
- •1. Бас сүйектің милық бөлігінің сүйектері
- •2. Көз шарасы құрылысы, байланыстары
- •5. Буынның негізгі және қосымша элементтері.
- •6. Сүйектер байланыстарының түрлері.
- •1. Тісті жіктер
- •3 . Жалпақ жіктер
- •7. Омыртқа жотасының байланыстары.
- •8. Самай- төменгі жақ буыны, (Шықшыт буыны) оның құрылысы және биомеханикасы.
- •4 Тригонум пирогов 5 тригонум субментале
1. Бас сүйектің милық бөлігінің сүйектері
Бассүйек – бір бірімен өзара шеміршектік сүйектік ткандармен және жіктер арқылы берік байланысқан сүйектік құрамалардан тұрады. Негізгі қызметі: мидың қорабын беттің алпетін құрап қана қоймай асқорыту және тыныс алу жүйесінің бастапқы бөлігін көздің шарасын мұрын қуысын және есту жүйесінің қабырғаларын құрайтын өте күрделі мүше. Бассүйек топографиялық орналасуына қарай және атқаратынқызметіне қарай екі топ сүйектен тұрады: ми сауыты және бет сүйектерден тұрады.
Ми сауытының сүйектері деп аталу себебі мидың сауытын немесе қорабын құрайтындықтан. Бұл сүйектерге маңдай, төбе, сына, самай, шүйде және тор сүйектер жатады.
Шүйде сүйегі – ол ми сауыты сүйегінің артқы қапталында орналасқан. Сыртқы беті дөңестеу, ішкі беті ойыстау келген. Тақ сүйекке жатады. Шүйде сүйегінің артқы төменгі жағында ми саутын омыртқа өзекшесі мен жалғастыратын шүйделік үлкен тесік бүйір қапталында сигма тәрізді қойнаудың жүлгесі орналасқан.
Шүйде сүйегі 4 бөлікті болады.
Төбе сүйек, ол бас сүйек қақпағының жоғары бүйір қабырғасын құраушы жұп қабыршақтық сүйек. Сыртқы пішіні жалпақ төрт бұрышты келген. Екі беті, төрт қыры, төрт бұрышы ажыратылады. Төбе сүйектің тісшеленген үш қыры және бір қабыршақтық қырлары ажыратылады.
Маңдай сүйегі, ол бас сүйектің негізі мен қақпағын және көз шарасының және мұрын қуысының қабырғаларын құраушы күрделі сүйектерге жатады. Орналасуына және атқаратын қызметіне қарай төрт бөлікке бөлінеді, қабыршақтық, жұп көз және тақ мұрын бөлігінен тұрады.
Сына сүйегі, бас сүйектің негізінде орналасқаны үшін немесе ми сауыты сүйектерінің өзара бір – бірімен түйіскен жерінде орналасқаны үшін сына тәрізді сүйек деп атайды. Сыртқы пішіні жарғанаққа ұқсайды. 4 бөліктен тұрады, денесінен үлкен кіші қанатынан және қанат тәрізді өсіндісінен тұрады.
Самай сүйегі, ми саутының негізі мен қақпағының бүйір қабырғасын құрауға қатысады. Құрылысы күрделі жұп сүйек. Құрылысының күрделі болуының себебі, терең қабатында есту тепе-теңдік органдардың және ішкі ұйқы артерияның бет ми нервінің және дабыл жұтқыншақ атты өзекшелер орналасқан. Самай суйегі қабыршақтық дабыл және тастақты немесе пирамида тәрізді бөліктерге бөлінеді.
Тор сүйек бұл сүйектің жартысынан астам бөлігі мұрын қуысының маңында орналасса қалған бөлігі ми саутының негізін құрауға қатысады. Тор сүйектің пішіні текше тәрізді терең қабаты қуысталып бір – бірімен күрделі өзара байланысқан ауалы қуыстардан тұрады. Терең қабаты бір – бірімен перпендикуляр бағытта қиылысып орналасқан горизонтальды және перпендикулярлық табақшадан және өту жолы күрделі бір – бірімен өзара жалғасқан лабринттен тұрады.
СЫНА ТӘРІЗДІ СҮЙЕК ҚҰРЫЛЫСЫ. Бас сүйегінің негізінде орналасқандықтан немесе ми сауытының сүйектерінің өзара бір-бірімен түйіскен жерінде орналасқандықтан сына тәрізді сүйек д.а. Сыртқы пішіні жарғанатқа ұқсаған. Топографиялық орналасуына қарай 4бөліктен тұрады: денесінен, үлкен және кіші қанатынан, қанат тәрізді өсіндісінен тұрады. 1) денесі корпус, ми сауыты сүйегінің ортаңғы бөлігінде орналасқан, сыртқы пішіні 4 жақты текше тәрізді болып келген бірнеше беттері ажыратылады.а)ми сауытына қараған беті, ойыстау ж/е түрік ершігіне ұқсағандықтан түрік ершігі селла турцика д.а. Түрік ершігінің алдында төмпешігі туберкулум селлае, артында түрік ершігінің арқасы дорсум селлае және оның ұшында алға қарап орн.сына тәрізді артқы өсіндісі процессус клиноидеус постериор айқын байқалады. Түрік ершігі төмпешігінің алдында көлденең бағытта әлсіз байқалатын көру нерві айқасының алдыңғы жүлгесі сулкус пречиасматис, артында көру нерві жүлгесінің айқасыны чиасма оптикум орн. бұл жүлгенің латеральды ұшы көру нерві өзекшесімен каналис оптикум жалғасқан. Түрік ершігінің орталығында шағын келген гипофиз безінің ойысы фосса гипогласалис орналасқан. Бұл ойыстың көлемі гипофиз безінің көлеміне байланысты өзгермелі келеді. 2) Кіші қанаттар ала минор2 түбірі арқ.сынатәрізді сүйектің алд.жоғ жиегін алға қарай және латеральды шығатын үшбұрыш пішіні 2 жалпақ табақша болып табылады. Кіші қанаттарының арасында бұрын аталған көру өзектері каналис оптики жатады. Кіші және үлкен қанаттардың арасында жоғарғы көз саңылауы фиссура орбиталис супериор орналасады, ол ми сауытынан көзұясы қуысына қарай кетеді. 3)Үлкен қанаттар ала майор дененің бүйір беттерінен латеральды және жоғары қарай шығады. Дененің жанында фиссура орбиталис супериордан артқа қарай алдыңғы жағынан қанаттәрізді таңдай шұңқырына әкелетін дөңгелек тесік форамен ратундум болады, ол үшкіл нервтің тригемини екінші тармағының өтуі үшін қажет. Үлкен қанат артқы жағынан сүйір бұрыш түрінде самай сүйектің қабыршағы мен пирамидасы арасына батыңқырап тұрады. Оның жанында қырлы тесік форамен спиносум бар, ол арқылы менингае медиа өтеді.оның алдыңғы жағында едәуір үлкен сопақ тесік форамен овале көрінеді, ол арқылы үшкіл нервтің үшінші тармағы өтеді. Оның алдыңғы жағында едәуір үлкен сопақ тесік форамен овале көрінедіол арқ.нервтің 3ши тармағы өтеді. Үлкен қанаттардың 4 беті бар: милық беті фасиес селебралис, көздік беті фасиес орбиталис, самайлық беті фасиес темпоралис және жоғарғы жақ сүйектің беті фасиес максиларис.4)Қанаттәрізді өсінділер процессус притогоиди үлкен қанаттардың сынатәрізді сүйектің денесімен қосылған жерінен тік төмен қарай шығады. Олардың негізі сагиталды өтетін өзекпен каналис птерогоидеус торланған, бұл аттас нервтер мен тамырлар өтетін жер. Әрбір өсінді 2 табақшадан ламина медиалис және ламина латералис тұрады, олардың арасында шұңқыр фосса птерогоида түзіледі. Медиалды табақша астынан ілмек жасай хамулус птерогоидеус иіледі, ілмек арқылы осы табақшадан басталатын тенсор вели палатинидің (жұмсақ таңдай бұлшықеттерінің бірі) сіңірі өтеді.