
- •Алматы 2011
- •1 Жобаның жалпы бөлімі
- •Бастапқы берілгендер
- •2 Сутөкпе қондырғыларын пайдалану есептеулері
- •2.1 Сутөкпе сұлбасын таңдау
- •2.2 Сорғыларды есептеу және таңдау
- •2.3 Су айдағыш құбырлық өткізгіштер
- •2.4 Сорғылық қондырғының жұмыстық сипаттамасын анықтау
- •3 СутӨкпе қондырғысының электр жетегі
- •4 Сутөкпе қондырғыларын автоматтандыру
- •5 Техника-экономикалық көрсеткіштер
- •6 Жобаның көлемі, рәсімдеу және қорғау
- •Пайдаланылған әдебиеттер
- •Мазмұны
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен институты
Тасымалдау және кен машиналары кафедрасы
А.К. Қожахан
СУТӨКПЕ, ЖЕЛДЕТПЕ ЖӘНЕ
ПНЕВМОҚОНДЫРҒЫЛАР
пәні бойынша
Курстық жобаға арналған әдістемелік нұсқау
"5В072400– Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандығы үшін
Алматы 2011
ЖОК 622.233.51
Құрастырушы: Қожахан А. К.
Сутөкпе, желдетпе және пневмоқондырғылар. Курстық жобасына әдістемелік нұсқау. – Алматы: ҚазҰТУ, 2011. 1-33 б.
Әдістемелік нұсқау "5В072400– Технологиялық машиналар және жабдықтар" мамандықтары сипаттамаларының талаптарына, мемлекетгiк стандартгарға, технологиялыº жобалау ж¸не қауіпсіздік ережелерiне сай құрастырылған. Әдістемелік нұсқау студенттердің өз беттерiнше жұмыс iстеу белсенділігін арттыруға бағытталған.
Әдістемелік нұсқауды тау-кен институтының студенттерi сондай-ақ, басқа да мамандықтағы студенттердің пайдалануына болады.
Пікір жазған: О. А. Әлібаев, техн. ғыл. докт., проф, ҚазҰТУ.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы типтік оқу бағдарламасына сай басылды
© ҚазҰТУ 2011
КІРІСПЕ
Курстық жоба "Сутөкпе, желдетпе және пневмоқондырғылар" курсын зерделеудің соңғы кезеңі болып табылады және тау-кен өндірісіндегі сутөкпе қондырғыларын жобалау, пайдалану сұрақтарын шешудегi алғашқы өзбетінше атқаратын жұмысы.
Курсты зерделеуде алған теориялық білімі, тәжірибелік біліктілігі негізінде студент, кешенді техникалық, ұйымдастырушылық және экономикалық сипаттағы инженерлік сұрақтарды шешуде өз мүмкіндігін көрсетеді. Жобалауда техниканың осы саласындағы жаңалықтарды пайдаланған жөн.
Негізінен ең үнемді,жоғары еңбек өнімділігін,еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ететін вариантты таңдауға назар аударылуы тиіс. Курстық жоба жетекшісі, жұмыстың жалпы бағытын және жұмыс графигінің орындалуын бақылап, студенттердің түсінбеген сұрақтарын түсіндріп,бағдарламаны орындау барысынада жекелеген нұсқаулар береді.
Курстық жоба ҚР СТП 38944979-Уе-008-2003 бойынша орындалады.
Бұл әдістемелік нұсқауда жобаның негізгі бөлімдерін орындауға ұсыныстар берілген.
1 Жобаның жалпы бөлімі
(көлемнің 5-8%)
Жобаның бұл бөлімінде қойылған сұрақтардың бүгінгі күннің өзекті мәселесіне жататындығы және жобалау объектісінің жалпы көрінісі суреттеледі. Кеніштің су кестесінің сипаттамасы және судың сапасы,кеніште күтілетін су жиылымының негіздері келтіріледі. Қолданылып жүрген қондырғыларды сынап, олардың жобалау әдістемелеріне байланысты және пайдалану тәжірибесінде байқалған кемшіліктерін көрсетеді. Таңдалуды тау-кен өндірісіндегі жаңа жетістіктерді көрсететін әдебиеттерге сүйене отырып береді.
Сорғы таңдауда 1, 2-қосымшаларды пайдаланыңыз.
1-кесте
Бастапқы берілгендер
№ |
Қалыпты су жиылымы QН, м3/с |
Су жиылымының көктем кезінде көбею коэф. н/е көтеріңкі су жиылымы Qув, м3/с |
Жеке жазық-тықтардың белгісі (биіктігі), Нн, м |
Күтілетін судың сапасы Рн |
Шахта өнімділігі, А, млн т/жыл |
1 |
350 |
400 |
720 |
6,8 |
1,1 |
2 |
280 |
350 |
850 |
7,5 |
1,25 |
3 |
300 |
380 |
700 |
7 |
1,4 |
4 |
260 |
320 |
600 |
6 |
1,2 |
5 |
290 |
330 |
810 |
5 |
1,5 |
6 |
330 |
460 |
770 |
7.8 |
1,3 |
7 |
220 |
500 |
650 |
7,2 |
1,4 |
8 |
380 |
450 |
780 |
6,5 |
1,32 |
9 |
370 |
420 |
800 |
6,3 |
1,6 |
10 |
355 |
470 |
790 |
7,7 |
1,5 |
11 |
350 |
480 |
750 |
5 |
1,4 |
12 |
390 |
460 |
785 |
7,5 |
1,2 |
13 |
400 |
500 |
780 |
7 |
1,4 |
14 |
350 |
460 |
650 |
6 |
1,3 |
15 |
290 |
450 |
700 |
7 |
1,6 |