
- •Ип №6 умс при КазГма
- •Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
- •Электр өрісі, диполь
- •Электродтар, электрографиялық құралдар конструкциясы.
- •Ырғақтар мен тербелістер
- •Ээг тіркеу
- •Электр өрісі
- •Электр кедергісі
- •Электрография
- •Электрографиядағы электр сигналдары
- •Электроэнцефалограмма. Электроэнцефалограф
- •Электрод
- •Диполь. Мультиполь
- •Эквиваленттік генератор ұғымы
- •3.Сурет Бас миының функциональдық күйіне байланысты ээг-ның өзгеруі Эквипотенциал беттер
- •Электроэнцефалография – негізгі сипаттамалары.
- •Т ербеліс
- •Электроэнцефалография Бас миының функционалдық күйін оның электрлік белсенділігін тіркеуге негіздеп зерттеу жүргізудің электрофизиологиялық әдісі Электроэнцефалография деп аталады.
- •Ээг зерттеу жүргізу шарттары
- •Ээг генезі ( шығу тегі)
- •Энцефалограф құрылымы
- •Әдебиеттер:
Ф КГМУ 4/3-06/01
Ип №6 умс при КазГма
от 14 июня 2007 г.
Қарағанды мемлекеттік медицина университеті Медициналық биофизика және информатика кафедрасы
Білім алушының тәжірибелік жұмысы
Тақырыбы: ЭЭГ тіркеу және талдау принциптері.
Пән: Медициналық биофизика
Мамандығы: 5В130100 «Жалпы медицина»
Курс: I
Құрастырушы оқытушы: Бражанова А.К.
Қарағанды 2014
Кафедра отырысында талқыланып, бекітілді
Хаттама № __ «___»__________20____ жыл.
Кафедра меңгерушісі __________ Койчубеков Б.К.
Тақырыбы: ЭЭГ тіркеу және талдау принциптері.
Сабақ мақсаты: ЭЭГ -ні электрографияның бір бөлігі деп қарастыру.Электроэнцефалографтың негізгі блоктарын біліп, олардың қандай міндеттер атқаратынына , ерекшеліктеріне назар аудару. Электродтарды орнатудың «10-20» жүйесі .ЭЭГ негізгі ырғақтарының классификациясы. ЭЭГ ырғақтарының амплитудалық - жиіліктік сипаттамасы.
Оқыту мәселелері :
Тақырыпты оқу барысында студент білуге тиіс :
Электроэнцефалографияны электрография әдістерінің бірі деп сипаттай білуі керек. Электроэнцефалографияны электрографияның басқа әдістерімен ортақ болатын белгілерін бөліп көрсету. ЭЭГ-нің ерекше болып көрінетін тұстарын көрсету. ЭЭГ- нің ЭКГ ден айырмасы..
Электроэнцефалографтың негізгі блоктарын атаңдар. Олардың тағайындалуын және олардың электрокардиографтың ұқсас блоктарымен салыстырғандағы ерекшеліктерін айыра білу.
ЭЭГ- нің негізгі ырғақтарын атаңдар және олардың амплитудалық – жиіліктік сипаттамаларын ,оңашалануын көрсетіңдер.
Тақырыптың негізгі сұрақтары :
Электр өрісі, диполь
Электр өрісі деген не,оның негізгі сипаттамалары,өлшем бірліктері ?
«Күш сызықтары » терминіне анықтама беріңдер.
«Эквипотенциальдық беттер » терминіне анықтама беріңдер.
«Диполь», «мультиполь» терминіне анықтама беріңдер. Диполь сипаттамаларын атаңдар.
Токтық диполь деген не? Өткізгіш ортадағы токтық диполдің электрлік схемасын сызыңдар.
Электродтар, электрографиялық құралдар конструкциясы.
Медициналық-биологиялық ақпараттарды алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық схемасын қысқаша айтып, түсіндіріңдер .
«Электрография» терминіне анықтама беріңдер .
Электрографиялық әдістерде бірінші түйін ( алу құрылымы) не болып табылады ( датчик немесе электрод )? Өз жауаптарыңды түсіндіріңдер.
Электрография әдістерін атаңдар ,олардың атауларында қандай ортақ нәрсе бар?
Электрографияның тура және кері мәселелерінің мәні неде?
Электроэнцефалографтың негізгі түйіндерін түсіндіретін блок- схеманы сызыңдар.Блок-схеманың жеке бөліктерінің қызметін айтыңдар,негізгі параметрлері мен сипаттамаларын бөліп көрсетіңдер. Электроэнцефалограф пен электрокардиографтың ұқсас бөліктерін салыстырыңдар, электроэнцефалографтың түйіндерінің ерекшелігін айтыңдар.
Ырғақтар мен тербелістер
Тербеліс деген не, негізгі сипаттамалары, өлшем бірліктері ?
Күрделі тербелістерді Фурье теоремасы бойынша жіктеудің қандай мағынасы бар.? Күрделі тербелістер спектрі деген не?
Бас миының электр белсенділігін клиникалық зерттеулерде альфа-, бета-, тета-, дельта-ырғақтарды қалай бөліп алады?