Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор психология(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.37 Кб
Скачать

48. «Менің жақсылықтарым» тақырыбына эссе.

49. Кез-келген тақырыпта 10 сұрақтан тұратын анкета құраңыз.

Сіз ұнатасыз ба?

1. Тыныш, тұрақты жұмыс істеуді?

2. Жеке дүкендеріңізді ашуды армандайсызба?

3. География пәнін, география оқулықтарын оқығанды?

4. Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді талқылауға?

5. Қылмыстық оқиғаларды зерттеуді?

6. Осы айдағы шығындарыңызды есептеп, өткен аймен салыстыруды жүргізесізбе?

7. Тарихи оқиғалар мен ескерткіштерді сырттан келген достарыңызға таныстырған ды?

8. Несие олперацияларындағы пайыздың өзгеруін қадағалайсыз ба?

9. Келісім, мәміле жасағанды ұнатасыз ба? (сату, сатып алу, жалға беру)

10. Достарыңызға ақшаны қарызға бересіз бе?

50. Логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын ұйымдастырып, жазыңыз.

1.«Керісіншелер елі» Ойша әрекет ету қабілеттерін арттыру. Шеңберге отырады. Жетекші бір сөзді айтып допты лақтырады.Ол допты ұстаған ойыншы сөзді кері оқып айтады.(күн-нүк,бар-раб...). Балаларға қарсы сөз (антоним) ретінде алуға болады. (күн-түн,ақ-қара,жер-аспан).

2. «Сиқырлы бояулар»

Мақсаты:Бала қиялын,ойлауын дамыту. Ақ қағазды екіге бөліп,түрлі-түсті красканы шашырату.Қағазды бүктеп бір-біріне жапсыру.Қағазды ашып шыққан суреттен түрлі бейнені көруін қадағалау.

3. «Біз ойлаған ертегі» Шығармашылығын дамыту, қиялын жетілдіру.

Тәрбиешілерді екіге бөліп отырғызамыз.Алдарына қағаз,қайшы,желім,бояу т.б. таратылады.Құралдарды пайдалана отырып,өздеріне ұнаған түрлі аң,құс,адам,ағаш т.б.бейнелерді жасайды.Жасаған бейнелері арқылы екі топ ертегі ойлап тауып,ролдерге бөлініп,әркім өз бейнесімен ертегіні қойып береді.Ертегіге ат қойылады.

51. Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе

Адамның мінез-құлығы негізінен екі түрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Біріншіден — ағзаның ішкі қажетін қанағаттандыру. Екіншіден – сыртқы орта жағдайларына бейімделу. Мидың және жүйке жүйесінің баска бөлімдерінің қызметі рефлекстер түрінде жүзеге асады, яғни рефлекстік сипатта болады. Мінез адамның басқа психикалық қасиеттерімен, атап айтқанда, қабілет, темпераментімен тығыз байланысты. Адамда қабілеттіліктің дамуы кейбір тиісті мінез бітістерінің болуын қажет етеді. Мәселен, табандылық, уақытша сәтсіздікке мойымау, еңбек сүйгіштік, энтузиазм сияқты мінез бітістерінің қабілеттер үшін ерекше маңызды екендігі түсінікті. Ал темперамент болса, мінез бітістеріне ӛзіндік бояу, реңк береді. Жақсы мінездің ықпалымен темпераменттердің де кейбір нашар жақтары ӛзгеріп отырады. Мінезді қалыптастыруға ерік-жігердің қосар үлесі зор. Еркі күшті адамның мінезі де берік. Жігерсіз адамның мінезі де бос, сылбыр келеді. Псих.ғылымында мінез топтастырылып оның қасиеттері мынадай 4түрге бөлінеді.

1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау. Жалқаулық. Немқұрайлылық.2.Ұжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талапқойғыштық, асқақтық, менсінбеушілік.3.Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік.4.Заттарға қатынасы:ұқыптылық,салдыр-салақтылық,заттарды ұстап тұтыну, ұқыпсыздығы.

Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі, өзекті сипаттары болып табылады.Ал адамның мінез құрылымының ерекшеліктері:1.Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшілікке деген қатынасын білдіреді.2.Адамның жеке басының ерекшелігі.осыған орай адам , адам мықты , жақсы,тұрақты, нашар мінезді болып келеді.3.Мінездің тұрақтылығының, бейімделгіштігінің ерекше мәні бар.Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік, бейімделгіштік көрсетіп, мінездің күшін аңғартады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]