
- •Негізгі түсініктер мен ұғымдар.
- •Қазақстан табиғи ортасының экологиялық жағдайы.
- •Климат және Қазақстанның экологиялық жағдайы.
- •Атмосфераның ластануын бақылау.
- •Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары.
- •Қазақстан Республикасындағы жер беті және жер асты суларының геоэкологиялық мәселелері
- •Трансшекаралық өзендердің антропогендік өзгерулері
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Каспий теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
- •Қазақстан топырақ ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы.
- •Топырақ экологиясының өзгерістерін бақылау және бағалау.
- •1 Сурет- Қазақстан ауыл шаруашылық жерлерінің эрозияға ұшырауы.
- •Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы.
- •Қазақстанның геожүйелернің экологиялық бұзылу деңгейлері
1 Сурет- Қазақстан ауыл шаруашылық жерлерінің эрозияға ұшырауы.
ҚР АШМ мәліметтері бойынша.
Топырақ дегумификациясы дала зонасындағы тың жерлерде көрсетілген және шөлді жерлерде ол дефляциялық үрдіспен қоса жүретін ирригациялық эрозия (1,8 млн.га) және шектен тыс мал жаюмен байланысты.
Суармалы топырақтардың сортаңдануы 376,7 мың га аумақтағы суармалы егістіктің сор, сортаң және гидроморфты топырақтарынаға тән. Суаруға жарамды 2,4 млн. га жердің 0,5 млн. га жуығы ирригациялық жүйенің дұрыс жұмыс жасамауы мен екінші реттік тұздануға ұшырағандықтан іске жарамай отыр.
Көлдердің құрғауынан топырақтын тұздануы. Тұздану батпақты топырақтардың құрғауынан жүреді, ол судың физикалық қасиеттерінің нашарлауы мен сортаңдардың пайда болуын тудырады.
Топырақ және грунт суларының химиялық ластануы ақаба сулардың шығарылуымен, минералды тыңайтқыштармен, миллиардтаған тонна өнеркәсіптік қалдықтарының жинақталуы нәтижесінде байқалады. Қорғасын, кадмий, мыс, хром, никель секілді металдардың ШРК ондаған, тіпті жүздеген есеге көбейгені анықталған.
Техногендік шөлденулер индустриялық өндіріс, транспорттық және инженерлік инфроқұрылымдар құрылысы аудандарында басым келеді. Ауқымды техногенді бұзылулар 181,3 мың га аймақта, оның 87,6 мың га - пайдалы қазбалар өндірген кезде байқалған. Мұнай - газ құбырлары шөлденуге ұшыраған жерлермен кезектесе отырып, оларда жиі болатын апаттар кезіндегі қалдықтары өсімдік, ауа және топырақтың ластану қаупін тудырады. Жоғары вольтті электр сымдары бос жатқан жерлердің инфро құрылымдық коридорын құрып, ортаның электромагниттік ластану көзі болып табылады. Космостық және әскери полигондардың экожүйе мен адамзатқа теріс әсері техногендік шөлденудің айрықша түрлерін қалыптастырады.
Соңғы жылдары халықтың Арал және Балқаш маңы аумақтарынан жаппай көшуі де жердің азып-тозуы мен шөлденуге ұшырағанының басты дәлелі.
Республика бойынша эрозияға шалдыққан ауылшаруашылығына пайдаланылатын жерлердің ең көп үлесі Алматы, Атырау, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарына тиесілі.
ҚР аумағында қазіргі уақытта Байқоныр ғарыш айлағы, Сарышаған полигоны, «Капустин Яр» төртінші мемлекеттік орталық полигоны, 929−шы мемлекеттік жазғы сынақ орталығы және басқалары жұмыс істейді. Жердің ластануы ғарыш айлағы мен полигон аумақтарында, және ғарыш зымырандары бөліктерінің құлау аудандарында жиі болады.
Сонымен, жерді өндірістік және ауыл шаруашылық мақсатта пайдалануда, әсіресе суармалы жерлерде топырақтың әртүрлі улы химикаттармен, минералды тыңайтқыштармен, жеңіл еритін тұздармен және өнеркәсіп қалдықтарымен ластануы қарқынды түрде жүреді. Осының барлығы жеріміздің құлазыған сары далаға, шөлге айналуына әсерін тигізеді.
Сырдария өзеніндегі судың минералдануының көбеюі нәтижесінде Шығыс Арал маңындағы үлкен аумақта сортаң жерлер ұлғайып, шөлейттену үрдісі қарқындап келеді. Республикадағы «қорғанысқа» берілген жалпы жер көлемінің жартысына жуығы ластанған және бұзылған. Қазіргі кезде Қазақстан жерінің 33,6 млн. га жері соғыс полигондарының кесірінен бүлінгені анықталып отыр.
Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30% жоғалтты.
Каспий маңындағы мұнай өндіретін аймақтарда 1,5 млн.га техногендік зонаны, 1,9 млн.га құлдыраған жайылымдарды, 6 мың га мұнай өнімдерімен және 300 мың га радиоактивті қалдықтармен ластанған жерлерді қосқанда 4,3 млн.га астам жер бұзылған.
Одан басқа бүгінгі күні Қазақстанда 20 млрд.т астам өнеркәсіп қалдықтары жинақталған, ал өнеркәсіп қалдықтарының жылдық жиынтығы 1млрд.т құрайды. Сонымен қоса, жылына 14 млн.м3 тұрмыстық қалдықтар шығарылады, оның негізгі бөлігі ұйымдастырылмаған қоқыстарда орналасады. Террикондар, үйінділер, карьерлер, бұрғылау скважиналары, қоймалар есебінен 60 мың га астам жердің үлкен аумақтары бос жатыр.
Топырақтардың ауыр металдармен қатты ластануы еліміздегі урбандалған және өнеркәсіптік орталықтарда байқалады: Өскемен, Риддер (бұрынғы Лениногорск), Зырянов, Глубокое (қорғасын, мыс, кадмий, мырыш), Ақтөбе (хром, никель, ванадий), Жамбыл (фтор, стронций), Шымкент (қорғасын, мырыш, фтор, кадмий), Кентау (қорғасын, барий), Теміртау (сынап), Жезқазған (мыс), Екібастұз (қорғасын, никель, мыс, хром), Текелі, Талдықорған (қорғасын, мырыш, кадмий), және Алматыдағы ЖЭО-2 маңында (фтор, кадмий, хром, стронций).
Қазақстан үшiн елеулi iшкi қатердi бiлдiретiн жердiң шөлейттенуi мен тозу проблемасы шаң-тұз дауылының пайда болуы және ауа массаларының ластаушы заттарды алыс қашықтыққа жеткiзуi нәтижесiнде бiртiндеп трансшекаралық мәселеге айналуы мүмкiн.
Жердің шөлденуі. Территориясының үлкен бөлігі құрғақшылық зонада орналасқан Қазақстан үшін шөлдену мәселесі өзекті, болып табылады. Қолда бар мәліметтер бойынша ел аумағының шамамен 75%-ы қоршаған ортаның экологиялық бұзылуының (дестабилизация) жоғары деңгейіне жатқызылады.
ҚР шөлдену үрдісінің дамуына табиғи фактормен қоса антропогендік фактор да себепші болып табылады.
Қазақстанда шөлдену үрдісінің дамуына әсер ететін негізгі табиғи факторларға: климаттың құрғақтығын анықтайтын елдің континент ортасында орналасуы, су ресурстарынын тапшылығы және әркелкі таралуы, құмдардың (30 млн. га дейін), сор және сортаң (93 млн.га астам) жерлердің кеңінен таралуы жатады. Топырақ-өсімдік жамылғысының нашар қалыптасуы мен құрғақшылық әсерінен топырақ түзілуінің маусымдық ерекшеліктерінің бұзылуы да жердің азып-тозуына (шөлдену) алдын-ала жағдай жасайды. Қазақстанның мұндай табиғи ерекшеліктері табиғи ортаның антропогендік әсерге тұрақтылығының әлсіздігін көрсетеді.
2. Экологиялық бағалау мен болжаудың негізгі міндеті, жоспарланып отырған қызметті егжей-тегжейлі талдаудың нәтижесінде осы жоба үшін таңдалатын жер учаскесіне, тұрақты және өтпелі пайдаланылатын бөлімдерге, құрылыс әдісін және құрылыс соңындағы (рекултивациялау) қайта қопсыту және т.басқаларға ғылыми көзқараста қорытынды шешім беру.
Бұл бағалау тек ауыл шаруашылығында қолданылатын топырақтарға ғана емес, сонымен қатар табиғи фитоценоздар алып жатқан алқаптар мен барлық географиялық зоналарды камтиды, өйткені топырақтың өсімдік жамылғысының бұзылуы, бір-бірімен тізбектеп орналасқан экологиялық кері әсерлердің себебі болуы мүмкін (өсімдіктер алқаптарын су басып кетуі, жануарлар ареалының азаюы және т.б.).
Топырақтың күйін бағалаудың ресурстық белгілерін өлшеу параметрлерін қамту (механикалык және т.б.), экожүйенің күйін түгелдей бағалаудың негізі болып табылады, өйткені топырақ қасиетінің нашарлауы экологиялық қауіпті зоналардың пайда болу факторларының ішіндегі ең негізгілерінің бірі.
Топырақ ластануының интегралды көрсеткіштерінің біреуі оның фитотоксикологиялығы (топырақтың жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің өсіп дамуын басып тастауы) және гепотоксикологиялығы (топырақ биотасының құрылымдық-функционалдық қабілетіне әсер етуі) болып табылады.
Топыраққа химиялық әсер әр түрлі әдістермен, әртүрлі ластаушы көздер арқылы тікелей немесе жанама жолдармен ластануы мүмкін.
Тікелей ластау ластаушы заттардың топырақ бетіне тікелей түсуі (қатты тұрмыстық қалдықтардың тасталуы, мұнайдың ағуы, түрлі улы сұйықтықтар, тыңайқыштар, әртүрлі улы химикаттар және т.б.).
Жанама жолмен ластану-ластағыш заттардың аэрогенді жолмен және жер асты суларымен топыраққа түсуі. Бұл ластану түрлерінің әрқайсысы немесе бірнешеуі бірден жоспарланып отырған антропогендік қызметпен байланысты болуы мүмкін.
Белгілі бір топырақтың биогеохимиялық қасиеттерінің негізінде топырақтың ластануы мен оның салдарының мүмкіндігін бағалаудың міндеті - топырақтағы және онымен бірлескен ландшафттың компоненттеріндегі ластағыштардың миграциясының заңдылықтарын, трансформациясы мен аккумуляциясын және олардың кері әсері болуының алдын алу үшін зиянды әсерлерді азайту болып табылады.
Топырақтың ластану критерийлеріне ластағыштардың шекті мөлшерлі концентрациясы немесе шекті мөлшерлік деңгейі (ШМД) ұғымдары да жатады. Өкінішке орай әзірше олар ластағыштардың аздаған тобына ғана жасалып анықталған.
Топыраққа антропогендік қызмет нәтижесінде жасалатын әсерді бағалау, атмосфераға әсерді бағалау жұмысынан әлдеқайда күрделі, өйткені, топырақтың әр түрлі типтеріндегі техногенді ағындар жеткілікті дәрежеде зерттелмеген.
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге қажетті топыраққа жасалатын әсерді бағалау үшін төмендегі сипаттамалар мен жұмыстарды ескеру қажет:
Объекті әсер ететін зонадағы топыраққа сипаттама (физика-химиялық қасиеттері, құнарлылығы), топырақ қабаты күйінің бағалануы.
Объектінің әсер ететін зонасындағы топырақты қолдануға, оның сапасын төмендетуге шектеулер қою.
Топырақ қабатын территорияның өндіріс қалдықтары және басқа ластағыштармен ластануын ескеріп, әсеріне сипаттама (қауіптілік класы, түрі, улылығы, қалдық көлемі, калдықтар жиналған алаң ауданы және т.б.).
Топырақтың объекті құрылысы кезінде сыдырылып алынатын құнарлы қабатын тасымалдау және сақтау жөніндегі шешімдердің үйлесімділігі.
Топырақ касиеттерінің төмендегілердің әсерінен өзгеруінің болжамы.
жаңа рельефтер жасау үшін территорияны қайтадан түзету;
табиғи үрдістер белсенділігінің өзгеруі;
территорияның құрылыс қалдықтарымен және уақытша өндіріс қалдықтарымен ластануы.
Апат бола қалған күнде топырақ қасиетінің өзгеруін болжау.
Жобаның шешімдерін іске асыру кезіндегі топырақтағы мүмкін болатын өзгерістер.
Әсер етілген территорияны қалпына келтіру жұмыстары.
Қалдықтарды залалсыздандыру және жою жұмыстары.
Территорияны су басып кетуден инженерлік қорғау жұмыстары.
Бұзылған топырақтарды қалпына келтіру жұмыстары (ағын қалдық сулардың жиналуы, техникалық және биологиялық өндеу), қайта қалпына келтіру мерзімдері.
Негізгі топырақ пайдаланғышқа жобаны іске асыруда табылатын пайдасын қосып есептегендегі келтірілген шығынның көлемі.
Табиғат қорғау жұмыстарының көлемі және компенсациялық жұмыстардың қайта қалпына келтіру және апат болған жағдайдағы жұмыстарды ескеріп құнын бағалау.
ҚР аумағындағы шөлдену үрдісін тоқтату мақсатында ҚР Үкіметі 2005 жылдың 24 қаңтарында 2005-2015 жылдарға арналған шөлденумен күрес Бағдарламасын қабылдады. Бағдарламаның негiзгi нәтижелерi шөлейттену процестерiн болдырмау және жердiң тозу ауқымын қысқарту, шөлейттенумен күрестiң экономикалық тетiктерiн енгiзу, ауыл шаруашылығы жерлерiнiң өнiмдiлiгiн арттыру болмақ.
Бағдарлама барысында бірінші кезеңде (2005-2007жж.) келесі шараларды өткізу қарастырылады (ҚР жер қорларын басқару агенттігі жүйесіне қарасты):
республикадағы азған жерлерді есепке алу, тізімдеу (инвентаризация) және 1:1000000 масштабтағы жердің деградациясы мен шөлдену картасын құрастыра отырып, территорияның шөлдену үрдісіне шалдығу деңгейін бағалау;
азған жерлердегі биологиялық әртүрлілікті зерттеу және бағалау;
Қызылорда облысындағы екінші реттік тұздануға ұшыраған суармалы жерлерді өңдеу мен қайта қалпына келтіру бойынша жобаны құрастыру және оны жүзеге асыру.
Республикадағы топырақ жамылғысының ластануының экологиялық мәселелері күннен-күнге қауіп төндіріп, тез арада шешімдер қабылдау қажеттігін талап етеді. Бұл ұлттық қауіпсіздік пен егемендігімізге төнген қауіп, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздік сұрақтары. Ең ақырында ұлттық абыройымыз бен құндылығымыздың көрінісі. Сол себептен де ол кезек күттірмейтін мәселелер қатарына жатады.
Топырақты экологиялық қорғаудың негізгі бөлімдерінің құрамына:
топырақты жел және су эрозиясынан қорғау;
топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында оны өңдеу жүйесі мен ауыспалы егістікті ұйымдастыру;
мелиоративтік шаралар (топырақтың сортаңдануы, батпақтануымен күресу);
бұзылған топырақ жамылғысын рекультивациялау;
топырақты ластанудан, ал пайдалы флора мен фаунаны жойылып кетуден қорғау;
ауылшаруашылық айналымындағы жерлердің себепсіз алынуының алдын алу жатады.
Топырақты қорғау аймақтық ерекшеліктерді міндетті түрде есепке ала отырып, күрделі табиғи түзіліс ретінде (экожүйе) кешенді шешімдер қабылдау арқылы жүзеге асырылады.
Республикадағы жер ресурстарының ластануының алдын-алу және қорғау үшін шөлейттенудiң көлемi мен құрғақшылықтың терiс әсерiнiң алдын алуға және қысқартуға, тозған жерлердi және топырақтың құнарлылығын қалпына келтiруге, ресурстық базаны сақтауды және/немесе қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн, халықтың экологиялық қауiпсiздiгiн нығайтатын тұрақты жер пайдаланудың экономикалық тетiктерiн әзiрлеу мен енгiзуге, сондай-ақ шөлейттенумен күрес процесiнде халықтың кең қауымының хабардар болуы мен қатысуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар әзiрлеу және бекiту қажет.
Әдебиеттер:
Негізгі:
Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаева Г.З., «Экология» (оқулық) Алматы 2001.
Жамалбеков Е., Білдебаева Р. Топырақтану және топырақ географиясы мен экологиясы. Алматы: Қазақ университеті, 2006.-246б.
Каримов А.Н. Экологиялық сараптама.бағалау. бақылау. Алматы, 2003.
Голубев Г.Н. Геоэкология.-М.: ТЕОС, 1999-337с.
Корбкин В.И., Передельский Л.В. Экология: Учебник для вузов.-ростов н/Д: Феникс, 2008.-602с.
Родзевич Н.Н. Геоэкология и природопользование: Уч. Пос.-М.:2003.
Степановских А.С. Охрана окржающей среды:-М.:2000,559 с.
Чигаркин А.В. Геоэкология Казахстана ( географические аспекты природопользования и охраны природы) А.: Қазақ университеті, 2006.
Ясаманов Н.А. Основы геоэкологии. М.: Академия, 2003.-352 с.
Қосымша:
Информационный бюллетень о состоянии окружающей среды Республики Казахстан. Выпуск 12). (2009 г.) Астана, 2010.
Подобедов Н.С. Природные ресурсы Земли и охрана окружающей среды.-М.:Недра, 1985. 240 с.
Обзор. Окружающая среда и устойчивое развитие в Казахстане. Алматы, 2004 г.
Концепция экологической безопасности Республики Казахстан на 2004-2015 годы.
«Экология и промышленность Казахстана» республиканский информационно-аналитический журнал.
www.minagri.kz
http://eco.gov.kz/.
www.ecologylife.ru
http://www.ecoobraz.org/
http://www.climate.kz/
http://books.nap.edu/catalog/6365.html.
http://www.rsl.ru/
№ 6 Дәріс
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының геоэкологиялық аудандастырылуы.
Дәріс жоспары: