
- •Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар
- •1 Цифрлық құрылғылар
- •1.1 Цифрлық құрылғылардың математикалық негіздері
- •1.1.1 Екілік санау жүйесі
- •1.1.2.1 Сандардың түрлендірілімі
- •1.1.1.1.1 Ондық санның екілік санға түрлендірілуі
- •1.1.1.1.2 Екілік санның ондық санға түрлендірілуі
- •1.1.1.1.3 Санның оналтылық жазылымы
- •1.1.2 Логикалық функциялар
- •1.1.2.1 Негізгі функциялар
- •1.1.2.2 Әмбебап функциялар
- •1.1.3 Логика алгебрасының заңдары мен заңдылықтары
- •1.1.4 Күрделі функциялар
- •1.1.4.1 Логикалық функцияларды минимизизациялау
- •1.1.4.1.1 Тікелей түрлендіру тәсілі
- •1.1.4.1.2 Карно картасы арқылы түрлендіру
- •1.1 Сурет
- •1.2 Сурет
- •1.1.4.1.3 Арнайы түрлендіргішті пайдалану
- •1.3 Сурет
- •1.2 Қиыстырма құрылғылар
- •1.2.1 Логикалық элементтер
- •1.4 Сурет
- •1.2.1.1 Логикалық элементтердің тез әрекеттілігі
- •1.5 Сурет
- •1.6 Сурет
- •1.7 Сурет
- •1.8 Сурет
- •1.2.2 Қиыстырма құрылғыларды құру тәртібі
- •1.9 Сурет
- •1.2.3 Қалыпты қиыстырма құрылғылар
- •1.2.3.1 Шифраторлар
- •1.10 Сурет
- •1.11 Сурет
- •1.2.3.1.1 Шифратордың өлшемін ұлғайту
- •1.12 Сурет
- •1.2.3.2 Дешифраторлар
- •1.13 Сурет
- •1.14 Сурет
- •1.2.3.2.1 Дешифратор негізінде қиыстырма құрылғы құру
- •1.15 Сурет
- •1.2.3.3 Мультиплексорлар
- •1.16 Сурет
- •1.2.3.3.1 Мультиплексор негізінде қиыстырма құрылғы құру
- •1.17 Сурет
- •1.2.3.4 Демультиплексорлар
- •1.18 Сурет
- •1.2.3.5 Қосуыштар
- •1.2.3.5.1 Бірразрядты қосуыштар
- •1.19 Сурет
- •1.20 Сурет
- •1.2.3.5.2 Көпразрядты қосуыштар
- •1.21 Сурет
- •1.3 Тізбектеме құрылғылар
- •1.3.1 Триггерлер
- •1.3.1.1 Асинхронды rs-триггерлер
- •1.3.1.1.1 Тура кірісті rs-триггер
- •1.22 Сурет
- •1.3.1.1.2 Теріс кірісті rs-триггер
- •1.23 Сурет
- •1.3.1.2 Синхронды триггерлер
- •1.3.1.2.1 Синхронды rs-триггер
- •1.24 Сурет
- •1.3.1.2.2 Статикалы басқарылымды d-триггер
- •1.25 Сурет
- •1.3.1.2.3 Динамикалы басқарылымды триггерлер
- •1.3.1.2.3.1 D-триггер
- •1.26 Сурет
- •1.3.1.2.3.2 Jk-триггер
- •1.3.1.2.3.3 T-триггер
- •1.27 Сурет
- •1.3.1.2.3.4 Триггерлердің микросхемалары
- •1.28 Сурет
- •1.3.2 Регистрлер
- •1.29 Сурет
- •1.3.3 Санауыштар
- •1.30 Сурет
- •1.4 Жадылық құрылғылар
- •1.4.1 Жадылық құрылғылардың басқару сигналдары
- •1.4.2 Жадылық құрылғылардың басты параметрлері
- •1.4.3 Жадылық құрылғылардың негізгі түрлері
- •1.4.4 Жадылық құрылғылардың негізгі құрылымдары
- •1.4.4.1 2D құрылымы
- •1.4.4.2 3D құрылымы
- •1.4.4.3 2Dm құрылымы
- •1.4.5 Тұрақты жадылық құрылғылардың байланыс элементтері
- •1.4.5.1 Rom(m) құрылғылары
- •1.4.5.2 Prom құрылғылары
- •1.36 Сурет
- •1.4.5.3 Eprom және eeprom құрылғылары
- •2 Микропроцессорлар және микропроцессорлық жүйелер
- •2.1 Микропроцессорлық жүйелердің құрылым принциптері
- •2.2 Intel 8085 микропроцессоры
- •2.2.1. Микропроцессордың құрылымы
- •2.1 Сурет
- •2.2.2. Микропроцессордың басқару сигналдары
- •2.2.3. Микропроцессордың жұмыс тәртібі
- •2.2.4. Микропроцессордың үзіліс жүйесі
- •2.2.5. Микропроцессордың тізбекті енгізу/шығару жүйесі
- •2.2.6. Микропроцессордың командалар жүйесі
- •2.2.7. Микропроцессорда қолданылатын сілтеу тәсілдері
- •2.3 Микропроцессорлық жүйенің жұмысын бағдарлау
- •2.2 Сурет
- •2.3.1. Тізбелі бағдарламалар
- •2.3.2. Тарамдалымды бағдарламалар
- •2.3.3. Екібайтты сандарды қосу бағдарламасы
- •2.3.4. Тіке сілтемелі командалармен жұмыс істеу
- •2.3.5. Алу командаларымен жұмыс істеу
- •2.3.6. Регистр жұптарымен жұмыс істеу
- •2.3.7. Көбейту бағдарламасы
- •2.3.8. Қосалқы бағдарламалармен жұмыс істеу
- •2.3.9. Шешім қабылдау бағдарламалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.2.3. Микропроцессордың жұмыс тәртібі
Команда циклы КЦ команда таңдалымынан басталады (Opcode Fetch, OF). Бірінші машина циклі Ml әрқашан OF, онда МП команданың бірінші байтын алады. Одан кейін, команданың бірбайтты, екібайтты немесе үшбайтты болуына байланысты бір немесе екі MR (Memory Read) түрлі машина циклінің болуы мүмкін.
Команданың бірінші байтында (b1) операция коды, сілтеу тәсілі жөніндегі мәліметтер, ал егер команда бірбайтты болса, онда операндтың адресі де болады. Бұндағы адрес қысқа адресті “регистр-регистр” түріндегі операцияларға ғана байланысты болады. Жалпы қызметтік 8 регистрді сілтеуге үшразрядты, ал регистр жұптарын сілтеуге екіразрядты адрес жеткілікті. Команданың екінші байтында (b2) операндқа қатысты жады ұяшығының адресінің кіші бөлігі немесе сыртқы құрылғының адресі немесе операндтың тікелей өзі болады (соңғылар команданың екібайттылық жағдайында). Команданың үшінші байтында (b3) операнд адресінің үлкен бөлігі немесе тікелей берілетін деректің екінші байты (регистрлер жұбына енгізу кезінде) болады. Регистрлер мен регистр жұптарының адрестері 2.2-кестеде берілген.
2.2 К е с т е
Регистрлер |
Регистр жұптары |
|||||||||||
B |
C |
D |
E |
H |
L |
M |
A |
B |
D |
H |
SP |
|
000 |
001 |
010 |
011 |
100 |
101 |
110 |
111 |
00 |
01 |
10 |
11 |
Команданың таңдалып, айқындалғанынан кейін, оны орындауға қосымша машина циклдарының қажет болуы мүмкін. Командада небәрі бірден беске дейін машина циклы болуы мүмкін.
Машина циклі, төменде қарастырылатын қалыпты әрекеттер жүргізілетін, тактілерден тұрады. Әртүрлі машина циклындағы такт саны –3…6, бірақ олардың көпшілігі үш тактіден тұрады.
Команда циклінде 4...18 такт болуы мүмкін.
Әртүрлі машина циклын жүзеге асырушы сигналдарды команданың бірінші байтындағы информация негізінде МП тудырады.
Айтылғанды мысал арқылы суреттелік. Аккумулятордағы деректі жады ұяшығына тура сілтеумен (яғни, адрестің командада көрсетілуі арқылы) жіберуші STA D3D2 (Store Accumulator Direct) командасының орындалуын қарастыралық. Команда – үшбайтты, оның МП-ға жіберілуі үшін үш машина цикліыкерек, оның біріншісінде b1 байты команда регистрына (IR) жіберіліп, келесілерінде b2 және b3 байттары уақытша регистрлерге (W және Z) жіберіледі. Бүкіл команда қабылданғаннан кейін МП аккумулятордағы дерек байтын, адресі МП-ға түскен, жады ұяшығына жіберу жұмысын жүзеге асырады. Сонымен, команда циклы OF-MR-MR-MW тәртібімен жүргізілетін төрт машина циклынан құрылады.
Әрбір машина циклы, тактілік импульстердің аттас ауытқымаларының аралығымен анықталатын, тактілерге (жағдайларға) бөлінеді.
Машина циклының тактілерінде орындалатын қалыпты әрекеттер:
T1 – жадының немесе СҚ-ның адресі AD7-0 және A15-8 желілеріне қойылып, AD7-0 биттерін бекітуге ALE сигналы тудырылады. IO/M, S1 және S0жолдарында цикл түрін анықтаушы информация қойылады. HALT туы тексеріледі.
Т2 – Ready және Hold кірістері тексеріледі. Егер осы машина циклы команда таңдалымының бір бөлігі болса, онда бағдарлама санауышы бірге ұлғайтылады. BI (освобождения шин) циклінен басқа машина циклдарында басқару стробтарының (, немесе ) біреуі бірлік жағдайынан жандандырылған нөлдік жағдайына ауысады.
TW (Wait) – жадының немесе СҚ-ның дерек алмасуға дайын еместігінде (READY жолында төменгі деңгейлі кернеу тұрғанда) туады. Адрес, дерек және басқару жолдарының жағдайы такт аяғындағы қалпында қалады. READY сигналы әрбір күту тактісінде тексеріледі.
Т3 – команда немесе дерек байты микропроцессорға немесе одан жіберіледі. Жандандырылған басқару стробының деңгейі бірлік деңгейіне өзгертіледі.
Т4 – команда регистріндегі код айқындалады.
Т5,6 – кейбір командалардың бітірілуіне қажет кезінде пайдаланылады.
Жүйе желілері пайдаланылмайды.
Машина циклында әрқашан Т1....Т3 тактілері болады, кейде такт саны одан көбірек болуы мүмкін, бірақ оқу мен жазуға үш такт ғана қажет.