Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПАРАСАТТЫ САБЫР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать

Сабыр тілеу керек

Сұрақ: Сабыр тілеу – бәле тілеу деген сөз ба? Сабыр тілеуге болмай ма?

Жауап: Сабыр тілеуге болатындығы жайлы бірнеше рет жаздық. Бір аяти кәримада былай делінген:

«Йа Раббымыз, бізге көп сабыр бер, жанымызды мұсылман етіп ал!» (Араф 126)

Аллаһу та'ала Мұса алейһиссаламнан кейін Исраил ұлдарына көптеген пайғамбарлар жіберді, бірақ уақыт өте азғындаған Исраил ұлдары Таураттың үкімдерін ауыстырды, пайғамбарларын тыңдамады, ахлақтары толықтай бұзылды. Жалут деген кәпір әмірші Исраил ұлдарын отандарынан қуып шығарды. Кейін, Талут деген бір патша ордасымен келіп Жалутқа қарсы соғысты. Құран кәрімде былай делінген:

«Олар Жалут пен оның әскеріне қарсы шыққандарында “Раббымыз бізге сабыр бер, бекемдігімізді, батылдығымызды арттыр, кәпір халыққа қарсы бізге жәрдем бер” деді.» (Бақара 250)

Талуттың әскерінің қатарында болған Дауд алейһиссалам Жалутты өлтірді. Талуттың өлімінен кейін, Дауд алейһиссалам Исраил ұлдарының патшасы болды. Дауд алейһиссаламның әскеріндегі мұсылмандар да «Йа Раббым, бізге сабыр бере гөр» деп дұға еткен.

Қиыншылықтарға сабыр ету – үлкен дәреже. Пайғамбарымыз алейһиссалам былай дұға ететін еді:

«Йа Раббым, сондай яқин (берік иман) бере гөр, қасіреттер маған оңай, жеңіл сезілсін..» (Тирмизи)

 

Сабыр деген не?

Сұрақ: Сабыр деген не? «Аллаһ сабыр ететіндерді жақсы көреді»«Аллаһу та'ала әрине сабыр ететіндермен бірге» және«Сабыр еткендерге сияпаттар есепсіз беріледі» деген аяттарда сабырдың қадірі туралы айтылған. Бұл ниғметтерге неге сабыр ету арқылы қол жеткіземіз?

Жауап: Аяти кәрималардан үкім шығара алмаймыз. Дін кітаптарында жазылғандарды білдірейік:

Сабыр деген кезде көбінесе адамдар бәлеге сабыр дегенді түсінеді. Одан да маңыздылары да бар. Сабыр үш түрлі болады:

1- Бәле келгенде бәлеге сабыр, 2- Ғибадат етуге сабыр, 3- Күнә жасамауға сабыр етілсе аяти кәрималарда білдірілген ниғметтерге қауышылады. Хадис шәрифте: «Бәлеге сабыр еткенге 300, ғибадат етуге сабыр еткенге 600, күнә істемеуге сабыр еткенге 900 дәреже ихсан етіледі» делінген. (Әбуш-шәйх)

 

Бұларды қысқаша түсінідірейік:

1- Бәлеге сабыр туралы хадис шәрифте былай делінеді:

«Аллаһу та'ала былай деп бұйырды: “Дене-мүшесіне, бала-шағасына немесе мал-мүлкіне бақытсыздық келген адам, сабри жәмилмен қарсы алса, қияметте одан есеп сұрауға ұяламын”»(Хаким)

2- Ғибадатқа сабыр ету бәлеге сабыр етуден қиын болғаны үшін, сауабы да көп. Бірнеше мысал келтірейік:

Бір ай аш, сусыз және де басқа қажеттіліктерді тәрк етіп ораза тұту барлық адамға оңай емес. Көп адам бұл сабырды көрсете алмайды.

Дәрет алу, таңертең ұйқыдан оянып тұру, күніне бес уақыт намаз оқу көптеген адамға қиын болғаны үшін, бұл сабырды көрсете алмауда.

3- Күнә істемеуге сабыр ғибадат жасауға сабырдан қиынырақ болғаны үшін, сауабы да көбірек болады. Бірнеше мысал келтірейік:

Адам ғибадатқа сабыр етіп орындауы мүмкін, бірақ күнәға сабыр етуі өте қиын. Мысалы ғайбат айтады. Көп адам ғайбат күнәсінан құтыла алмайды, яғни сабыр ете алмай ғайбат айтады. Көп адам тәкаппарлықтың үлкен күнә екенін білсе де, өзінің кішіреюіне разылық ете алмайды. Адамдардың оны мақтауын қалайды.

Адамдар әйелдердің ашық-шашық жүруінің, боянып, иіссу себініп сыртқа шығуының күнә екенін білсе де, шыдай алмай, бұл күнәні істейді. Көптеген әйел намаз, ораза және басқа да ғибадаттарды орындауға сабыр етсе де, хиджап киіп, жабық жүруге сабыр ете алмайды. Күнә істемеуге сабыр – осы себепті өте құнды. Бір күнәдан қашу бірнеше ғибадатты орындаудан жоғары тұрады. Хадис шәрифте: «Өте аз бір күнәдан қашу – бүкіл жын мен адамдардың ғибадаттарының жиынтығынан да жақсы.» делінген. Барлық күнә Аллаһу та'алаға қарсы шығушылық болғандықтан, бәрі де үлкен болып табылады. Бірақ, кейбірі кейбіріне қарағанда кішкентай болып көрінеді. Бір кішкентай күнәні істемеу – бүкіл жаһанның нәпіл ғибадаттарынан да сауап, өйткені нәпіл ғибадат парыз емес. Күнәлардан қашу болса парыз болып табылады. (Риядун-насихин)

Бұл хадис шәрифте білдірілген жәйтке мән беріп, үлкен-кіші барлық күнәлардан сақ болу керек. Намаз оқымайтын адамның күнәдан сақтануы мүмкін емес дейтіндей дәрежеде қиын. Құран кәрімде дұрыс оқылған намаздың, әртүрлі жамандықтардың, күнәлардың алдын алатыны білдірілген. Намазды дұрыс оқып, күнәлардан сақтануға тырысуымыз керек.