Қиыншылыққа төзу
Сұрақ: Күнкөріс тапшылығы, бақытсыздық сияқты материалды және рухани қиыншылықтар күнәлардың көптігінен бола ма?
Жауап: Күнәларға тәубә ету керек және әркез жақсылық жасауға тырысу керек. Хадис шәрифте былай делінді:
«Қайда және қандай жағдайда болсаң да, Аллаһтан қорқ және жасаған әр жамандығыңның артынан оны жоюы үшін жақсылық жаса!» (Тирмизи)
Күнәларды жою үшін тәубә ету және үнемі жақсылық жасау керек. Құран кәрімде: «Сөзсіз жақсылықтар жамандықтарды жояды.»делінген. (Худ 114)
Әрбір ауру өзінің қарама-қарсылығымен емделеді. Күнәмен қарайған көңіл, жақсылық нұрымен тазаланады. Дүниелік нәрседен келген әр қиыншылық мұсылманның көңілін дүниеден суытады және жек көргізеді. Хадис шәрифте былай делінген:
«Сондай күнәлар бар, оны тек күнелту барысында көрген қиыншылықтар жояды.» (Хатиб)
Күнкөріс, тіршіліктегі қиыншылықтар болсын немесе басқа да қиыншылықтар болсын, барлығына сабыр ету керек. Сабыр етпеу нәтиже бермейтіні секілді, ашуланып айналасының барлығын қырып-жою одан да көп зиян әкеледі. Бір мұсылманның аяғына бір тікен кірсе немесе бір шәй шынысы сынса да соның салдарынан күнәлары кешіріледі. Сондықтан барлық қиыншылықтар мен қайғыларға төзу, сабыр ету үлкен ниғмет болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Құлдың күнәсі көбейіп, оны (күнәларын) жоятын жақсы амалы табылмаса, оған қиыншылықтар келіп, күнәларына кәффәрат (кешірім) болады.» (И. Ахмед)
Мал-мүліктің жоғалуы, бала-шағамызға бір зиян келуі де күнәларымызға кәффарат болады.
Юсуф алейһиссалам зынданда жатқанында оған келген Жәбрейіл алейһиссаламнан әкесінің жағдайын сұрады. Жәбрейіл алейһиссалам:«Әкең саған деген сағынышынан жүз баласын жоғалтқан ананың қайғырғаны секілді қайғыруда.» деді. Юсуф алейһиссалам әкесінің бұл қайғыға төзуінің марапатын сұрады. Сонда Жәбрейіл алейһиссалам:«Әкең жүз шәһид сауабын алды.» деп жауап берді.
Жаман мінездерге сабыр ету керек
Сұрақ: Мінезі жаман күйеуге де діннің әмір еткеніндей мәміледе болу керек пе?
Жауап: Залымға да, зұлымдық көрген адамға да діннің әмір еткеніндей мәміле жасалады. Жақсылық жасайтын, әйелін ренжітпейтін күйеудің несіне сабыр етіледі? Әйелінің мінезі нашар болса күйеуі, күйеуінің мінезі нашар болса әйелі сабыр етеді. Бұл сынақта сабыр еткен адам көп сауап алады. Жамандық жасаған адам, не істесе де өзінің зиянына істейді.
Зұлымдық көргендердің, сабыр еткендердің көмекшісі – Аллаһу та'ала. Аллаһу та'ала біреудің ақысын біреуге беріп қоймайды. Сабыр еткендерге шексіз сияпаттар береді.
Жұбайлар бір-бірінің жаман жақтарына сабыр етулері керек. Хадис шәрифте былай делінеді: «Әйелінің жаман мінезіне сабыр еткен еркек, Әййуб пайғамбардың сабыры үшін берілгендей сауапқа, ал күйеуінің жаман мінезіне сабыр еткен әйел Асияға берілгендей сауапқа қауышады.» (И. Ғазали)
Құран кәрімде де Аллаһу та'аланың сабыр еткендермен бірге болатындығы және сабыр еткендерге шексіз сияпаттар берілетіні білдірілген. (Әнфал 46, Зүмәр 10)
Жақсы адам тек қана өзгелерге жамандық жасамайтын адам емес, өзгелерден келетін жамандықтарға да сабыр ете білетін адам.
Сұрақ: «Қиыншылықтарынан өзгелерге шағымданған адам сабыр еткен болып саналмайды» делінеді. Ал егер шағымдану мақсатында емес, бөлісу және жеңілденіп қалу мақсатымен қиыншылықтарын жақын адамдарына айту сабырға қайшы бола ма?
Жауап: Мақсат шағымдану болмаса, жаиз болады. Әйтсе де бұл бөлісуден мақсат жағдайының қиын екенін айту, яғни шағымдану болып табылады. Қара менің басыма нелер келіп жатыр деп құлға Аллаһтан шағымдану болады. Бірақ тікелей шағымдану сиқты болмайды әрине.
Сұрақ: Басқа түскен қиыншылықтарды айту күнә ма?
Жауап: Мақсат Аллаһты шағымдану болмаса, маңдайға жазылғаны осы екен деп басқа келген қиын жағдайды айту күнә болмайды.
Сұрақ: Темекі шекпеуге сабыр еткен адам жиһади әкбар сауабына қауышады ма?
Жауап: Нәпсімен күрескен адам жиһади әкбар сауабына қауышады.
Сұрақ: Қызым – сал болып қалған. Қарауға шамамыз қалмады. Не істеуге болады?
Жауап: Барлық нәрсе Аллаһтан. Сабыр етуден басқа шара жоқ. Аллаһу та'ала сабыр еткендермен бірге. Сабыр етушілердің баратын жері – жәннат.
Сұрақ: Тұмауға сабыр етілсе сауап алына ма?
Жауап: Кез-келген қиыншылыққа сабыр еткен адам сауабын алады.
Сұрақ: Сілсіләи алийадан болған үлкен ғұламалардың кедейлік пен қиыншылықта өмір сүргендері болғанын оқимыз. Аллаһ сүйген құлдарына неге ниғмет бермей, бәле мен қиыншылық жібереді?
Жауап: Кәпірлер «Аллаһ досына неге бәле жібереді, ниғмет бермейді» деген. Пайғамбарымызға да кәпірлер дәл солай айтқан:
«Бұл қандай пайғамбар (біз сияқты) жеп-ішеді, базарда, көшеде жүреді. Өзімен бірге (жаһаннамнан қорқытатын) ескертетін бір періште де түсірілуі керек немесе өзіне бір қазына немесе жейтін (күнкөрісін жеңілдететін) бір бақша (шаруа қонысы) берілуі керек еді.» (Фурқан 7-8)
Бәле келуі олардың мәртебесіне нұқсан емес. Керісінше дәрежелерінің жоғарылауына себеп болады. Хадис шәрифте:
«Ең ауыр бәле әнбиа, әулие және соларға ұқсағандарға келеді.» делінген. (Тирмизи)
Сұрақ: Жора-жолдастар, көрші-қоныстар қиыншылық тудырып жатыр. Олардан алыстап бір шетте өмір сүру жақсы емес пе?
Жауап: Қоғамда міндеттеріміз бар. Бір шетке шығу, адамдардан бөлектену міндеттен қашу болып саналады. Бір хадис шәрифте:«Адамдардың арасына араласып, олардан келген қиыншылықтарға сабыр еткен мұсылман, шетке шығып олардан келетін қиыншылықтарға сабыр ету сауабынан махрұм қалған мұсылманнан үстем болады» делінген. (Тирмизи, И. Мажә, Ахмед, Бәйһақи)
