Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс.кешен.БЕжА.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.36 Кб
Скачать

1. Бухгалтерлік баланстың қалыптасуы және баланс жүргізу.

Бухгалтерлік баланста активтерді, меншікті /акционерлік/ капиталды және ұйымдардың міндеттемелерін белгілі бір мерзімге ақшалай өлшеммен көрсетіледі. Бухгалтерлік баланс деп аталуының өзі жалпы активтер сомасының меншікті капитал мен міндеттемелер сомасына тең болуымен сипатталады.

Баланс екі бөліктен тұрады. Сол жағы актив /құрал-жабдықтар/, оң жағы пассив /құрал-жабдықтардың қайнар көздері/.

Баланс мәліметтері ұйымдардың өткен іс-әрекеттерін сипаттайды және есеп процесінің соңғы этапы болып табылады. Баланс – бұл барлық шоттар бойынша нәтижелер сомасы /қалдығы/. Баланс шоттары шоттарға бөлінеді. Әрбір шот есептің объектісі болып табылады: акционер, кредитор, дебитор, касса, негізгі құралдар, инвестор және тағы басқалар.

Бухгалтерлік баланс бұл ұйымның есеп беруінің негізгі түрі болып табылады.

Активтер ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінеді. Ұзақ мерзімді активтер материалдық емес активтерден, негізгі құралдардан, инвестициядан тұрады.

Қысқа мерзімді активтерге тауарлы материалдық босалқылар /дайын өнім/, ақша қаражаттары жатады.

2. Нарықтық қатынастар жағдайында кез-келген заңды және жеке тұлға өз бизнестерін ашуға құқықтары бар. Бизнестің негізгі мақсаты тауарларды өндіре, қызметтерді көрсете отырып табыс табу болып табылады. Бизнесті жүргізу үшін нақты ақша қаражаттары қажет екендігі белгілі.

Ақша – бұл айырбас құралы. Бос ақша құралдары үнемі жұмыс істеуі керек. Ақша құн өлшемі болып табылады.

Екіжақтылық принципі келесі үш түсінікті байланыстыратын теңдік ретінде көрінуі мүмкін: актив = міндеттемелер + капитал.

Бұл теңдік бұхгалтерлік есептің негізі болып табылады. Оны капитал қатынасындағы қалдық принципін сипаттайтын формада көрсетуге болады: актив – міндеттемелер = капитал.

Актив = міндеттемелер + капитал бұл теңдік баланстық тепе-теңдік немесе ұйым балансы деп аталады. Баланстық оң жағында капитал көздері көрсетілсе, ал капитал актив түрінде баланстың сол жағында көрсетіледі. Мұндай теңдік бухгалтерлік есеп шоттарында қате болмаса, сақталуы керек. Сонымен қатар, бұл көрсетілген теңдік екіжақтылық принцип болып табылады.

Бұл есептің екіжақтылық концепциясын сипаттайтын негізгі теңдік болып табылады. Шаруашылық операциялары мен есеп процедуралары одан әрі қарай сабақталады, себебі әрбір шаруашылық операцияларында есеп көрсеткіштеріне екі жақтылық сипат береді, бухгалтерлік есеп жүйесі осының барлығын ұйымдастырады.

3. Кәсіпорында жүзеге асқан әрбір шаруашылық операциясы не мүліктің мөлшерін, не оның қалыптасу көздерінің шамасын немесе бір мезгілде мүліктің де, оның қалыптасу көздерінің де мөлшерін өзгертеді. Бұл орайда өзгеріс өсу жағына, сондай-ақ кему жағына қарай болуы мүмкін, баланс валютасы да өзгереді.

Кәсіпорында жасалатын шаруашылық операциялары бухгалтерлік балантң активі мен пассивінің мөлшеріне әсер ету белгісіне қарай төрт түрге бөлінеді. Бірінші түрдегі операциялар мүліктердің құрамын өзгертеді, яғн баланс активінің баптарының ішінде орын ауыстырулар болады. Бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді. Мысалы, есеп айырысу шотынан кәсіпорын кассасына 20 мың теңге алынды. Аталған операция баланстың «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» және «Қысқа мерзімді банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» деген баптарына әсерін тигізеді. Бұл операцияның орындылуы «Кассадағы теңгемен ақша қаражаттары» бабы бойынша қаражаттар +20 мың теңгеге артқанын, ал «Қысқа мерзімді банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» бабында -20 мың теңгеге кемігенін білдіреді, яғни баланс активінің баптарынң ішінде орын ауыстырулар болды және жалпы алғанда, баланс валютасы өзгермеген.

Екінші түрдегі операциялар кәсіпорын мүлкінің қалыптасу көздерін өзгертеді, яғни пассив ішіндегі баптардың орын ауыстырулары болады. Бұл жағдайда баланс валютасы өзгермейді. Мысалы, бұрын келіп түскен материалдар үшін жеткізушілерге берілетін берешек 36 мың теңге сомасындағы банк ссудасы есебінен өтелді. Аталған операция баланс пассивінің мынадай баптарына әсерін тигізеді: «Жеткізушілермен мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» және «Қысқа мерзімді банктік қарыз». Бұл шаруашылық операциясының орындалуы «Жеткізушілермен мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бабы бойынша 36 мың теңге сомаға кемігендігін, ал «Қысқа мерзімді банктік қарыз» бабы бойнгша -36 мың теңгеге артқанын білдіреді, яғни баланс пассивінің ішнде сомалардың орын ауыстыруы болған және жалпы алғанда баланс валютасы өзгермеген. Үшінші түрдегі операциялар мүлік пен оның қалыптасу көздерінің мөлшерін бір мезгілде өзгертеді, бұл орайда өзгеріс өсу жағына қарай болады. Мұның өзінде баланс валютасы активі мен пассиві бойынша бірдей шамаға өседі. Мысалы, 50 мың теңге сомаға негізгі құралдар өтеусіз алынды.

Аталған шаруашылық операциясы баланстың: «Негізгі құралдар» және «Басқа табыс» деген екі бабына әсерін тигізеді.

Бұл шаруашлық операциясын орындау «Негізгі құралдар» бабын -50 мың теңгеге арттырады және сонымен бір мезгілде «Басқа табыс» бабы да +50 мың теңге сомаға артты.

Баланс валютасы активі бойынша да, пассиві бойынша да +50 мың теңгеге артқан.

Төртінші түрдегі операциялар мүліктің мөлшері мен оның қалыптасу көздерн бір мезгілде өзгертеді, бұл орада өзгерс кему жағына қарай болады. Мұның өзінде баланс валютасы активі мен пассиві бойынша бірдей сомаға кемиді. Мысалы, есеп айырысу шотынан еншілес кәсіпорындарға кредторлық берешекті өтеу үшін 23 мың теңге сома төленді. Аталған шаруашлық операциясы баланстың: «Қысқа мерзімді банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» және «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» деген екі бабына әсерін тигізеді.

Бұл шаруашылық операциясының орындалуы «Қысқа мерзімді банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» бабы бойынша сома -23 мың теңгеге кемігенін, бірақ сол мезгілде «Еншілес ұйымдардың ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі» бабы бойынша да сомалар -23 мың теңгеге кемігендігін білдіреді, өйткені есеп айырысқан кезде кәсіпорынның берешегі кемиді. Баланс валютасы активі бойынша да, пассиві бойнша да -23 мың теңгеге кеміген.

Әрбір шаруашылық операциясын баланстың өзінде көрсету өте ауқымды боллмақ, сондықтан баланстар есепті кезеңнің басына және аяғына жасалады. Мұның өзі барлық өзгерістерді жалпылама түрде көруге мүмкіндік береді, ал қысқа мерзімді өзгерістер бухгалтерлік есептің шоттарында ескеріледі.

Тақырып.Бухгалтерлік есеп шоттары

  1. Бухгалтерлік есеп шоттары, құрылымы мен мазмұны және жіктелуі.

  2. Екі жақты жазу жүйесі.

  3. Жай және күрделі шоттар корреспонденциясы.

  4. Топтамалық және талдамалық шоттар мен олардың өзара байланыстары.

  5. Айналым ведомосы.

  6. Ұйымдардың бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары.

1. Осы Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын әзірлеу жөніндегі нұсқаулық (негіз) (бұдан әрі - Нұсқаулық) ұйымдарға қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына көшу кезінде жәрдемдесуге арналған.

Нұсқаулық бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарын (бұдан әрі – шоттардың жұмыс жоспары) әзірлеу жөніндегі жалпы талаптарды айқындайды.

Шоттардың жұмыс жоспарын әзірлеу Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері жөніндегі заңнамасының талаптарына, осы Нұсқаулыққа және бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген бухгалтерлік есепті жүргізу растығы қағидатына сәйкес жүзеге асырылады.

Шоттардың жұмыс жоспары бухгалтерлік есептегі операцияларды тіркеу және топтау жүйесін білдіреді және бухгалтерлік есепті жүргізу үшін қажет синтетикалық және талдамалық шоттардың (қосалқы шотты қоса алғанда) толық тізбесін қамтиды.

Ұйым шоттарының жұмыс жоспары ұйым қызметінің ерекшелігіне сәйкес осы Нұсқаулыққа сай әзірленеді. Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулықта белгіленген тәртіппен құрылтай құжаттарына сәйкес ұйым қызметінің қажеттіліктеріне негіздей отырып синтетикалық және талдамалық шоттарды ашады.

Шоттардың жұмыс жоспарын ұйымның басшысы бекітеді.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есептің синтетикалық шоттары осы Нұсқаулықта елгіленген өтімділікті азайту ретінде ашылады. Шоттардың жұмыс жоспарына Нұсқаулыққа қосымшада анықталған бухгалтерлік есеп шоттары жұмыс жоспарының синтетикалық шоттар топтарының тізбесіне сәйкес ұйымның қызметін көрсету үшін қажет синтетикалық шоттар енгізіледі.

Шоттардың жұмыс жоспарындағы бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірлері төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімге тиістілігін, өтімділікті азайту тәртібімен орналасқан екіншісі – кіші бөлімге тиістілігін, үшіншісі – синтетикалық шоттардың топтарына тиістілігін, төртінші сан – синтетикалық шоттардың орналасу өтімділігі тәртібімен ұйым дербес анықтайды.

Шоттардың жұмыс жоспарының бөлімдері

Шоттардың жұмыс жоспары мынадай бөлімдерді қамтиды:

1-бөлім – «Қысқа мерзімді активтер»,

2-бөлім – «Ұзақ мерзімді активтер»,

3-бөлім – «Қысқа мерзімді міндеттемелер»,

4-бөлім – «Ұзақ мерзімді міндеттемелер»,

5-бөлім – «Капитал мен резервтер»,

6-бөлім – «Кірістер»,

7-бөлім – «Шығыстар»,

8-бөлім – «Өндірістік есепке алу шоттары».

Шаруашылық қызметіне басшылық ету үшін қорлардың жағдайы мен олардың көздері туралы ақпаратпен қатар осы қорлардың жабдықтау, өндіру және сату процестерінің барысындағы қозғалысы туралы мәліметтер қажет. Ол үшін әрбір шаруашылық операциясын көрсету керек, мұның өзі қажетті ақпарат алуды қамтамасыз етеді. Осы мақсатпен бухгалтерлік есепте шоттар жүйесі пайдаланылады. Оның көмегімен есептің экономикалық жағынан бртектес объектілері жіктелінеді.

Бухгалтерлік есептің теориясы мен әдістемесінде бухгалтерлк есеп шоттарының жүйесінеерекше роль беріледі, өйткені оларды пайдаланумен қатар ақпараттарды қосарлап көрсету, оларды жинақтау және жалпылау проблемалары шешіледі. Шоттарда жазбалар екіжақты жазу әдісін қолдану арқылы жүргізіледі.

Бухгалтерлік есептің шоттары – дегенміз шаруашылық қорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен топтастырудың, қысқа мерзімді есепке алудың бақылудың және көретудің әдісі.

Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады және әртүрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау үшін пайдаланылады.

Шоттар шаруашылық қорларының әрбір түріне, олардың көздеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік ееп объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады. Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғашқы құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай көреткіштерге ауыстырылады.

Сыртқы түрі бойынша шот екі бөліктен тұратын кесте бейнелі.

Шоттың сол жақ бөлігі - дебет, ал оң жақ бөлігі – кредит деп аталады.

Әрбір шотқа айдың басындағы және соңындағы қалдықтың (сальдоның) және дебеті мен кредиті бойынша ай үшін айналымның болуы тән.

Шаруашылық операцияларын шоттарда көрсету үшін құжаттық растау қажет. Оағн қағаздық алғашқы құжаттар, машиналық тасығыштар, дискеттер және т.с.с. мысал бола алады. Бұл орайда олардың әрқайсысының заңдық күші болуға тиіс.

Шоттардың активтік және пасивтік деген түрлері болады. Олар өз атауын баланс жақтарының атауынан алған және олардң мазмұнын көрсетеді.

Активтік шоттар шаруашылық қорларын олардың құрамы мен орналасуы бойныша есепке алуға арналған. Мысалы, «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшалар» шоты, «Шикізат пен материалдар» шоты, «Кассадағы ұлттық валютамен қолға берілетін ақшалар» шоты және т.б.

Активтік шоттардағы қалдықтар (сальдо) тек дебеттік болады.

Пасивтік шоттар шаруашылық қорларының көздерін олардың мақсаттық бағыт бойынша есепке алуға арналған. Мысалы, «Банктердің несиелері» шоты, «Резервтік капитал» шоты және т.б. Пассивтік шоттағы қалдықтар (сальдо) тек кредиттік болады.

Активтік шоттағы жазулардың схемасы мынадай түрге ие болады.

Активтік шот

Дебет

Кредит

Операция басындағы қалдық (сальдо)

Шаруашылық қорларын кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларын арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашылық операцияларының сомасы кредит бойынша айналымдағы құрайды

Шаруашылық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымдағы құрайды

Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо + дебет бойынша айналым – кредит бойынша айналым)

Сонымен, активтік шот бойынша көрсетілетін: шоттың дебеті жағы бойынша – операция басындағы және соңндағы қалдықтар және қалдықты арттыртын шаруашлық операциялары; шоттың кредитжағ бойынша – қалдықты тек кемітетін шаруашылық операциялары.

Пассивтік шоттағы жазулардың схемасы мынада түрге ие болады.

Пассивтік шот

Дебет

Кредит

Операция басындағы қалдық (сальдо)

Шаруашылық қорларының көздерін кемітетін шаруашылық операциялары

Шаруашылық қорларының көздерін арттыратын шаруашылық операциялары

Шаруашлық операцияларының сомасы дебет бойынша айналымды құрайды

Шаруашылық операциясының сомасы кредит бойынша айналымды құрайды

Операция соңындағы қалдық (сальдо) (операция басындағы сальдо+кредит бойынша айналым – дебет бойынша айналым)

Сонымен, мүліктердің қалыптасу көздері ескерілетін пассивтік шот бойынша көрсетілетіні:

Шоттың кредиттік жағы бойынша – операцияның басындағы және соңындағы қалдықтар және қалдықтарды арттыратын шаруашылық операциялары,

Шоттың дебеттік жағы бойынша қалдықтарды азайтатын шаруашылық операциялары ғана көрініс табады.

2. Шаруашылық операциялар бухгалтерлік есептің шоттарына жазу құжаттардың негізінде жүргізіледі. Шаруашылық операциялар пайда болу мөлшеріне қарай жүргізілетін жазу және олардың құжаттармен рәсімделуі хронологиялық деп аталады. Шаруашылық операциялар 2 жақты көрсетудің мәні – ол 1 шоттың дебиті бойынша және 2 шоттың кредиті бойынша бірдей сомамен жазылуға тиіс. Демек екі жақты жазу әдісін пайдаланып шоттар корреспонденциясын жасаған кезде 3 құраушы қатысады:

  1. шаруашылық операциялар мазмұны

  2. дебиттелетін шот

  3. кредиттелетін шот

Мысалы: 1) кәсіпорынға материалдар қабылданды 1) Материалдар Дт 1310 2) Жабдықтаушылар Кт 3310. Екі жақты жазу әдісінде мүліктер 2 тұрғыдан қарастырылады:1) құрамы мен орналасуы бойынша баланс активі; 2) осы мүліктердің қалыптасу көздері бойынша. Сондықтан баланстың активі мен пассивінің жиындары әр қашан тең болады. Екі жақты жазу әдісінің қажеттілігі кәсіпорынның мүлкін баланстың топтау әдісінен туындайды. Екі жақты жазудың қағидасы кез-келген шаруашылық операцияларын көрсету үшін кем дегенде 2 шоттың керек екендігін білдіреді, яғни 1 не 2 неше кредиттелетін шоттар болуға тиіс. Егер дебит бойынша жазу активтерді өсіретін болса, онда кредит бойынша жазу пассиві не капиталды өсіреді. Ескерту: активтегі өсу активтік шот дебетіне, ал кему активтік шот кредитінде көрсетіледі. Пассивтермен капиталдардағы өсу пассивтік шот кредитіне, ал кему пассивтік шот дебетіне жазылады. Шаруашылық операциялар екі жақты жазудың негізінде бухгалтерлік шоттар арасында байланыс туындайды. Осы байланысты шоттар корреспонденциясы деп аталады.

3. Бухгалтерлік жазба шаруашылық операциялар сомаларын дебиттік және кредиттік көрсетілуі шоттар корреспонденциясын жасау типтік және жалпылама сипатқа ие болатын қарапайым шаруашылық операцияларда көрсетіледі. Бухгалтерлік жазба қарапайым және күрделі деп бөлінеді: 1 шоттың дебеті 2 шоттың кредитімен корреспонденцияланатын болса, мұндай жазу қарапайым деп атайды. Мысалы: Дт 3350 Кт 1010 Кассадан еңбек ақы берілді. 1 шоттың дебеті 2 не одан да көп шоттардың кредиті мен корреспонденцияланатын болса, 1 шоттың кредиті 2 не одан да көп шоттың дебеті мен корресподенцияланатын жазу күрделі жазу деп атайды. Жабдықтаушылардан 7000 тг. материалдар 5000 тг. қосалқы бөлшектер келіп түсті. Бұл егер нәтижесінде материалдар 7000 тг. көбейді, қосалқы бөлшектер 5000 тг. көбейеді., ал жабдықтаушы алдындағы қарыз 12000 көбейеді.

Дт 1310 7000 т.

Дт 1350 5000 т.

Дт 3310 12000 т.

Дт 1310 Кт 3310 = 7000

Дт 1350 Кт 3310 = 5000

Күрделі жазбаны бірнеше қарапайым жазбамен жазуға болады.

4. Бухгалтерлік есеп шоттары жинақтамалы және талдамалы түрде көрсетуге арналған шоттар жинақтамалы шот деп атайды. Жинақтамалы шоттардың ерекшелігі ол тек ақшалай бірлікпен жүргізіледі және кәсіпорындардағы барлық материалдық құндылықтардың сомасын көрсетеді. Сонымен қатар жинақтамалы шоттар бухгалтерлік балансты жасауға қажет. Жинақтамалы шоттарды экономикалық жағынан топтастыруды дамыту үшін талдамалы шоттар ашылады. Қорлардың және оның жекелеген көздерінің құрамдас бөліктерін есепке алуға арналған шоттар талдамалы шот деп аталады.Талдамалы шоттарда есеп тек ақшалай өлшеуіштер мен сонымен қатар натуралды өлшеуіштер мен де жүргізіледі. Бұл шоттағы жазулар толық болады. Жинақтамалы және талдамалы шоттар арасында тығыз байланыс бар.

Айналым ведомості.

Кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне тиімді басшылық жасап, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуі мен арнайы принциптер және қолданбалы тәсілдерге сай келуін тексеру үшін өзара жинақталған мәліметтер қажет. Активті қаражаттар, меншікті капитал және міндеттемелер, совдай-ақ өндіріс пен сату және жабдықтау үрдісіне байланысты жинақталған мәліметтер мен акпараттарды әрбір айдың аяғына қарай бухгалтерлік есеп счеттарын жүргізу арқылы алынатындығын айтқанбыз. Есеп объектлері мәліметтерін жинақтап, тексеру үшін бухгалтерлік есеп тәжірибесінде айналым ведомостысы жасалынады. Айналым ведомостсын жүргізу арқылы әрбір жекелеген счеттарға жазылған шаруашылық фактлерінің мазмұнын ай сайын тексеріп отыру мүмкіндігі туындайды. Айналым ведомостсында шаруашылық операцияларын жүргізуде қолданылған счеттар бойынша қалдық пен айналыс сомасының жиынтығы шығарылады. Айналым ведомостысы бухгалтерлік есеп жазуларын тексеруде қолданылатын әдістердің бірі болып табылады. Бұл ведомость аналитикалық жіктеу және синтетикалық жинақтау счеттарының көрсеткіштері негізінде арнайы кесте түрінде жасалады. Яғни аналитикалық айналым жөне синтетикалық айналым ведомостсы болып екіге бөлінеді.

Ең әуелі синтетикалық жинақтау счеттары бойынша жүргізілетін айналым ведомостсын жүргізудің тәртібіне тоқталамыз. Арнайы үлгідегі кестеге әрбір жекелеген счеттар бойынша дебеттік немесе кредиттік (счеттардың активтік жөне пассивтік болып бөлінуіне қарай) бастапқы қалдықтар жазылып, бұдан соң ай ішіндегі дебеттік және кредиттік айналым сомасының жинағы есептелінеді. Осы операциялар орындалғаннан соң, әрбір счеттар бойынша келесі айдың басына жазылатын соңғы дебеттік және кредиттік қалдықтар шығарылады. Есте сақтайтын жағдай, ол – активті –пассивті кейбір счеттар бойынша бірдей кезеңде әрі дебеттік, әрі кредиттік қалдықтар болуы мүмкін.

Тақырып.Есеп беру кезеңі

  1. Есептік цикл. Бухгалтерлік есеп шоттарының ашылуы.

  2. Шаруашылық операцияларының тіркелуі мен олардың бухгалтерік есеп шоттарында көрсетілуі.

  3. Бухгалтерлік есеп шоттарының жабылуы. Қорытынды баланс.

1. Қысқа мерзіміді шаруашылық операцияларының мазмұндарын арнайы тәсілдерге қарай тіркеп, бағалап, жинақтап бір жүйеге келтіріп жазу үшін бухгалтерлік есеп шоттарын қолданады.

Бухгалтерлік есеп шоттары деп кәсіпорынның активті қаражаттары мен меншікті капитал және міндеттемелер өрісінде орын алған шаруашылық операцияларының мамұнын күнделікті бақылап, тіркеп, бағалап, ақшалай өлшемге айналдырып, экономикалық маңызына қарай топтастырып, арнайы белгілегген шоттарға екі жақтылық принциппен жазуды айтамыз.

Шоттарға шаруашылық қызметінің фактілері жазылады. Шаруашылық қызметінің әрбір фактісі екі рет – бір шоттың дебетіне, басқа шоттың кредитіне жазылады. әрбір орын алған факті екі рет – пайда болуына қарай (хронологиялық), маңызына қарай (жүйеленіп) кітаптарға түсіріледі.

Әрбір шаруашылық фактісі екі рет – аналитикалық жіктеу және синтетикалық жинақтау шоттарына жазылады.

Әрбір шаруашылық фактісі екі рет – активті қаражаттар және қаражат кздеріне қарай көрсетіледі. Осыған орай бухгалтерлік есеп жүйесінде қолданылатын шоттар дебеттік және кредиттік болып бөлінеді.

Шаруашылық операцияларын жүргізу тұрғысында дебеттеу және кредиттеу арқылы бір шоттағы қарама-қарсы крсеткіштерді өзара байланыстырып көрсетуге болады.

Бухгалтерлік есеп шоттары баланстың активтік жәек пассивтік көрсеткіштері мен негіздеріне қарай (бастапқы кезеңде) ашылады. Мысалы, баланстың сол жағындағы активті қаражаттардың сомасын активтік шоттың дебетіне, ал баланстың оң жағындағы меншікті капитал мен міндеттемелер сомасын пассивтік шоттың кредитіне жазады.

Активті шоттардағы қалған дебеттік қалдық активті қаражаттардың көбеюін, ал пассивтік шоттардағы қалған қалдық меншікті капитал мен міндеттемелердің көбеюін көрсетеді. Шоттардағы дебеттік жинақ пен кредиттік жинақ сомалары бірдей болған жағдайда қалдық (сальдо) болмайды.

Ендігі жерде активтік және пассивтік шоттардың тәжірибеде қолданатын үлгі схемасын көрсетейік.

Дт Активті шот үлгісі Кт

1) Бастапқы қалдық (дебеттік) Бастапқы қалдық болмайды

2) Айналым сомасыкөбеюді көрсетеді Айналым сомасы азаюды көрсетеді

3) Соңғы қалдық дебеттік Қалдық болмайды

Дт Пассивті шот үлгісі Кт

1) Бастапқы қалдық болмайды Бастапқы қалдық кредиттік

2) Айналым сомасы азаюды көрсетеді Айналым сомасы көбеюді көрсетеді

3) Қалдық болмайды Соңғы қалдық кредиттік

2. Шаруашылық операцияларының есебі. Кез-келген шаруашылық өмірдің фактілерін қалыптастыратын ұйым бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады. Қаржы-шаруашылық қызметінің жазбаларының негізі алғашқы құжаттар болып табылады. Алғашқы құжаттардан мәліметтер есеп регистрлеріне аударылады, яғни мұнда олар жүйеленеді немесе бухгалтерлік шоттарға жазылады. Әрбір бухгалтерлік іс-әрекет нақты құжаттармен жүзеге асырылады /шот- фактура, накладной, ордер, акт, наряд тағы басқалары/. Бұлардың барлығы алғашқы құжаттардың түрлері болып табылады.

Құжат – бұл шаруашылық операцияларын жазбаша куәландыратын және бухгалтерлік есеп мәліметтеріне заңды күш беретін куәлік болып табылады.

Бухгалтерлік есеп тәжірбиесінде құжаттарды 3 топқа бөліп қарастырады:

  • алғашқы құжаттар /бір операцияға ғана/;

  • есеп регистрлері /операциялардың экономикалық мазмұнына қарай және типтеріне қарай жинақталған/;

  • есеп беру құжаттары /баланс және басқа да формалар/;

Ақпаратарды тереңірек қарастыру үшін алғашқы жазбалардың кітаптары қолданылады – ведомостар мен журнал-ордерлер.

Әрбір шаруашылық іс-әрекеттері үшін қолданылатын кесте журнал деп аталады. Журналға жазбалар хронологиялық ретпен енгізіледі. Мұндай жазбалар бухгалтерлік кітапқа /Бас кітапқа/ жазылады.

Қысқа мерзімді есептің шаруашылық операциялары олардың жинақталу жағдайларына байланысты шоттарда жазылады. Егер экономикалық мазмұнына қарай біртекті іс-әрекеттер көп болса, алғашқы құжаттардың негізінде жинақ немесе топтастырылған ведомостер жасалады. Бұл шоттардағы жазбалар санын азайтуға мүмкіндік береді.

3. Кәсіпорындардың түпкі мақсаты – пайда табу болып табылады. Пайданың жалпы сомасын шығару үшін «Табыстар» мен «Шығыстар» айырымын есептеу қажет. Шоттарды жабу жұмыстары да осы пайданың көлемін белгілі бір мерзімге қарай есептеу үшін орындалады.

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында қолданылып келе жатқан тәртіп бойынша шоттарды жабу үшін ең әуелі қосымша пайда «Жинақ шоты» ашылады. Бұл шотқа «Табыстар» мен «Шығыстар» шоттары бойынша жинақталған қалдықты көшіріп жазу керек.

Мысалы, «Табыстар» шотындағы соңғы қалдық 20000 теңге болып, «Шығындар» шотындағы соңғы қалдық 13000 теңге болса, онда бұл мәліметтерді шотқа түсіреміз.

Дт Пайда Жинақ Кт

13000 20000

Мұның негізінде «Пайда-Жинақ» шотындағы пайда 7000 теңгені құрағандығын көруге болады. Бұл сома есепті жылға жататын сома. Сондықтан: «Пайда – Жинақ» шотының дебеті арқылы түскен пайданы «Бөлінбеген таза пайда» шотының кредитіне жазамыз. Мұның нәтижесінде уақытша қолданған «Пайда – Жинақ» шоты жабылады. Кәсіпорынның пайда жөніндегі қорытынды есебі төмендегідей тәртіппен жасалады.

А кәсіпорнының пайда жөніндегі есебі:

Табыстар 20 000

Шығындар 13 000

Пайда 7 000

Осылайша пайда жөніндегі есептің (қорытынды) негізіне сүйене отырып, бухгалтерлік есептің жинақтаушы шоттары «Табыстар», «Шығыстар» және «Пайда – Жинақ» шотатры жабылады. Бұл шоттар уақытша ендірілген. Бұл шоттарды әрбір есепті жылдың басында ашып, жыл аяғына дейін жүргізуге болады. Активті қаражаттарға арналған шоттардағы бастапқы қалдық дебеттік, ал міндеттемелер мен капитал есебі және қозғалысын жүргізуге арналған шоттардағы бастапқы қалдық кредиттік болатынын есте сақтау қажет. Активті қаражаттар мен міндеттемелер және капитал есебіне арналған шоттардағы соңғы қалдық келесі көшіріліп отырады.

Сонымен пайданы есептеуге арналған шоттар уақытша енгізілген, ал баланстық шоттар тұрақты шоттарға жатады.

Көптеген кәсіпорындар өз пайдаларын дұрыс есептеу және жан-жақты таңдауға ыңғайлы болу үшін табыстар мен шығындар шоттарын жекелеген шығын баптарына жіктеп көрсетеді. Мысалы, еңбек ақы, негізгі құралдарды пайдалану, сақтандыру сияқты шығындарды.

Кейбір жағдайларда табыстарды есептеу отыру үшін 2-3 номенклатуралық бап қажет болса, шығындар есебіне 10-ға жуық баптар енгізуге тура келеді

Тақырып.Ұйымның есеп саясаты

  1. Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есептің заңды түрде реттелуі.

  2. Есеп саясаты.

  3. Бухгалтерлік құжаттар.

  4. Түгендеу.

  5. Есеп регистрлері.

  6. Бухгалтерлік есепті жүргізу формалары.

1. Бухгалтерлік есепті реттеу принциптері әрқашанда жаңару процесінде болады және өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырады. Бухгалтерлік есеппен енгізілетін тапсырмалардың күрделілігі мен жауапкершілігі есеп саясаты принциптерінің айқындылығымен қамтамасыз етіледі. Бұл бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды реттейтін нормативті құжаттарға сүйенетін және шаруашылық шешімдер қабылдайтын субъектілердің көбеюімен байланысты. Егер әкімшілік-жоспарлық экономика аясында инвестициялар туралы шешімдерді жалғыз субъект – мемлекет қабылдаса, ал нарықтық жағдайларда мұндай шешімдер көптеген ұйымдар санымен қабылданады, тек мемлекет қарамағындағы ұйымлар ғана қатыса алмайды. Нарықтық экономикада мемлекеттің рольі айтарлықтай қысқарады және тек салық жинау мен нормативті құқықтық актілердің сақталуын қадағалайды.

Қазіргі таңда есептің негізгі міндеті компанияның есеп беруін ұсынатын қызметке мүдделі бизнеске қатысушыларды шынайы ақпараттармен қамтамасыз еут болып табылады.

Сондықтан бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің мақсаты – қызығушылық танытқан тұлғаларды ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады. Осыған байланысты келесі мәселелер шешіледі:

  • шот жүргізуден (шаруашылық өмірдің фактілерін тіркеу) бухгалтерлік есеп беруге нормативті реттеуді қайта бағыттау;

  • қаржылық есепті халықаралық стандарттар негізінде реттеу;

  • ұлттық реттеуді халықаралық халықаралық стандарттарды өлшеп қолдану.

Нормативті қамтамасыз етудің маңызды құрушысы бухгалтерлік есеп жүйесінің тұрақты дамуын сақтау болып табылады.

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеуді басқа да мүдделес министірліктер мен ведомостволармен келісе отырып Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі іске асырады. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» Заңмен жетекшілік ете отырып, ол министрлік Қазақстан Республикасындағы есеп беру мен бухгалтерлік есеп туралы жалпы ережелерді, әдістемелік нұсқаулар мен бухгалтерлік есептің жекелеген бағыттары бойынша рекомендацияларды, бухгалтерлік есеп стандарттарын, сонымен қатар, стандарттарды қолдану жөніндегі әдістемелік нұсқауларды, басқа да есепке байланысты мәселелерді бекітеді.

Сонымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарын қолдануды және шоттардағы есептің әдістерін түсіндіретін нұсқаулықтарды, олардың типтік корреспонденцияларын бекітеді.

Қазақстандағы бухгалтерлік есепті реттеудің нормативтік жүйесі бухгалтерлік есеп жөніндегі келесі құжаттар деңгейін қамтиды: