
- •Цифрлық құрылғылар және микропроцессорлар
- •1 Цифрлық құрылғылар
- •1.1 Цифрлық құрылғылардың математикалық негіздері
- •1.1.1 Екілік санау жүйесі
- •1.1.2.1 Сандардың түрлендірілімі
- •1.1.1.1.1 Ондық санның екілік санға түрлендірілуі
- •1.1.1.1.2 Екілік санның ондық санға түрлендірілуі
- •1.1.1.1.3 Санның оналтылық жазылымы
- •1.1.2 Логикалық функциялар
- •1.1.2.1 Негізгі функциялар
- •1.1.2.2 Әмбебап функциялар
- •1.1.3 Логика алгебрасының заңдары мен заңдылықтары
- •1.1.4 Күрделі функциялар
- •1.1.4.1 Логикалық функцияларды минимизизациялау
- •1.1.4.1.1 Тікелей түрлендіру тәсілі
- •1.1.4.1.2 Карно картасы арқылы түрлендіру
- •1.1 Сурет
- •1.2 Сурет
- •1.1.4.1.3 Арнайы түрлендіргішті пайдалану
- •1.3 Сурет
- •1.2 Қиыстырма құрылғылар
- •1.2.1 Логикалық элементтер
- •1.4 Сурет
- •1.2.1.1 Логикалық элементтердің тез әрекеттілігі
- •1.5 Сурет
- •1.6 Сурет
- •1.7 Сурет
- •1.8 Сурет
- •1.2.2 Қиыстырма құрылғыларды құру тәртібі
- •1.9 Сурет
- •1.2.3 Қалыпты қиыстырма құрылғылар
- •1.2.3.1 Шифраторлар
- •1.10 Сурет
- •1.11 Сурет
- •1.2.3.1.1 Шифратордың өлшемін ұлғайту
- •1.12 Сурет
- •1.2.3.2 Дешифраторлар
- •1.13 Сурет
- •1.14 Сурет
- •1.2.3.2.1 Дешифратор негізінде қиыстырма құрылғы құру
- •1.15 Сурет
- •1.2.3.3 Мультиплексорлар
- •1.16 Сурет
- •1.2.3.3.1 Мультиплексор негізінде қиыстырма құрылғы құру
- •1.17 Сурет
- •1.2.3.4 Демультиплексорлар
- •1.18 Сурет
- •1.2.3.5 Қосуыштар
- •1.2.3.5.1 Бірразрядты қосуыштар
- •1.19 Сурет
- •1.20 Сурет
- •1.2.3.5.2 Көпразрядты қосуыштар
- •1.21 Сурет
- •1.3 Тізбектеме құрылғылар
- •1.3.1 Триггерлер
- •1.3.1.1 Асинхронды rs-триггерлер
- •1.3.1.1.1 Тура кірісті rs-триггер
- •1.22 Сурет
- •1.3.1.1.2 Теріс кірісті rs-триггер
- •1.23 Сурет
- •1.3.1.2 Синхронды триггерлер
- •1.3.1.2.1 Синхронды rs-триггер
- •1.24 Сурет
- •1.3.1.2.2 Статикалы басқарылымды d-триггер
- •1.25 Сурет
- •1.3.1.2.3 Динамикалы басқарылымды триггерлер
- •1.3.1.2.3.1 D-триггер
- •1.26 Сурет
- •1.3.1.2.3.2 Jk-триггер
- •1.3.1.2.3.3 T-триггер
- •1.27 Сурет
- •1.3.1.2.3.4 Триггерлердің микросхемалары
- •1.28 Сурет
- •1.3.2 Регистрлер
- •1.29 Сурет
- •1.3.3 Санауыштар
- •1.30 Сурет
- •1.4 Жадылық құрылғылар
- •1.4.1 Жадылық құрылғылардың басқару сигналдары
- •1.4.2 Жадылық құрылғылардың басты параметрлері
- •1.4.3 Жадылық құрылғылардың негізгі түрлері
- •1.4.4 Жадылық құрылғылардың негізгі құрылымдары
- •1.4.4.1 2D құрылымы
- •1.4.4.2 3D құрылымы
- •1.4.4.3 2Dm құрылымы
- •1.4.5 Тұрақты жадылық құрылғылардың байланыс элементтері
- •1.4.5.1 Rom(m) құрылғылары
- •1.4.5.2 Prom құрылғылары
- •1.36 Сурет
- •1.4.5.3 Eprom және eeprom құрылғылары
- •2 Микропроцессорлар және микропроцессорлық жүйелер
- •2.1 Микропроцессорлық жүйелердің құрылым принциптері
- •2.2 Intel 8085 микропроцессоры
- •2.2.1. Микропроцессордың құрылымы
- •2.1 Сурет
- •2.2.2. Микропроцессордың басқару сигналдары
- •2.2.3. Микропроцессордың жұмыс тәртібі
- •2.2.4. Микропроцессордың үзіліс жүйесі
- •2.2.5. Микропроцессордың тізбекті енгізу/шығару жүйесі
- •2.2.6. Микропроцессордың командалар жүйесі
- •2.2.7. Микропроцессорда қолданылатын сілтеу тәсілдері
- •2.3 Микропроцессорлық жүйенің жұмысын бағдарлау
- •2.2 Сурет
- •2.3.1. Тізбелі бағдарламалар
- •2.3.2. Тарамдалымды бағдарламалар
- •2.3.3. Екібайтты сандарды қосу бағдарламасы
- •2.3.4. Тіке сілтемелі командалармен жұмыс істеу
- •2.3.5. Алу командаларымен жұмыс істеу
- •2.3.6. Регистр жұптарымен жұмыс істеу
- •2.3.7. Көбейту бағдарламасы
- •2.3.8. Қосалқы бағдарламалармен жұмыс істеу
- •2.3.9. Шешім қабылдау бағдарламалары
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.2.2. Микропроцессордың басқару сигналдары
Микропроцессордың шықпаларындағы сигналдар келесі қызметтерді атқарады:
A15-8 – жады адресінің үлкен байтын немесе сыртқы құрылғының толық адресін шығаруға арналған үш жағдайлы шығыс жолдары. HOLD, HALT және RESET режимдерінде олардың шықпалары үшінші (жоғары кедергілі) жағдайға ауысады;
AD7-0 – машина циклінің бірінші тактісінде жады адресінің кіші байтын немесе сыртқы құрылғының толық адресін шығаруға арналған үш жағдайлы кезектелімді жолдар. Адрес жіберілу тактісінен кейін олар дерек желісі ретінде пайдаланылады;
ALE – машина циклінің бірінші тактісінде жіберілген жады адресінің кіші байтын сыртқы адрес регистріне енгізуге рұқсат беру стробы. Адресті регистрге енгізу ALE сигналының артқы ауытқымасымен жүзеге асырылады;
, – сілтенген жады ұяшығына немесе сыртқы құрылғыға жіберілетін оқу және жазу стробтары. HOLD, HALT және RESET режимдерінде олардың шықпалары үшінші (жоғары кедергілі) жағдайға ауысады;
READY – жадының немесе сыртқы құрылғының МП-мен информация алмасуға дайын екендігін көрсететін, кіріс сигналы. Жадының немесе сыртқы құрылғының дайын еместігінде, МП күту жағдайына кіреді де, бұл жағдай бірлік деңгейдегі READY сигналы түскенше созылады;
S1, S0 – МП-дің сыртқы құрылғыға жіберетін ахуал сигналдары. Олар машина циклінің басында қалыптасып, бұл цикл біткенше сақталады;
IO/М – жадыны немесе сыртқы құрылғыны таңдау сигналы. Оның жоғарғы деңгейінде сыртқы құрылғыға, ал төменгі деңгейінде жадыға байланыс жүзеге асырылады.
S1, S0 сигналдарымен бірге IO/М сигналы машина циклының түрін анықтайды. Ахуал сигналдары мен , және сигналдарының әртүрлі машина циклына байланысты мәндері 2.1-кестеде келтірілген.
2.1 К е с т е
МЦ түрі |
Ахуал сигналдары |
Басқару сигналдары |
||||
IO/M |
S1 |
S0 |
|
|
|
|
OF |
0 |
1 |
1 |
0 |
1 |
1 |
MR |
0 |
1 |
0 |
0 |
1 |
1 |
MW |
0 |
0 |
1 |
1 |
0 |
1 |
IOR |
1 |
1 |
0 |
0 |
1 |
1 |
IOW |
1 |
0 |
1 |
1 |
0 |
1 |
INA |
1 |
1 |
1 |
1 |
1 |
0 |
BI |
ҮЖ |
x |
x |
1 |
1 |
1 |
HALT |
ҮЖ |
0 |
0 |
ҮЖ |
ҮЖ |
1 |
Келтірілген кестеде ҮЖ арқылы үшінші жағдай белгіленген.
x1, x2 – МП-дың ішкі синхроимпульстер генераторының жұмысын қамтамасыз етуші кварцты резонатордың немесе одан басқа жиілік тиянақтаушы тізбектердің қосылатын шықпалары. МП-дың ішкі схемаларының жұмысын сәйкестіруші синхроимпульстер (CLK) шығару үшін генератор импульстері санау триггеріне жіберіледі де, ол қарсы фазалы екі импульстер тізбесін (Ф1 және Ф2) қалыптастырады. Олардың жиілігі (яғни, микропроцессордың жұмыс жиілігі) генератор жиілігінен 2 есе төмен болады. ALE сигналы Ф1 тізбесінен бірінші тактіде бөліп алынған біреуі ретінде қалытастырылады;
() – МП-ды бастапқы жағдайына қайтару кірісі. Бұл сигнал қорек көзі қосылған кезде өздігінен қалыптасады, оның кез келген уақытта оператордың командасы арқылы да түсуі мүмкін. Оның әрекетімен PC және IR регистрлері, үзіліс рұқсаты мен желі ұсталымының құпталым триггерлері және т.б. тазартылады;
CLK – микропроцессорлық жүйеге жіберілетін синхроимпульстер шығысы. Бұл импульстердің фазасы Ф2 импульстерінің фазасындай, ал жиілігі микропроцессордың x1 және x2 шықпаларындағы жиіліктен екі есе кем болады;
RESET – жүйенің сыртқы модулдерін тазарту сигналы, ол тактілік CLK импульстеріне байланыстырылған және оның фазасы сигналынан өзгеше болады;
INTR (Interrupt Request) – векторлық үзіліс сұранысының кірісі. Бағдарлама арқылы үзіліске рұқсат берілген жағдайда, бұл сигнал стробын тудырады. Бұл сұранысқа сәйкес шақырылатын қосалқы бағдарламаның адресін сыртқы құрылғы жібереді. Тазартылым кезінде сұраныс сигналы қабылданбайды (үзіліске тиым салынған);
(Interrupt Acknowledge) – кезекті команда циклі біткеннен кейін жіберілетін, векторлық үзілісті құптау стробы. Ол үзіліс векторын оқу үшін пайдаланылады;
RST 5,5; RST 6,5; RST 7,5 – RSTn (n = 5,5; 6,5; 7,5) түріндегі радиалды үзіліс сұранысының кірістері. Бұл сұраныстарға сәйкесті қызмет атқаратын қосалқы бағдарламалардың бастапқы адресі – 8n. Кіріс мәртебелері бекітілген, ең жоғарғы мәртебе RST 7,5 кірісінде. Бұл сұраныс тобының мәртебесі INTR сұранысының мәртебесінен жоғары болады. Бұл сұраныстардың әрбіреуіне және бір-біріне тәуелсіз тиым салуға болады;
TRAP – мәртебесі ең жоғарғы дәрежедегі, тиым салынбайтын үзіліс сұранысының кірісі;
SID, SOD (Serial Input Data, Serial Output Data) – деректерді тізбекті жіберу кірісі мен шығысы. RIM командасымен кіріс биті аккумулятордың жоғарғы разрядына енгізіледі, SIM командасымен шығыс биті осы разрядтан шығарылады;
HOLD – желіні иелену сұранысы. Оны сыртқы құрылғы қалыптастырады;
HLDA (Hold Acknowledge) – желінің иеленілуін құптау сигналы. Ол HOLD сигналына жауап ретінде кезекті машина циклының аяғында қалыптастырылады да, МП-дың жүйе желісінен ажыратылғандығын куәлайды. Бұл кезде желілер мен басқарушы , , IO/M және ALE сигналдарының жолдары үшінші жағдайға ауыстырылады.