Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.кешен.БЕжА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.36 Кб
Скачать

1. Аудитті құжаттау

230 "Құжаттау" деп аталатын Халықаралық аудит стандартында "аудитор аудиторлық қорытындыны растаушы дәлелдеулерді, сондай-ақ, аудиттің Халықаралық стандарттарға (ХАС) сәйкес жүргізілгендігін растайтын дәлелдеулерді беру кезінде зор маңызы бар мәліметгерді құжатпен рәсімдеуге тиісті" делінген. Аталмыш құжатқа сәйкес аудитті жалпы түсінуді қамтамасыз ету үшін жұмыс жазулары жеткілікті түрде толық және аяқталған болуға тиісті.

Жұмыс құжаттарының жалпы мақсаты - аудитордың аудитті нормативтік-қүқықтық актілерге және жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға сәйкес жүргізгендігіне сенімді болуы.

Жұмыс құжаттарының маңызы төмендегілерден тұрады:

  • олар аудитті жүргізу және жоспарлау кезеңінде көмектеседі;

  • олар аудиторлық жұмысқа шолу жасауға және аудитке бақылауды ұйымдастыруға жағдай туғызады;

  • оларда аудиторлық қорытындыны растаушы процедуралардың орындалуы нәтижесіңде алынған аудиторлық дәлелдеулер бар.

4.1.2. Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны

Жұмыс құжаттарында аудитор аудиторлық жұмыстардың жоспарлануы, сипаты, орындалған аудиторлық процедуралардың көлемі және мерзімі, болатын нәтижелер, сондай-ақ алынғаы аудиторлық дәлелдеулердің негізінде жасалынған қорытынды-пікірлер туралы ақпараттарды көрсетуге тиісті.

Аудит практикасында жұмыс құжаттарының унификациясы (бір ізге салынуы) ұлттық стандарттарда да, халықаралық стандарттарда да қарастырылмаған. Олар фирма ішілік стандарттарға сәйкес жасалынады және сол стандарттармен бекітіледі. Жұмыс құжаттарының көлемі фирмаішілік стандарттардың негізінде және аудитордың кәсіби пайзымен анықталады. Мұндай кезде аудитор өзі дайынндаған жұмыс құжаты бұрын аудит өткізбеген басқа аудиторға немесе орындалған жұмыстар жөнінде және аудиттің барлық детальдарын егжей-тегжейлі көрсетпей-ақ, маңызды шешімдер қабылдаудың себептері жөнінде мағлұмат беру үшін аудиторлық фирманың жетекіпісіне қажет болып қалуы мүмкін екендігін назардан тыс қалдырмауға тиісті.

Жоғарыда айтылғандардан жұмыс құжаттары бір уақытта жұмыстың сапасына бақылау жасау құралын бере отырып, жұмыс процессіне жағдай туғызады деген қорытынды пікір айтуға болады.

Жұмыс құжаттарын стандарттау бірқатар артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

  • жұмыс құжаттарын дайындау және оған шолу жасаудың тиімділігін арттырады;

  • жұмыстарға шолу жасауды жеңілдетеді;

- сапаны бақылауға қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмүнына төмендегі факторлар әсер етеді:

  • көрсетілетін қызметтің сипаты;

  • аудиторлық қорытынды есептің нысаны;

  • клиент бизнесі;

  • ішкі бақылау жүйесінің жағдайы;

  • аудитті орындау процессінде қолданылатын әдістеме.

Жұмыс құжаттарының мазмұны. Жұмыс құжаттарындағы ақпараттар аудитор атқарған жұмыстардың және маңызды мәселелерге қатысты жасалған қорытынды пікірлердің жазбаша дәлелі (растауы) болып табылады. Жақсы құрылған жұмыс құжаттары аудит өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Егер жұмыс құжаттарының файлдары стандартталған болса, аудиторға ақпараттарды жинау процессін бақылау және орындалған жұмыстардың бүкіл спектріне мұқият шолу жасау женілірек болады. Жұмыс құжаттарына төмендегілер кіреді:

  1. Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;

  2. Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардын көшірмесі;

  3. Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процессінің негіздемесі;

  4. Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;

  5. Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;

  1. Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және талдағандығының дәлелдеулері;

  2. Аудиторлық процедураларды кімнің және қашан орындағаны туралы көрсетулер;

  3. Аудиторлардың сарапшылармен, кеңесшілермен және үшінші жақтың басқа да өкілдерімен өткізген әңгімелерінің көшірмелері;

  4. Аудитордың өз клиентіне жіберген хаттарының көшірмелері, оның ішінде өзінің міндеттемелері және ішкі бақылау жүйесінің кемшіліктері бойынша;

10.Клиенттен немесе оның өкілдерінен алынған хаттар;

11.Аудиторға тапсырылған аудиттің маңыздырақ аспектілеріне қатысты түсіндірулер;

12. Шоттардың, экономикалық субъект қызметінің көрсеткіштері мен тенденцияларының талдауы, тексеруші баланстар;

ІЗ.Өткен есепті кезеңдердің қаржылық қорытынды есебінің, сонымен бірге сол қорытынды есеп бойынша жасалынған аудиторлық қорытындылардың, анықтамалардың, актілердің және т.б. көшірмелері;

14.Өткізілген аудиттің нәтижесі бойынша аудитор жасаған қорытынды пікірлер.