Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор психология(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.37 Кб
Скачать

8. Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.

Қиял дегеніміз – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының субъективтік бейнелерін қайтадан жаңғыртып, ӛңдеп, ӛзгертіп бір-біріне қосып бейнелейтін, адамға тән процесс. Қиял сондай-ақ ӛмірде бар, бірақ адамның жеке тәжірибесінде кездеспеген обьектінің бейнесін жасау. Қиял процесінің адам әрекетінің қандай саласында болмасын зор маңызы бар. Қиялдың ӛзі осы әрекет арқылы ӛзгеріп, дамып отырады. Қиял актив және пассив болып екіге бӛлінеді. Пассив қиялға түс кӛру жатады Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бӛлімдері қозу жағдайында болып жұмыс істей береді. Қиялдың екінші түрі актив қиял деп аталынады. Ол актив қиял қайта жасау, творчестволық қиял, арман болып үшке бӛлінеді. Суреттеп жазғанға немесе сызғанға қарап адамның жаңадан бір нәрсені телестете алуын, қайта жасау қиялы деп атайды. Қиялдың ең жоғары түрі - творчестволық қиял. Творчестволық қиял деп ӛзіндік жаңа образдар жасау арқылы әрекетте, жаңа продуктылар беруде кӛрінетін қиялды айтады. Актив қиялдың ерекше бір түрі - арман. Арман дегеніміз ӛз қалауымызша жаңа образдар жасау. Адам армандағанда алдына мақсат қояды, тілегіме жетсем екен деп ойлайды. Қиял басқа да психикалық процестер тәрізді дамудың ұзақ жолынан ӛтеді. Қиялдың қарапайым түрінен бастап творчестволық қиялға дейінгі кезеңнің қалыптасуы нақтылы әрекетке байланысты. Қиялда анализ, синтез, агглютинация, схематизация, акцентировка немесе әсірелеу, кеміте кӛрсету, гипербола, литота тәсілдері жиі қолданылады. Қиялдағы елестерді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы әдіс арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, жезтырнақ, су перісінің бейнесі) жасалады. Жазушы ӛзінің шығармаларындағы кейіпкерлерді жағымсыз етіп кӛрсететін болса, оған жағымсыз қылықты кӛбірек тағады. Мұндай тәсілді акцентировка дейді. Қиял бейнелерін жасауға қатысатын әдістердің бірі – гипербола. Гипербола деп нәрсенің жеке сипаттары, белгілері үлкейтіліп кәрсетілуін айтады.Ертегілерде, қиял-ғажайып бейнелерді жасауда гипербола кӛп қолданылады. Мәселен, «жел аяқ», «тау соғар», «кӛл тауысар» т.б. Ал, кеміте кӛрсету әдісімен бармақтай бала», «қаңбақ шал» т.б. бейнелер жасалған. Қиял бейнелерін жасаудың енді бір әдісі – нәрсенің бір жағын ерекше әсерлей кӛрсету. Карикатуралар мен достық әзілдер осылайша жасалады. Егер, заттың айырмашылығын ескермей, оның ұқсастықтарына кӛбірек кӛңіл бӛлінетін болса схематизация әдісі қолданылады. Суретшілер ӛсімдіктер дүниесінің элементтерінен ою қиыстыруы осыған мысал бола алады.

9. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі

Ортақ мақсатқа жету үшін біріккен және белгілі бір қоғамдық міндетті атқаратын әрекеттер жиынтығы іс-әрекет болып саналады. Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі байланыс бар. Психика іс-әрекетте қалыптасады. Екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекет адамның ӛмір жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және кӛрініс танытады, екінші жағынан, психика іс-әрекетті реттеп отырады. Іс-әрекеттің түрі адамның бойында тұрақты бір белгілерді қалыптастырады, сол себепті мінез-құлықтың бір кӛрінісіне қарап, кейде тіпті сырт пішінінен-ақ адамның қай мамандық иесі екенін біле қоямыз. Іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы болып – оның мағыналығы саналады. «Мағынасыз әрекет» деген ұғымға ешқандай түсінік берілмейді. Әр бір адам іс-әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат кӛздеп қимыл жасаушы ретінде әрекет етеді. Іс-әрекетке жету үшін іштей талаптану жеткіліксіз. Бұл үшін іс-әрекет обьектісін білу қажет, сондай-ақ талаптануды мақсатпен ұштастыра білу керек. Мотив-мақсат болатын ортада іс-әрекеттің әлеуметтік және таптық себептері ерекше айқын байқалады. Іс-әрекет арқылы табысқа жету сәтсіздікке ұшырау адамның бойында қалыптасқан ерекшеліктер арқылы електен ӛтіп барып, одан әрі іс-әрекетке әсер етеді. Табыс адамды қанаттандырады, кӛңілін ӛсіреді, 2-ден тоқмейілсу туғызады. Дағды - әрекетті орындаудың қалыптасқан тәсілі. Іс-әрекетті игерудің бастапкы кезеңінде бұл әрекеттер оның негізгі компоненттері болды. Икемділік дегеніміз адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Іс-әрекеттің үш түрін бӛліп кӛрсетуге болады: ойын, оқу және еңбек. Олар ӛздерінің нәтижелері, ұйымдастырылуы, мотивация ерекшеліктері бойынша айрықшаланады. Адам іс-әрекетінің негізгі түрі еңбек болып табылады. Еңбектің түпкі қорытындысы - іс-әрекеттен қоғамдық маңызы бар ӛнім алу. Ойын - бала әрекетінің негізгі бір түрі. Пайдасыз болып кӛрінетін қажетті іс-әрекет. Психология үшін ойын ӛте қиын әрі маңызды проблема болды. Ойын арқылы адам баласының белгілі бір буыны қоғамдық тәжірибені меңгереді, ӛзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады. Оқу - іс-әрекетінің негізгі саласы еңбек процесін нәтижелі орындауға қажетті білімді, дағды мен икемді жүйелі түрде менгеру. Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті - оқу. Оқу арқылы балаға қоғам ӛзінің ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін береді. Іс-әрекет түрлері бір-бірінен бӛлек ӛмір сүрмегенімен, адам ӛмірінің әр түрлі кезеңінде олардың маңызы түрліше болады. Ӛмірдің бір кезеңінде жетекші іс-әрекет ойын болса, екінші кезеңінде - оқу, ал үшінші кезеңде - еңбек болады. Сӛйтіп, бұл арада біз іс-әрекеттердің адам ӛмірінің белгілі бір кезеңінде басты іс-әрекет болып табылатындары жайында әңгімелеспекпіз. Мектепке барғанға дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі, түрі - ойын. Оқушы іс-әрекетінің жетекші түрі - оқу, epeceк адамдардікі - еңбек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]