Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Test_s_1201_ra_1179_tary.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
141.19 Кб
Скачать

A. Тест сұрақтары

1. 51 жастағы әйелді оң жақ қабырға астында ұзаққа созылған ауырсыну мазалайды. Қарағанда сарғаю анықталмаған. Кера, Ортнер симптомдары оң мәнді, дене қызуы субфебрильді, гемограммада ЭТЖ-30 мм/сағ. Қандай ауру жайлы ойлауға болады?

A) созылмалы холецистит, өршу сатысы

B) созылмалы панкреатит, өршу сатысы

C) асқазан ойық жарасы, өршу сатысы

D) созылмалы гепатит, өршу сатысы

E) бауыр циррозы, декомпенсация сатысы

2. Науқас 48 жаста, 2 жыл бұрын холецистоэктомияны басынан кешірген, содан кейін іштің желденуін және іш өтуі тоқтамаған. Осы жағдайда қандай дәріні қолданылады:

A) Креон

B) фестал

C) Урсосан

D) Маалокс

E) Мезим-форте

3. Науқас 46 жаста іштің жоғарғы жағында ауырсынуға, іш өтуге, арықтауға шағымданып отбасылық дәрігерге келді. Анамнезінен: 10 жыл бойы алкогольді ішеді. Объективті: дене салмағының дефициті байқалды, тері жамылғысы құрғақ, кеуде және іш терісінде кішкентай қызыл дақтар бар, басқаннаң кейін кетпейді. Пальпациялағанда ауырсыну сезімі болды. үлкен дәреті майлы жылтырмен, тәулігіне 3 ретке дейін. Сіздің алдын ала диагнозыныз?

A) созылмалы гепатит

B) созылмалы холецистит C) созылмалы гастрит D) созылмалы панкреатит E) созылмалы колит

4. Науқас 51 жаста, ұзақ уақыт оң жақ қабырға астында ауырсынуларды белгіледі. Объективті зерттеуде сарысу ауруы жоқ, дене темпаратурасы қалыпты, өт қуығы нүктесі пальпациясында ауырсынуы жоғарлайды. Алдын ала диагнозы:

A) созылмалы холецистит асқыныс кезеңінде

B) өт қуығының гиперкинетикалық дискинезиясы

C) өттас ауруы

D) өт қуығының гипокинетикалық дискинезиясы

E) созылмалы холангит

5. Науқас 56 жаста дене қызуы 38ºС дейін жоғарлауы, эпигастрий аумағында тоқтамайтың интенсивті ауырсынуы, жүрек айынуы, құсу себебінен дәрігерді үйге шақыртты. Анамнезінен: көп жылдар бойы өттастық аурумен ауырады. Объективті: тері жамылғысы көгерген, геморрагий. АҚ 90/60 мм.с.б., ЖЖЖ минутына 96 рет. Іші кішкене үрленген, қатты, ауырсынады. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Қан анализінде амилаза, липаза жоғарланған, АЛТ, АСТ жоғарланған, гипергликемия, СРБ денгейі жоғары. Зәрде амилаза жоғарланған. Сіздің алдын ала диагнозыныз және одан әрі тактиканыз.

A) ішектің механикалық өтпеуі, хирургиялық бөлікте госпитализациялау B) жедел холецистит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау

C) холедохолитиаз, хирургиялық бөлімге жоспарлы госпитализациялау D) жедел панкреатит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау E) жедел аппендицит, хирургиялық бөлімге госпитализациялау

6. Жедел және шұғыл медициналық көмек дәрігері 48 жастағы әйелді қарады, іштің жоғарғы бөлігінен арқаға иррадиациясымен қатты ауырсынуға, жиі құсуға, арықтауға, мерзімше іш өтуге шағымданады. Анамнезінен белгілі, өт-тасты ауруымен ауырады. Қарағанда тері жамылғысы қалыпты түсті, дене қызуы 36,7 С, АҚ 100/60 мм.с.б. Тілі ылғалды. Іші кішкене үрленген, пальпациялағанда эпигастрий аумағында және сол жақ қабырға астында ауырсыну сезімі, перитонеальді симптомдары болымсыз. Аталған жағдайлардың қайсысы науқаста болуы мүмкін?

A) жіті панкреатит

B) холангит

C) вирусты гепатит

D) асқазанның ойық жарасы

E) өт шығару жолдарының дискинезиясы

7. Өт жолдарының дискинезиясының гиперкинетикалық түрін емінде қолданылады:

А) гистаминнің Н2 – блокаторлары

В) сукральфат тобының препараттары

С) спазмолитиктер

D) зондсыз тюбаждар

Е) хирургиялық ем

8. Созылмалы пакреатиттің өршуінде кешенді емге кіреді:

А) ферменттік препараттар

В) апротининдер

С) сұйық антацидтер

D) гистаминнің Н2-рецепторларының блокаторлары

Е) наркотикалық анальгетиктер

9. Жедел панкреатитте ең жиі кездесетін симптом:

А) дене ыстығының көтерілуі

В) құрсақ қабырғасы бұлшық еттерінің күштемесі

С) ауырсыну

D) құсу

Е) метеоризм, ішектің парезі

10. Ұйқы безінің сыртқы секреторлық жеткіліксіздігінің скринингті зерттеу әдісінде ең ақпартаттысы:

А) нәжістегі -эластаза

В) зәрдегі амилаза

С) қандағы амилаза

D) қандағы қант

Е) нәжістегі нейтральды май

1-вариант

1. Н-2 гистаминді рецепторлардың блокаторларына жатады:

А) омепрозол

В) висмут субсалицилат

С) га строцепин

D) фамотидин

Е) сукральфат

2. Науқас 62 жаста, ойық жаралық анамнезі қысқа және асқазан ойық жарасы ұзақ уақыт тыртықтанбады. Әлсіздікке, жүрек айнуға, тәбетінің төмендеуіне, эпигастри аймағында тұрақты ауырсынуға, арықтауға шағымданады. Бұл жағдайда қай асқыну жайлы ойлау керек:

А) асқазанның шығу бөлігінің стенозы

В) ойық жараның пенетрациясы

С) ойық жарадан микро қан кетулер

D) ойық жараның перфорациясы

Е) ойық жараның малигнизациясы

3. Асқазан және 12-елі ішектің шырышты қабатына цитопротективті әсері бар:

А) атропин

В) гастроцепин

С) фамотидин

D) В тобының дәрумендері

Е) де-нол және сукральфат

4. Науқас К., 34 жаста, 2 апта бойы эпигастриядағы «түңгі» және «ашқарынды» ауырсыну шағымдарымен ауруханаға түскен. Эндоскопиялық зерттеуде: алғашқы рет анықталған, 1,2 см көлемдегі, он екі елі ішегінің алдыңғы қабырғасындағы ойық – жара Биоптатта Helicobacter pylori анықталған. Емнің адекватты кестесін таңдаңыз:

А) протонды помпаның ингибиторі &ампициллин & кларитромицин

В) протонды помпаның ингибиторі & метронидазол & ампициллин

С) Н2-гистаминоблокаторлары & висмута субсалицилат&тетрациклин

D) протонды помпаның ингибиторі & висмута & субсалицилат & тетрациклин & метронидазол

Е) Н2-гистаминоблокаторлары&ампициллин & кларитромицин

5. Қалыпты тамақтану рационында асқазанда қанша сөл бөлініп шығады?

A) 0,5-1,0 л

B) 1,0-1,5 л

C) 1,5-2,0 л

D) 2,0-2,5 л

E) 2,5 -3,0 л

6. 56 жастағы әйел тамақ қабылдағаннан кейін кеуде артындағы ауырсыну мен қыжылдауға шағымданады; ауырсыну қатты еңкейгенде және қатты қысатын белдік таққанда пайда болады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) кардия ахалазиясының

B) өңеш дискинезиясының

C) өңештің пептикалық жарасының

D) гастроэзофагеалды рефлюкс ауруының

E) көкеттің өңештік тесігінің жарығының

7. Созылмалы гастрит диагнозын қоюда ең маңызды:

A) фиброгастродуоденоскопия биопсиямен

B) клиникалық көрінісі

C) асқазан сөлін зерттеу

D) ретгендік зерттеу

Е) рН метрия

8. Көп жылдан берi асқазанның жара ауруымен сырқаттанатын науқаста арқаға берiлетiн тұрақты ауырсыну пайда болған. Қандай асқынудан күдiктену керек?

A) ұйқы безiне пенетрация

B) қалтқының стенозы

C) малигнизация

D) жараның жарылуы

E) демпинг-синдромы

9. Атрофиялық гастриттi анықтайтын маңызды әдiс:

A) гастроскопия биопсиямен

B) хеликобактерді анықтау

C) рентгенологиялық зерттеу

D) асқазан сөлiн зерттеу

E) тыстаушы жасушаларға антиденелердiң болуын

10. Омепразол қандай препараттар тобына жатады:

А) гистамин Н2-рецепторларының блокаторлары

B) адреноблокатор

С) М-холиноблокатор

D) гистамин Н1-рецепторларының блокаторлары

Протон помпа ингибиторы

2-вариант

1.Асқазанның секрециялық-қышқыл түзу қызметiнiң төмендеуi қандай ауруда байқалады?

A) Золлингер-Эллисон синдромы

B) созылмалы антрум-гастрит

C) созылмалы гипертрофиялық гастрит

D) созылмалы атрофиялық гастрит

2. Асқазан жара ауруына тән ауырсыну:

A) түнгі

B) кеш

C) аш қарында

D) ерте

E) тұрақты

3. НР +12 елі ішектің жара ауруын емдеу үшін препараттар комбинациясы:

A) омепразол&висмут субцитрат(де-нол)

B) домперидон(мотилиум)&рабепрозол(париет)

C) маалокс&фамотидин

D) омепразол&амоксициллин&кларитромицин

E) омепразол&трихопол&тетрациклин

4. 64 жастағы әйел, асқазанның ойық жара ауруымен ауырады, эпигастрий аймағындағы ауырлық сезім және тұрақты тұйық ауыру сезімі, біртіндеп күшейетін әлсіздік, тәбетінің болмауына шағымданады. Рентгенде: асқазанның кіші иінінің үштен бір бөлігінде диаметрі 1,5х0,8 жара анықталды. Жараға қарсы емделгеннен кейін жара көлемі екі есе ұлғайып, ауыру сезімі басылмады. Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

A) асқазан полипінің

B) Менетрие ауруының

C) асқазанның жаралы қатерлі ісігінің

D) асқазан ойық жарасының

E) асқазан ойық жарасының пенетрациясының

5. Асқазан жарасының малигнизациясының болу-болмауын дәлелдеу үшiн қай тәсiл тиiмдi?

A) асқазан секрециясын гистаминдiк сынамамен зерттеу

B) рентгенологиялық

C) эндоскопиялық

D) нәжiстi жасырын қанға тексеру

E) эндоскопиялық биопсия

6. Науқаста тамақ қабылдағаннан 3-4 сағаттан кейін пилородуоденальды аймақта күшті ауырсыну пайда болып, ол арқаға таралған және ауырсынудың жоғары шегінде жеңілдік әкелмейтін құсық байқалған. Қандай жағдай туралы ойлауға болады?

A) аутоиммундық гастрит

B) асқазан кардиалды бөлімінің жарасы

C) асқазан денесінің ойық жарасы

D) постбульбарлы ойық жара

E) эзофагит

7. Науқас Г, 31 жаста. Қыжылдауға, эпигастрий аймағында тұйық, сыздап ауырсынуға, iш қатуға бейiмдiлiкке шағымданады. ФГДС: кiлегей қабатының гиперемиясы, iсiнуi, асқазанның антральды бөлiмiнде ұсақ нүктелi қан құйылулары байқалады. Сiздiң болжам диагнозыңыз?

A) созылмалы гастрит А тип

B) созылмалы гастрит В тип

C) асқазан жарасы

D) созылмалы панкреатит

E) созылмалы энтероколит

8. Созылмалы гастритпен тіркеуде тұрған науқаста ауыруының өршуі кезінде ішкен асын құсып тастау, ішінің ауруы, шіріген жұмыртқа кекірушағымдары пайда болды. Науқаста қандай асқынулар байқалады:

A) Перфорация

B) Пенетрация

C) Стенозирлеу

D) Малигнизация

E) Қан кету

9. Дәрігерге 27 жастағы әйел адам жұтыну кезіндегі сұйық, суық немесе ыстық тағамнан кейінгі жағымсыз сезімдердің пайда болуына, ал қою тағамның жақсы өтетініне шағымданып келді. Науқасты сұрастыру кезінде, бұл шағымдар жұмысының жайсыздығына байланысты 1 жыл бұрын пайда болған. Соңғы 2 ай ішінде бұл сезімдер шаршау кезінде және қобалжу кезінде күшейеді. Тәбеті төмендеген, салмағы қалыпты қарап тексеруде патология анықталмаған. Сіздің болжам диагнозыңыз.

A) Созылмалы эзофагит

B) өңештің пептитті жарасы

C) Өңештің төменгі бөлігінің дивертикулы

D) Гастроэзофагеальды –рефлюксті ауру

E) Диафрагманың өңештік тесігінің жарығы

10. Студент 21 жаста бас ауруы, оң жақ эпигастрий аумағында түнгі ауырсынулар, жүрек айынуы, құсық, дене салмағының төмендеуі белгіленді. Анамнезінен: 2 ай бойы өз-өзін ауыру деп санайды. Объективті: тері жамылғысы бозғылт түсті, пальпациялағанда эпигастрий аумағында қатты ауырсыну. Қан анализінде Hb, эритроциттер, түс көрсеткіштері төмендеген. Сіздің алдын ала диагнозыныз және тактиканыз:

A) асқазан денесінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама

B) кардиальді бөліктің ойығы, ФГДС-ға бағыттама C) асқазанның субкардиальді бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама D) асқазанның фундальді бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама асқазанның пилорикалық бөлігінің ойығы, ФГДС-ға бағыттама

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]