Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ПАРАСАТТЫ САБЫР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
56 Кб
Скачать

Home » Ұрпақ тәрбиесі » ПАРАСАТТЫ САБЫР

Парасатты сабыр

Бисмиллахир – Рахманир – Рахим!  Дүниеде әрбір мұсылман көңіліне медеу, жанына демеу, жүрегіне кернеу, өміріне жақсылық әкелетін жалғыз ғана ғанибет нұрлы қорған бар. Ол жан – дүниені көрегенді шеңберлеп, әр түрлі қиқар ойға тұзақ құрып, әлдебір шапшаң сезімді  қамшылай отырып, сабасына келтіреді. Сөйтіп, адамның мәртебесін өсіріп, жәннаттың төріне жетелейді. Рухына бейбітшілік орната тағатқа бағыт береді. Оның арнайы мектебі жоқ. Бірақ, бір қызығы барша мұсылман сол мектептен тәлім алады. Мұны парасатты сабыр деп атайды. Ол екінің бірінде бола бермейтін әрі адамзаттың ең таңдаулыларына ғана тиесілі. Себебі бұл ерекше ащы дәмдегі тәтті жемістің бал – шырынындай жүрек түбіне тұнатын керемет тыныштық қасиеті. Сондықтан ол тек қана Жаратқаннан берілетін, ата – анадан даритын, сана – сезіммен орнығатын, иманмен күшейетін ұлық дарын! Алла тағала: «Мен сабыр сақтаушылармен біргемін» деген болатын. /«Бақара» сүресі/

Ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың: «Төрт биік шың бар. Дауаның шыңы – аз тамақ жеу, әдептің шыңы – аз сөйлеу, ғибадаттың шыңы – аз күнә және арманның шыңы– асқан сабырлылық» - деген хадисі бар. Бүгінгі қарбалас өмірдің арманы бар ма, қазіргі қазақ ынсаппен жүріп, мына шыңдарға талпына ма деген ойда қаласың. Нәпсінің арбауында, әркімнің жалдауында тынысын тыңдап жүрген мұсылман жандардың қайсысы сабырға бекем? Ал ащы қайғыға малынған жанның жүрегі қандай?

Бір соғыста кәпірлердің жасаған зорлық – зомбылығына әбден күйінген  хазіреті Әли (р.а.): «Осыларға бір теріс дұға жасамайсыз ба я Расулалла, кәпірлер жермен – жексен болсын» – деген  сөзіне ардақты Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыз қолын жайып: «Раббым, оларды кешір, бұл нәрсені білместікпен істеп тұр» – деп, дұға еткен екен. Бұл дүниеде ардақты пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сабырлығынан асқан пенде болмаған. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) сабыр мектебін ашқан десек болады. Жаратқан Алла тағала тағдыр жазуында жамандық жазмышынан сақтасын, мысалға балиғат жасына жетпеген баласының әп – сәтте дүниеден өтуі – әке мен ана үшін ұмытылмас үлкен қайғы. Өйткені көз алдыңдағы үміті үзілді. Ал мұндайда сабырын құшақтаған адамға Алла тағала үш жүз мың сауап сыйлайды.

Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбарымыздың тұсында Уммусуләйм деген анамыз өмір кешті. Ол кісінің асқан сұлулығы мен ажарлығына, көркем ақылдылығы мен парасаттылығына ешкім жете алмайтын еді. Соған қарай көптеген адамдар ынтызартын. Сол кезеңнің белді бір ру басшысы, мұсылман емес Әбу Талха Уммусуләймды айттырып, қалың малы мен алтын байлықтарын ұсынады. Бұған Уммусуләйм ана: «Мен сізге күйеуге шыға алмаймын. Бірақ сіздей адамның маған айттырылуы үлкен абырой» – дейді. Сонда: «Неліктен бұлай, мына берген алтындарымды азсындың ба?» – дегенге, «Сіз мұсылман емессіз» – деп жауап береді. Сонда Әбу Талханың: «Қалайша мұсылман боламын» – деген сұрағына: «Алла тағаланың алдында «Лә иләха иллаллаһ, Мухамадур Расулаллаһ» деп айтсаң ғана мен сізге күйеуге шығамын» – деп шарт қойған екен. Сөйтіп, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) алдына барып, тілін кәлима – шаһадатқа келтіріп, мұсылмандыққа өтіп, Уммусуләйм анамызбен қосылады. Жаратқан Алла екеуіне ұл перзентін береді. Сол перзенті 4 жасқа келгенде дене қызуы көтеріліп, өмірден шетінейді. Әбу Талха жұмыстан келгенде, әйелі қолына құман ұстатып, дәрет алуын сұрайды. «Балам қайда?» – деп, сұраған отағасына «Еш уайымдама» деп жауап береді. Одан әрі дәретін алған күйеуіне ас суын береді. Сосын екеуі тұрып намаз оқиды.  Содан кейін  ғана барып: «Егер сізге біреу не болмаса көршіміз бір затын аманат етіп берсе, сіз оны күтіп баптасаңыз, содан кейін уақыты біткенде ана затымды қайтар десе, жылайсыз ба?»  – деп күйеуінен сұрайды. «Неге жылайын, ол біреудің заты емес пе, мен оған уайымдамаймын да» – деп жауап береді. Сонда: «Ендеше, Алла тағала бізге аманатқа ұл беріп еді, сол перзентін қайтып алды» – деп жауап қайырады. Жалғыз баласының қайтқанына сабыр қылған Уммусуләйм ананың асқан қасиетін естіген Расулалла: «Субхан Алла тағала сендердің өмірлеріңе береке беріп, тағы да перзенттермен сүйіншілесін» – деп, дұға еткен екен. Уммусуләйм анамызға тағы да бала бітеді. Сол баланың дүниеге келетінін айтқанда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ана сүтінен бұрын маған бірінші көтеріп, алып келіңдер» деген екен. Бұған құлақ салған Әбу Талха екінші перзентін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  алдына алып келеді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  шайнап тұрған құрмасын баланың аузына салады. Қасиетті асыл дініміздің тарихында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) аузындағы тәтті құрмадан ауыз тиген екі адам ғана бар. Бірі –  осы Әбу Талханың баласы, екіншісі Абдуллах ибн Аббас деген сахаба болатын. Міне, Алла тағала жалғыз үмітін кері қайтып алғанына сабыр қылған Уммусуләйм анамызға керісінше Жаратқан Алла ғұмырлы нәр берді. Сондықтан, ислам дінімізге жат әрі тыйым салынған қылықтармен яғни зарлы нәриза қайғымен ащы дауысқа салып, боздай жоқтау айту, күңіреніп бетін тырнау, өзіне өлім шақыру, азар да безер бола өзін оқшаулау, қара киіну, хайуандарға, есік босағасына, көңіл айтушыларға асылу әрекеттері – Аллаға күпірлік келтіруге тепе – тең ауыр күнәлар қатары.  Мұхаммед (с.ғ.с.) Пайғамбарымыз: «Мен ондай адамнан беземін» деген. Қазақта:

Жақсылық пен жамандық жұбай дейді,

Үнемі қуанбассың ұдай дейді.

Алланың қазасына сабыр қылмасаң,

Жалғыз Алла ашумен былай дейді.

Мылтық алып, атсын дейді,

Қылыш алып, шапсын дейді.

Менің берген қазама сабыр қылмаса,

Менен басқа Құдайды іздеп тапсын дейді. Сондықтан да Алла тағаланың бергенін ешкім тоқтатып қала алмайды. Өлім Періштелері Алла тағаланың алдына кішкене баланың рухын алып барғанда: «Өсіп тұрған бір жеміс – ағашты сындырдыңдар ма?» – дейді екен. Оған періштелер: «Иә» – деп жауап береді. Олардан: «Әке – шешесі не істеді?» – деп сұрайды екен. «Әке – шешесі сабыр қылды. Иә Раббым, өзің берген балаң еді, енді өзің алдың» деген әке – шешеге «Жәннеттен орын, үлкен – үлкен сарайлар дайындаңдар»  – деп, Жаратқан Алла Періштелеріне бұйырады екен. Мінекей, Алла тағала қаза мен қайғыға сабырлы бола парасат танытқанның сыйы қандай болмақ! Мұны шариғатта мүсибат сабыры дейді. Ал дүниеден ерте сәби күйінде озған жас балғын нәрестелер Алла тағаланың ең сүйікті еркесі болады. Ал сол нәрестелерге Алла тағала: «Жәннетке кір» – дейді екен. Сонда олар: «Менің әке – шешем кірмейінше, мен жәннетке кірмеймін» дейтін көрінеді. Сондықтан әрқашан ғибадаттардың орындалуында, тыйымдардан бойды аулақ ұстауда, әртүрлі апат – бәлеге және қайғы – қасіретке, басқа түскен қиыншылықтарға, Алладан жеткен барша іске, Әмір – Мағруф – жақсылықты айтып жеткізуде, Нахий – Мүңкәр – жамандықтан тыюда, соғыста және кәпірлермен күресуде мықты жігер мен парасатты сабыр қажет. Дегенмен «Әй, иман келтіргендер! Сабыр етіңдер, сабырлылық танытуда (дұшпандарыңыздан) асып түсіңіздер» -  дегеніндей, алдымызға алпауыт өмірдің тәтті жемісі ащы дәм берсе сабырлық етіңіздер, ағайын! Әумин, Аллаһу әкбар!

Нұрлан Байжігітұлы Асанов

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Өскемен аймақтық өкіл имамы

Сабыр

Сұрақ: Сабырдың маңызы қандай? Қандай нәрсеге сабыр етудің сауабы көп болады?

Жауап: Сабыр үш түрлі болады. Ең маңыздысы күнә істемеуге сабыр ету. Хадис шәрифте: «Сабыр үш түрлі болады: 1- Бәлеге, бақытсыздыққа сабыр. 2- Дін ілімдерін үйренгенде, ғибадаттарды орындағанда сабыр ету. 3- Күнә істемеуде сабыр. Бәлеге сабыр еткенге 300, ғибадат етуге сабыр еткенге 600, күнә істемеуге сабыр еткенге 900 дәреже ихсан етіледі.» делінген. (Әбушшәйх)

Мұса алейһиссалам Хызыр алейһиссаламға: «Ләдун іліміне қалай қауыштың?» деп сұрағанында, ол: «Күнә істемеуге сабыр етудің арқасында» деп жауап берді.

Құран кәрімде сабырдың маңызы көп аяттармен білдірілген. Мына үш аяти кәримада былай делінеді:

«Сабыр еткендерге сияпаттар есепсіз беріледі.» (Зүмәр 10)

«Ей иман келтіргендер, Аллаһтан сабыр және намазбен жәрдем тілеңдер. Аллаһу та'ала әлбетте сабыр еткендермен бірге.»(Бақара 153)

«Ей Расулым, кәпірлердің берген азаптарына улулазм пайғамбарлары сияқты сабыр ет!» (Ахкаф 35)

Сабыр туралы хадис шәрифтерде былай делінген:

«Иманы ең үстем адам – сабырлы, жомарт және төзімді болғандар.» (Дәйләми)

«Хақ та’ла сүйген құлын дертке шалдықтырады, ол құл сабыр етсе, одан разы болады. » (Дәйләми)

«Жаман көршісінен келген қиыншылықтарға өлгенге дейін сабыр еткен адамды Аллаһу та'ала жақсы көреді.» (Хаким)

«Аллаһу та'ала сабыр еткен адамды жақсы көреді.» (Табарани)

«Аллаһу та'ала былай деп бұйырды: “Кімнің дене-мүшесіне, бала-шағасына немесе мал-мүлкіне бақытсыздық келіп, ол адам жақсы сабыр етсе, қияметте одан есеп сұрауға ұяламын”» (Хаким)

«Хақ та’ала өзін сабыр етуге қинаған адамға сабыр етуді нәсіп етеді.» (Бұхари)

«Сүймегендеріңе сабыр етпейінше, сүйгендеріңе қауыша алмайсыңдар.» (И. Мауәрди)

«Ащыға сабыр етіп, ұшыраған бәлесін жасыруы және ешкімге шағымданбауы, адамның Аллаһу та'аланы жақсы танығанынан.» (И. Ғазали)

«Ең үстем ғибадат – қиыншылыққа сабыр ету.» (Тирмизи)

«Ең ауыр бәле – сабырдың кем болуы.» (Дәйләми)

«Ант етіп айтамын, ұшыраған бәлесіне сабыр еткен адамның Аллаһу та'ала абыройын арттырады.» (Табарани)

«Күн көріс қиыншылығына сабыр еткен адамды Аллаһу та'ала Фирдаус жәннатына кіргізеді.» (Әбушшәйх)

«Аз ризыққа сабыр еткендерге сүйінші болсын!» (Дәйләми)

«Екі көзінен айрылған адам сабыр етсе жаннатқа барады.»(Хатиб)

«Мұсылманның қаруы – сабыр және дұға етуі» (Дәйләми)

«Аллаһу та'ала былай деп бұйырды: Үкіміме разы болмаған және жіберген бәлелеріме сабыр етпеген, менен басқа Құдай іздесін.» (Табарани)

Расулуллаһ алейһиссалам Аллаһтан сабыр тілеп жатқан адамға:«Аллаһтан бәле тілеп жатсың ба, әуелі амандық тіле» деді.(Тирмизи)