- •1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
11.54 жастағы науқас дәрігерге шөлдеуге, жиі зәрге шығуға, тері қышуына шағымданды. Өзін соңғы 2-3 жылдан бері ауру санайды, ауруын жүйке-эмоциялық күйзеліспен байланыстырады. Науқастың айтуы бойынша анасында осындай симптомдар болған.
Қарауда: жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағы артқан. Терісі құрғақ, қасынған іздері бар. Өкпеде тынысы - әлсіз везикулярлы. Салыстырмалы жүрек шекаралары солға ығысқан, ырғағы ритмді, тондары тұйықталған. Артериалды қан қысымы - 160/95 мм с.б. ЖЖЖ минутына – 88 рет. Пульсі – минутына 88 рет. Ішін пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ. Қан анализінде: гемоглобин -130 г/л, эритроциттер - 4,5х1012/л, лейкоциттер - 8х109/л, ЭТЖ – 15 мм/сағ. Қандағы глюкозаның деңгейі – 8,0 ммоль/л, холестерин - 8,0 ммоль/л.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
12.53 жастағы науқас жүрегінің жиі соғуына, демікпе, бас ауруы, тершеңдік, жүдеу, асқа тәбетінің ашылуына, жылағыштық және тез шаршау, жалпы әлсіздіктің пайда болуына шағымданады. Ауруын жұмысындағы күйзеліспен байланыстырады.
Қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі ылғалды, жылы. Шашы жіңішке, тырнағы сынғыш. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек ырғағы ритмді, тондары қатты, жүрек ұшында систолалық шу естіледі, ЖЖЖ – минутына 120 рет. Пульсі - минутына 120 рет, қатты және толық. Артериалды қан қысымы - 150 / 80 мм с.б. Штельвага, Грефе, Мебиус, Кохер, Еллинек көз белгілері анықталды. Іші жұмсақ, ауырсыну сезімі бар. Қалқанша безі жұмсақ, ІІІ дәрежеге дейін ұлғайған, пальпациялағанда ауыру сезімі жоқ.
Қан анализінде: гемоглобин - 120 г/л, лейкоциттер-3,5 х 109/л, ЭТЖ – 18 мм/сағ, жалпы белок – 46 г/л.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
13.Ауруханаға 32 жастағы әйел түсті, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, тершеңдік, аузында дәмнің бұзылуына, шикі ет тағамдарын, саз, бор, күл жеуге құштарлығына шағымданады.
Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде. Тері және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған, құрғақ, қабыршақталады, тырнақтары жұқа, сынғыш, тырнақ пластинкалары қасық тәрізді, шашы түседі. Аузының бұрыштарында жарылулар бар. Тілі жылтыр,емізікшелері тегістелген. Өкпеде тынысы везикулярлы. Жүрек ырғағы ритмді, тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Пульсі - минутына 96 рет. Артериалды қан қысымы - 90/60 мм с.б. Іші жұмсақ, пальпациялағанда ауырсыну сезімі жоқ.
Қан анализінде: гемоглобин - 76 г/л, эритроциттер - 3,5х1012/л, анизоцитоз ++, пойкилоцитоз ++, лейкоциттер 8,5х 109/л , ЭТЖ - 18 мм/ сағ.
1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
14.Гематолог дәрігерге 28 жастағы науқас жалпы әлсіздікке, тез шаршағыштыққа, ентігуге, тершеңдікке, дене қызуының көтерілуіне, тамағының ауыруына, жұтынудың қиындауына, терісінде геморрагиялық бөртпелердің пайда болуына шағымданып келді. Науқастың айтуы бойынша кенеттен ауырған. Сондықтан ауру себебі неден болғанын айта алмайды.
Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық . Терісі мен көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған, қол, аяқтарында - геморрагиялық бөртпелер бар. Өкпесінде тынысы везикулярлы. Жүрек ырғағы ритмді, тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. Пульс – минутына 96, артериалды қан қысымы - 90/60 мм с.б. Іші жұмсақ, ауырсыну сезімі жоқ. Бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұрады, көкбауыры біршама ұлғайған, пальпациялағанда ауырсыну сезімі бар. Зәр шығаруы еркін, ауырсыну сезімі жоқ.
Қан анализінде: гемоглобин - 56 г/л, эритроциттер - 2,5х1012/л, лейкоциттер - 80х109/л, тромбоциттер - 100 х 109/л, ЭТЖ – 48 мм/сағ, миелобласттар – 30 %.
