Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нормативно-правовое обеспечение работы школьног...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

Психологический аспект в концепция предшкольной подготовки.

Садыкова С.М., педагог-психолог , детский сад № 61.

5-6 жастағы балалардың мектепке дайындығының негізгі шарттары

5-6 жастағы балалардың мектепке үйрену дайындығы ең басты мына шарттардан тұрады:

1. Физикалық даму деңгейі, медициналық көрсету бойынша денсаулықтың күйі, жұмысқа тапқырлығы, шыдамдылығын бекітеді. Тірек-қимылдағыш аппараттың дамуы және т.б.

2. Психикалық даму деңгейінің баланың мектепке деген дайындығын бекітеді. Рухани зияткерлік, еріктің, жұмылдандыру (жұмылдандыру) болып келеді. әр қайсысына тоқталып кететін болсам:

  • Рухани зияткерлік дайындығы – ол білім деңгейін ғана сипаттайды. Қоршаған орта жайында алғашқы білім деңгейі баланың айналадан құралатын және де көрнекілік-іс-әрекет ету, көрнекілік-елестету ойлаудың дамуы, шығармашылық-қиялдау, зейін, сөйлеу мүшелері жеткілікті болып келеді.

  • Ойлау іс-әрекетінің көрнекілігі, пәнінің нақты іс-әрекеті жолымен жүзеге асырылатын 6 жастағы бала сирек қолданады, тек басқа жағдайларда алдына есеп қойылғанда бірақ оның білімі мен тәжірибесі аз. Көбінесе ол ойлаудың көрнекілік-бейнелеуін қолданады.

  • Ойлаудың көрнекілік-бейнелеуі баланың шешім шығару үшін пәнге байланысты емес, ал оның бейнесінен тұрады. Балалар бұл жаста білімді ұғып, талдап қорыта ала білу керек. 6-7 жаста олардың түсініктері тереңдеп толық талдап қорыта алу керек. Балалар суретті бейнелеп айту керек.

Сөйлеу

Мектепке бару кезеңінде бала үйренетін тілінің көп жақты тілді жақтарына психологиялық икемділігін: сөздік, дыбыс құрамы, грамматикалық үйлес. Баланың сөздік саналуы 3000-нан – 3500-ге дейін жетеді. Балалар сөйлемде тек жеңіл ғана емес қиын, ауыр сөйлемдер құрастырып қолдануы тиіс. Бүкіл сөйлеу дыбыстарын дұрыс айту керек.

Ес

Мектепалды балалардың жасында еріксіз ес түрі басым болады. Саналы түрде қойылған мақсат жоқ. Ол жеңіл және көпке шейін есте сақтайды. Баланың ерікті ес дамуының маңызды көрсеткіші оның қабылдай алуында ғана емес, өз бетінше есеп қоя білу. Оның жасалған жұмысын қадағалау керек. Балаларда қозғалмалы-ес және жалынды (эмоциялық)-ес жақсы дамыған. Баланың есте сақтау қабілетін анықтау үшін мынадай тапсырмалар орындау керек. Суректе мұқият қарап алып, балаға психолог бірнеше сұрақтар қояды. Баланың жауабы толық қанағаттанарлық болмаса толықтырып көмек көрсетіледі. Бірнеше суретке (10сек.) қарап алып оны жауып қояды да, жанындағы бос төркөзге қайтадан салады.

Қиял

Мектепке келер алдында қиял ерекше айқындалады, баланың қиялын сипаттайды. Еріксіз елестетумен айқындалаиын жаңа түр – ол ерікті елестету. Ең алдымен ол рөлдік ойында айқындалады, содан кейін басқа қызмет түрлерінен алдын-ала жоспарланғанды талап ету керек. Теңістіру қиялдағы заттарға қатысты да әрекет етеді. Қиялды дамытуға көптеген жаттығулар өткізіледі. Мысалы: шығармашылық жұмыс, өз түсінді сал, бақыт деген не?, егер күнде жаңбыр жауса не болар еді?, деген сияқты жаттығулар өткізіледі.

Зейін

Бала ең алдымен еріксіз зейінге ие болады, соңына қарай мектепалды жасында ерікті зейіннің бастамасы айқындалады. Жаңа білім баланың психикасына өте маңызды. Бала еріктік зейіннің арқасында зейінді жақсы бөле алады. Бір жұмыспен 10-15 мин айналыса алады. Мысалы: суреттерге мұқият қарап, олардың айырмашылығын, ұқсастығын ажыратуға зейінін аудартады. Олардың киімінің ерекшелігі, түр-түсі, қимыл-қозғалысы т.б. нақты көңіл бөлу ұсынылады. Егер баланың зейін бөлуі нашар болса, онда ата-аналарға да ұсыныстар беріледі, үйде өткізуіне. Мынадай жаттығулар ата-аналарға беріледі: «Қос қимылдарына жаттығуы», «Шапалақты тыңда!», «Айна».

Еріктік дайындық.

Ерікті деңгейіне сәйкес келетін қалыптасуында пайда болады. Ес, зейін, ойлау ерікті дамиды. Саналы түрде бала өзінің зейінмен және еспен басқара алады. Ерікті дайындық өз-өзін қадағалауды жетілдіре істей алуында айқындалады. «Заттарды салыстыр», «Менің айтқанымды қайтала» т.б.

Мотивациялық дайындық.

Жүйенің өзіне түрткі болатын баланың мектепке деген қатынасы. Сабақтың орындалуы оқушының міндеті болғаннан кейін оынң уайымдағышқасиеті анықталады. Сол кезде ол мақтаныш сезімінде болады, себебі ол – оқушы. Мектепте жақсы оқуға тырысады, қиыншылықты бастан көтереді, оның жолына кедергі болған. Осы арқылы мектеп оқушыларды өзіне тартады. Сауалнама, анкета жұмыстары өткізіледі. Баланы бақылайсын сабаққа қатысуын, істеген жұмыстарын тексеру. Ата-аналармен әңгіме жүргізу.

3. Сыныптастарымен және қоршаған ортамен қарым-қатынас деңгейі.

Мектепке келер алдында бала тәртібін тиісті қағидалармен басып алу керек, осы арқылы өзінің мұғаліммен және оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болу үшін. Көмек бере алу, ойыншықтармен бөлісіп ойнау, ұрыссыз ойнау.

5-6 жастағы балаларды мектепке дайындаудың жалпы білім беру бағдарламасының мазмұны.

Мектепалды дайындық мазмұның мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың келесі топтама деңгейі түрінде көрсету.

І топтама. Тіл дамыту.

Тіл дамыту. Білім берудің мемлекеттік саясатының маңызды міндеті-мемлекеттік, өзінің туған және шетел тілінің бірінде оқи алатын азаматтарды дайындау болып табылады. Мектепалды даярлық тобында мемлекеттік тіл оқыту мен қатынас тілі болуына мүмкіндік туғызу қажет. Кемістіктері болса психолог логопедке жібереді. Ол үшін балалармен суреттерге қарап әңгімелеу. Ата-аналарға ұсыныстар беру, балаларымен серуенге шыққан кезде әңгімелесіп, мақал-мәтелдер, тақпақ көбірек жаттатқызу.

ІІ топтама. Дене тәрбиесі мен валеология сабақтарын қамтитын физикалық даму. Дене тәрбие сабағы қозғалыс дағдылары мен біліктілігін, физикалық қасиеттерді, қозғалыстың негізгі түрлерін қалыптастыруға әр түрлі қозғалыс іс-әрекетке белсенді қатысуға, қызығушылық танытуға, жеке тұлғаның жағымды адамгершілік, белсенділік, өзіндік қасиеттерін дамытуғабағытталған. Берілген бұйрық бойынша қимыл-қозғалыс жасау.(жүгіру, лақтыру,отырып-тұру). Лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, тепе-теңдік сақтап жүру, секіру т.б. қимылдарды орындау барысын, ара-қатынастарын бақылау.

ІІІ топтама. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Қоршаған ортаны цифр тілінің көмегімен қабылдауды, дерексіз ойлау элементтерінің дамуына ықпал ету, мектепке дейінгі балалардың уақыт пен кеңістікті бағдарлай білуіне көмек көрсетуді қамтамасыз етеді. Суреттерді санына сәйкес толықтыру, суреттерді бояу, нүктелерді қосу, геометриялық фигураларының кеңістікте орналасуына орай бояу, пішіндерді жинақтай келе белгілі бір бейнені жасауға болатынына қорытынды жасай білуге баланың өзін алып келу.

ІV топтама. Көркем-эстетикалық даму. Музыкалық тәрбие, бейнелеу өнері, еңбек, құрастыру сабақтарын қамтиды. Музыкалық тәрбие эмоционалды сенсорлық дағдыларды бекіту, музыкалық шығармаларға баға беру, музыкалық ритмикалық қозғалыстарды жасап шығару үшін керек. Баланың сезімін өзгерту үшін, оның әуен сазын сезінгенің сыртынан бақылау.

V топтама. Ойын-мектепке дейінгі балалардың іс-әрекетінің жетекші түрі болып табылады. Бала психикасының сапалы өзгеруіне оың есте сақтау, ойлау, қиялдау қабілеттерінің дамуына бағытталған. Ойын жаттығулар арқылы баланың білім-білік дағдыларын күнделікті іс-әрекетте қолдана білу мүмкіндіктері қарастырылады. Ойнай отырып ойлануға да болады. Мысалы мынадай ойындар өткізуге болады: «Төрт құбылыс», «Орыңды тап», «Не үлкен» т.б.

VІ топтама. Ата-аналармен жұмыс. Бала тұлғасының толыққанда физикалық және психологиялық дамуын қамтамасыз етуде отбасы мен мектепалды дайындықтың күшіне негізделіп енгізілді. Сауалнама, тест жұмыстары жүргізіледі.