Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПАРАСАТТЫ САБЫР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать

Сабыр ету – қазына

Сабыр ету – құтылуға, жетістікке себеп болатын жақсы мінез. Сабыр – пайғамбарларға тән мінез. Сондықтан ата-бабаларымыз: «Сабыр ащы болса да, жемісі тәтті», «Сабырлы болсаң мақсатқа жетесің», «Сабыр түбі – сары алтын» деген. Бәлелерге сабыр ету – құтылуға себеп болады. Бір парызды орындау немесе бір күнәдан тыйылу сабырсыз іске аспайды. Өйткені «Иман деген не?» деп сұралғанда пайғамбарымыз«Сабыр» деп айтқан.(Дәйләми)

Сабыр үстем және құнды болғандықтан Құран кәрімде жетпістен астам жерде сабыр және сабыр еткендерге берілетін сауаптар білдірілген. Аяти кәрималарда былай деп бұйырылды:

«Сабыр еткендердің марапатын, істеген істерінен де жақсы етіп береміз.» (Нахл 96)

«Аллаһ сабыр ететіндерді жақсы көреді.» (Али Имран 146)

«Сабыр мен намаз тек Аллаһтан қорққан мұсылмандарға жеңіл болады.» (Бақара 45)

«Сабыр еткендерге (ілтипатымды, ихсанымды) сүйіншіле!»(Бақара 155)

«Әйупті (мал мен жанына келген бақытсыздықтарға) сабыр етуші көрдік. Ол қандай жақсы құл еді, үнемі Аллаһқа бет бұрып, үнемі Оған сыйынатын.» (Сад 44)

«Ей иман келтіргендер, сабыр етіңдер, сабыр етуде бір-біріңмен жарысыңдар!» (Али Имран 200)

«Жақсы сабыр ет!» (Мәариж 5)

Сабырдың үстемдігі соншалық, Аллаһу та'ала сабырды өте қасиетті етті. Әркім сабыр ниғметіне қауыша алмайды. Хадис шәрифтерде былай делінді:

«Сабыр – жәннат қазыналарынан бір қазына.» (И. Ғазали)

«Егер сабыр адам болғанда, өте кең пейілді және жомарт болатын еді.» (Табарани)

«Ұнамаған нәрсеге сабыр етуде өте үлкен қайыр бар.»(Тирмизи)

«Ғибадаттың басы – сабыр.» (Хаким)

«Сабырдың имандағы орны, бастың денедегі орнындай.»(Дәйләми)

«Хақ та’ала сабырлы және ықыласты болған адамды, есепке тартпай жәннатқа кіргізеді.» (Табарани)

«Ең жақсы құрал – сабыр.» (Хаким Тирмизи)

«Аллаһу та'аланың жәрдемі құлдың сабырымен бірге.» (Әбу Нуайм)

«Ғашықтығын жасырып, намысын сақтап, сабыр еткен адам жәннатқа кіреді.» (Ибни Асакир)

«Иманның жартысы – сабыр, қалған жартысы – шүкір.»(Бәйһақи)

 

Кімде мына үш қасиет бар болса

Сұрақ: Басымызға келген бәлелерге, қиыншылықтарға сабыр ету керек пе, бұлар күнәларымызға кәффарат бола ма?

Жауап: Шақиқ Бәлһи хазреттері: «Қиыншылыққа шыдаудың марапатын білген адам, қиыншылықтардан құтылуға ұмтылмайды да.» деген. Қиыншылықтардың сыйы ретінде берілетін ниғметтерді еске түсіріп, қиыншылықты жеңілдетуге болады. Аллаһу та'аланы сүйгендер көптеген қиыншылықтарға шыдаған, тіпті ол қиыншылықтарды сезбеген де. Сыррии Сиқати хазреттері «Аллаһу та'аланы жақсы көретін адам, Одан келген бәлелердің қиыншылығын мүлдем сезбейді. Бір емес, жетпіс қылыш соққы алса да сезбейді.» деген. Өйткені Мысыр халқы ішпей-жемей күндер бойы хазреті Юсуфтың әдемілігіне қарап қалатын еді. Оның әсем көркіне қарай отырып аштықтарын ұмытып кететін. Тіпті Мысырдың ақсүйек әйелдері хазреті Юсуфтың сымбатты жүзіне қарап тұрып, қолдарын да кесіп алды, бірақ ауырғанын сезген жоқ. (Юсуф сүресі 31)

Бәле, қиыншылық – күнәларға кәффарат болып табылады. Құран кәрімде былай делінген: «Сендерге келген әр бақытсыздық, өз қолдарыңмен істеп, тапқан күнәларыңның кесірінен. Солай бола тұра Аллаһ көпшілігін кешіреді, бақытсыздыққа ұшыратпайды.»(Шұра 30)

Демек, жасаған күнәларымыздың бір бөлігіне жаза ретінде келеңсіздік, бақытсыздық келеді. Осылайша, ақыретке қалдырмай, күнәміздің жазасын осы дүниеде тартамыз, ал бұл дүниедегі жаза ақыреттегіден жеңіл.

Имам Раббани хазреттері былай дейді:

«Адамның күнде басына келетін барлық жағдайлары Аллаһу та’аланың қалауымен және жаратуымен бар болуда. Сондықтан қалауларымызды Оның қалауымен сәйкестендіруіміз қажет. Қарсыласқан әрбір жағдайымызды өзіміз талап етіп, іздеп келген нәрсеміз деп білуіміз керек және бұған қол жеткізгенімізге қуануымыз керек. Нағыз құлшылық осылай болмақ.»

Келген бәле мен қиыншылықтарға сабыр ету – үлкен ниғмет болып табылады. Сабыр ете алмаған адам пәлекетке душар болады. Ауру, бәле келгенде бақырып-шақыру пайда бермейді. Керісінше, зиянын тигізеді. Мұның жалғыз шарасы – Аллаһу та'аланың жазғанына разы болу. Сабырлы болмаған адам мақсатына жете алмайды. Адам басына келген пәлекеттерге сабыр ете алмаса әрқашан бақытсыз болады, дұрыс ғибадат жасай алмайды. Кімде кім Аллаһтан қорқып сабыр ететін болса, қиыншылықтардан құтылады. Сабыр еткен мұратына жетеді. Барлық жақсылықтарға сабырмен қол жеткізіледі.

Хадис шәрифте былай делінеді:

«Кімде мына үш нәрсе бар болса, дүние мен ахыреттің қайырына қауышты деген сөз: Тағдырға разылық, бәлеге сабыр, рахаттықта дұға.» (Дәйләми)

Демек, бәлелердің ниғмет болуы сол бәлеге сабыр етуге және Аллаһу та'аланың жіберген тағдырына разы болуға байланысты. Бәле келгенде айқай-шу көтеріп, алдына шыққан адамға Раббысынан шағымданған адам – ниғметтен махрұм қалады, азапқа лайық болады. Бәлеге сабыр – пайғамбарлардың қасиеті. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Аллаһтың жақсы көргендері бәлеге душар болады. Сабыр еткендері марапатқа, шағымданып, жыланғандар жазаға қауышады. » (И. Ахмед)

«Адамдарға дертін айтқан – сабыр еткен болмайды.» (И. Мауәрди)

«Келген бәлесін жасырған адамның күнәсі кешіріледі.»(Табарани)

Достықтың белгісі – достың (Аллаһтың) бәлесіне сабыр етуі. Сабыр етілген жағдайда да, бәленің ниғмет екенін білгеннен кейін, бәлені жақсы екен деп ойламау керек. Ешқашан бәле тілемеу керек.

Барлық пайғамбар бәледен Аллаһқа сиынған, дүние мен ахырет жақсылығын тілеген. Аллаһу та'ала: «Иман етіп, салих амал істейтін болсаңдар, сендерге дерт пен бәле және қорқыныш бермеймін, қайғыға салмаймын.» деп бұйырған.

Олай болса, адамда иман, салих амал және денсаулық бар болса, ең үлкен бақыт пен дәулет осы. Хадис шәрифтерде былай делінген:

«Дұғаның абзалы – Раббыңнан дүниеде де, ахыретте те кешіріммен амандық тілеу. Кешіріммен амандыққа қауышқан адам, дүниеде де, ахыретте де құтылды.» (Тирмизи)

«Ықыластан кейін, амандықтан жақсысы жоқ. Олай болса, Аллаһтан амандық тілеңдер.» (Нәсаи)

«Денсаулық және тақуалық байлықтан да қайырлы.» (Мүслим)

«Қиналғанда он рет “Хасбиаллаһу лә илаһә илләһу, алейһи тәуәккәлту уә һуә Раббул-аршил-азыйм” деп оқыған адамның Аллаһу та'ала қиыншылығын кетіреді.» (Шира)