- •1.Психология пәнінің мақсаты, міндеттер
- •2.Психологияның даму тарихы.
- •3. Психология пәні және оны зерттеу әдістері.
- •4.Психологиядағы тұлға мәселесі,оның психодинамикалық бағыты тұлға теориялары
- •5. Психологияның ғылымдар жүйесіндегі орны.
- •6,7. Психология ғылымының негізгі бөлімдері мен салалары.
- •8. Қиял және оның басқа психикалық процестермен байланысы.
- •9. Психологиядағы іс-әрекет мәселесі
- •10. Танымдық процестерге шолу.
- •11. Психикалық қасиеттерге сипаттама
- •12. Психикалық құбылыстардың құрылымы
- •13. Психология дамуының негізгі кезеңдері
- •14. Сана және психика
- •15. Қабілет және нышан
- •16. Қажеттілік түсінігі. А. Маслоудың қажеттілік пирамидасы
- •17. Психология ғылымының негізгі кезеңдері. 4 кезеңін сипаттаңыз.
- •18. Психологияның философиялық шеңберде дамуы
- •19. Зейін, түрлері мен қасиеттері
- •20. Қарым-қатынастың функциялары.
- •21. Қабылдау және оның физиологиялық негізі
- •22. Ойлаудың психологиялық теорияларына тоқталыңыз
- •23. Эмоция және оның түрлері
- •24. Тұлғаның жас ерекшелік дамуы.(э.Эриксон бойынша)
- •25. Естің түрлері. Естің психологиялық ерекшеліктері.
- •26. Холерик, сангвиник, меланхолик, флегматик типтеріне сипаттама
- •27. Мінез типологияы.
- •28. Ойлау мен сөйлеудің өзара қарым-қатынасы
- •29.Ойлау және оның түрлері, операциялары мен формалары.
- •30. Түйсіктің заңдылықтары.
- •31. Логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын ұйымдастырып, жазыңыз
- •32. Студент оқытушы көзқарасымен аты тақырыпта ой толғау
- •33. Қарым-қатынасқа арналған бір психологиялық ойынның психологиялық нұсқауы
- •34. Несие алудың адам психологиясына әсері эссе жазыңыз
- •35. Қазаққа психология керек пе? Атты тақырыпқа мақала жазыңыз
- •36. Психологиялық тест ойлап табыңыз
- •37. Психологиялық әдістерді кесте тұрінде түзіңіз
- •38.39. Ойлаудың адам дүиетанымындағы маңызы. Мақала жазыңыз.
- •40. Осы аудиторияда отырған бір студенке психологиялық мінездеме жасаңыз.
- •41. Балалардағы қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы тақырыбына кесте түзіңіз
- •42. Мінез және темперамент . Кесте құрыңыз
- •43. Адам қабілетін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар ойлап табыңыз.
- •44. «Менің армандарым» тақырыбына эсе жазыңыз.
- •45. Психологиялық ситуациялар ойлап табыңыз. 4 ситуация.
- •46. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
- •48. «Менің жақсылықтарым» тақырыбына эссе.
- •50. Логикалық ойлауды дамытуға арналған ойын ұйымдастырып, жазыңыз.
- •51. Мінез-құлықтың адам өмірінде алатын орны. Эссе
- •52. Осы аудиториядағы бір адамға бақылау процесін жүргізіңіз. Хаттамасын жазыңыз.
- •53. Егер мен психолог болсам....... Атты тақырыпта эссе .
- •54. Сіз қандайда бір кикілжіңге тап болдыңыз делік, психология курс меңгергендіктен кикілжіңнен шығу жолдарын ұсынып көріңі Есімді қалған бір жайт....Тақырыбына эссе. Психологиялық талдау жасаңыз
- •55. Мінезді өзгертуге байланысты қандай шараларды немесе әдістемелерді білесіз.
- •56. Қарым-қатынасқа түсудің психологиялық қиындықтары. Эссе.
- •57. Психологиядағы минез мәселесі тақырыбына эссе жазыңыз
- •58. «Менің қасиеттерім» тақырыбына шағын тест сұрақтарын ұсыныңыз.
- •59. Өзіңіздің тобыңызға мінездеме беріңіз
- •60. Қазіргі кездегі психология ғылымының дамуы жөнінде.Эссе жазыңыз
44. «Менің армандарым» тақырыбына эсе жазыңыз.
Арманым жоқ десем, қанатсыз құс болар едім. Күнде бір нәрсе жайлы армандайсын.Арман көп ақ. Үлкен керемет үй көргенде де, жалтыраған жаңа көлік көргенде де, әлемнің ғажайып жерінің суретін көргенде де арман қанатына отырып самғап кетесін. Кішкентай кезімде мектепте «Менің арманым...» деген шығармаларды да жаздыртушы еді.Сонда барлық баланың арманы, үлкен мамандық иесі болу, жер тану, танымал адам болу, азамат болып өсу болатын. Сол арқылы баланы армандауға баулып, сол армандарына жетіңдер дейтін ұстаздар. Жаңа жыл, туған күн басқа да бір мереке аталып жатқанда, ішімізден тілек тілеп, бір-бір армандарымызды айтып жатамыз.Көпшіліктің Арманыңа жет, деп ниетін білдіруі жай емес.Туысқан мен құрбыларымның арасында кейбіреуінің журналдардағы әдемі жер, үй, көлік суреттерінің қиықтарын жинап, бүтін бір коллаж жасап жүретіңдері бар. Оларды көрнекі жерге іліп, соны күнделікті армандап жүреді. Армандаған адамның ойлары міндетті түрде материалдық көрінісін табады.Әр жастағы адамның арманы бөлек.Бала өссем дейді, өскен соң балалы болсам дейді, балалы болған соң соның қызығын көріп, өсірсем дейді.Әр адамның дүние қуғаннан бөлек пендешілдік арманы осы.Менің армандарым орындалып келеді, ал жаңа армандарым алыстан қол бұлғап шақырып тұр, оларға әлі жету жолын өткеру керек. Оған жеткен соң, келесі арманға –Қош келдің! дермін.
45. Психологиялық ситуациялар ойлап табыңыз. 4 ситуация.
46. Ерік –жігерді шыңдаудың жолдары.Эссе жазыңыз
Ерік бостандығын бір жақты асыра дәріптеу нәтижесінде экзистенциализм немесе «тіршілік философиясы» пайда болды. Экзистенцализм ерікті тәуелсіз, тысқы әлеуметтік әсерлерге қатысы жоқ құбылыс деп таниды. Мұндай пайымның негізі қоғамдық байланыстар мен қатынастардан, әлеуметтік мәдеи ортадан бөлек, дерексізденген адам. «Дүниеге қандай да бір күшпен келіп қалған» бұл адамның өмірі мағынасыз «қым қиғаш оқиғалар» жиынтығы да, адамның өзі – «пайдасыз құмарлық». Мұндай адамның қоғам алдында ешқандай инабаттылық міндеттері мен жауапкершілігі жоқ. Осыдан да ол адамгершіліктен жұрдай, намыссыз, өз бетімен кеткен, тартыну дегенді білмейді. Қандай да қалып тәртіп ол үшін жойылу, басыбайлыққа түсу көзі. Ж.П Сартр пікірінше, нағыз адамгершілік – бір ғана рет көрінетін, реттестірілмеген, қандай да қоғамдық мекемелер талаптарының шеңберімен оқшауланбаған, өздігінен туындайтын, себепсіз «әлеуметтенуге» қарсылық әрекеті. Ерік бостандығын асыра мақтаудан экзистенциалистер адам болмысының жалпы негіздері жөніндегі ойларына дәлел айта алмай, адамды өз өмірінің мәні, мақсаты және жауапкершілігінен айыратын, қоғам, тарих, мәдениетке қайшы келетін кездейсоқ, жауыздық, ақылдан аулақ бастаулар тұңғиғына бір-ақ түсіреді. Интелектуалдық немесе ассоциациялық теория,Бұл теорияны жақтаушылардың және дамытушылардың бірі Германияда өткен ғасырда өмір сүріп, негізін салған Э.Мейман. Бұлардың айтуынша, еріктік әрекеттердің барлығы ақыл-ой, интеллектпен байланысып, солардың нәтижесінен пайда болады, яғни ерік адамның мұқтаждығы мен қажеттілігі секілді рухани күшінен туындайды. Адам өз мұқтаждықтарын жүзеге асыру үшін мақсат, міндеттер қояды, сол мақсатқа жету үшін алда тұрған бөгеттердің барлығын бұзуға әрекет етеді.Бұл үшін адам ең алдымен алға тұтқан мақсатын елестетуі керек, содан оны ортаға салып көпшілікпен талқылауы қажет. Сөйтіп адам қандай міндеттер, қандай әрекеттер жасайтынын ақылға салып, оған алдына ала дайындық жасап, содан соң еріктік әрекетті атқаруға кірісіп, оны жүзеге асыруы тиіс. Э.Мейманның айтуынша, адамның ерік-жігері үнемі екіге бөлініп отырады.Бірі – ақыл-оймен байланысты елестеудің пайда болуы,екіншісі – ақыл-ойды қатыстырмайтын жай әрекеттер. Ерік – қайратының күшеюі талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әртүрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою қажет болады. Алға қойған мақсатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалыптасқан мүддесін сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білу керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады. Адамның еркі сонымен мақсат қоюдан басталады. Мәселен, орта мектепті бітіретін оқушының арнаулы оқу орнына түсуге талабы бар дейік. Оқушының бұл мақсаты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы себеп болады. Кез келген адамнан «сен не үшін оқисың?» деп сұрасаң, оның нендей болса да бір дәлел айтатыны түсінікті.Адам осылай өзінің келешекте белгілі бағытта істейтін ісінің мәнін, жоспарын белгілейді. Мұны еріктік 47. Әлеуметтану мен психология ғылымдарының өзара байланысы тақырыбына мақала жазыңыз
Психология және әлеуметтану байланысы әлеуметтік психологияны жарыққа келтірді. Әлеуметтік психологияны қызықтыратын екі өзекті проблема: тұлға және топ арасындағы өзара ықпалдасты қатынас; тұлғааралық байланыстар. Шағын социологиялық зерттеулер деңгейінде (кіші топ зерттеулері: отбасы, еңбек ұжымы) әлеуметтік бақыт пен әлеуметтік-психологиялық бағыт айырмашылықтарын ажырату қиынға соғады. Дегенмен, әлеуметтанудың (социологиялық) әлеуметтік психологиядан бөліне көрінетін тұсы – ондағы зерттеулердің ірі де ауқымды, макроәлеуметтік деңгейде жүргізілуі, зерттеуге түскен құбылыстарды қоғам және оның құрылымдық бөлшектерінің жасауы мен әрекетке түсу заңдары тұрғысынан түсіндіруге ұмтылыстың болуы
