
Тест сұрақтары
1. 42 жастағы науқас тамақтан соң күшейетін шаншып толғақ тәрізді ауру сезімі, 2-3 күн іш қату, іштің керілу сезімі және нәжістің «қойдың құмалағы» тәріздес болуына шағымданып түсті. Колоноскопия жүргізгенде науқас айқын ауру сезімін сезді, сонымен қатар жуан ішектің шырышты қабатында үлкен көлемде шырыш анықталды. Көрсетілген диагноздардың қайсысы барынша болуы мүмкін:
A) Крон ауруы
B) жуан ішектің қатерлі ісігі
C) іш қатуы басым тітіркенген ішек синдромы
D) іш өтуі басым тітіркенген ішек синдромы
E) шамадан тыс микробты контаминация синдромы
2. 29 жастағы науқас толғақ тәрізді ауру сезімі, патологиялық қоспасыз сұйық нәжіске шағымданады. Жағдайының нашарлауын психоэмоционалды стреспен байланыстырады. Колоноскопия жүргізгенде - жуан ішекте органикалық өзгерістер анықталмады. Емдеу шараларының жоспарына қосқан барынша тиімді:
A) креон & де-нол
B) дицетел & дюфалак
C) дюфалак & имодиум
D) имодиум & грандаксин
E) интетрикс & хилак-форте
3. Бейспецикалық ойық-жаралы колиттің асқынуы кезінде, науқаста тәуілігіне 10 рет қан және ірің аралас сұйық нәжіс, фебрилді температура, анорексия, дене салмағының жоғалуы байқалады. Осы жағдайда қандай ем тағайындау керек?
А) антидиареялық препараттар
В) сульфасалазин
С) бай клетчаткалы диета
D) ҚҚСЕД
Е) антибиотиктер
4. Сыртқы және ішкі жыланкөздер қандай аурудың асқынуы болып табылады:
А) Крон ауруының
В) БЖК
С) пседомембранозды колит
D) ишемиялық колит
Е) энтероколит
5. Бейспецикалық ойық-жаралы колиттің еміндігі таңдау препараты:
А) кең спектрлі әсері бар антибиотиктер
В) 5-аминосалицил қышқылының препараттары
С) нитрофурандар
D) тиройдты емес қабынуға қарсы препараттар
Е) протонды помпаның ингибиторы
6. Науқас 21 жаста, психоэмоциональді стресстен кейін пайда болатын шырышпен араласқан іш өту ұстамалары мазалайды. Жиырылған сигма тәрізді ішек пальпацияланады. Ректороманоскопия: патология жоқ. Болжам диагноз:
А) Крон ауруы
В) созылмалы энтероколит
С) тітіркенген тоқ ішек синдромы
D) асқазан токсикоинфекциясы
Е) спецификалық емес ойық жаралық колит
7. Бейспецификалық ойық-жаралы колиттің ауыр дәрежесіне тән:
А) тәуілігіне 8 рет қан, шырыш, кейде ірің аралас диарея
В) дене ыстығының қалыпты болуы
С) дене салмағының 5%-дан жоғары жоғалуы
D) гемоглобин 105-111 г/л, ЭШЖ 23-30 мм/сағ
Е) эндоскопиялық зерттеуде: беткейлік көп эрозиялар, шырышты қабатының біркелкі емес қалындауы байқалады
8. Бейспецификалық ойық – жаралы колиттің диагностика әдістерінің ішіндегі ең ақпаратысы:
А) рентгенологиялық зерттеу
В) тік ішекті саусақпен зерттеу
С) нәжістің микроскопиялық зерттеу
D) лапароскопия
Е) биоптатты гистологиялық зерттеуімен колоноскопия
9. Тітіркенген ішек синдромының ішектен тыс көріністеріне қайсысының жатуы барынша мүмкін:
A) іш қату
B) іш ауруы
C) жиі сұйық дәрет
D) іш қатудың іш өтумен кезектесуі
E) депрессивті - қорқыныш синдромы
10. Қабылдауда 45 жастағы науқас кіндік маңындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне, іш қату кейде оның іш қтумен аралас болуына, сұйық нәжістің күніне 4-5 ретке дейін болуына, әлсіздік, бас айналуға шағымданып келді. Соңғы 1,5 жылда 9кг-ға арыған. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., ЖСЖ 60 рет минутына. Пальпация кезінде іші жұмсақ, кіндік маңында ауырсыну. Нәжісі көп, көпіршікті. Диагноз қойыңыз:
A) Арнайы емес жаралы колит, созылмалы қайталамалы түрі
B) Крон ауруы, ащы ішектің зақымдануымен
C) Созылмалы энтероколит, ащы ішектің зақымдануымен
D) Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің зақымдануымен
E) Тоқ ішектің қатерлі ісігі