Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.кешен.БЕжА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.36 Кб
Скачать

1. Аудиторлық қорытынды және оны құру тәртібі

Барлық қажетті процедураларды жүргізіп болғаннан кейін аудитор аудит бағдарламасының барлық пункттерінің орындалу сапасы мен толықтығын, сонымен бірге материалдық қателер мен бұзушылықтарды анықтау құралы ретінде бағдарламаның өзінің орындылығын айқындайды.

Аудиторлық тексерудің аяғында процедуралардың ассистент орындаған бөлігінің орындалу сапасын тексеру үшін, сонымен бірге тексерудің аудиторлық кызметтің белгіленген стандарттарының талаптарын қанағаттандыратындығына көз жеткізу үшін және тексеру жүргізу процессінде аудитордың дағдысына енуі мүмкін немқұрайлықтарды бейтараптандыру үшін барлық жұмыс құжаттарын тағы да бір рет қарап шығу қажет.

Қорытынды есептің жекелеген баптары немесе баптардың топтары жөнінде жеткілікі ақпараттарды жинап алғаннан кейін аудитор төмендегі жағдайларды анықтау үшін қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізуге тиісті:

  • операциялардың нәтижелері, қаржылық жағдай және қаржылық қорытынды есептегі басқа да ақпараттар мен кәсіпорын туралы аудитордың білімінің өзара сәйкес келетіндігін;

  • қажетті ақпараттардың лайықты түрде ашылғандығын және қаржылық қорытынды есептегі мәліметтердің жіктелуі мен тапсырылуының дұрыстығын;

  • қаржылық қорытынды есептің кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты заңдық құжаттардың және басқа нормативтік актілердің барлық талаптарына сәйкес келетіндігін;

  • жүргізілген басқа тестілердің және қаржылық қорытынды есепке жалпы тексеру жүргізудің нәтижесінде жасалынған қорытындыдан аудитордың бұл корытынды есеп туралы өзінің ой-пікірін тұжырымдай алатындығын.

Енді аудиторлық қорытынды жасауға болатын шығар. Бірақ тексеру нәтижелері бойынша клиент басшылығына ақпарат (хат) тапсыру орынды болар еді.

Клиент басшылығына хат — бұл, кәсіпорынның басшысына, иесіне, қатысушылардың (акционерлердің) жалпы жиналысына жіберілген, аудиторлық тексеру барысы туралы, айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулар туралы, қаржылық қорытынды есептегі бұзушылықтар, анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстар туралы толық мәліметтері, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу нәтижесінде алынған, және аудиторлық қорытыңды жасауға негіз болатын басқа да ақпараттары бар құжат.

Хаттың нысаны және жасалу (құралу) тәртібі фирмаішілік стандарттарда қарастырылуға тиісті.

Басшылыққа хат төмендегілерден тұрады:

  • аталуы ("Аудиторлық есеп беру" немесе " Басшылыққа хат");

  • адрес иесінің атауы (аты);

  • кіріспе бөлім;

  • талдамалық бөлім;

  • қорытынды бөлім.

Басшылыққа хат аудиторлық тексеру жүргізуге тапсырыс берушіге оның барлық қажетті реквизиттерін көрсете отырып, жіберіледі.

Басшылыққа хаттың кіріспе бөлімінде аудиторлық ұйымның реквизиттері, оның ішінде аудиторлық қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның номері, берілген мерзімі, аудиторлық тексеруге қатысушы аудитор және басқа тұлғалар туралы мағлұматтар, сонымен бірге аудиторлық тексеру жүргізу негізі және кәсіпорын қызметінің жалпы сипаттамасы жазылады.

Басшылыкқа хаттың констатациялау (белгілеу) бөліміңде Халықаралық аудит стаыдарттарына сілтемелер болады және оған төмендегілер енгізілуге тиісті:

  • экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;

  • бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп берудің жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері;

  • қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыру кезінде заңдардың сақталуына тексеру жүргізу нәтижелері;

  • салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығын тексеру нәтижелері;

• активтердің жағдайын тексеру нәтижелері.

Экономикалық субъектідегі ішкі бақылаудың жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жататындар:

  • ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына сәйкестігін жалпы бағалау;

  • аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған ішкі бақылау жүйесінің экономикалық субъект қызметінің масштабы мен сипатына елеулі сәйкессіздіктерін бейнелеу.

Экономикалық субъектідегі бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп беру жағдайына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға енгізілетіндер:

• бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген тәртібін бағалау;

• аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық қорытынды есепті дайындаудың белгіленген тәртібінің елеулі бұрмалануын көрсету.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық операцияларын жүзеге асыруы кезінде заңдардың сақталуын тексеру нәтижелері туралы ақпараттарға төмендегілер енгізілуге тиісті:

  • кәсіпорында жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық операцияларының заң актілеріне сәйкестігін бағалау;

  • аудиторлық тексеру жүргізу барысында айқындалған кәсіпорында жүзеге асырылған қаржы-шаруашылық операцияларының заң актілеріне елеулі сәйкессіздіктерін көрсету.

Салықтар және басқа да міндетті төлемдердің есептелуі мен төленуінің дұрыстығына тексеру жүргізу нәтижелері туралы ақпараттарға жататындар:

  • жасалынған және тиісті органдарға тапсырылған салық және басқа да міндетті төлемдер бойынша есептеулердің дұрыстығын бағалау;

  • салықтар және басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеудің белгіленген тәртібін бұзу фактілерін, салық салынатын базаны анықтау кезіндегі ауытқушылықтарды көрсету.

Активтердің сақталуын тексеру нәтижелері оларды түгелдеуге негізделуге және оларға активтердің нақты бары мен сақталуы туралы мәліметтер енгізілуге тиісті.

Аудиторлық қорытынды есептің корытынды бөлімінде айқындалған ауытқушылықтарды жою жөніндегі аудиторлық ұйымның ұсыныстары, сонымен бірге кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігін көтеру жөніндегі ұсыныстар мен ақыл-кеңестер болуға тиісті.

Клиент басшылығына хат анық, әрі қысқа, әрі мазмұнды, нақты дәлсіздіктерсіз болуға тиісті. Басшылықпен жасалынған келісім бойынша басқарудың әртүрлі деңгейлері үшін жеке хаттар жасалынуы мүмкін.

Аудитордың кәсіпорын басшылығынан өзінің ақпараттық хатына сол хатта көтерілген мәселелер бойынша болжанған іс-әрекеттер көрсетілген жауапты сұрап алуына болады. Жауап шешім қабылдауға құқықты тұлғаның (бірінші басшы, қаржы директоры, бас бухгалтер) қолы қойылған хат түрінде рәсімделуі мүмкін.

Басшылыққа хаттағы ақпараттар құпия болып табылады және жария етуге жатпайды.