Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
wpora_fizo_kaz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.57 Кб
Скачать

1…«Қозғыш ұлпалардың тітіркендіру заңдары»

Қозатын ұлпалардың тітіркендіру заңдары:

  1. Күш заңы.

  2. “Бәрі немесе ештеңе емес”заңы.

  3. Күш-уақыт заңы.

  4. Күштің градиент заңы.

1. Күш заңы – ұлпалардың жауап беруі тітікендіргіштің күшіне байланысты. Бұл заңның мәнін бұлай айтуға болады- егерде тітіркенудің күші неғұрлым жоғары болса қозатын ұлпалардың жауабы да соғырлым жоғары болады. Бұл бойынша күштің 3 түрі болады:

a) Табалдырықты күш- бұл минимальды қозу тудыра алатын тітіркенудің ең аз күші.

б) Табалдырықтан төмен күш- күші табалдырық күштен төмен болады да оған жауап бермейді.

в) Табалдырықтан жоғары- табалдырықты күштен тітіркенудің күші жоғары болса, одан да жоғары жауап береді.

2.”Бәрі немесе ештеңе емес”заңы- алғашқы рет бұл Баудид деген зерттеуші ашты. Жүректен жекеленген ет талшықтарының қасиеттерін зертеу барысында. Егер талшықты табалдырықтан төмен күшпен тітіркендірсе, онда қозу тумайды /ештеңе емес, ештеңежоқ, түк жоқ /.Сондықтан ол жиырылмайды көндіру табалдырыққа жетсе және күші одан әрі болса, максимальді қозу туады /бәрі түгел/. Қазіргі кезде табалдырықтан төмен күш ұлпаларда ештеңе тудырмайды емес /түк жоқ емес /, оларда локальдық жауап туады, жиынтықтау процессі жүреді. Сондай-ақ ”түгел“ де ылғи максимальды жауапқа сәйкес келе бермейді екен. Өйткені тірі клеткаларда оның тітіркенудің әрекетіне туатын әрекет потенциалдарының амплитудалары әр түрлі болады.

3. Күш-уақыт заңы- бұл заңды Гоорвег-Вейе-Лапик зерттеді. Ол тітіркенуін күші мен ұзақтығының арасындағы байланысты көрсетеді және оны график арқылы көрсетуге болады. /оны күш ұзақтың қисық деп атайды /. Тұрақты тоқтың қозу тудыра алатын минимальді күшін /тітіркендіру табалдырығының /-реобаза дейді. Бір реобаза күшімен әсер етсе қозу тууға қажет болатын ең аз уақытты-пайдалы уақыт дейді.Оның себебі- осы алынған күшпен бұдан әсер еткенмен оның әрекет потенциалдарының тудыруға болмайды.

Хронаксия- екі еселенген реобазамен әсер еткенде қозу тудыруға керек аз уақытты айтады. Оны хронаксиметрия әдісімен анықтайды.

Хронаксияның 2 түрі бар:

  1. Конституциялық- бұл жекеленген бұлшық еттің, талшықтардың хронаксы.

  2. Субординациялық-бұл тірі, организмдегі сол бұлшық еттің, талшықтардың хронаксиясы.

4. Күштің градиент заңы- тұрақты тоқпен әсер еткенде туатын жауап, тітіркендіру күшінің өсу қарқынына да байланысты. Егер бұл қарқыны төмендесе, тоқтың табалдырық күші жоғарлайды. Тіпті өсу қарқыны белгілі бір мимальдық шамадан баяу болса, тітіркендіруге жауап тумайды. Өйткені тоқ күші баяу өскенде, ұлпаларда қозу тууға кедергі келтіретін активті өзгерістер дамып үлгереді. Бұл жағдайда аккомодация құбылысы пайда болады.

2……Қозатын ұлпалардың параметрі немесе өлшемдері:

1.Табалдырықты күш /төмен, жоғары /.

2.Реобаза.

3.Тиімді уақыт.

4.Хронаксия.

5.Лабильдік.

6.Қозбаушылық.

Физиологиялық эксперименттерде тітіркендіргіш ретінде негізінен электр тоғын пайдаланады. Себебі:

1.эл. тоғының күшін нақты және өз қалауынша өзгертуге болады.

2.эл.тоғы ұлпаларда қайтымсыз өзгерістер тудырмайды.

Себебі:

  1. оны тез дайындауға болады.

  2. физиологиялық ерітінді көмегімен оның қалыпты жұмыс қабілетін уақытқа сақтауға болады.

  3. еттен жырылу биіктігін талдау арқылы ондағы туған қозудың шамасы білуге болады.

  4. оны оңай тітіркендіруге болады.

Егер әсер нерв арқылы берілсе-жанама, ал тікелей етке берілсе-тура тітіркендіру деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]