Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.кешен.БЕжА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.36 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңы және аудитті реттеуіш басқа да заңдар

"Аудиторлық қызмет туралы" заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметті жүзеге асыру процессінде мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың арасында туындайтын қатынастарды реттейді. Ол 6 тармақтан және 25 баптан тұрады (тіркемені қараңыз).

1-тармақ. Жалпы ережелер (1-4 баптар).

2-тармақ. Аудитор, аудиторлық ұйымдар, аудиторлар палатасы (5-8 баптар).

3-тармақ. Аудиторлыққа кандидаттарды аттестациялау және аудиторлық қызметті лицензиядау (9-13 баптар).

4-тармақ. Аудиторлық қызметті жүзеге асыру (14-16 баптар).

5—тармақ. Аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың құқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (17-20 баптар).

6-тармақ. Аудиттелінетін субъектілердің кұқықтары, міндеттері және жауапкершіліктері (21-25 баптар).

Казақстан Республикасының "Казақстан Республикасыңдағы банктер және банктік қызмет туралы"-31 қыркүйек 1995 ж. №244, "Сақтандыру қызметі туралы"-18 желтоқсан 2000 ж., №126-11, "Инвестициялық қорлар туралы"-7 шідде 2004 ж., №576-2, "Табиғи монополиялар туралы"-9 шідде 1998 ж., №272-1, "Акционерлік қоғам туралы" 13 мамыр 2003 ж. №415-2, "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті ссріктестіктер туралы" 22 сәуір 1998 ж. №220-1 заңдарымен жоғарыда аталған субъектілер аудитін жүргізудің ерекшеліктері айқындалған. Қазақстан Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы" заңында 27 желтоқсан 1994 ж. №25 266-ХІІІ (өзгертулерімен және толыкгыруларымен) 23 бетте шетелдіктердің қатысуымен кұрылған кәсіпорындардың аудиторлық қорытындыны міндетті түрде меншік иелеріне, мемлекеттік статистика және мемлекеттік бақылау органдарына дайындап тапсыруы белгіленген. Қазақстан Республикасы Каржы Министрлігінің 1995 жылғы 28 маусымдағы №161 бұйрығымен бекітілген №33-ші "Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есептеу және бюджетке төлеу тәртібі туралы" ереже-нұсқау (өзгертулерімен және толықтыруларымен) Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асырушы резидент емес заңды тұлғалардың салық органдарына міндетті түрде декларацияда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығы (сенімділігі) туралы аудиторлық қорытынды дайындап тапсыру шарттарын анықайды.

Аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары).

Заңдар мен нормативтік актілер қаржылық қорытынды есепке қатысы бойынша едәуір ажыратылады. Кейбір зандар немесе нормативтік актілер субъектінің қаржылық қорытынды есебінің нысанын немесе мазмұнын, есепке алынуға тиісті сомаларды немесе қаржылық қорытынды есепте ашылып көрсетілуге тиісті ақпараттарды айқындайды. Басқа зандар немесе нормативтік актілер субъект басшылығы тарапынан сақталуға тиісті, яғни, олар субъектіге өзінің қызметін жүзеге асыруға құқық беретін шарттарды белгілейді. Субъект қызметінің заңдар мен нормативтік актілерге сәйкес келмеуі айып пұл төлеу, сот процесстері және тағы сол сияқты қаржылық зардап шегуге алып келуі мүмкін.

Қазіргі кезде басшылыққа алынып жүрген заңнамалардың, атап айқанда Қазақстан Республикасының "Азаматтық кодексінің", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің, "Аудиторлық қызмет туралы" заңның, "Лицензиялау туралы" заңның, Кдзақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің негізінде аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершіліктерін бірнеше түрге бөлуге болады.

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік. Егер клиенттің зиян шегуіне әкеліп соқтырған, квалификациясыз (біліксіз) аудиторлық тексеру жүргізу орын алса, онда сот шешімінің негізінде аудиторлық фирмадан төмендегілер өндірідіп алынуы мүмкін:

  • клиенттің шеккен зияны толық мөлшерде;

  • қайта тексеру жүргізуге шығарылған шығыстар.

Алайда, аудиторлық қызметтің Қазақстандық тәжірибесінде шетелдерде болып тұратын, клиенттің шеккен зияны мен аудиторлардың іс-әрекеті арасындағы байланысты соттың дәлелдеуі мүмкін болған шулы сот тексерулері орын алған емес.

Аудиторлық ұйым клиенттің бухгалтерлік қорытынды есебінің барлық маңызды аспектілері бойынша олардың дұрыстығы (сенімділігі) жөнінде кәсіби пікірін қүрастырғаны және оны білдіргені үшін жауап береді.

Кәсіби пікірін құрастыру және оны білдіру кезінде ол Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызметті реттеуші нормативтік құжаттардың талаптарын және аудиттің этикалық нормаларын басшьшыққа алуға тиісті.

Қылмыстық жауапкершілік. Қылмыстық кодекстің 229-бабында, сондай-ақ, аудиторды өз қызметінің міңдеттеріне қарамастан жеке басы немесе басқа тұлға, не болмаса ұйым үшін пайда табу және артықшылықта болу мақсатымен өзінің өкіметтілігін асыра пайдаланғаны үшін, сөйтіп басқа тұлғаларға немесе ұйымдарға зиян келтіргені үшін, егер олардың бұл іс-әрекеті азаматтардың немесе ұйымдардың заңды мүдделеріне және құқықтарына не болмаса заңмен қорғалатын қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне елеулі зиян келтірілген болса, жазалау шаралары қарастырылған.

Әкімшілік жауапкершілік. Аудит - қызметтің лицензияланатын түрі, сондықтан оның "Лицензиялау туралы" заңға сәйкес жауапкершілігі бар. Аталмыш занда аудиторлық қызметті тиісті лицензиясыз жүзеге асырғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік, сонымен бірге лицензиясыз қызметті жүзеге асырудан алынған табысты бюджетке алу түріндегі материалдық жауапкершілік қарастырылған.

Лицензия беруші орган төмендегі жағдайларда лицензияның қызметін тоқтата алады:

  • егер мемлекеттік қадағалаушы немесе бақылаушы органдар лицензия алушының лицензиялық талаптар мен шарттарды бұзғандығын анықтаған болса;

  • егер лицензия алушы жіберілген қателіктерді (бұзушылықтарды) жою жөніндегі лицензия берушінің талаптарын орындамаса.

Лицензия алушы лицензиялық алымды белгіленген мерзімнің ішінде төлемеген жағдайда, сондай-ақ, заңды тұлғаның қызметі тоқтатылған жағдайда лицензия өзінің заңдық күшін жоғалтады және жойылған болып есептелінеді.

Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңыңың 13-бабында "лицензия беруші лицензияның қызметін заңға сәйкес тоқтау себебін көрсете отырып, алты айға дейінгі мерзімге тоқтатуға құқықты екендігі, сонымен бірге аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың лицензия беруден бас тарту, лицензияны қайтарып алу, қызметін тоқтату жөніндегі шешімдерді бұздыру үшін сотқа шағымдану құқығының бар екендігі" айтылған.

Аудиторлардың азаматтық-құқықтық жауапкершіліктерін сақгандыру. Аудиторлық тексерудің жоғары деңгейдегі тәуекелдікке ие болуына байланысты "Аудиторлық қызмет туралы" заңның 18-1 бабында (аудиторлық қызметті сақтандыру) аудитті өткізу кезінде зиян келтірудің салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша міндетті түрде сақтандыру келісім-шарттарының жасалынуы қарастырылған. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру ерекшеліктері сақтандыру объектісі, яғни-сақтандырылған аудитордың аудиторлық қызмет көрсету кезінде жіберген қателіктерінің немесе жаңсақтықтарының нәтижесінде клиентті зардап шектірген зиянның орнын толтыру бойынша заңмен белгіленген оның міндеттемелерімен байланысты мүліктік мүддесі болып табылады.

Тақырып.Аудиторлық тексеруді жүргізу және оны қадағалаудың сапасы