
- •Алматы 2011
- •1 Жобаның жалпы бөлімі
- •Бастапқы берілгендер
- •2 Сутөкпе қондырғыларын пайдалану есептеулері
- •2.1 Сутөкпе сұлбасын таңдау
- •2.2 Сорғыларды есептеу және таңдау
- •2.3 Су айдағыш құбырлық өткізгіштер
- •2.4 Сорғылық қондырғының жұмыстық сипаттамасын анықтау
- •3 СутӨкпе қондырғысының электр жетегі
- •4 Сутөкпе қондырғыларын автоматтандыру
- •5 Техника-экономикалық көрсеткіштер
- •6 Жобаның көлемі, рәсімдеу және қорғау
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
3 СутӨкпе қондырғысының электр жетегі
(жалпы көлемінің 10%)
Сутөкпе үшін жабық және қорғаныста орындалған А, АЗ, АЗП, АЗМП секілді электрқозғалтқыш қолданылады.Қуаты 2000кВт-қа дейінгі ВАО тектес электрқозғалтқыштар терең жазықтықтардағы, ұзақ кестеде жұмыс істейтін сутөкпе қондырғыларда қолданылады.
Жетек үшін электрқозғалтқышты сорғының ең жоғарғы қуаты бойынша, насостық агрегаттық сорғы-құбыр жүйесінде жұмыс істеу жағдайы мына өрнекпен анықталады.
Nдв=
,
кВт: (12)
мұндағы К–қозғалтқыш қуатының қор коэффициенті (100м3/сағ-қа дейін, К=1,1-1,15).
Nдв-нің есептік мәні бойынша каталогтағы жақын қозғалтқыш таңдалады. Бұл ретте мына шарттар орындалуы тиіс:
қозғалтқыштың айналу жиілігі, сорғының айналу жиілігімен сәйкес келуге тиісті;
қозғалтқыштың орындалуы, шахтаның тау-кен техникалық жағдайына сәйкес келуге тиісті;
жабық задвижкаға (QD=0-де) кедергі сәті; M0
0,21Мном.
Электр энергиясының шығынын анықтау үшін, насостық қондырғының тәуліктегі нақтылы жұмыс істеген сағаттар санын білу керек. Оны келесі формуламен анықтауға болады:
- қалыпты су жиналымында:
tН=
,
сағ.
(13)
көтеріңкі су жиналымында:
tув
=
,
сағ. (14)
мұндағы QН–қалыпты сағаттық су жиылымы, м3; Qmax–көктем–күз мезгіліндегі сағаттық су жиылымы, м3.
Сутөкпедегі орташа жылдамдық электр энергия шығынын былай есептеуге болады.
E=
(n1*tH+n2*tув),
кВт.сағ/жыл,
(15)
мұндағы
–
қабылданған
қозғалтқыштың ПӘК-і;
–
сыртқы желі ПӘК-і
(
=0,97);
n1–жылдағы
қалыпты суағымды күндердің саны;
n2
–
жылдағы көтеріңкі суағымды күндер саны.
4 Сутөкпе қондырғыларын автоматтандыру
(жалпы көлемінің 5%)
Сутөкпе қондырғыларды автоматты басқару жергілікті немесе аралықтан басқарумен салыстырғанда, болашағы зор. Әрі ол сутөкпенің технологиялық ерекшеліктеріне сай келеді. Технологиялық ерекшеліктерге – насостық агрегаттардың тұрақты өнімділігі, аз өзгеретін арыны, олардың жұмысын кезектендіру қажеттілігі (ол автоматты басқарудың құрылымдық схемасын құруды анықтайды) жатады.
Сутөкпе қондырғылардың жұмысын автоматты басқару мына негізгі шарттарды қанағаттандыруы тиіс.
Су жинағыштағы су деңгейін бақылау қамтамасыз етілуі тиіс.
Сорғыны қосар алдындасумен толтыру қамтамасыз етілуі керек.
Сорғыны қосу мен тоқтату қабылдау құдығындағы немесе су жинағыштағы су деңгейінің қалпына байланысты автоматты түрде атқарылуы тиіс. Өнімділікке, арынға, подшипниктер қызуына, қозғалтқыштарға түсетін салмаққа бақылаулар қойылуы тиіс. Жұмыстағы сорғылық агрегат істен шыққанда не су жиылымы күрт өскенде, қосымша агрегет автоматты түрде жұмысқа қосылуы тиіс.
Автоматтандырылған сутөкпені қондырғында, сынау және қалыпқа келтіру мақсатында, сондай-ақ автоматты басқару мүмкіндігі қарастырылуы тиіс.
Жұмысты әмбебап ауыстыра қосқыштармен (переключатели) бағдарламалаған жағдайда, орташа және жоғары қуатты сутөкпелерді автоматтандыруда УАВ, ВАВ, АВУ-СДЗ, КАВ, АВ, АВН-сұлбалары кең қолданыс тапты.