Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Гос Есептер 2014.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
20.95 Кб
Скачать

1.Суықтың әсерінен жас жігітте: әлсіздік, тершеңдік, бұлшықеттің ауырсынуы, демікпе, ұйқысының бұзылуы байқалып, дене қызуы 39ºС-қа жетті, құрғақ жөтел, 4-5 күннен кейін ылғалды, түсі «тот басқан» тәрізді қақырық түсетін болды, терең дем алғанда кеуде торының сол жақ бөлігінің ортаңғы және төменгі аймағында ауырсынуды сезінеді.

Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі қызарған, мұрын ұштарында және ернінде ұшық бөртпелері бар, дене қызуы 39ºС. Сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде перкуторлы - тұйық дыбыстар анықталады, сол жерден тыңдағанда - әлсіз везикулярлы дыбыс естіледі, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар, тыныс алу жиілігі минутына 28-30 рет. Артериалды қысымы -100/60 мм. с.б. Жүректің соғысы ырғақты, ЖЖЖ - минутына 102 рет, жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 102 рет, толықтығы және күші төмендеген.

Рентген суретінде сол жақ өкпенің ортаңғы және төменгі бөлігінде интенсивтілігі біркелкі қараю анықталады.

1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.

2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.

2.Кардиология бөліміне 60 жастағы науқас К., жеткізілді. Келген бетте науқас, тұншығуға ұласатын демікпеге, көпіршікті сұйық қақырықтың шығуымен жөтелге, бас ауруына, жүрек қызметінің бұзылуына және жүрек тұсының шаншуына, аяқтарының ісінуіне және ішінің ұлғаюына шағымданды. Анамнезінде: бірнеше жылдардан бері артериалды гипертензия, ЖИА, стенокардиямен ауырады. Соңғы жылдары ем қабылдамаған.

Қарауда: жағдайы ауыр, науқас жата алмайды, отырып ұйықтайды, аяқтары ісінген, терісінде дистрофиялық өзгерістер бар, іші үлкейген, бауыры қабырға доғасынан 3 см-ге шығып тұр. Аускультацияда: әлсіз тыныс алудан, өкпелердің ортаңғы және төменгі бөліктерінде дыбысы қатты емес, ұсақ және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Тыныс жиілігі минутына 30-32 рет, жүректің ырғағы аритмиялық, тондары тұйықталған. Пульсі аритмиялық, қатты, толық. Артериалды қан қысымы - 180/95 мм с.б. Қан анализінде гемоглобин - 142 г/л, эритроциттер - 3,8 х 1012/л, лейкоциттер - 8,0 х 109/ л, ЭТЖ - 18 мм/сағ, холестерин - 8,0 ммоль/л, қант - 4,6 ммоль/л.

1.Сіздің болжамды диагнозыңыз.

2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.

3.Науқас 30 жаста, бірнеше жыл бойы дем шығаруы қиындықпен жүретін демікпе, жабысқақ қақырық бөлінетін жөтел мазалайды.

Қарауда: жалпы жағдайы орташа ауырлық дәрежеде, есі анық, науқас орындықтың шетіне сүйеніп отырады, қашықтықта науқастың кеуде торынан алыстан сырылдар естіледі. Бетінің терісі көгерген күйде.Терісі ылғалды. Кеуде торы төменгі-бүйір бөліктерінде кеңейген. Аускультацияда: өкпеде әлсіреген везикулярлы тыныс, жайылған құрғақ сырылдар естіледі, тыныс жиілігі минутына 28 рет. Артериалды қан қысымы - 120/80 мм с.б. Жүрек ырғағы ритмді, тондары тұйықталған, пульсі минутына 98 рет.

Қан анализінде: гемоглобин - 140 г/л, лейкоциттер - 10х109/л, эозинофилдер – 9%, ЭТЖ - 21 мм/сағ. Қақырық анализінде - Куршман спиральдары, Шарко - Лейден кристалдары, эозинофилдер анықталды.

1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.

2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.

4.Емханаға ревматолог-дәрігерге ірі буындарының ауыру сезіміне, жүруінің қиындауы, дене қызуының 39ºС-қа дейін көтерілуі, тершеңдік, жалпы әлсіздік, ұйқысының бұзылуы шағымдарымен қыз бала келді.

Анамнезінде фолликулярлы баспа және суық тиіп жиі ауырған. Отоларинголог дәрігерден ем алған.

Қарауда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі ылғалды, дене қызуы 38ºС. Оң жақ тізе буыны үлкейген, қызарған, қозғалысы бірден шектелген. Аускультацияда өкпесінде везикулярлы тыныс естіледі. Жүрек ырғағы ритмді, жүрек ұшында тондары тұйықталған, систолалық шу естіледі. Артериалды қан қысымы - 100/70 мм с.б.

Қан анализінде: гемоглобин - 110 г/л, лейкоциттер - 15х109/л, эритроциттер - 3,8х1012/л, ЭТЖ - 28 мм/сағ, «С » реактивті ақуыз + + +

1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.

2.Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.

5.Гастроэнтеролог дәрігерге науқас майлы, ащы тағам қабылдағаннан кейін, іштің жоғарғы бөлігінде «белдік» тәрізді ауру сезіміне, жүрегі айну, жеңілдік әкелмейтін құсу, ботқа тәрізді, майлы, жағымсыз иісті нәжістің болуы, жүдеу шағымдарымен науқас қаралды. Анамнезінде: бірнеше жылдан бері ауырады,емделмеген, ауруын диета сақтамауымен байланыстырады.

Қарауда: жағдайы орташа ауырлық дәрежеде. Терісі бозарған, тілі сарғыш жабындымен жабылған, құрғақ. Жүрек және өкпе жүйелерінде өзгерістер жоқ. Артериалды қан қысымы - 100/70 мм с.б. Іші жұмсақ, эпигастрий тұсында және сол жақ қабырға астында ауырсыну сезімі бар.

Қан анализінде: гемоглобин - 140 г/л, лейкоциттер - 12 х 109/л, эритроциттер - 4,5 х 1012/л, ЭТЖ - 26 мм/сағ, холестерин - 6,2 ммоль/л, қандағы қант - 5,9 ммоль/л, қанда диастаза мөлшері – 80 ХБ, зәрде – 75 ХБ.

1. Сіздің болжамды диагнозыңыз.

2. Қосымша тексеріс және емдеу жоспарын құрастырыңыз.

6.42 жастағы әйел эндокринолог дәрігерге қаралғанда шаршағыштыққа, ұмытшақтыққа, тоңу сезіміне, ұйқышылдыққа, іш кебуіне, семіруге бейімділікке, меноррагияға шағымданды. Науқас дертін вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін пайда болды деп санайды.

Қарауда: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Есі анық, баяу сөйлейді, дауысы қарлыққан, қозғалысы жай. Беті ісінген, көз ұяшықтары кішірейген, терісі құрғақ, қабыршақталған. Тілі ұлғайған, тілінде тістердің іздері бар. Шашы түсіп, тырнақтары сынғыш келеді. Аяқтарында тығыз ісінулер бар. Дене қызуы - 35,4ºС. Ішкі мүшелердің қызметінің бұзылылулары анықталмады.

Қан анализінде: гемоглобин – 86 г /л, лейкоциттер - 8х 109/л, эритроциттер - 3,8 х 1012/л , тромбоциттер - 220 х 109/л, холестерин – 9,0 ммоль/ л., УДЗ - қалқанша безінің гипоплазиясы.