
- •Білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздері
- •2.Көзқарас,
- •Жүрек Кәсіби тұтастық
- •Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім
- •Білім алу дегеніміз не?
- •Оқудың мотивациялық және аффективті теориялары
- •2. Пiшiндеу – «Жанама тәжiрибе»
- •3. Әлеуметтік сенім
- •4. Физиологиялық факторлар
- •1. Тәжiрибе – Қол жеткізілген нәтиже
- •Жақын арадағы даму аумағы
- •Көпіршелер және олардың жада-ға қатынасы
- •Қалай оқу керектігін үйрету
- •Балалар қалай оқитынын назарда ұстау
- •Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту
- •Метатану аспектілерін санаттау
- •Қалай оқу керектігін үйрету
- •Метатану дегеніміз не?
- •Өздігінен реттелетін оқуды мұғалімдер қалай ынталандыра алады?
- •Ерте жастағы оқушылар метатануға қабілетті ме?
- •Оқушылардың пікірін назарға алу
- •Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы
- •Рефлективтік білім беру
- •Балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерінен табуды қажет ететін негізгі ерекшеліктер:
- •Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
- •Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы
- •Білім беруде акт қолдану
- •Сандық бейнені (видео) қолдану Бағдарламалық жасақтама (бж)
- •Подкастқа не қосуға болады?
- •Білімнің технологиялық аспектілері (бта)
- •Білім берудегі басқару және көшбасшылық
- •Тәжірибенің өзгеруі, білімдердің жинақталуы
Мұғалім
жұмысының тиімділігін анықтау өлшемі
жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді:
ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі
т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері
т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім
алуына ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда
аталған барлық факторлардың жиынтығы
болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.
Оқытудың қандай жолы қолданылса да,
қарастырылатын екі көзқарас бар.
Біріншіден, оқушының жеке тұлға және
әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі,
екіншіден, білім берудің оқушы мен
мұғалім арасындағы қарым-қатынас
нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің
қасиеттерін бағалау барысында бағалаушы
факторлар жиынтығын пайдалана отырып,
қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін
ұғыну қажет.
Сындарлы
оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға
өз білімдері мен сенімдері жайында
ойланып, сұрақтар қойып, білімін
толықтырып, белгілі бір тақырыпты
оқып-білу кезеңінде өз түсінігін
өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс
оқушының өз болжамдарына күмәнмен,
сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы
әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің
түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу
мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл
түрінде оқушылар өте маңызды рөл
атқарады: олар құрбы-құрдастарымен
әлеуметтік байланыс жасау арқылы
белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім
оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып,
оқу материалы және өзге де қажетті
құралдармен қамтамасыз етеді, ал
оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз
түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне
ынталы болғаны абзал.
4
құралады.
Пажарес (1992) білім беру стилін таңдау
кезінде мұғалімнің білімділігінен
гөрі сенімге негізделген ой-тоқтамдарының
ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту
үдерісінде қалыптасқан көзқарастар
мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне
әсер етеді. Әдістемелік құралдар мен
оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы
іс-әрекеттеріне пәннің қалай
оқытылуы
керектігі жөнінде әбден қалыптасып
қалған пікірлер анағұрлым күштірек
ықпал етеді. 1.Сенім, 3.
Шешім, 4.
Іс-әрекет 1-сурет.
Мұғалімнің
сенімі оның көзқарасын, шешім қабылдауын
және іс-әрекетін нығайтады Алайда,
тамыры тереңге кеткен бұл сенімдер
мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау
қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын
білім беретін «дәстүрлі» стильмен
оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан
ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды
қалыптастырғылары келсе, өздерінің де
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта
отырып, жаңашыл идеяларды қабылдауға
да дайын болуы керек. Тиімді
оқыту Білім
берудің кешенді міндеттерін және
мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс
істейтіндігін ескерсек, тиімділік
деген
сөздің мағыналық анықтамасы нақты
емес, екіұшты болып шығады. Мұғалімдік
қасиет
–
күрделі феномен, оның мазмұны мен өлшем
құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ
3
2.Көзқарас,
Мұғалімдер
ұстаз мамандығының этикалық және
моральдік құндылықтарын ұстанады.
Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді;
оқушыларға аяушылық, мейірім және
құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер
білім саласындағы өзге мамандармен
өзара тығыз байланыста болып, оқытудың
басты құндылықтарын сезініп, қабылдау
мен тұжырымды пікірлерді бөлісуде
ұтымды әрекеттер мен шынайы қарым-қатынас
қалыптастыра алады. Сапалы білім беру
білім алуға мүмкіндік беретін нақты
жағдайларды туындатумен қатар, сол
жағдайлармен де тығыз байланыста
болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға,
ортаға және ресурстарға лайықтап нақты
кезеңде қолданылуы тиімді оқыту
элементтерін «реттеп» отырады. Расында,
оқытудың сапалы және табысты болуы
белгілі бір деңгейде мұғалімнің
қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе
алуына да тығыз байланысты. Сапалы
білім беру – мұғалім бейнесімен
танылатын сан алуан элементтер арасындағы
байланыс болып табылады, ол өзі белгілі
бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған
кезде жүзеге асырылады. Сапалы білім
беру оқушылардың, қоршаған орта және
оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің
бірлігі ретінде қарастырылады. Сапалы
және табысты оқыту жайында қорытынды
қалыптастыру Оқытудың
сапасын екі
тәсіл арқылы
анықтауға болады. Біріншісі,
бағалау оқу қызметінің нәтижесіне
байланысты болмай, мұғалімнің
іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына
сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының
тиімділігін, оқушылармен өзара
байланысының сипаты мен жиілігін
анықтау мақсатында жүргізіледі.
6
Осы
Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына
оқушының жан дүниесін жақсы түсіне
білу жөнінде нақты міндеттеме қойып
отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы
мұғалімнің оқушының
тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін
түсінуі
мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай
тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де
қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы
да өзінің оқуы үшін жауапты болады.
Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне
сабақ беру барысында мұғалім
қалыптастыратын ортада сезініп,
қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман
«үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған
қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту
жақсы болып саналады (1-кесте).
1-кесте.
Шульман
ілімің Бас
Кәсіби түсінік Тұғырлы
теориялық білімге негізделген және
оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті
білім болуын талап етеді. Сондай-ақ
тәжірибені түсіну, дамыту/ жетілдіру
үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін
қалай қолдану керектігін білуді
көздейді. Қол
Оқытудың тәжірибелік дағдылары Бұл
ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау,
түзету және оқытуды бағалау сияқты
тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре
білудің техникалық, тәжірибелік
дағдылары мен тәсілдерін білуді талап
етеді. Сонымен қатар ынталандыру,
көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін
жоспарлау және оқушыларды бағалау
әдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда
аталған дағдылар болған жағдайда,
мұғалім сабақ үстінде оқушылардың
оқуға ынтасы мен жоғары және сәйкес
деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай
қолайлы орта қалыптастырып, оның
тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.
5Жүрек Кәсіби тұтастық
Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім