- •Негізгі түсініктер мен ұғымдар.
- •Қазақстан табиғи ортасының экологиялық жағдайы.
- •Климат және Қазақстанның экологиялық жағдайы.
- •Атмосфераның ластануын бақылау.
- •Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау және қорғау жолдары.
- •Қазақстан Республикасындағы жер беті және жер асты суларының геоэкологиялық мәселелері
- •Трансшекаралық өзендердің антропогендік өзгерулері
- •Арал теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Каспий теңізінің экологиялық мәселелері.
- •Балқаш көлінің экологиялық мәселелері.
- •Қазақстан топырақ ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы.
- •Топырақ экологиясының өзгерістерін бақылау және бағалау.
- •1 Сурет- Қазақстан ауыл шаруашылық жерлерінің эрозияға ұшырауы.
- •Қазақстанның геоэкологиялық аудандастырылуы.
- •Қазақстанның геожүйелернің экологиялық бұзылу деңгейлері
Қазақстан топырақ ресурстарының қазіргі экологиялық жағдайы.
Топырақ экологиясының өзгерістерін бақылау және бағалау.
1. Қазақстан аумағында физикалық-химиялық қасиеттерімен және құнарлылық деңгейімен ерекшеленетін топырақтың көптеген түрлері кездеседі. Қазақстанның жалпы көлемі 272 млн.гектардан астам, оның 235 млн.гектары топыраққа, ал қалған 7,5 млн. гектары теңіздер, көлдер, су қоймалары мен мұздықтарға тиесілі.
Қазақстан жазықтарының топырақтары 201 млн.га, ал таулы аудандар топырақтары 34 млн.гектарды алып жатыр. Қара топырақ үлесіне 27,5 млн.га, қызғылт топырақ үлесіне 90,5 млн.га, қоңыр және сұрқоңыр топырақ үлесіне 119,4 млн.гектардан келеді.
Республика аумағында егін шаруашылығына жарамсыз немесе жарамсыздығы төмен топырақтар кең дамыған. Мысалы, құмды массивтер 27 млн.га, тұзды топырақтар – сортаң мен сорлар - 20 млн.га жерді алып жатыр.
Қазақстанның топырақ жамылғысының айрықша экологиялық қасиеті оның кешенділігі, яғни шағын ауданда топырақтың көп түрінің кезектесіп кездесуі. Топырақтардың кешенділігі климаттың құрғақшылығына, жер бедерінің біркелкі болмауына, геологиялық құрылысы мен топырақ түзуші жыныстардың алақұлалығына байланысты. Бұл жағдай өз кезегінде Қазақстан ланшафттарының өсімдік жамылғысы ерекшеліктерін және жерді ауыл шаруашылық мақсатта қолдануды анықтайды.
Қазақстан топырақтарының жарамсыз экологиялық қасиеттері мыналар: кешенділігі, эрозияға бейімдігі, тұздылығы, табиғи құнарлығының төмендігі. Бұған себеп табиғи факторлар (табиғи шөлдену үрдісі), оның ішінде құмдақты-саздақты механикалық құрамымен бірге шаруашылыққа тиімсіз пайдаланылуы. Топырақты өңдеудің агротехникалық ережелерін сақтамау жел және су эрозиясының белсенділігінің артуына, топырақтың ескіріп құнарлылығын жоғалтуына, соның салдарынан жыртылатын топырақтың қарашірік қабаты таусылады. Республикада топырақтың жел эрозиясына (дефляция) 45 млн.гектар, ал 19 млн.гектар жер су эрозиясына ұшыраған. Солтүстік Қазақстанның 11 млн.га бұрынғы тың жерінде топырақ құнарлылығын жоғалтуы байқалады.
Қазақстанның көп бөлігі құрғақ зонада орналасқан және аумағының шамамен 66 %-ы әртүрлі деңгейде шөлдену үрдісіне ұшыраған. Оларға: өсімдік жамылғысының азуы, құм дефляциясы, су эрозиясы, Арал теңізінің тартылуына байланысты суармалы жерлердің тұздануы, топырақтың сортаңға айналуы, техногендік шөлдену, топырақтың өнеркәсіп қалдықтарымен, улы заттармен және басқалармен ластануы.
Шөлденуге ұшыраған дүние жүзіндегі көптеген елдер сияқты Қазақстанда да шөлденудің себептері: малды шектен тыс жаюдан жайылымның 49 млн.га жері азған, жер өңдеудің жетілдірілмеген жүйесінің әсерінен егістіктегі 10,4 млн.га жердің 1/3 шөлденуге ұшыраған, пайдалы қазба кен орындарын өндіру-құнарлы ауылшаруашылық жерлердің шамамен 10 млн.гектары бұзылған және т.б.
Жердің ластануы. Республиканың едәуір аумағында жерлердің химиялық және басқа қосылыстар, заттармен, өндіріс және тұрмыстық қалдықтармен ластануы жүруде. Бұл жағымсыз әсерлер өнеркәсіп кәсіпорындары, көлік трассалары және мұнай құбырларына жақын, жалғасып жатқан аумақтарға сипатты болып келеді.
Негізгі ластаушыларға радионуклидтер, ауыр металлдар, мұнай және мұнай өнімдері жатады. Қазақстанда жердің азып-тозуының (деградация) келесі түрлері кездеседі:
Топырақтын жел эрозиясы (дефляция) бүкіл жазық ланшафттарды қамтиды, оның ішінде 20,5 млн.га егістік, шамамен 25 млн.га жайылым жерлер. Осы жайылымдарда құмды шөлдену кең дамыған. Жер өңдеудің озық жүйесі қолданылатын егістіктерде дефляцияның саябырлайтыны байқалуда.
Су эрозиясы 19,2 млн.га эрозиялық қауіпті аудандарда көрсетілген. Беткейлік егістіктерден жылдық ағыны 5 млрд.м3 астам жаңбыр мен еріген қар сулары 60 млн.т дейін топырақты шайып әкетеді. Су эрозиясына 11,9 млн.га даланың қара топырағы мен қызғылт топырақ ұшыраған. Шөлде 3,5 млн.га, тау және тау етегінде 3,0 млн.га жер деградацияға ұшырап, оның 0,5 млн.га ирриграциялық шайылуға шалдыққан. Ирригациялық эрозия суармалы жерлерде кеңінен таралған.
