
- •Биологиялық статистика ұғымы.
- •2. Биологиялық статистика пәні, мақсаты және мәселелері.
- •4.Сапалы деректер,түрлері және олардың сипаттамасы.
- •5. Сандық деректер,түрлері және олардың сипаттамасы.
- •6. Өлшеуіш шкалаларының негізгі түрлері және олардың сипаттамалары.
- •7.Деректерді бейнелеудің графиктік әдісін қолдану қажеттілігі.
- •12.Таңдамаға қойылатын негізгі талаптар. Репрезентативтілік ұғымы
- •14.Жиынтық көлемі, варианта, жиілік және салыстырмалы жиілік ұғымдары, олардың белгіленулері.
- •15.Дискретті және интервалдық статистикалық таралулардың анықтамалары.
- •Таңдама жиынтықтың сандық сипаттамалары. Мода және медиана, олардың белгіленуі және табу тәсілдері.
- •Таңдама орта. Белгіленуі, формуласы.
- •Орта квадраттық ауытқу анықтамасы, белгіленуі және есептеу формуласы.
- •Таңдама дисперсия ұғымы, есептеу формуласы.
- •Таңдаманы зерттегенде жіберілетін қателіктер түрлері.
- •Қалыпты таралу; графигі;қалыпты таралуды сипаттайтын параметрлер. Қалыпты таралудың негізгі сипаттамалары:
- •Қалыпты таралудың негізгі сипаттамалары. Қалыпты таралудың негізгі сипаттамалары:
- •Таралу параметрлерінің нүктелік және аралық бағалары.
- •Бас жиынтық параметрлерін бағалау.
- •Бас орта
- •Таңдама орта
- •Бас дисперсия
- •Сенім аралығы.
- •Интервалдар (топ) санын, интервал қадамын, құлашты табу формулалары.
- •Жорамалдарды статистикалық тексеру мәселелері.
- •Статистикалық жорамалдың анықтамасы, мысалдар.
- •34. Жорамалды тексерудің негізгі принциптері. Бірінші және екінші текті қателер
- •35.Критерийдің мәнділік деңгейі, қуаттылығы ұғымдары, олардың сандық мәндері.
- •36. Жорамалдарды тексеру әдісі:
- •38.Стьюдеттің жұптаспаған критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолдану аясы, есептеу формуласы.
- •40.Стьюдеттің жұптасқан критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолдану аясы, есептеу формуласы.
- •41.Манн-Уитни критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолдану аясы, есептеу формуласы.
- •А) u Манн-Уитни критерийін есептеу схемасы:
- •42.Уилкоксон критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолдану аясы, есептеу формуласы.
- •43.Пирсонның χ2 (хи-квадрат) келісім критерийі. Анықтамасы, қолданылуы, қолдану аясы, есептеу формуласы
Биологиялық статистика ұғымы.
Статистика - Бұл кездейсоқ деректер арасынан заңдылықтарды көруге, олардың ішіндегі нық байланыстарды ерекшелеуге,қабылданған барлық шешімдер арасынан дұрыс шешімдер үлесін арттыру әрекетін анықтауға мүмкіндік беретін ғылым. Бұл деректерді (бақылау нәтижелерін) жинау, топтау, жүйелеу, сипаттау, талдау және түсіндіру. Бұл бас жиынтықты және олардың өзгергіштігін зерттеу.
2. Биологиялық статистика пәні, мақсаты және мәселелері.
Биостатистика-пән ретінде
Пәні – биологиялық статистиканың негізгі жағдайлары мен әдістері.
Пән мақсаты – тірі табиғатта болып жатқан үрдістерді дұрыс сандық бағалауға үйрету.
Пән міндеттері – биологиялық жиынтықтарды бағалау үшін негізгі статистикалық критерийлермен таныстыру және оларды қолдануды үйрету.
3.Деректер түрлері.
Мөлшерлік (сандық) деректер
Айнымалылар қандай да бір сандық мәнді қабылдайды.
Үздіксіз :
Деректер берілген диапазондағы (кесіндідегі) кез келген сандық мәнді қабылдауы мүмкін. Мәндер саны шексіз, өлшеудің дәлдігіне байланысты ,мәндер бөлшек құрамдас болулары да мүмкін.
Мысалдар: температура, салмақ, бой ұзындығы,қан қысымы.
Дискретті сандық:
Деректер тек қатаң бекітілген бүтін сандық мәндерден тұрады. Деректер мәндері бүтін мәнге ғана өзгереді, және ешқандай аралық мән болмайды.
Бұл мәндер үшін шама да,реті де маңызды.
Мысалдар: күндер саны, пациенттер саны,дәрігерде болу саны,адамның соңғы бес жылдағы ауруының саны.
Сапалық деректер
Номиналды немесе категориялық(классификациялық):
Деректер , атаулары белгінің мәндерін немесе классификациялық нөмірін бейнелейтін категорияларға бөлінген.
Бүл түрдегі дерктерді мәндері бойынша өлшеуге немесе реттеуге болмайды,оларға арифметикалық операциялар орындауға болмайды
Мысалдар: жыныс, жанүялық жағдай, этникалық топ, қан тобы.
Бинарлы немесе дихотомиялық:
Екі қиылыспайтын номиналды немесе категориялы деректер.
Мысалдар: өлі / тірі, иә/жоқ, жазылатын ауру/ жазылмайтын ауру.
Реттік (рангілік):
Категориялар (градациялар, деңгейлер) мәндердің салыстырмалы маңыздылығы шкаласына сәйкес логикалық түрде реттелген. Оларға арифметикалық операциялар орындауға болмайды.
Мысалдар: аурудың сатысы, аурудың білінуі (ауруды бағалау шкаласы), қоғамдағы кластар.
4.Сапалы деректер,түрлері және олардың сипаттамасы.
Сапалық деректер
Номиналды немесе категориялық(классификациялық):
Деректер , атаулары белгінің мәндерін немесе классификациялық нөмірін бейнелейтін категорияларға бөлінген.
Бүл түрдегі дерктерді мәндері бойынша өлшеуге немесе реттеуге болмайды,оларға арифметикалық операциялар орындауға болмайды
Мысалдар: жыныс, жанүялық жағдай, этникалық топ, қан тобы.
Бинарлы немесе дихотомиялық:
Екі қиылыспайтын номиналды немесе категориялы деректер.
Мысалдар: өлі / тірі, иә/жоқ, жазылатын ауру/ жазылмайтын ауру.
Реттік (рангілік):
Категориялар (градациялар, деңгейлер) мәндердің салыстырмалы маңыздылығы шкаласына сәйкес логикалық түрде реттелген. Оларға арифметикалық операциялар орындауға болмайды.
Мысалдар: аурудың сатысы, аурудың білінуі (ауруды бағалау шкаласы), қоғамдағы кластар.