Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TsUiMP_lektsia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
246.44 Кб
Скачать

1.3.1.2 Синхронды триггерлер

Синхронды триггерлердің жаңа жағдайға ауысуы арнайы басқару сигналымен жүзеге асырылады, әрине, оның қай жағдайға ауысатындығы информациялық сигналдарға байланысты анықталады. Басқару сигналын қабылдау тәсіліне байланысты синхронды триггерлер статикалы басқарылымды және динамикалы басқарылымды түрлеріне ажыратылады.

1.3.1.2.1 Синхронды rs-триггер

Статикалы басқарылымды (яғни, деңгей арқылы басқарылатын) RS-триггердің схемасын теріс кірісті асинхронды RS-триггерге екі ЖӘНЕ-ЕМЕС элементінен тұратын басқару схемасын қосу арқылы жүзеге асыруға болады (1.24, a-сурет).

 

a

b

1.24 Сурет

Бұл триггердің жұмыс режидері 1.16-кестеде суреттелген.

1.16 К е с т е

С

R

S

Q

Q’

Режим

0

x

x

Q0

Q0

Сақтау режимі

1

0

0

Сақтау режимі

0

1

1

0

 ‘1’ жазу режимі

1

0

0

1

‘0’ жазу режимі

1

1

Q0

Q0

Тиым салынған режим

 

C = 0 кезінде триггер сақтау режимінде болады. Триггердің R мен S кірістеріндегі сигнал деңгейлеріне сәйкесті жағдайға ауысуы С = 1 кезінде жүзеге асырылады. Синхронды RS-триггердің шартты сызба белгілемесі1.24, b-суретте келтірілген.

1.3.1.2.2 Статикалы басқарылымды d-триггер

Статикалы басқарылымды D-триггердің (Delay – кідіріс) схемасы мен шартты сызба белгілемесі 1.25-суретте келтірілген, ал оның жұмыс режимдері 1.17-кестеде суреттелген.

 

a

b

1.25 Сурет

1.17 К е с т е

С

D

Q

Q’

Режим

0

x

Q0

Q0

Сақтау режимі

1

0

0

1

‘0’ жазу режимі

1

1

0

 ‘1’ жазу режимі

 

1.3.1.2.3 Динамикалы басқарылымды триггерлер

Динамикалы басқарылымды триггерлер жағдайының ауысуы статикалы басқарылымды триггерлердегі сияқты басқару сигналының деңгейімен емес, оның ауытқуымен жүзеге асырылады. Олар үштриггерлі құрылым деп аталатын схемамен құрылады. Динамикалы басқарылымды триггерлердің күрделі схемаларын тәптіштеп қарап жатпай-ақ, олардың жұмыс режимдерімен ғана танысамыз.

1.3.1.2.3.1 D-триггер

Динамикалы басқарылымды D-триггердің шартты сызба белгілемесі 1.26, a-суретте келтірілген, ал оның жұмыс режимдері 1.18-кестеде суреттелген.

 

a

b

1.26 Сурет

1.18 К е с т е

С

D

Q

Q’

0

0

1

1

1

0

 

Бұл триггердің жағдайының информациялық сигналдың мәніне (D) сәйкесті ауысуы басқару сигналының тура ауытқу (0-ден 1-ге) мезетінде жүзеге асырылады. Оның шартты сызба белгілемесінде басқару сигналының ауытқу бағыты сәйкесті бағыттама түрінде бейнеленеді (1.26, a-суретті қара).

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]