Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор психология(1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
101.37 Кб
Скачать

40. Осы аудиторияда отырған бір студенке психологиялық мінездеме жасаңыз.

41. Балалардағы қабылдаудың дамуы мен қалыптасуы тақырыбына кесте түзіңіз

42. Мінез және темперамент . Кесте құрыңыз

Диспластик–дене бітімі қисынсыз. Бұл адамдар-әрқилы мүшелік зақым–сырқаттарға ұшырағандар (сырықтай ұзын, қауға бас, тума аяқ– қолы кемістер). Аталған дене құрылымы типтеріне үш темперамент типі сай: шизотомик, иксотомик, циклотомик. Шизотомик–дене құрылымы нәзік, әлсіз дамыған (астенический), тұйық, эмоциялары ауыспалы, тұрақсыз, талаптар мен көзқарастар өзгеріміне ере бермейді, осыдан қоршаған ортаға икемдесуі қиын.Иксотомик–денесі мығым (атлетический), мінезі байсалды, сезімталдығы кем, ым–ишараға жоқ, ойлау қабілеті шабан, көбіне майдашыл. Циклотомик–семізшең, домаланған денелі, эмоциялары қайғы мен қуаныштың арасында бірдей, тіл табысқыш, көзқарастары шындықтан ауытқымайды.Жоғарыда баяндалған конституциялық типология теориясының негізін қалаған–Э. Кречмер. Бұл теория Батыс Европада кең қолдауын тапты. Ал осы теорияны өзіндік ерекшеліктерімен осы ғасырдың 40–жылдарында АҚШ–та одан әрі жалғастырған У. Шелдон болды. Бұл ғалымның да темперамент типтерін айыруда ұстанған принципі–адам дене құрылымы және оның өзінің жаңалығы–эмбриологиялық белгілер.

Конституциондық тұжырымдардың көпшілігі жантану ғылымында өткір сынға алынды. Бұл теориялардың негізгі кемшілігі–тұлғаның психикалық қасиеттерінің қалыптасуында қоршаған орта мен әлеуметтік жағдайлардың ескерілмеуі. У. Шелдон теориясын сынға алған Я. Стреляу былай жазады: “Адамның тамаққа әуес болу, ұжымшыл болу не қайырымды болу сияқты темпераменттік қасиеттері оның дене құрылымындай нәсілдік белгі емес, мұндай қасиеттер анатомиялық–физиологиялық негізге ие болғанымен тәрбие және әлеуметтік ортада ғана қалыптасады”[4].

Ал ғылым шындығына келетін болсақ, адамдағы психикалық процестер мен оның қылығы жүйке жүйесі қызметімен байланысты екендігі ежелден– ақ белгілі болған. Темперамент түрлерінің кейбір жалпы психикалық процестер ерекшелегіне тәуелді келуі И.П. Павлов және оның шәкірттерінің еңбектерінде эксперименталды дәлелденген.

И.П. Павлов иттің шартты рефлекстік әрекет ерекшеліктерін зерттей отырып, олар қылық-әрекеттеріндегі даралық өзгешіліктердің пайда болуына назар аударды. Мұндай айырмашылықтар ең алдымен иттердің рефлекстік қозулары мен сол қозулардың сөну теңдігі мен дәлділігінен көрінген. Бұл жағдайлардың көрінуі жүйке процесінде қалыптасатын тұрақты қасиеттер– қозу және тежелуге байланысты екендігі жөнінде эксперименттермен дәлелденген. И.П. Павлов темперамент типінің жүйке қасиеттері ретінде қозу мен тежелу күшін, тепе–теңдігін және қозғалмалығын атап көрсетті.

43. Адам қабілетін дамытуға арналған психологиялық жаттығулар ойлап табыңыз.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған ойындар.

«Ине мен жіп»

Мен ине боламын, ал сендер жіпсіндер. Сендер менің артымнан бір-бірлерінің белдеріңнен ұстап тұрыңдар. Қазір бәріміз алдымызда тұрған кедергілер арасынан үзілмей жүгіреміз. Кім жіпті үзсе, сол ойынан шығады.

«Бұл қашан болады?»

Жыл мезгілдеріне байланысты сүреттер көрсетіледі. Сол суреттер ішінен керек суретті көрсетіп әңгімелеп береді:

айлардың аттарын ата

жыл мезгілін түстерге сәйкес ата

әр мезгілде неше ай бар?

бір айда неше апта бар?

әр жыл мезгілдің ерекшелігін сипаттап берші

қазір қандай жыл мезгілі және қандай ай?

«Кім қалай дыбыстайды?»

Ойынға қатысатын балаларды топтарға (ит, тауық, жылқы) бөледі. Жүргізуші белгі бір уақытта ит тобындағы балалар итше үріп, дыбыстау керек. Дәл сол сияқты тауық, жылқы, мысық топтары да өз атауларын қорғап шығады. Соңында жүргізуші өзі белгі берген уақытта барлық топ бірдей өз дыбыстарын шығарады.

«Не үлкен?»

Отырған балаларға жүргізуші сұрақ қояды. Орындықтан не үлкен? Отырған балалар кезекпен заттарды атайды. Ойын ойнаған кезде жүргізішуге атаған заттардықайтадан айтуға болмайды. Кім екі рет шатасса, ойыннан шығады. Жеңімпаз бала жүргізуші болады.

«Сиқырлы қапшық»

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізіші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің үстінде сиқырлы қапшық түр. Ішінде әр түрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машына, т.б. Балалар қолдарымен заттарды сипап бірдей затты тауып алғаннан кейін оны сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]