Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-«SDH-ң-қолдануымен-Байганин-Қандыағаш-бөлі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.4 Mб
Скачать

6.3 Қызмет - өнім

ТОТЖ құрылысы біткеннен кейін халыққа және ұйымдарға әмбебап қызметтердің келесі тізімі ұсынылады:

а) ауылдық елді мекендерде берілетін телефондық байланыс (жергілікті қалааралық) қызметі:

- 500-ден 1000 дейін тұрғындарға – қоғамдық телефон /таксофон көмегімен;

- 1000-нан 3000 дейін тұрғындарға - аралас (ұжымдық/жекелеген) қол жеткізуді ұйымдастырумен;

- 3000-нан астам тұрғындарға – жеке абоненттік қол жеткізкді ұйымдастырумен;

б) телеграфтық байланыс қызметі, телеграммаларды жеткізуді қосқанда;

в) деректерді тарату бойынша және ұжымдық пайдалану пункттерін іске қосумен интернет желісіне қол жеткізуді ұсыну бойынша қызмет көрсету.

Жобаланатын ТОТЖ өнімі - STM-1 жоғары жылдамдықты цифрлық ағыны.

STM-1 цифрлық ағын – цифрлық пішіндегі ақпараттың кез келген түрін тасымалдауға арналған стандартты цифрлық ағын.

STM тарату жылдамдығы 64 кБит/с цифрлыққ арна негізінде құрылады, олар мультиплексірлеу құралдары бойынша әртүрлі тарату жылдамдықтары бар: 2, 8, 34, 140, 155 Мбит/с, ағындарға біріктіріледі SDH жүйесі артықшылығы мынада, жоғарыда көрсетілген жылдамдықтары бар қандай да болмасын ағын кез келген аралық пунктте шығарылуы мүмкін.

Ұсынылатын жабдықтың мүмкіндіктері, жоғары сапалы телефондық және факсимильдік жергілікті, қалааралық пен халықаралық байланыс, коммуникацияланатын арналар арқылы мәліметтерді беру, Internet жүйесіне қол жеткізу сияқты қызметтер ұсыну жолымен басқарушы және қаржылық технологияларды информатизациялау және компьютерлеу процесін ұйымдастыру үшін техникалық бағаны қамтамасыз етеді.

6.4 Маркетинг

Республиканың телекоммуникациялық қызмет көрсету нарығы жыл сайын тіптен өте динамикалы және конкурентті болып келеді. Байланыс операторлары санының айтарлықтай өсуі байқалады, жаңа технологиялар ендіріліп жатыр, атқарылатын қызмет түрлері спектрі ұлғайып жатыр. Нарықтың жартысын қалааралық, халықаралық байланыс қызметтері алып тұр. Және де нарықтың 25%-ын халықаралық байланыс қызмет көрсетуі қалыптастырады. Жергілікті телефондық байланыс қызмет көрсетуі барлық нарықтық 14%-ын қалыптастырады. Мәліметтерді тарату және интернет қызмет көрсетуі көлемі екі есе аз.

Формальды түрде жалпы пайдалануы бар телекоммуникация желісі үшін қалааралық және халықаралық байланыс нарығы ғана «Қазақтелеком» АҚ-ы монополиясы болып табылады, бірақ онда операторлар жұмыс-іс атқарады, олар ІР-телефония операторлары ретінде қалааралық және халықаралық трафикті өткізеді.

Телекоммуникация саласында операторлардың екі тобы қалыптасқан: «дәстүрлік» және «жаңа» операторлар, оларға қарағанда әртүрлі мемлекеттік реттеудің әдістері бар.

Саланың табыстары жалпы көлемінде дәстүрлі операторлардың үлесі тұрақты түрде төмендеп жатыр, мысалы «Қазақтелеком» АҚ-ы үлесі 1998 жылғы 90%-дан 2002 жылғы 60%-ға дейін және 2007 жылға болжам бойынша 50%-ға дейін төмендейді. Іс жүзінде тек қана дәстүрлі операторлар халыққа қызмет көрсетеді, ал ауылдық жерде осы сегментте олар негізінен монополистер.

Жергілікті байланыс нарығында «Қазақтелеком» АҚ үлесі 2002 жылы қалааралық 81%-бен, халықаралық 91%-бен, ТМД елдерімен халықаралықта - 92%-пен, алыс шетелдермен – 81%-бен бағаланады. Осымен бір уақытта конкуренция өсімі және телекоммуникация нарығындағы операторлар белсенділігі жоғарлауы бар. белсенділік өсуі нарық барлық сегменттерінде байқалады, бірақ ең жоғары дәрежеде - қалааралық және халықаралық байланыс нарқында (бөлінген операторлар) және арналарды жолға алуда, мәліметтерді таратуда және интернет желісінде.

Нрықта ірі магистралдық оператор KazTransComпайда болды, оның кейбір аудандарда «Қазақтелеком» АҚ-мен пара-пар кететін жерүстілік желілері бар.

Арна және Ratel жетекші операторлардың бірлесуі (альянсы), жаңа саудалық марка DUCAT атымен, Атырау қаласы мен Батыс Қазақстан облысы нарығына белсенді түрде енді, 2003 жылы Астана қаласы нарығына шықты.

«Қазақтелеком» АҚ-ның телекоммуникация нарығындағы қызмет көрсету түрлері бойынша негізгі конкуренттері 4.1 –кестеде берілген.

6.1 кесте - «Қазақтелеком» АҚ негізгі конкуренттері

Виды услуг

Операторы

Жергілікті телефондық байланыс

KazTransCom, Транстелеком,

Казаэронавигация, Арна,

Каскортелеком, Мунайтелеком, СВИМ

Қалааралық, халықаралық байланыс, арналарды жалға алу және жер серіктік байланыстың бөлінген желілері қызметі

ASTEL, Нурсат, Ratel, KazTransCom, TNS-plus, Казинформтелеком, Кателко

Мәліметтер тарату және арналарды жалға алу

Нурсат, ASTEL, KazTransCom, TNS-plus, Кателко, Казинформтелеком, Golden Telecom, DUCAT

«Қазақтелеком» АҚ нарығы жоғары үлесі көбінесе тарихи қалыптасқан клиенттік базамен түсіндіріледі. Кейбір бір жерлік нарықта және корпоративтік клиенттер нарығында «Қазақтелеком» АҚ үлесі төмен.

Сөйтіп, жобаны іске асыруда қазіргі уақытқа дейін ең нақты компания ретінде ұлттық акционерлік компаниясы «Қазақтелеком» қалады, оны стратегиялық басқаруға тиімді таралу мен алдыңғы қатарлы технологияны пайдалануды қамтамасыз етеді және осының негізінде – конкуренттік ортадағы нарықта тұрақты орын алуға.

Байланыс операторына арналарды жалға бергенде «Қазақтелеком» АҚ тарифтік саясаты Қазақстан Республикасы заңдылықтарына сәйкес жүзеге асырылады. рентабельді емес қызмет көрсетуді кросс – субидия жасауды тарифтерді ребаланстау және телекоммуникация нарығына барлық қатысушыларға жалпы қол жететін қызметті қаржылау бойынша жүкті біркелкі таратудың ашық және әділ механизмінебіртіндеп алмастыру мен аластау қарастырылады. Телекоммуникацияның реттелетін қызмет көрсетуіне тарифтерді ребаланстау жүргізіледі. Ребаланстау және байланыс қызметіне экономика жағынан негізделген тарифтерді орнату бұрын басқа операторларға қызығушылық туғызбайтын телекоммуникация нарығы секторларында конкуренцияның туындауына әкеледі, бұл атқарылатын қызметтердің қанығуын, сапасын және әртүрлілігін көтереді.