- •1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
- •1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
- •2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
7.Қабылдау бөлімінде 58 жастағы науқас сол жақ жауырынға, сол жақ иыққа, қолға берілетін жүрек тұсының күйіп ауру сезіміне, айқын әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: көп жылдар бойы ЖИА, стенокардиямен ауырады. Бірнеше рет ауруханада емделген, дәрілерді уақытымен қабылдамайды. Соңғы жағдайының ауырлағанын жүйке жүйесіне күш түсуімен байланыстырады.
Қарауда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі бозарған, ылғалды, бетінде қорқыныш белгісі бар. Науқас мазасыз. Аускультативті тынысы везикулярлы. Жүрек соғуы ритмді, тондары тұйықталған, артериалды қан қысымы - 100/70 мм с.б. Пульсі - минутына 96 рет, толықтығы және күші әлсіз. ЭКГ-да І - ІІ стандарттық және Ү4, Ү5, Ү6 кеуделік тіркемелерінде, R тісшесі төмен және ST тісшесі изолиниядан 3 см жоғары көтерілген.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
8.Науқас 24 жаста, тамақ ішкеннен соң 2 -3 сағаттан кейін, түнгі уақытта эпигастрий аймағының ауру сезіміне, қыжылдауына, нәжісінің қара май түсті болуына, жүдеуіне, ұйқысының бұзылуына шағымданады.
Қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық. Науқас қозу күйінде, ішін қолдарымен басып отыр. Терісі бозарған, тілі ақ-сұр жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында ауру сезімі бар. Жүрек және өкпе жүйелерінде өзгерістер жоқ. Артериалды қан қысымы - 110/80 мм с.б. Қан анализінде: гемоглобин - 98 г/л, эритроциттер - 3,3х1012/л, лейкоциттер - 9х109/л, ЭТЖ - 20 мм/ сағ.
1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
9.Гастроэнтеролог дәрігерге 50 жастағы науқас келді, ол қуырылған және тұзды ас қабылдағанда күшейетін оң жақ қабырға астының ауру сезіміне, жүрегі айнып, құсуына, іштің кебуі мен ауырлауына, аяқтарының ісінуіне шағымданады. Анамнезінде - вирусты гепатитпен ауырған.
Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Дене салмағы азайған, терісі қоңыр-сарғыш түсті, бозарған, көздерінің ағы сарғыш түсті, тілі мен еріні ашық қызыл түсті. Кеуде және арқа тері қабатында - «тамыр жұлдызшалары», алақанында «пальмарлы эритема» байқалады. Ішінде сұйықтық жиналу себебінен іші ұлғайған, кіндігі томпайып сыртқа шығып тұрады, алдыңғы іш қуысының көктамырлары кеңейген. Бауырды пальпациялағанда кедір - бұдыр, аздап ауырсынады. Артериалды қан қысымы - 100/60 мм. с.б.
Қан анализінде: гемоглобин -100 г/л, эритроциттер - 3,3х1012/л, лейкоциттер - 9х109/л, ЭТЖ - 29 мм/сағ. Биохимиялық қан анализінде: Жалпы ақуыз - 42 г/л, глобулиндер - 54%, жалпы билирубин - 46 ммоль/л, холестерин - 3,0 ммоль/л, бауыр сынамалары – тимол сынамасы – 9 ед, АлаТ -1,2 ммоль/л, АсаТ - 0,9 ммоль/л.
1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.
10.30 жастағы науқас емханаға келіп, дәрігерге сол жақ бел тұсының ауру сезіміне, дене қызуының 39ºС-қа дейін көтерілуіне, қалтырау, жиі зәрге шығуына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: бір апта бұрын суық тиіп ауырған, содан кейін жоғарыда айтылған шағымдар мазалаған.
Қарауда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі қызарған. Жүрек және өкпе жүйелерінде өзгерістер жоқ. Бүйректі пальпациялағанда - сол жақта ауырсыну сезімі анықталады.Ұрып – соғу симптомы сол жақта оң нәтижелі.
Қан анализінде: гемоглобин - 128 г/л, эритроциттер - 5х1012/л, лейкоциттер - 21х109/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ. Зәрде бактериурия, лейкоцитурия.
