды өнештi ... қауiпсiз болады.

  1. төс сүйегi артымен өткiзу

  2. артқы көкiрек қуысына

  3. сол жақ плевралдық қуыс арқылы

  4. оң жақ плевралдық қуыс арқылы

  5. терi асты арқылы өткiзу

18. Ценкер дивертикулы ... түзiледi.

  1. Гаккерман үшбұрыштығында

  2. ПТИ үшбұрыштығы аймағында

  3. Лестфагт үшбұрыштығы аймағында

  4. өңештiң ортаңғы 13 бөлiгiнде

  5. өңештiң төменгi 13 бөлiгiнде

19. Терi асты паропроктит симптомдарына ... тән емес.

  1. тек қана шатта iсiнудiң болуы

  2. дене қызуының жоғарылауы

  3. дефекация кезiнде ауырсыну

  4. жамбас қуысы тереңiндегi ауырсыну

  5. шатта қызару мен iсiнудiң болуы

20. Геморройдың амбулаторлық емдеуiне ... жатпайды.

  1. оперативтi емдеу

  2. диеталар

  3. новокаинды блокадалар

  4. физикалық күштi шектеу

  5. антисептиктермен ванна тағайындау

21. Жедел панкреатитпен ауырған науқаста, ауырғаннан кейiн 15 тәулiкте эпигастральды аймағынан аздап ауыратын эластикалық құрылым пальпацияланады. Мүмкiн болатын диагнозды атаңыз:

  1. iш пердесiнен тыс флегмона

  2. iш пердесiнен тыс қан ұюы

  3. жедел обструктивтi холецистит

  4. оментобурсит .

  5. iшекаралық абсцесс

22. Гастродуоденальді жарадан қан кеткенде консервативті ем түрі

  1. айналымдағы қан дефицитін толтыру

  2. емдік дене шынықтыру

  3. тазалау клизмасы

  4. гемостатиктер

  5. грелкамен жылыту

23. Гастродуоденальді жараның тесілуі қандай белгіден басталады

  1. қанжар сұққандай ауырсыну

  2. белдеме тәрізді аурысыну

  3. қатты ашып ауырсыну

  4. дене қызуының жоғарлауы

  5. құсудан

24. Өт тасы пайда болуының себептеріне жатпайтынын көрсет:

  1. зәр шығару жолдарында тастың пайда болуы

  2. өттің физико-химиялық құрамының бұзылуы

  3. өт инфицирленуі

  4. өттің ақпай, қоюлануы

  5. өт ағуының бұзылуы

25. Асқазан секрециясы қалай реттеледі?

  1. жүйкелі-гуморалды жүйемен

  2. тек гуморалды жүйемен

  3. тек жүйкелі жүйемен

  4. рефлекстік жүйемен

  5. тек бас мидың қабығымен

26. Резекциядан кейінгі пептикалық жаралардың негізгі клиникалық белгілері

  1. эпигастр маңайы ауырсынуы

  2. қыжылдық

  3. жүрек айну және құсу

  4. асқа тәбеттің болмауы және азу (салмақ тастау)

  5. іштің қатуына бейімділік

27. Асқазан эвакуациясын анықтау әдісі

  1. рентгенологиялық тексеру

  2. дуоденалды зондтау

  3. гастрофиброскопия

  4. УДЗ

  5. компьютерлі томография

28. Кардия ахалазиясында жасалатын ... тиiмсiз операция.

  1. диафрагмокруротомия

  2. өңештiң тарылған жерiн тiлу

  3. эзофагокардиомиопластика

  4. кардияға резекция жасау

  5. шырыш қабатына тимей эзофагокардиомиотомия жасау

29. Эпифреналды дивертикулдар ... орналасады.

  1. диафрагма үстiнде өңештiң төменгi 13 бөлiгiнде

  2. асқазанның кардиальды бөлiгiнде

  3. жұтқыншақ маңында

  4. диафрагма асты аймағында

  5. өңештiң ортаңғы 31 бөлiгiнде

30. Жедел паропроктиттi емдеудiң рациональды әдiсiне ... жатады.

  1. iрiңдi қуысты жару

  2. физиопроцедуралар

  3. жылы ваннаға отыру

  4. iрiңдi қуысты пункция жасап, антибиотиктермен жуу

  5. жалпы антибиотикотерапия

31. Спецификалық емес жаралы колиттiң асқынуына ... тән емес.

  1. өттiң ағуы

  2. қан кету

  3. перфорация

  4. токсикалық дилятация

  5. iшек жылан көзi

32. Жарадан қан кету тоқтамағанда істелінеді

  1. жедел операция

  2. қан құю

  3. динамикада бақылау

  4. комплексті жараға қарсы ем

33. Жара тесілгендегі пневмоперитонум бұл-

  1. құрсақ қуысында бос ауаның жиналуы

  2. құрсақ қуысында сұйықтық жиналуы

  3. құрсақ қуысында қан жиналуы

  4. құрсақ қуысында ірің жиналуы

  5. құрсақ қуысында өт жиналуы

34. Іріңді холангит кезінде қандай белгі кездеспейді?

  1. іш пердесінің тітіркенуі

  2. ахолиялық нәжіс

  3. дене қызуының көтерілуі

  4. оң қабырға астының ауыруы

  5. сарғаю

35. Гастрин қай клеткамен синтезделеді?

  1. басты клеткалармен

  2. в-клеткалармен

  3. туындаушы клеткалармен

  4. қосымша клеткалармен

  5. G-клеткалармен

36. Ащы ішектің пептикалық жарасына тән емес клиникалық белгі

  1. ремиссиясы жоқ ауыр ағымы

  2. асқа тәбеттің болмауы

  3. қыжылдау және кекіру

  4. салмақ тастау

  5. жүрек айну және құсу

37. Қан ағып жатқан ойық жараның негізгі белгісі

  1. "кофе қоюы" тәрізді құсық массасы

  2. арықтау,іш қату

  3. алқызыл қанды нәжіс

  4. дефекациядан кейін қан кету

  5. эпигастриидің ауыруы

38. Пилородуоденалды аймақтың жара ауруы бар науқаста аш қарынға асқазанның "шолпыл шуы" қай сатыда дамиды?

  1. стеноздың декомпенсирленген сатысында

  2. стеноздың компенсирленген сатысында

  3. стеноздың субкомпенсирленген сатысында

  4. ұзақ уақыт 5-7 жылдай анамнезінде жара болса

  5. анамнезінде ұзақ уақыт 8-12 жыл жара ауруы болса

39. Өңеш күйiгiнен кейiн тыртықтанып тарылу ... байқалады.

  1. 2 айдан кейiн

  2. 3 жетiден кейiн

  3. 6 айдан кейiн

  4. 8 тәулiктен кейiн

  5. 4 ай өткеннен кейiн

40. Эпифренальды дивертикулға ... тән емес.

  1. аш қарындағы ауырсыну

  2. кеуденiң төменгi бөлiгiнiң ауырсынуы

  3. лоқсу

  4. құсу

  5. кардиоспазм

41. Геморройдың асқынуына ... жатпайды.

  1. аналь каналының сызаттанып жарылуы

  2. малигнизация

  3. түйiндердiң түсуi

  4. қан кету

  5. геморройдальды веналардың тромбозы

42.... геморройды склероздаушы терапиямен емдейдi.

  1. созылмалы геморройда қан кеткенде

  2. жедел геморройды

  3. түйiндерi бар созылмалы геморройды

  4. созылмалы геморройда түйiндердiң салбырап түсуiнде

  5. геморроидальды түйiннiң тромбофлебитiнде

43. Жедел панкреатит кезінде жедел оперативті емге көрсеткіш:

  1. ісінген панкреатитте

  2. ұйқы безінің жалған кистасында

  3. парапанкреатитті инфильтрат кезінде

  4. іріңді перитонит дамуы кезінде .

  5. созылмалы панкреатит кезінде

44. Науқастан гастродуоденальді жарадан қан кеткенде нәжіс түрі

  1. «малина желісі» тәрізді

  2. кәдімгі түсті

  3. сары- қоңыр түсті

  4. таза қан қосылыстары болуы

  5. қара түсі

45. Гастродуоденальді жараның тесілуінде перитонит сатысы қанша уақыттан кейін басталады.

  1. 6-12 сағат

  2. 2-3 сағат

  3. 48 сағат

  4. 72 сағат жоғары

  5. 10 сағат

46. Әкелуші тұзақ синдромы мына операциядан кейін дамиды?

  1. Бильрот-ІІ бойынша асқазан резекциясы

  2. гастроэнтероанастомоз

  3. Селективті проксималды ваготомия

  4. асқазанды дренаждаумен бірге ваготомия операциясы

  5. Бильрот -1 бойынша асқазан резекциясы

47. Пептикалық жараның ең жиі кездесетін асқынуы:

  1. Қан кету

  2. инфильтрат

  3. перфорация

  4. асқазан ащы-тоқ ішектік жыланкөз

  5. осы асқынудың біреуі

48. Гастродуоденалды қан кетуді анықтаудың негізгі әдісі қандай?

  1. Гастрофиброскопия

  2. асқазанды зондтау

  3. рентгеноскопия

  4. ректороманоскопия

  5. УДЗ

49. Асқазанның шыға беріс бөлігінің декомпенсирленген стенозы бар науқаста қандай себептен жүректің тоқтауы мүмкін?

  1. хлоридтер алмасуының бұзылуынан

  2. кальций алмасуының бұзылуынан

  3. стронций алмасуының бұзылуынан

  4. магний алмасуының бұзылуынан

  5. натрий алмасуының бұзылуынан

50. Іштiк белгiлер - төс астында күйiк тәрiздi ауыру сезiмi кекiру және қыжыл ... тән.

  1. рефлюкс-эзофагитке

  2. кардиоспазмға

  3. өңештiң iш қуысты бөлiмiндегi рагына

  4. диафрагма үстiндегi дивертикулға

  5. өңештiң тыртықтанып тарылуына

51. Жаңа болған өңеш перфорациясында қолданылатын ыңғайлы емге ... жатады.

  1. өңештiң тесiлген жерiн тiгу

  2. назогастральды зондтау

  3. медиастиностомия

  4. өңеш интубациясы

  5. антибиотиктердi көп мөлшерде қолдану

52. Аналь аймағының ... операция жасау қажет.

  1. анальды каналдың созылмалы экземасында

  2. параректальды жылан көзiнде

  3. криптитте

  4. жедел паропроктитте

  5. аналь аймағының сызаттанып жарылуында

53. ... Нәжiсте өзгермейтiн қан болуы мүмкiн.

  1. Тiк iшек рагында

  2. геморройдальды түйiндердiң жедел тромбофлебитiнде

  3. өкпенiң кавернозды туберкулезiнде

  4. асқазан рагында

  5. полиптерде

54. Операция кезінде жедел панкреатиттің ісінген түрі анықталған; Сіздің тактикаңыз?

  1. панкреатоэктомия

  2. лапоротомия, шарбы қалтасын дренаждау .

  3. панкреатодуоденалды резекция

  4. лапоротомия, холецистоэктомия, холедохты сыртқа дренаждау

  5. лапоротомия, ұйқы безн абдоминизациялау.

55. Қалытқы стенозының кезеңдерін ажыратады

  1. компенсациялық

  2. субкомпенсациялық

  3. декомпенсациялық

  4. алғашқы

  5. латентті

56. Гастродуоденальді жараның тесілуінде қолданылмайды

  1. Диафаноскопия

  2. ЭФГДС

  3. іш қуысы жалпы шолу рентгенографиясы

  4. лапораскопия

  5. айтылғандардың барлығы

57. Механикалық сарғаюдың себебіне не кірмейді?

  1. созылмалы холецистит

  2. холедохолитиаз

  3. ҮДЕ стенозы

  4. Фатеров емізікшесінің ісігі

  5. холедохтың лямблилермен инвазиясы

58. Резекциядан кейінгі функционалды бұзылуларға не жатады?

  1. ваготомиядан кейінгі асқазан атониясы

  2. артериомезентериалды өтімсіздіктің әсерінен пайда болатын әкелетін имек ішек синдромы

  3. резекция жасалған асқазан полипі

  4. рефлюкс-гастрит

  5. резекциядан кейінгі панкреатит

59. Резекциядан кейінгі пептикалық жараның диагноз қоюында негізгі зерттеу әдісі:

  1. эндоскопиялық зерттеу

  2. анамнез жинау

  3. асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлігін рентгендік тексеру жүргізу

  4. клиникалық зерттеу

  5. асқазан сөлінің бөлінуін зерттеу

60. Қан жоғалту дәрежесін қалай анықтайды?

  1. жалпы айналымдағы қанды, Hb, Ht, эритроциттерді анықтау

  2. қан ұю уақыты, коагулограмма

  3. АҚ өлшеу, ішті пальпациялау

  4. қанды биохимикалық тексеру

  5. қан тобын анықтау

61. Меллори-Вейс синдромында қай мүшенің кілегей қабаты зақымдалады?

  1. асқазанның кардиалды және өңештің абдоминалды бөлігінің

  2. ұлтабардың

  3. аш ішектің

  4. тоқ ішектің

  5. тік ішектің

62. Кардиоспазмға рентгенологиялық ... тән:

  1. тышқан құйрығың белгiсi

  2. өңеш ампутациясы белгiсi

  3. өңештiң субкардиалдық бөлiгi жиектерiнiң желiнуi

  4. өңештiң субкардиалдық бөлiгi

  5. өңештiң тасбиқ тәрiздi тарылуы

63. Дивертикулды консервативтi емдеу ... бағытталған.

  1. дивертикулға тамақтың тұрып қалуының және оның ары қарай дамуының алдын алуға

  2. өңеш стриктурасының дамуының алдын алуға

  3. рефлюкс-эзофагиттiң алдын алуға

  4. привратник стенозының дамуының алдын алуға

  5. дифертикулға инфекция жұқтырмауға

64. Геморрой кезiнде ... байқалмайды.

  1. лента тәрiздi нәжiс

  2. iш қатпасы

  3. түйiннiң түсуi

  4. қан кету

  5. перианальды зуд

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]