Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Басқару әдістері.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
183.81 Кб
Скачать

Практикада басқару әкімшілік әсері ереже бойынша 3 түрлі бағындыру түрімен байланысты:

— амалсыз және сырттай көндіру, бұл жағымсыз тәуелділік сезіммен бірге жүреді және бағынушылардың түсінігі бойынша « жоғарыдан» қысым боп табылады. — пассивті бағындыру, бұған өз бетімен шешім қабылдаудан босатылуға байланысты қанағат тән. — сезінген ішкі тұрақталған, бұл жетекшіні де, бағынышты да қанағаттандырады.

Ұйымдастыру — әкімшілік басқару тәсілдерін қолдану басқарылатын жүйе дамуны және тіршілігіне жағымды жағдай жасайды, басқару обьетісіне мақсатты әсер етеді. Тікелей әскер етудің мазмұнды ерекшеліктеріне жетекші мен бағыныштының тікелей байланысы жатады. Бірақта тікелей әсер ету ақырында бағыныштылардың пассивтіліктерінің күшеюіне, ал кейде жабық түрде көнбеушілікке әкеледі. Тапсырмалардың қойылуы мен ынталандырушы жағдайлардың тууы арқылы жүзеге асатын әсер етудің әдістері өте нәтижелі.

Басқарудың ұйымдастырушылық әдістері – нақты мақсаттарға қол жеткізудің ұйымдастырушылық жағына ықпал ету жүйесі болып табылады. Бір жұмысты орындау ұйымдастырудың әрқилы жағдайларында, оны ұйымдастырудың әртүрлі типтерінде мүмкін болады:

-қатаң реттемелеумен

-икемділікті бейімделумен

- жалпы міндеттерді дұрыс қоя білумен

-қызметтің ұйғарылатын шегін белгілеп алу және т.б.

Бұл әдіс ұжымға нақты ықпал етіп, жұмыстың тиімді әрі сапалы орындалуын қамтамасыз етеді және үш топқа бөлінеді: ұйымдастырушылық-тұрақтандырғыш: жекелеген буын ішіндегі белгілі бір міндеттемелерді бекіту арқылы ұйымдастырушылық байланыс орнату.

Басқарушылық: күнделікті қолдану мен жұмыс жағдайын өзгерткенде түзетулер енгізу.

Дисциплинарлық ықпал ету: тәртіпке салу мен жауапкершілік .

Басқару ықпалының сипаты бойынша: қысқа және ұзақ мерзімдегі әсер ету құралдарыменорындалатын іс әрекеттер.

Кейде бұл әдіс әкімшілік деп те аталады. Ұйымдастырушылық-тұрақтандырғыш өзі үшке бөлінеді: реттеу (жалпы ұйымдастырушылық, құрылымдық, қызметтік, функционалды, қызметтік), нормативтер (уақыттық, сандық, шаманың, ӛнімділіктің, салыстырмалы), нұсқау беру (сақтандыру, түсіндіру, таныстыруғ кеңес).

Басқарудың экономикалық әдістері.

Басқарудың экономикалық әдістері. Басқару қатынасы бірінші кезекте экономикалық қатынастарымен және оның негізінде жатқан адамның қызығушылығы мен қажеттілігін анықтайды. Содан да басқарудағы экономикалық әдістеріне басты орын беріледі. Бұл әдістерді қолдану туралы басқарылып отырған обьектіге экономикалық ынталандыруға ұйымдастырудың қайырымдылығын қамтамасыз ету керек. Өз бетімен жұмысқа негізделген жағдайларда ғана басқарудың экономикалық әдісіне көшуге мүмкін болады: ұжым, материалдық қорды, түскен пайданы, еңбек ақыны басқарады және өздерінің экономикалық көзқарастарын іске асырады. Экономикалық әдістер жаңа мүмкіндіктердің және қордың анықталуына себеп болады, әсіресе нарықтық қатынастарға көшу мезгілі маңызды. Өндірістік процесстің бар қатысушылары экономикалық қызығушылығымен жүйенің материалдық ынталандыруының өзгеруі туралы айтылады. Бұл бағыттағы барлық жұмыстың бас мағынасы басқару іс — әрекеттерінің экономикалық салдарын максималды түрде толық ескеру секілді жағдайда қою.

Ұйымдастыру — әкімшіліктен айырмашылығы экономикалық әдіс басшылығы жұмыстың ортақ жоспарлы экономикалық көрсеткіштері мен оларға жету құралдарын ұйғарады. Экономикалық ынталандыруда жоғарылату нәтижесінде мына жағдай пайда болады, бұл жағдайды еңбек ұжымы және мүшелері жұмысқа әкімшілік қысымы нәтижесінде емес ( бұйрық, директивалар, жарлықтар) экономикалық ынталандыру нәтижесінде талпынады. Басқарудың экономикалық әдісі негізінде ұйымдастыру — әкімшілік және әлеуметтік – психологиялық әдісі даму және нығаю қажет, кәсіпкерлік және оларды мәдени қолдануы жоғарылауы керек.

Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңыз алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады. Өндірістік ұжымдар мен жекелеген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық тұтқаларды (өзіндік құн, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану жолымен ықпал ету экономикалық әдістер деп түсініледі.

Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын көздейді.

Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты-кәсіпорынның коллективті, жекелеген қызметкерлерді барынша белсенділік көрсетуге  ұмтылатындай экономикалық жағдайларды қамтамасыз ету. Бұның негізінде материалдық қызықтыру мен ынталандыру, ақшамен мадақтау және жазалау жатыр. Бұған қандай әдістер, тәсілдер жатады?

Мемелкеттік мекемелерде өндірісті қаржыландыру саясаты, тиімді, келешегі зор, сұранысы көп заттарды шығаруға, жаңа техника мен озат технологияны енгізуге, жоғары сапалы заттар шығаруға бағытталғаны дұрыс.

Ынталандыру жүйесін кеңінен жұмыскерлер, цех және ұжымдар да қолдануы керек. Ынталандыру жүйесі еңбек өнімділігін өсіруге, зат сапасын көтеруге, үнемділік тәсілдерін игеруге бағытталуы тиіс.

Несиені тиімді пайдалану арқылы жаңа техника, технология, жаңа өндіріс бағдарламаларын өркендетуге мүмкіндік береді.

Салық жүйесін де тиімді пайдалану арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады. Сонымен қатар баға саясатын да пайдалану керек.

Басқарудың экономикалық әдістері – кәсіпорын қызметкерлерінің қажетті бағытта әрекет етуіне және алға қойылған міндеттерді шешуге талпыныстарын оятатын экономикалық жағдайларды тудыру жолымен ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы.Басқаруда экономикалық әдістер жүйесі артықшылыққа ие (жоспарлау, қаржыландыру, баға белгілеу, экономикалық ынталандыру, бағдарламалар) болатын себебі, ол өндірістік ұжымның және әрбір жеке тұлғаның материалдық мүдделері арқылы шаруашылықты жүргізудегі нарықтық жүйе талаптарын орындауға деген олардың ынтасын оятады.