- •Негізгі түсініктер мен ұғымдар.
- •Қазақстан табиғи ортасының экологиялық жағдайы.
- •Климат және Қазақстанның экологиялық жағдайы.
- •Атмосфераның ластануын бақылау.
- •Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары.
- •Қазақстан Республикасындағы жер беті және жер асты суларының геоэкологиялық мәселелері
- •Трансшекаралық өзендердің антропогендік өзгерулері
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Каспий теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
- •Қазақстан топырақ ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы.
- •Топырақ экологиясының өзгерістерін бақылау және бағалау.
- •1 Сурет- Қазақстан ауыл шаруашылық жерлерінің эрозияға ұшырауы.
- •Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы.
- •Қазақстанның геожүйелернің экологиялық бұзылу деңгейлері
Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы.
Қазақстан Республикасы табиғи ортасын оңтайландырудың аймақтық ерекшеліктері.
1. Қазақстанның табиғат жағдайларының басқаға ұқсамайтын күрделілігі мен алуан түрлілігі осы аумақты табиғи аудандастырумен айналысқан ғалымдарды түрлі ғылыми тұжырымдар жасауға мәжбүр етті. Геоэкологиялық аудандастыру негізіне Қазақстанның Б.А.Федорович, Н.А.Гвоздецкий мен В.А.Николаев ұсынып, А.В.Чигаркин толықтырған табиғи аудандастыру сызбасы алынды.
Авторлар аймақтар атауларына елеулі өзгерістер, шекараларына, табиғаты мен экономикасы туралы деректерге анықтамалар енгізді. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайы мен табиғатты қорғауға байланысты материалдар бірінші рет беріліп отыр. Табиғи аудандастырудың физикалық географияға дәстүрлі таксондық бірліктер жүйесі қабылданған: физикалық-географиялық елдер, ұсақ бірлігі - геоэколо гиялық анклавтар.
Геоэкологиялық аудандау схемасының арнайы мазмұнының негізінде Қазақстанның белгілі табиғи шаруашылық аймақтарындағы экологиялық жағдайдың шиелінісу белгілері жатыр. Экологиялық жағдай алдымен 1994 ж. А.В.Чигаркин жасаған Қазақстанның геоэкологиялық (ландшафттық-экологиялық) картасы негізінде жасалды. Айта кетейік, ландшафттық-экологиялық картаны жасағанда адамды қоршаған экологиялық қолайлы жағдайды сақтауды қамтамасыз ететін кейбір ингредиенттердің ауадағы, судағы және топырақтағы мейлінше шектеулі рауалы концентрациясы (ШРК) ескерілген. Бұл интегралды көрсеткіштер Мүмкіндігінше Шектелген Экологиялық Жүктемені (МШЭЖ) сипаттайды.
Қазақстанның геоэкологиялық картасының негізіне салынған экологиялық ақпаратты кешенді сараптау фактілік материалды геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуіне байланысты жүйелеуге мүмкіндік берді. Геоэкологиялық жағдайдың шиеленісуі - адам тіршілігінің қалыпты жағдайының өзгеруі, табиғи ресурстардың азаюы не сарқылуы, геожүйенің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиетінің төмендеуі не жоғалуы. Келеңсіз экологиялық жағдайдың себебі, әдетте, антропогенез, сирек жағдайда табиғи процестер болып табылады (1 кесте).
Қазақстанның геоэкологиялық аудандау схемасының әрбір геоэкологиялық провинциясы экологиялық бұзылудың белгілі бір деңгейіне (сыныбына) жатқызылған.
Экологиялық бұзылуды бағалау критериін таңдау геожүйелерді ранжирлеуді жалғастыруға, яғни табиғи аймақтарды экологиялық бүзылудың одан да төмен реттік деңгейлеріне бөлуге мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау жағдайлары бойынша табиғи аймақтарды біріктіру экологиялық жағдайын қалыптастыруға бағытталған бірдей шаралар жүйесін жасауға жағдай туғызады.
1 кесте
Қазақстанның геожүйелернің экологиялық бұзылу деңгейлері
№ |
Экологиялық бұзылу деңгейі |
Табиғи ортаның экологиялық бұзылу критериі |
Балл |
1 |
Апаттық |
Табиғат компоненттерінің қөпшілігінің терең, қалпына келмейтін өзгерістерге ұшырауы |
5 |
2 |
Қауіпті |
Табиғат компоненттерінін, көпшілігінің терең, бірақ қалпына келетін өзгерістерге ұшырауы. |
4 |
3 |
Шиеленіскен |
Табиғаттың кейбір компоненттерінің елеулі, бірақ қалпына келетін келеңсіз өзгерістерге ұшырауы. |
3 |
4 |
Қанағаттанарлық |
Табиғаттың құрамдас бөліктерінің құрылымының елеулі, бірақ қалпына келтіруі жеңіл өзгерістерге ұшырауы. |
2 |
5 |
Қолайлы |
Келеңсіз экологиялық өзгерістердің болмауы |
1 |
Провинция атауларында экологиялык жағдайды анықтайтын негізгі табиғи және антропогендік факторлар, оның ішінде табиғи зоналық, экономика мен табиғи ресурстарды пайдаланудың басты бағыттары көрсетілген.
Физикалық-географиялық аудандастырудың геоэкологиялық мақсатта қолданылатын ең объективті критериі ретінде генетикалық ұстанымды аламыз. Бұл ұстаным аумақтың түрлі деңгейдегі елдің, зоналар, провинциялар, округтер, аудандар (ландшафттар) табиғи аймақтық бірліктерге физикалық-географиялық топтануының себептерін, уақытын, сипатын көрсетеді.
Азоналық қатардағы ең жоғарғы (ірі) таксондық бірлік - физикалық-географиялық ел. Ол тектоникалық және геологиялық құрылысының бірыңғайлығымен, макрожер бедері мен макроклиматының ортақ белгілерімен, белдеулік ландшафттық зоналылықтың болуы не болмауымен сипатталады.
Ландшафттық зонаның ерекшелігі - жылулық және ылғалдану жағдайларының, топырақ пен өсімдік жамылғысының, экзогенді динамикалық процестерінің бағытының ортақтығы.
Елдер ішінен басты қасиеттері орографиясы мен жер бедерінің, жер беті тау жыныстарының, топырақ және өсімдік жамылғысының ортақ белгілері болып табылатын физикалық-географиялық провинциялар бөлінеді. Провинциялар физикалық-географиялық зоналар ішінде орналасады да, олардың шегінен шықпайды.
Физикалық-географиялық аудандастырудың ең төменгі және ең негізгі бірлігі - физикалық-географиялық аудан немесе ландшафт. Физикалық-географиялық аудан дегеніміз - пайда болуы, геологиялық құрылысы бірдей, жер бедері бір типті, климатының, гидротермиялық тәртібінің, топырағы мен өсімдігінің сипаттары ортақ аумақ.
Дәйекті деректердің аздығы, геоэкологиялық аудандастыру әдістемесінің жеткілікті зерттелмеуі Қазақстанның геоэкологиялық аудандастыруын біз атаған сызба бойынша, яғни геоэкологиялық аудандар (ландшафттар) рангінде керсетуге мүмкіндік бермейді. Осы жағдайға және зерттелетін барлық аймақтар бойынша экологиялық деректердің жоқтығына байланысты геоэкологиялық аудандастырудың қосымша аралық таксондық бірлігін бөлу қажеттілігін тудырды. Ауқымы бойынша шектеулі өнеркәсіп, қала не басқа ауданның нүктелік, жергілікті, шектен тыс ластануы осы экологиялық қасиеттері бойынша қоршаған ортаның қолайлы жағдайларынан ерекшеленіп тұратын экологиялық жағдайы ауытқыған (аномалды) аймақты геоэкологиялық анклав деп атауға болады (ғылыми өдебиеттерде: анклав қасиеттері әртүрлі кеңістікпен қоршалған аумағы жағынан белектенген үлескі деп түсіндіріледі).
Қазақстанның геоэкологиялық аудандастыруының ұсынылып отырған сызбасындағы ең төменгі бірлік - геоэкологиялық анклав болып табылады.
2-кесте
Қазақстанның геоэкологиялық аудандары.
Физикалық география |
Геоэкологиялық провинция |
||
ел |
зона |
таулы аудан |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
А. Шығыс Европа жазығы |
дала |
———— |
1. Еділ-Сырт құрғақ дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу) 2. Орал-Елек құрғақ дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу, урбаөнеркәсіптік)
|
шөлейт |
———— |
3. Еділ-Жайық шөлейт (мал шаруашылығы) 4. Жайық алды шөлейт (мал шаруашылығы, мұнай өндіру) |
|
шөл |
———— |
5. Каспий маңы шөл (мал шаруашылығы, мұнай өндіру) |
|
Б. Орал таулы елі |
——— |
I. Оңтүстік-Жайық |
6. Мұғалжар таулы-дала (мал шаруашылығы, кен өндіру) 7. Орал сырты дала (егістік) |
орманды дала |
———— |
8. Есіл орманды дала (егістік) |
|
В. Батыс Сібір жазығы |
дала |
|
9. Тобыл маңы дала (егістік, кен өндіру) 10. Шағлы-Ертіс дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу, урбаөнеркәсіптік) 11. Ертіс маңы құрғақ дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу, урбаөнеркәсіптік) 12. Барабин дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу) 13. Құлынды құрғақ дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу) 14. Көкшетау дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу, рекреациялық) 15. Атбасар құрғақ дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу) 16. Теңіз құрғақ дала (ауыл шаруашылық жер өңдеу, урбаөнеркәсіптік) 17. Ерементау-Баянауыл құрғақ дала (мал шаруашылығы, урбаөнеркәсіптік) |
|
|||
Г. Сарыарқа (Қазақтың ұсақ шоқысы) |
шөлейт |
———— |
18. Ұлытау шөлейт (мал шаруашылығы) 19. Сарысу-Қызылжар шөлейт (мал шаруашылығы, тау-кен) 20. Қызылтас шөлейт (мал шаруашылығы) 21. Шыңғыстау шөлейт (мал шаруашылығы) |
шөл |
———— |
22. Солтүстік Балқаш маңы шөл (мал шаруашылығы, урбаөнеркәсіптік) |
|
Д. Тұран жазығы |
дала |
———— |
23. Солтүстік Торғай құрғақ дала (мал шаруашылығы, егістік) |
шөлейт |
———— |
24. Оңтүстік Торғай шөлейт (мал шаруашылығы) |
|
шөл |
———— |
25. Маңғыстау шөл (мал шаруашылығы, мұнай) 26. Үстірт шөл (мал шаруашылығы) 27. Солтүстік Арал маңы шөл (мал шаруашылығы) 28. Бетпақ дала шөл (мал шаруашылығы) 29. Мойынқұм шөл (мал шаруашылығы, урбаөнеркәсіптік) |
|
———— |
30. Балқаш маңы-Алакөл шөл (мал шаруашылығы, егістік) 31. Төменгі Сырдария шөл (мал шаруашылығы, егістік) 32. Сырдария маңы шөл (ауыл шаруашылық жер өңдеу, урбаөнеркәсіптік) 33. Солтүстік Қызылқұм шөл (мал шаруашылығы) |
||
Е. Алтай таулы елі |
биіктік белдеулік |
II. Алтай |
34. Батыс Алтай таулы (урбаөнеркәсіптік, кен өндіру) 35. Оңтүстік Алтай таулы (рекреациялық, мал шаруашылығы) |
Ж. Сауыр-Тарбағатай–Жетісу таулы елі |
биіктік белдеулік |
III. Сауыр-Тарбағатай |
36. Жайсан тау аралық шөлейт (мал шаруашылығы) 37. Сауыр таулы (мал шаруашылығы, рекреациялық) 38. Тарбағатай таулы (мал шаруашылығы, рекреациялық) 39. Барлық-Майлы таулы (мал шаруашылығы) |
биіктік белдеулік |
IV. Жетісу-Алатауы |
40. Жетісу-Алатау таулы (мал шаруашылығы, рекреациялық) 41. Батыс Жетісу таулы (мал шаруашылығы, рекреациялық) |
|
З. Тянь-Шань таулы елі |
биіктік белдеулік |
V. Солтүстік Тянь-Шань |
42. Шу-Іле таулы (мал шаруашылығы) 43. Іле тау аралық шөл (мал шаруашылығы, егістік) 44. Іле сырты таулы (урбаөнеркәсіптік, рекреациялық) 45. Қырғыз жотасы таулы (мал шаруашылығы, рекреациялық) 46. Қаратау таулы (мал шаруашылығы, кен өндіру) |
биіктік белдеулік |
VI. Батыс Тянь-Шань |
47. Өгем-Талас таулы (мал шаруашылығы, рекреациялық) |
|
Жоғарыда аталған ұстанымдарға сәйкес Қазақстанның геоэкологиялық аудандау схемасында 8 физикалық географиялық елдер белінген, олар 47 геоэкологиялық провинциялардан тұрады (2 кесте).
Сонымен, геоэкологиялық аудандастыру белгілі бір аумақтағы қоршаған ортаны қорғау саласындағы жағдайдың кеңістіктік заңдылықтарын қөрсетеді. Экологиялық жағдайы бағаланатын аймақтардың экологиялық қасиеттерінің бірдей болуы, осындай геожүйелерде экологиялық жағдайды жақсарту және қалпына келтіруге бағытталған шаралардың да бірдей болуына мүмкіндік береді.
2. Қазақстанның геоэкологиялық провинцияларынын экологиялық жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді, бұл қоршаған ортаға антропогендік әсер факторларының кеңістікте орын алу түрлілігінің айғағы.
Техногенез қоршаған ортаға жан-жақты әсер етеді. Оның кері әсерінің ең үлкен белгісі - кең байтақ аумақ табиғатының экологиялық бұзылуы. Келеңсіз экологиялық жағдайлар, табиғаттың экологиялық тұрақсыздығы адамның тіршілік жағдайының, денсаулығының нашарлауына, табиғат ресурстарының жұтауына немесе жойылуына, геожүйелердің орта және ресурс қалыптастырғыш қасиеттерінің төмендеуіне әкеледі.
Табиғаттың экологиялық бұзылуы ластаушылардың сандық құрамымен қатар сапалық құрамына да байланысты. Ол белгілі аймақта қоршаған ортаны ластаушы өндіріс орнының ластау көлемі мен сипатына байланысты.
Экологиялық тұрақтылықтың бұзылуы - адам тіршілігіндегі қажеттілік пен өнеркәсіп технологиясы мүмкіндіктері арасындағы динамикалық тепе-теңдіктің өзгеру нәтижесі. Бұл табиғи-антропогендік жүйелерде экологиялық дағдарыстар туғызады.
Геожүйе құрылымындағы экологиялық дағдарыс жағдайының себептері мен пішіндері:
қалпына келмейтін табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалану;
шектелген ауданда шаруашылық нысандарының шоғырлану дәрежесінің жоғарылығы және урбандалуы;
биосферанын зиянды қалдықтармен ластануы;
адам өмірі мен демалысына қолайлы аумақтың қысқаруына байланысты табиғи-рекреациялык. ресурстардың жұтауы.
Геожүйеге антропогендік әсер ету үшін оның техногенезге тұрақтылығын ескеру қажет екендігі анық.
Айта кетейік, тұрақтылық - материалды жүйенің оны тепе теңдік жағдайынан шығаруға бағытталған күштерге қарсы тұру қабілеті . Географияда тұрақтылық дегеніміз - ландшафттардың немесе кез келген табиғи-антропогендік жүйенің қоршаған ортаның өзгеріп тұратын геодинамикалық жағдайында өз құрылымын және тіршілік ету қасиеттерін сақтау қабілеті. Геоэкологиялық тұрақтылық - геожүйенің техногенезге қоршаған ортасының экологиялық жағдайын қолайлы етіп сақтай отырып, қарсы тұру қабілеті.
Табиғат жүйелерінің экологиялық тұрақтылығының деструкция дәрежесіне дейін бұзылуы, әдетте бірнеше түрлі антропогендік (техногендік) факторлар әсерінен болады. Осыған байланысты геожүйе тұрақтылығының маңызды қасиеті - табиғи ортаның экологиялық орнықсыздануға ұшырағаннан соң өзін-өзі реттеу, өздігінен қалпына келу қасиеттері.
Қазақстан табиғатының қазіргі геоэкологиялық жағдайы оның елеулі қарама-қайшылығымен сипатталады. Қазақстан геоэкологиялық провинцияларының басым бөлігіне қоршаған ортаның экологиялық орнықсыздануының қанағаттанарлық деңгейі тән (47,2%). Шиеленіскен және қауіпті деңгейлері республика ауданының сәйкесінше 26,1% және 6,3%. Апаттық жағдай аумақтың 1,5%-да байқалады. Қазақстан аумағының біршама бөлігінде (18,9%) қолайлы деңгейдегі экологиялық жағдай сақталған.
Айта кететін жағдай, геоэкологиялық провинциялардың экологиялық жағдайы біркелкі емес. Геоэкологиялық қолайлы жағдай фонында барлық жерде дерлік экологиялық орнықсыздану деңгейі жоғары немесе керісінше төмен оқшау ошақтар кездеседі. Әдетте олар қалалар, аумақтық өндірістік кешендер, кен өндіру өндіріс орындарымен байланысты.
Қазақстан аумағындағы 71 геоэкологиялық анклавтардың әрқайсысы өзі орналасқан геоэкологиялық провинцияның қолайлы экологиялық фонында экологиялық бұзылу деңгейінің жоғарылығымен ерекшеленеді. Сондықтан осы анклав кеңістігінде коршаған ортаны экологиялық калпына келтірудің шұғыл шараларын іске асыру қажет.
Аталған геоэкологиялық анклавтардан да басқа Қазақстан аумағында экологиялық бұзылған аймақтар бар. Олардың қатарына әскери-сынақ полигондарының үлкен аймақтары, тау-кен өнеркәсібі үлескілерінің біразы, қалалар мен өнеркәсіп орындарына ұштасып жатқан өзен мен көлдер кіреді. Оларды көрсетуге геоэкологиялық аудандау схемасының ұсақ масштабы, олардың экологиялық жағдайын сипаттайтын деректердің жоқтығы кедергі болды.
Қазақстан геожүйелерінің экологиялық тепе-теңдігін табиғат қорғаудың алдын алу және экологиялық қалпына келтіру шаралар кешенін жоспарланған, бағытталған түрде іске асыру арқылы қалпына келтіруге, сақтауға болады. Бұл шаралардың қатарында:
атмосфералық ауаның ластануын болдырмау;
жер беті мен жер асты суларын ластауға жол бермеу;
топырақтың су және жел эрозиясын болдырмау;
техногенез үрдісінде бұзылған топырақ-жер алқаптарын рекультивациялау;
техногенез әсерінен жойылуға айналған кішігірім өзендер мен көлдерді қалпына келтіру;
өсімдіктер дигрессиясы мен малды шектен тыс жаю салдарынан бұзылған шалғынды-жайылымдық алқаптарды қалпына келтіру;
тау ормандары, тоғайлар, аралдық, далалық қарағайлы ормандарды, сексеуілдіктерді қалпына келтіру;
радиациялық қауіпсіздікті қалпына келтіру және әскери сынақ полигондары жерлерін рекультивациялау;
қала, ауылдық елді-мекендер тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету т.б.
Қазақстанның бұзылған геожүйелерін геоэкологиялық анклав рангісінде қалпына келтірудің ішінде экологиялық бұзылу деңгейі апаттық және қауіпті аймақтарда мемлекеттік және мемлекетаралық табиғатты қорғау бағдарламалары түрінде іске асырылатын ұзақ мерзімді экологиялық шаралар кешені маңызды орын алады.
Қазақстан және шекаралас аумақтар табиғатының экологиялық тепе-теңдігін сақтауға септігін тигізетін ғаламдық экологиялық мәселелерге мынадай шешілмеген мәселелерді жатқызуға болады: ғаламдық шөлдену, Арал, Каспий теңіздері және Балқаш көлінің табиғат апаттары, бұрынғы әскери-ғарыштық полигондардың радиациялық қауіпсіздігі т.б. Бұл мәселелерді шешу ғылыми практикалық шешімдер қабылдауды, қажетті экологиялық жобаларды іске асыру үшін ірі қаржылық инвестицияны керек етеді.
Табиғатты пайдалануды басқару мәселелерін шешуде геоэкологиялық аудандастырудың маңызы, өзектілігі зор. Бұл ұғымға табиғат құбылыстары мен үрдістерін қоғамға қолайлы бағытта өзгертуге арналған шаралар кешені де енеді. Бұл жағдайда жергілікті табиғат жағдайларының ерекшеліктері жан-жақты ескерілуі қажет. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын қалпына келтіруге бағытталған еңбек пен қаржыны көп қажет ететін шаралар кешенін геожүйелерді экологиялық қайта құру стратегиясы деп атаймыз.
Табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мәселелерді сәтті зерттеп, шешу тек қоршаған ортасы экологиялық түрғыда бұзылған аймақтардың жергілікті табиғат жағдайларының ерекшеліктерін жан-жақты ескеру арқылы ғана, яғни геоэкологиялык негізде ғана жүзеге асады.
Әдебиеттер:
Негізгі:
Комарова, Н.Г. Геоэкология и природопользование : учебное пособие для высш. пед. учеб. заведений / Н.Г. Комарова. – М. : Издательский центр «Академия», 2003. – 192 с.
Голубев Г.Н. Геоэкология. – М.: ТЕОС, 1999. – 337 с.
Новиков Ю.Н. Охрана окружающей среды. - М.: Высшая школа, 1987. С 286.
Петров.К.М. Геоэкология: основы природопользования. СПб.: Санкт-Петербургский государственный университет, 1994г, 216с.
Родзевич Н.Н. Геоэкология и природопользование: Уч.пос. – М.: Дрофа, 2003.
Степановских А.С. Охрана окружающей среды: - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000, 559 с.
Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана.-Алматы. КазГУ, 2000, 135 с.
Чигаркин А.В. Региональная геоэкология Казахстана. Учеб. пособие.-Алматы: Қазақ университеті, 2000, 225 с.
Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана географические аспекты природополъзования и охрана природы) Алматы: Қазақ университеті, 2006.- 414 с.
Ясаманов Н.А. Основы геоэкологии.М.: Академия,2003.- 352 с.
Қосымша:
Полетаев П.И., Швецов М.М. Рациональное природопользование и охрана окружающей среды. - М.: Знание, 1982. – 243 с.
Рыспеков Т.Р. Мониторинг природной среды. Алматы: Қазақ университеті, 2003, 156 с.
Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2006.-246б.
Обзор. Окружающая среда и устойчивое развитие в Казахстане. Алматы, 2004 г.
Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы.
Сулеев Д.К., Сагитов С.И. и др. Экология и природопользование. Алматы: Ғылым, 2004
Трушина Т.П. Экологические основы природопользования – Феникс 2003-384 с.
Тонкопий М.С. Экология и экономика природопользования.- Алматы: Экономик'C, 2003.-592c.
«Экология и промышленность Казахстана» республиканский информационно-аналитический журнал.
www.minagri.kz
http://eco.gov.kz/.
www.ecologylife.ru
http://www.ecoobraz.org/
http://www.climate.kz/
http://books.nap.edu/catalog/6365.html.
http://www.rsl.ru/
