Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Test_s_1201_ra_1179_tary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141.19 Кб
Скачать

А.Тест сұрақтары

1. Науқастың жағдайы нашарлап, есенгіреу, сіреспе пайда болып, сарғаюы күшейген. Науқас бауыр циррозымен ауырады. Осы жағдайда қандай зерттеу тәсілін жүргізу маңызды?

  1. бромсульфалиенді сынама

  2. белокты және оның туындыларын анықтау

  3. альфа-фетопротеин құрамын анықтау

  4. қан сарысуындағы аммиакты анықтау

  5. АЛАТ және АСАТ деңгейін анықтау

2. Бауыр циррозымен ауыратын науқаста гиперспленизм синдромы анықталды. Лабораторлық зерттеу кезінде осы синдромға тән қандай өзгерісті байқауға болады?

  1. АЛТ, АСТ, ЩТ белсенділігінің өзгерісі

  2. Лейкоцитопения, тромбоцитопения, анемия

  3. Билирубинемия

  4. гипопротеинемия

  5. Гипергаммаглобулинемия

3. Науқас 53 жаста,тәбетінің төмендеуіне оң жақ қабырға астындағы ауырсынуға, терісінің қышуына шағымданады .Обьективті: терісінің сарғаюы, қан тамырларының дақтары, перфифериялық ісінулер, асцит байқалады. Анамнезінен: ішімдік ішкендігі,15 жыл бойы вирусты гепатит С мен ауырған. Зертханалық нәтиже: билирубин ─50, альбумин─2.9%. Диагноз:

  1. Бауырдың вирусты циррозы, компенсация, портальды гипертензия

  2. Аутоиммунды генездегі цирроз

  3. Бауырдың вирусты циррозы, портальді гипертензия субкомпенсация

  4. Бауырдың алкогольді циррозы, портальді гипертензия,декомпенсация

  5. Бауырдың холестатикалық циррозы

4. Науқас 19 жастағы ер адам. Оң жақ қабырға асты ауырлығына, жалпы жағдайының нашарлығына,салмақ жоғалтуына,және буындар ауруына шағымданады. Жалпы жағдайының нашарлаған уақытын айта алмайды. Обьективті: тері жабындылары сарғыш.телеангиоэтазиялар кездеседі. Шынтақ буынының ішкі аймағынды екпе іздері бар. Бауыры қабырғадан 2.5см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды.Биохимиялық қан анализі: жалпы билирубин -34,8 мкмоль/л, тимол сынамасы ─ 7.2ед, ИФА-австралиялық антиген табылған.Диагноз:

  1. Бауырдың билиарлы циррозы

  2. Аутоиммунды гепатит

  3. Созылмалы гепатит

  4. Коновалов ауруы

  5. Жильбер ауруы

  1. Қан сарысуындағы трансаминазаның деңгейінің жоғарлауы тән:

  1. Микронодулярлы циррозға

  2. Бауыр үстілік холестазға

  3. Жедел вирусты гепатит

  4. Біріншілік билиарлы циррозға

  5. Бауыр асты холестазға

6. Созылмалы гепатиттің циррозға айналуының ең маңызды белгісі болып табылатын синдром:

  1. Сарғаю

  2. Портальды гипертензия

  3. Астеновегетативті

  4. Артериальды гипертензия

  5. Қан айналымының жеткіліксіздігі

7.Цитолиздік синдромының индикаторлары:

  1. Сілтілік фосфатазаның жоғарлауы

  2. Холинэстеразаның жоғарлауы

  3. АЛТ белсенділігінің жоғарлауы

  4. 5-нуклеотидаза белсенділігінің жоғарлауы

  5. Тура емес гипербилирубинемия

8.Бауырдағы мезенхималды - қабыну синдромы, қандағы ненің жоғарлауымен сипатталады:

  1. Тимол сынамасының

  2. Холестериннің

  3. Сілтілі фосфатазаның

  4. Билирубиннің

  5. Альбуминнің

9.Бауыр цирозына әкелетін, мыс алмасуының генетикалық бұзылуымен негізделген ауруды көрсет:

    1. Боткин ауруы

    2. Вильсон – Коновалов ауруы

    3. Бадда – Киара ауруы

    4. Вальденстремнің макроглобулинемиясы

    5. Біріншілік амилоидоз

10.51 жастағы ер адам сарғаю және оң жақ қабырға астының ауырсынуымен қабылдау бөліміне жеткізілді. Анамнезінде диетаны бұзғанан кейін, оң жақ қабырға астының ауырсыну оқтын – оқтын қайталанып отарған, спазмолитиктерді қабалдағанда оң нәтиже берген. Алкогольді қолданады. Қанның биохимиялық анализінде: АЛТ – 0,46 микрокат/л, АСТ – 0,41 микрокат/л, жалпы билирубин – 100,3 мкмоль/л, тура – 88,7 мкмоль/л. Алғашқы диагноз:

А) холелитиаз, механикалық сарғаю

В) жедел алкогольды гепатит, холестазды түрі

С) алкогольды бауыр циррозы

D) біріншілік билиарлы бауыр циррозы

Е) описторхоз

I-вариант

1. Стрептококкты пневмонияда қай антибиотикты қолданылады

А) пенициллин тобы

В) фторхинолонлар

С) сульфониламид

Д) цефалоспориндер

Е) этанбутол

2. Егер науқаста сурфактант аз болса қай ауру дамиды

А) Hyalen мембран ауру

В) бронх демікпесі

С) өкпетекті жүрек

Д) крупозды пневмония

Е) пневмония

3. Бактериялық пневманияның ен көп себебі

А) Streptococcus pneumoniae

B) Staphylococcus aureus

C) Pseudomanass aeruginosa

Д) Haemophilus influenzae

Е) Pneumocystis carinii

4. Пневмония деп атайды:

A) этиологиясы және патогенезі әртүрлі өкпенің түрлі құрылымында міндетті түрде респираторлық бөлігін зақымдаған инфекциялық қабыну процесі

B) өкпедегі қабыну процесі

C) өкпедегі инфекциялық қабыну процесі

D) этиологиясы және патогенезі әртүрлі өкпенің инфекциялық – қабыну процесі

E) этиологиясы және патогенезі әртүрлі, майда бронхтардың және өкпе интерстицийінің инфекциялық – қабыну процесі

5. Тыныс жетіспеушілігінің айқындылығын анықтау үшін мәліметті әдіс:

А) науқастың шағымдары мен анамнезі

В) рентгенологиялық зерттеу

С) спирографиялық зерттеу

D) артериалық қанның газдық құрамын зерттеу

Е) науқасты физикалық тексеру

6. Жедел пневмонияның келесі қоздырғышы өкпенің деструкциясына жиі әкеледі:

A) пневмококк

B) стафилококк

C) легионелла

D) вирус

Е) клебсиелла

7. 72 жастағы ауыр бөліктік пневмониямен ауыратын науқаста, өте жоғары дене қызуының критикалық түсуінен кенет әлсіреп, басы айналып, құлағы шуылдап, жүрегі айнып, лоқсу пайда болды. Объективті: науқас бозғылт, айқын акроцианоз, суық жабысқақ тер, тахикардия, жіп тәрізді пульс, жүрек үндері тұйықталған, АҚҚ төмен. Науқас жағдайының кенет нашарлауының себебі :

A) сепсис

B) кардиогенді шок

C) өкпе артериясының тромбоэмболиясы

D) инфекциялық-токсикалық шок

E) жедел респираторлы дистресс-синдромы

8. Плевропневмонияның бауырлану сатысына тән емес белгіні атаңыз:

A) бөлікке сәйкес тұйықталу

B) кеуде жартысының тыныста қалыңқылығы

C) ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар

D) бронхофонияның күшеюі

E) тұйықталу аймағындағы бронхтық тыныс

9. Микоплазмалық пневмонияға күдік туғанда тағайындаған жөн:

A) пенициллин

B) эритромицин

C) левомицетин

D) стрептомицин

E) цепорин

10. 12 жыл бойы көмір шахтасында жұмыс істеген 50 жастағы науқас жұмысынан антракосиликоз анықталуына байланысыт шеттетілді. 5 жылдан кейін науқаста әлсіздік, жөтел күшейіп, жүдеп, әсіресе түнгі уақытта мазалайтын тершеңдік, субфебрилитет пайда болды. Аускультацияда қатаң тыныс, екі жақтан да құрғақ және ылғалды сырылдар. ЭТЖ -27мм/сағ. Өкпенің қандай дертінің қосылуы мүмкін:

А) пневмонияның

В) өкпенің орталық рагының

С) созылмалы бронхиттің

D) өкпе туберкулезінің

Е) бронхоэктаздық аурудың

ІI-Вариант

1. Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің қоздырғышы:

A) кандидалар

B) эхинококк

C) аспергиллалар

D) микоплазмалар

E) ішек таяқшалары

2. Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы – төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, тез оң динамика қандай ауруға тән :

A) саркоидозға

B) пневмокониозға

C) ошақты пневмонияға

D) милиарлы туберкулезге

E) инфильтративті туберкулезге

3. Ауруханадан тыс пневмонияның патогенін анықтағанға дейін тиімді антибактериялық терапияны тағайындаңыз:

A) гентамицин

B) тетрациклин

C) кларитромицин

D) бисептол

E) кефзол

4. Пневмония кезінде зақымданбайды:

A) өкпе интерстициі

B) тыныстық бронхиолалар

C) альвеола

D) ірі бронхтар

Е) орта бронхтар

5. Легионелламен қоздырылған пневмонияны мына топ дәрмектерімен емдейді:

A) аминогликозидтер

B) пенициллиндер

C) цефалоспориндер

D) тетрациклиндер

E) макролидтердің кейінгі ұрпақтары

6. 30 жастағы науқас тәбетінің нашарлауына, жөтелге, кешке дене температурасының 39 оС жоғарылауына, жалпы әлсіздікке шағымданады.Өкпенің сол жағында майда көпіршікті сырылдар естіледі. Рентгенограммада; сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде күшейген өкпе суретінің тұсында бояуы әлсіз қанықтағы ошақты көлеңкелер көрінеді.Қанның анализінде-лейкоциттер – 9,8 x109, ЭТЖ –29мм сағ. Қақырықтан ТМБ сы анықталмады. Болжам диагноз?

A) Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ауруханадан тыс пневмониясы

B) Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің туберкулезі

C) Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты пневмониясы

D) Оң өкпенің жоғарғы бөлігінің ошақты пневмониясы

E) Сол өкпенің жоғарғы бөлігінің абцессі

7. Қандай қоздырғыш жедел пневмонияны дамытқанда өкпе деструкциясы дамиды?

A) пневмококк

B) стафилококк

C) стрептококк

D) легионелла

E) вирус

8. Пневмония кезіндегі антибиотиктерді тағайындаудағы бақылау уақыты

A) дене қызуы қалпына келген дейін

B) өкпедегі инфильтраттар толығымен таралғанға дейін

C) ЭТЖ қалыпты болғанға дейін

қалыпты дене қызуы 4-5 күн сақталғанға дейін

D) жөтел толық тоқтаған уақытқа дейін

9. «Атиптік пневмония» терминіне түсініктеме бер:

  1. грамтеріс микрофлорамен шақырылған пневмониялар

  2. жоғарғы бөлікте орналасқан пневмококкты пневмония

  3. вирустық бронхопневмония

  4. эозинофильді инфильтрат

  5. легионелла, хламидия, микоплазмалармен шақырылған пневмониялар

10. Халықаралық консенсус және Ресей терапевтік хаттамасына сәйкес пневмониялар жіктелуіне енгізілген:

  1. ауруханадан тыс, аурухана ішілік, иммуножетіспеушілігі бар науқастарда

  2. жедел, жеделдеу, созылыңқы, созылмалы

  3. аллергиялық бензинді, травмадан кейін, кәсіптік

  4. хирургиялық емді қажет етеді және қажет етпейді.

  5. туа және журе пайда болған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]