Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-«SDH-ң-қолдануымен-Байганин-Қандыағаш-бөлі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.4 Mб
Скачать

1.4 Қойылған мәселені негіздеу

Бұл дипломдық жобада К-60п аппаратураны сипаттау, цифрлы тарату жүйелерін (ЦТЖ) және аналогты тарату жүйелерін (АТЖ) анализдеу қажет. ЦТЖ-ң аналогты тарату жүйесіне қарағанда басты артықшылығын көрсету, цифрлық жабдықты қолдануды негіздеу қажет.

Талшықты оптикалық байланыс жолдарын жобалауға қарай тарату жүйелердің оптикалық кабелдің маркасын, регенерациялық учаскесінің қажет ұзындығы есебін таңдау. Сонымен бірге, оптикалық кабелдің негізгі параметрлерінің есебін жүргізу қажет. Нәтижесінде жобаланып отырған талшықты оптикалық байланыс жолының сенімділігін бағалау керек.

Дипломдық жобаның соңғы бөліміне «Еңбекті қорғау» сабағының талшықты оптикалық байланыс жолын пайдалануда қауіпсіздік шаралары тақырыбында және де «Өндірістік экономика» сабағының талшықты оптикалық байланыс жолының экономикалы тиімді салуын анықтау тақырыбында тапсырманы орындау қажет.

Қазіргі таңдағы жүйенің анализі және оның сындық анализінің жоғарыда көрсетілген факторларына сүйеніп кез-келген адам симметриялы кабелмен бірге аналогты тарату жүйесі қазіргі таңда оларға жүктелген жүктемеге шамасы келмейтіні түсінеді.

Кабелді байланыс технологиясының жетілу үрдісі үдей түсуде. Оптикалы және квант-оптикалық технологияларының тез қарқынмен жетілуінің арқасында қазіргі кездегі талшықтық-оптикалық тарату жүйесінің өткізу қабілеті 11 Тбит/с дейін жетуі мүмкін. Жаңа технологиялар мен байланыс қызметтерінің (интернет, электронды пошта, IP-телефония, интерактивті цифрлы теледидар, технологиялық, заңгерлік, әкімшілік, қаржылық ақпаратты тарату, дистанционды медициналық қызмет көрсету, Ethernet және т.б. берілгендерді компьютерлік желілер таратуды қолдану) кең тарауы осы қызметтерді тұтынушылар санының тез өсуімен ұласады. Соған орай, осы жағдайда барлық деңгейге шығу желісі кабелді сегменттің өткізу қабілеттілігінің жоғарлауы айтарлықтай, яғни магистралды деңгейден абоненттік деңгейге дейін.

Осы аймақтағы компаниялар санының өсуінің себебімен, сиымдылығы үлкен байланыс желіні ұымдастыру қажет. Берілген арнаның көп жүктелуіне қарай қазіргі кезде жұмыс істеп тұрған сыйымдылық операторлардың қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Арна ұйымдастырушы аппаратура ескірген, АТЖ қазіргі таңға сәйкес келмейді, сондықтан да оларды қазіргі уақыт талабына сай кішігірім, автоматтандырылған, пайдалануда оңай және ыңғайлы цифрлық жүйеге ауыстыру қажет.

Кеше ғана пайдалануда болған арналар саны тұтынушылар талабын қанағаттандыруға жеткілікті болып көрінген, бірақ жергілікті есептеу желілердің пайда болуы және олардың санының көбеюіне байланысты, ақпаратты автоматты түрде жинау және т.б. қызметтердің пайда болуына қарай, қолданыстағы жүйе тұтынушылар қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмады, яғни ол әлемдік стандарттарға сай бұрынғыдан сапалы байланысты қамтамасыз ететін жаңа, жетілген жүйеге ауыстыруды қажет етеді.

Жоғарыда көрсетілгендерге қоса, қазіргі кездегі жұмыс істеп тұрған трасса Ресей Федерациясының территориясымен өтеді. Ол дегеніміз қазіргі кездегі бар магистралды пайдалануда қосымша қиындықтар туады.

Мен жоғарыда талқыланған проблемаларға сүйене отырып Байгарин – Қандыағаш учаскесіндегі байланысын жаңарту үшін жобалау тапсырмасын ұсынамын:

  • тарату жүйесі тұтынушылардың уақыт талабына сай қажеттіліктерін қанағаттандыра алатындай цифрлық тарату жүйелеріне негізделген болуы керек;

  • кабель тарату жүйесінің жоғары өткізу қабілетіне сәйкес болуы қажет, яғни ол оптикалы кабель болуы қажет;

  • магистралды байланыс жолын пайдалануда қиындықтар тумау үшін кабелді салу трассасы Қазақстан Республикасы территориясымен өтуі қажет;

  • жобаланып отырған ұйымдастыру сұлбасы комбинацияланған яғни нүкте-нүкте және реттелген сызықты тізбек топологияларымен салынуы қажет, бұл топологиялар тұрғылықты мекендердің географиялық орналасуының тура осы топологияларға сәйкес келетіндігіне байланысты.