Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип.-«SDH-ң-қолдануымен-Байганин-Қандыағаш-бөлі...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.4 Mб
Скачать

5.5 Горизонтальды - бағытталған бұрғылауы бар машинаны пайдаланумен кедергі арқылы өтпені ұйымдастыру

Полиэтилен турбаны жүргізіп салудағы жұмыстарды орындағанда ең қиындығы көп болатыны өзендерден, автомобиль және теміржолды басып өту болып табылады. Ерекше бұл өзеннен өткелдерді ұйымдастырғанда көрінеді. Өйткені турбаны салу ашық әдіспен жүргізілетіндіктен, осы жағдай өзенді кесіп өткенде гидрологиялық және биологиялық процестерді бүлдіреді.

Өзен түбін тереңдетумен, траншеяны қазып, сосын оны жабумен болатын дәстүрлі әдістен айырмасы, горизонталды – бағытталған бұрғылау әдісі траншеясыз әдіс болып табылады. Ол іс жүзінде жұмыс жүргізілетін бөліктің табиғи күшіне әсер етпейді.

Горизонталды бағытталған бұрғылау машинасы көбінесе бұрғылау қондырғысы, бұрғылау штангалар жиынтығы және электрондық басқару пульты бар операторлық орны бар өзі жүретін машина түрінде көрсетіледі. VERMER бұрғылау жүйесі көмегімен диаметрі 500 мм-ге дейін, ұзындығы 400 м-ге дейін турбаларды жер астына әртүрлілей салуға болады (топырақ сапасына байланысты).

Су астында жолдарда турбожолды траншеясыз өткізу құрылысы бірнеше негізгі таптардан тұрады:

- өзен түбі асты еңкішті бағытталған бұрғылау, мысалы суы бар кедергіні әуелі жағаның біреуінен бастап, қарама-қарсы жағада алдын-ала белгіленген бір нүктеден шығумен. Бастапқыда кішкене диаметрлі бағыттаушы скважина бұрғыланады, бұрғылау траекториясы бұрғылау колоннасы ішіне орналасқан датчик (сезгіш) радиосигналы бойынша бақыланады.

Бұрғылау барысында скважинаның қабырғаларын айналып тұратын бастиек көмегімен тығыздау жүріп жатады. Ауналым алғы ұштан алдыңғы жақта биологиялық жағынан қауіпсіз сұйық (бетонит)басылып шығады, ол топырақты уақтап, сонымен бірге уақытта бұрғыланған скважина қабырғаларын бекітеді. Сұйық қысымы бұрғылау машинасынан реттеледі.

Скважинаны кеңейту. Бастапқы бұрғылау біткеннен кейін, бұрғылау ұштары әртүрлі өлшемді кең көлемді болтарға ауыстырылады. Сөйтіп арнаны біртіндеп қажетті өлшемге дейін кеңейту жүзеге асырылады. Кеңейту саны жергілікті ландшафтта, өзен профиліне, еніне топырақ күйлеріне байланысты.

Скважинаға полиэтилен турбаны өткізу. Бұрғыны тартып оларда скважина диаметрі бұрынғыдан да көлемді бұрғылық қондырғылармен кеңейтіледі және де бір уақытта полиэтилен турба скважина ішін тартылады.

Горизонталды - бағытталған бұрғылау әдісінің келесі артықшылықтары бар: өзендер түбі астынан, темір жол төсеніші немесе автомобиль жолы астынан еңкішті – бағытталған бұрғылау әдісімен турбаны салып өткізу дәстүрлі әдістермен салыстырғанда үш есе арзан.

Гидрологиялық процестер бұзылмайды, жұмыс өзен жағалауы кесігінен 100 м-ден аса қашықтықта жүргізіледі.

өзен жағасын бекіту жұмыстарын жүргізу керек емес.

Горизонталды - бағытталған бұрғылау әдісі экологиялық жағынан қауіпсіз. Соның ішінде бұрғылауда және скважина қабырғаларын бекітуде арнайы дайындалған улы емес бентониттік топырақтар негізіндегі бұрғылау ерітінділері қолданылады.