
- •Тақырып.Қаржылық қорытынды есеп қалыптасудың принциптері және оның негізгі элементтері
- •1. Бухгалтерлік баланстың қалыптасуы және баланс жүргізу.
- •Қазақстандағы есепті реттеудің нормативтік – құқықтық жүйесі
- •Қазақстан Республикасының "Аудиторлық қызмет туралы" заңы және аудитті реттеуіш басқа да заңдар
- •Аудиторлық қызметті реттеуші мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың міндетті қызметтері (функциялары).
- •1. Аудитті құжаттау
- •4.1.2. Жұмыс құжаттарының нысаны мен мазмұны
- •2. Жұмыс құжаттарына қойылатын талаптар
- •3. Жұмыс құжаттарының толтырылуы
- •4. Аудиторлық қызметтің сапасын бақылау
- •1. Аудиторлық қорытынды және оны құру тәртібі
- •2. Аудиторлық қорытынды құрылымы
2. Аудиторлық қорытынды құрылымы
"Аудиторлық қызмет туралы" заңның 15—бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық қорытынды есеп жасалынады.
Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар: 700 "Қаржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп", 710 "Салыстырмалы көрсеткіштер", 800 "Арнайы мақсаттағы аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп" деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.
Аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:
ескертусіз (шартсыз) аудиторлық қорытынды;
ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;
аудиторлық қорытынды беруден бас тарту;
теріс аудиторлық қорытывды.
Аудиторлық қорытындының құрылымы мынадай элементтерден тұрады: қорытынды есептің аты (атауы), адрес иесі, кіріспе бөлім, аудиттің масштабын анықтаушы бөлім, қорытынды бөлім, есеп беру мерзімі, аудитордың (аудиторлық үйымның) мекен жайы, аудитордың қолы. /56/.
Қорытынды есептің аты (атауы). Аудиторлық қорытынды есептің тиісті атауы болуға тиісті. Аудиторлық қорытынды есеп пен кәсіпорын жұмыскерлері, директорлар кеңесі сиякты басқа да тұлғалар жасауы мүмкін қорытынды есептердің, сонымен бірге тәуелсіз аудитор басшылыққа алатын этикалық принциптерді басшылыққа алмауы мүмкін басқа аудиторлардың қорытынды есептерінің арасындағы айырмашылықтарды белгілеп көрсету үшін оның атауында "Тәуелсіз аудитор" деген терминді пайдалануға рұқсат етіледі.
Адрес иесі (Адресат). Аудиторлық қорытынды есеп жергілікті ережелер мен келісім-шарттардың талаптары бойынша лайықты түрде адрес иесіне (адресатқа) жіберілуге тиісті. Әдетте, қорытынды есеп не акционерлерге, не болмаса қаржылық қорытынды есебі аудитке тартылатын кәсіпорынның директорлар кеңесіне арналып құрылады.
Кіріспе бөлім. Аудиторлық қорытынды есеп кәсіпорынның тексерілген қаржылық қорытынды есебінде қарастырылған мерзімді және кезеңді кіргізе отырьш, сол қаржылық қорытынды есеппен бірдей болуға тиісті.
Қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің ақпараттарына кәсіпорын басшылары жауап беретіндігі, сонымен бірге аудитордың жауапкершілігі жүргізілген аудиттің негізінде қаржылық қорытынды есеп жайында өзінің қорытындысын беру больш табылатындығы туралы пікірлер кіруге тиісті.
Қаржылық қорытынды есеп-кәсіпорын басшылығы дайындап тапсырған ақпараттар. Ондай қорытынды есепті дайындау басшылықтан елеулі есептік бағалаулар жүргізуді және пікір білдіруді, сонымен бірге қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде пайдаланылған қолайлы бухгалтерлік принциптер мен әдістерді анықтауды талап етеді. Және оған қарама-қарсы, аудитордың міндеті сол қаржылық қорытынды есеп бойынша өзінің қорытындысын беру мақсатында оған аудит өткізу болып табылады.
Аудиттің масштабын анықтаушы бөлім. Аудиторлық қорытынды есепте аудиттің Халықаралық аудит стаңдарттарына немесе тәжірибеге сәйкес жүргізілгендігін көрсете отырып, оның масштабы бейнеленеді. Аудиттің масштабы дегеніміз—аудитордың қалыптасқан жағдайларға байланысты қажетті аудит процедураларын орыңдауы болып табылады. Ақпаратты пайдаланушыға ол аудиттің жалпы көпшілік қабылдаған стандарттарға немесе тәжірибеге сәйкес орындалғандығының дәлелі ретінде керек.
Аудиторлық стандарттар немесе тәжірибе ретінде, егерде тек басқа стаңдарттар немесе тәжірибе ескертіліп айтылмаған болса, аудитордың адресінде көрсетілген стандарттар немесе елдің тәжірибесі есептелінеді.
Қорытынды есепте аудиттің жоспарланғандығы және қаржылық қорытынды есепте елеулі бұрмалаушылықтардың жоқ екендігіне саналы түрде кепілдік алу мақсатында орыңдалғандығы туралы пайымдаулар болуға тиісті.
Аудиторлық қорытынды есепте төмендегілер кіретін аудиттің жазбаша суреттемесі болуға тиісті:
• қаржылық қорытынды есепте ашыльш көрсетілетін ақпараттардың сомаларын растау мақсатында дәлелдеулерді тестілеу негізінде тексеру жүргізу;
қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық пайдаланған бухгалтерлік есеп жүргізу принциптерін бағалау;
қаржылық қорытынды есепті дайындау кезінде басшылық жүргізген маңызды алдын-ала бағалауларды талдау;
• жалпы қаржылық қорытыңды есепті дайындап тапсыруды бағалау.
Қорытынды есепке аудиттің қорытындыы жасау үшін қолайлы негізді қамтамасыз ететіндігі туралы аудитордың пайымдауы (пікірі) кіруге тиісті.
Қорытынды жасау бөлімі. Аудиторлық қорытынды есеп қаржылық қорытынды есептің шын мәнінде дұрыс ақпараттарды беретіндігі (немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дұрыс дайындалғандығы") жөніндегі аудитордың қорытындысын анық көрсетуге тиісті.
Аудиторлық қорытындыны білдіру үшін пайдаланылатын "дұрыс және дәл көрініс" немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілген" терминдері бір-бірімен эквивалентті. Екеуі де аудитордың қаржылық қорытынды есеп шеңберінде маңызды болып табылатын аспектілерді қарастырғандығын көрсетеді.
Қаржылық қорытынды есепті дайындап тапсыру негізі Халықаралық аудит стандартымен, сонымен бірге "дұрыстық" түсінігімен сәйкес келетін елдегі жалпы тәжірибенің дамуымен және жергілікті заңдардың есепке алынуымен анықталады. Ақпаратты пайдаланушыларды "дұрыстық" түсінігі пайдаланылатын контекст (мағына) жөнінде хабардар ету үшін аудиторлық қорытынды "Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес" деген сөйлемді пайдалана отырып, қаржылық қорытынды есепті дайынадап тапсыру негізін көрсетуге тиісті.
Дұрыс және дәл көрініс (немесе "барлық маңызды аспектілері бойынша дәл берілгендігі") жөніндегі қорытындыға қосымша ретінде аудитордан аудиторлық қорытынды есепке қаржылық қорытынды есептің тиісті қаулы-қарарлар мен және зандармен анықталатын басқа да талаптарға сай келетіндігі туралы қорытындыны кіргізу талап етілуі мүмкін.
Есеп беру мерзімі. Аудитордың қорытынды есебінде қойылатын мерзім аудиттің аяқталу мерзімі болып табылады. Бұл—аудитордың қаржылық қорытынды есепке оның өзіне белгілі және көрсетілген мерзімге дейін болған оқиғалар мен операциялардың әсерін есепке алғаңдығы туралы оқырмандарды хабардар етеді.
Аудитордың адресі (мекен жайы). Қорытынды есепте аудит үшін жауапты аудитордың офисі (кеңсесі) орналасқан пункт көрсетілуге тиісті.
Аудитордың қолы. Қорытынды есепке аудиторлық компанияның атынан, аудитордың жеке өз атынан немесе екеуінің де атынан, егер ол қажет болса, қол қойылуға тиісті. Әдетте, аудитордың қорытынды есебіне компанияның атынан қол қойылады. Себебі аудит үшін фирма жауап береді