Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс жоба Сутөкпе желдетпе..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.78 Mб
Скачать

2.3 Су айдағыш құбырлық өткізгіштер

Белгілі сорғы сипаттамасы мен геодезиялық биіктікте ең аз құнды құбырлық өткізгіш, экономикалық жағынан ұтымды. Соратын құбырдың ішкі диаметрін әдетте, сорғының соратын тесігінің (ішкі) диаметріне тең етіп қабылдайды.

Су айдайтын құбырдың ішкі диометрін техника-эконномикалық тұрғыдан мына формуламен анықтауға болады.

dв = , м; (6)

мұндағы Qна – сорғы өнімділігі, м3/сағ; v- судың құбырдағы тиімді қозғалыс жылдамдығы, м/с (v=2.0-3.15м/с)

Құбыр тұрғылықты таңдау үшін олардың қабырғасының қалыңдығын анықтау керек. Болжаулы есептеулерге мына формуланы пайдалануға болады.

dст р+0,35 , мм; (7)

мұндағы dст – құбырлық өткізгіштің стандартты диаметрі, м; Р-арындық түтікшедегі қысым, МПа; (1 м су бағ.-0,01МПа), - құбырлық өткізгіштің қызмет ету мерзімі, 8–10 жыл.

Жоғары арынды құбырлық өткізгіштердің (Нг>700м) массасы мен құнын төмендету үшін, құбыр қабырғасын айнымалы етіп орындаған ұтымды.Оның қалыңдығы 150–200 м-ден кейін өзгереді.

Ұтымды диаметр ретінде, есептеп алынған шамаға жақын жатқан үлкен стандартты диаметр қабылданады (ГОСТ 8732-78, ГОСТ 11068-81).

Шахталық сутөкпе құбырлық өткізген сорғылық тұғырдағы, құбыр жүргізілетін қазбадағы және оқпандағы бөліктерден тұрады.

Құбырларды сорғылық тұғырда қазба қабырғасында кронштейндерге , арнайы арықтармен немесе төбеге қыстырып жүргізеді.

Құбыр жүргізетін қазбаларда, екі қатардан кем құбыр жүргізбейді, оларды кронштейн немесе қазба еденімен жүргізеді. Оқпандағы құбырларды жеке бөліктерге бөледі, олардың әрқайсысы тірегіш құбыр болып келеді де, біліктерге қондырылады. Ал құбырлар, негізгі тірегіне орналасады.

2.4 Сорғылық қондырғының жұмыстық сипаттамасын анықтау

Сорғылық қондырғының жұмыс кестесі (беріліс, арын, ПӘК), насос сипаттамасының желі сипаттамасымен қиылысу нүктесімен анықталады. Бұл сұрақ графоаналитикалық әдіспен шешіледі.

Ортадан тепкіш сорғының нақтылы сипаттамасы каталог бойынша паспорттық берілгендер негізінде тұрғызылады. Көп секциялы сорғылар үшін сипаттама каталогта көрсетілген, қажет жұмыстық дөңгелектер саны тұрғызылады. Сорғылардың қатар жұмысын пайдаланғанда, қосынды сипаттама әдісі мен олардың ортақ сипаттамасы тұрғызылады.

Желі сипаттамасын тұрғызуға қажет берілгендерді есептеу келесі ретте атқарылады.

Сыртқы желі сипаттамасы мына теңдеумен суреттеледі:

Hс = Hr+ RTQ2, м; (8)

мұндағы Нс-желі сипаттамасы; Hr-геодезиялық биіктік, м; RT- құбыр тұрақтысы, сағ25; Q-сорғы өнімділігі, м3/сағ.

Құбыр тұрақтысын келесі өрнекпен анықтауға болады

RТ = , сағ25: (9)

мұндағы L- құбыр ұзындығы, м.

L= 1 + l2 + 3+ 4, м; (10)

мұндағы 1- ең шеткі сорғының соруынан құбыр жүргізетін қазбаға дейінгі сорғылық тұғыр ішіндегі құбыр ұзындығы, м; 2- құбыр жүргізетін қазбаның ұзындығы, м (15-20 м); 3 – оқпандағы құбыр ұзындығы, м; 4 – жер бетіндегі оқпан сағасынан төгетін жерге дейінгі құбыр ұзындығы, м(15-20 м); экв – жергілікті кедергілерден эквивалентті ұзындық, м;

экв= dв, м; (11)

– жергілікті кедергі коэффиценттерінің сомасы (30-35); – ұзындық бойынша үйкеліс коэффициенті; d – айдайтын құбыр диаметрі, м; K2 – құбырдың шығындық сипаттамасы, м62.

Құбырлар (желі) сипаттамасын, сорғы өнімділігі мәнін 0-ден 1,5Qнас-қа дейін бере отырып есептейді және есептеу нәтижелерін 5-кестеде келтіреді.

5-кесте

Желі сипаттамасын тұрғызуға берілгендер

Көрсеткіштері

0

0,25 Qнас

0,5Qнас

0,75Qнас

1,25Qнас

1,5Qнас

Q, м3/сағ

0

RтQ2, м

0

Н=Нr+RtQ2

Hr

Сорғы сипаттамасының графигіне(немесе бірге жұмыс істейтін сорғылардың қосынды сипаттамасына) 5-кестедегі берілгендер бойынша тұрғызылған сыртқы желі сипаттамасы орналастырылады. Сорғы мен сыртқы желі сипаттамасының қиылыс нүктесі, сорғылық қондырғының жұмыстық кестесін-жұмыстық өнімділігін Qр, жұмыстық арынын Нр және сорғылық агрегаттың жұмыс сипаттамасын анықтайды.