Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Образец письма на ввоз мебели.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
44.86 Кб
Скачать

Тақырып: Ревматикалық қызба.

Ревматизм – генетикалық бейімді адамдарда туындайтын, А тобының гемолиздік стрептокогымен шақырылған, патологиялық процесске жүрек пен буындарды қосумен дəнекер тінінің жүйелік қабынбалы ауруы.

Қауіп-қатерлі факторлар:

  • дымқыл климат

  • нашар əлеуметтік-экономикалық жағдай

  •  генетикалық бейімділік

Ресей ревматологтар Ассоциациясының жіктемесі (2003 ж.):

1. Клиникалық варианттары: жіті ревматизмдік қызба, қайталама ревматизмдік қызба.

2. Клиникалық көріністер:

Негізгілері: кардит, артрит, хорея, сақинатəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер.

Қосымша: қызба, артралгия, абдоминалды синдром, серозиттер.

3. Аяқталуы:

  • сауығу

  • жүректің созылмалы ревматизмдік ауруы (жүрек ақауынсыз, жүрек ақауымен)

4. Жеткіліксіздік стадиясы

Клиникалық белгілері:жүрек тұсындағы ауырсынулар жəне қолайсыздық, ентікпе, жүректің қағуы,тахикардия.

  • аурудың басталуы стрептококкты мұрынжұтқыншақ инфекциясымен байланысты

  • уыттану симптомы

  • артралгиялар активті жəне пассивті қозғалыстардың шектелуімен 

  • жиірек ірі буындар зақымдалады, зақымдалу ұшпалы және симметриялылы

  • жіті ревматизмдік қызба кезінде: қызба 90% науқастарда, тері асты түйіндері, сақинатəрізді эритема, хорея, ревмокардит кардиалгиялармен, ентікпемен, ортопноэмен, аритмиямен көрініс табады, аускультация кезінде – жүректің белгілі ақауы үшін мінезді шулық көрініс.  

 Үлкен критерилер - кардит, полиартрит, хорея, сақинатəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер.

Кіші критерилер – артралгиялар, қызба.

Диагностикасы

1.Қанның жалпы анализі.

2. Зəрдің жалпы анализі.

3. Жалпы ақуыздарды анықтау.

4. Ақуыздық фракцияларды анықтау.

5. С-реактивті ақуызды анықтау.

6. Электрокардиография: Т амплитудасының жəне S-T интервалының төмендеуі, аритмиялар.

7. Жүрек рентгенографиясы: жүрек көлемінің ұлғаюы, жиырылғыштық қасиеттің төмендеуі.

8. ЭХОКГ (ДОППЛЕР ЭХОКГ):митралды жəне аорталық регургитации белгілері.

9.Аңқадан жұғындыны бактериологиялық зерттеу.

Ем мақсаты:

1. Жіті ревматизмдік қызбаның қайта шабуылы мен жүрек ревматизмдік ақауының алдын алу жəне (диспансерлік бақылау).

2. Медициналық емшараларды орындау кезінде туындайтын бактериемияны қайтару.

 № 10 емдік стол.

1. Антибактериалды терапия (антибиотиктер: пенициллин, амоксициллин,цефазолин, кларитромицин)

2. Стероидтық емес қабынуға қарсы препараттар (СЕҚҚП): натрий диклофенак.

3. Глюкокортикоидтар (ауыр кардит, əсіресе жүрек функциясының жеткіліксіздігі симптомдары кезінде)

4. Инфекция ошағын санациялау

5. Симптоматикалық терапия

6. Ырғақ бұзылуын емдеу: жыпылықтағыш аритмия кезінде: дигоксин, кальций немесе амиодарон антагонистері, көрсетімдер бойынша - кардиоселективті В-адреноблокаторлар: жүрек жиырылуын, АҚ, ЭКГ бақылауында.

7. Жүрек функциясының жеткіліксіздігі: зəр айдағыштар: фуросемид, ісіну синдромы кезінде – верошпирон

8. Калий препараттары: аспаркам, панангин

 

Ревматизмдік қызбаны, ревматизмді емдеу стационарда жүргізіледі.

Асқынулары:

  • митральды ақаудан дамитын жыбыр аритмия

  • жүрек шамасыздығы

  • тромбоэмболиялар

Алдын алуы:

Біріншілік: инфекция ошақтарын жою

Екіншілік: бензатин - бензилпенициллинмен:

  • Кардитсіз жедел ревматикалық қызбамен ауырған науқастар үшін (полиартрит, хорея) – 5 жыл

  • Кардитпен жедел ревматикалық қызбамен ауырған науқастар үшін, профилактиканы 5 жылдан астам жүргізу қажет (ең болмағанда науқасқа 25 жас толғанша)

  • Жүректің қақпақшалық ақауымен науқастарға жəне жүрек ақауын хирургиялық түзету орындалған науқастарға - өмір бойы

Тақырып: Жүрек ақаулары.

Жүректің жүре біткен ақаулары – туылғаннан кейін жүрек құрылымдарының түрлі себептерден бұзылыстары.

Себептері:

  • түрлі аурулар (ревматизм, инфекциялық эндокардит, коллагеноздар, мерездік аортит, атеросклероз)

  • жүрек жарақаттары

Ең жиі кездесетін митральді және аорта қақпатарының аурулары.

Митральді қақпақтың шамасыздығы.

Патогенезі:

  • қақпақтар толық жабылмай, жармаларының арасында саңылау болуы немесе қақпақтың тесілуі

  • систола кезінде қанның біршамасы жабылған қақпақтың арасындағы саңылаулардан немесе тесілген қақпақтан сол жүрекшеге оралуы. Кері оралаты қанның көлемі қақпақ кемістігінің аумағына және митральді тесіктің сақиналық бұлшықетінің жиырылу мүмкіндігіне тәуелді.