
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Өкпенің аускультациясы (14 жас)
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Апгар шкаласы бойынша баға беру
- •Апгар шкаласы
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Балаға пикфлоуметрия жүргізу
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
- •Жүрек аускультациясы (11-жас)
- •«Астана медициналық университеті» ақ
- •Іс әрекет алгоритмі
«Астана медициналық университеті» ақ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 3 ОСКЭ станциясы
Балаға пикфлоуметрия жүргізу
Тапсырма. Балаға пикфлоуметрия жасаңыз және қорытынды жасаңыз.
№ |
Кезеңдері |
Іс әрекеттінің реттілігі |
1 |
Пикфлоуметрді жұмысқа дайындау |
Аспапты 70% спирт ерітіндісімен өңдеу, аспаптың бағдарын шкаланың басына дейін келтірдіп және оның дұрыс жұмыс істеп тұрғандығын тексеру.
|
2 |
Науқасқа манипуляция барысының кезеңі және манипуляция кезеңіндегі оның тәртібі жайлы түсіндіру. |
Науқаспен алғаш кездескеннен бастап дәрігер өзінің аты-жөнін толық атау керек оның жасына қарамай. Пикфлоуметрия жүргізу барысын түсіндіру. Аспаптың бағдарын шкала басына дейін жеткізу.
|
3 |
Науқасқа максимальді дем алуын түсіндіру.
|
Қалыпты және жәй дем шығарудан кейін терең дем алуын ұсыну. |
4 |
Науқасқа аспаптың бір ұшын аузына салып максимальді дем шығаруын ұсыну
|
Аспапты горизонтальді ұстай отырып, мунштукті ернімен алып дем шығару (шырақты үрлеп өшірген тәрізді). |
5 |
Өлшеуді 3 мәрте (рет) қайталау.
|
Шкала көрсеткішін бағалау. Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттерді 3 рет қайталау, максимальді көрсеткішті бақылау қағазына жазу. |
6 |
Дем шығарғандағы ауа жылдамдығын анықтау. Өлшеудін 3 мәртесінен алынған максимальді көрсеткіштерін науқасты бақылау қағазына жазу.
|
Цилиндр бетіндегі шкаласының бағдары бойынша әр дем шығарудағы пиктік жылдамын анықтау. Максимальді көрсеткішті бақылау қағазына жазу. |
7 |
Пикфлоуметриядағы науқастың бойына сәйкес қалыпты көрсеткішін анықтау. |
Арнайы кесте бойынша пикфлоуметриядағы науқастың бойына сәйкес келетін дем шығарудың қалыпты көрсеткішін анықтау. Анықталған қалыпты көрсеткішті бақылау қағазына жазу.
|
8 |
Салыстырмалы талдау жүргізу және қорытынды жасау. |
Салыстырмалы талдау жасау және қорытынды шығару. Қалыпты – дем шығарудың мүмкін көлемінен 80% -ға жоғары. «Назар аудару» белгісі – асқыну мүмкіндігі дем шығарудың мүмкіндік көлемінен 60-80% шамасында. «Дабыл» белгісі - жағдайдың нашарлауы мүмкіндік дем шығару 60% төмен.
|
«Астана медициналық университеті» ақ
№1 балалар аурулар кафедрасы
Іс әрекет алгоритмі
№ 4 ОСКЭ станциясы
Жүрек аускультациясы (11-жас)
Тапсырма. Жүрек аускультациясын жүргізе отырып қорытынды жасаңыз.
№ |
Кезеңдері |
Іс әрекеттінің реттілігі |
1 |
Жүрек ұшының аускльтациясын жүргізу.
|
Фонендоскопты бұғана орта сызығынан сол жақ бесінші қабырға арлыққа қою. |
2 |
Төстен оң жаққа екінші қабырға аралыққа аускультация жасау.
|
Фонедоскопты төстен 1см. оңға қарай екінші қабырға аралыққа қою. |
3 |
Төстен сол жаққа екінші қабырға аралыққа аускультация жасау.
|
Фонедоскопты төстен 1см. солға қарай екінші қабырға аралыққа қою. |
4 |
Семсер тәрізді өсіндінің тұсына аускультация жасау.
|
Фонедоскопты семсер тәрізді өсіндінің тұсына қою. |
5 |
Боткин нүктесіне аускультация жасау.
|
Фонедоскопты төстің сол жағынан төртінші қабырға аралыққа қою. |
6 |
Жүректің жиырылу жиілігін есептеу.
|
Фонедоскопты төстен сол жаққа, бұғана орта сызығы бойымен жүрек ұшының тұсына қою. ЖЖЖ минутына 85 рет. |
7 |
Жүрек ұшы тондарына сипаттама беру. |
Жүрек ұшындағы I тон – әлсіз. |
8 |
Жүрек шуына сипаттама беру.
|
Жүрек ұшында I тонмен байланысты дөрекі систолалық шу естіледі. |
9 |
Жүрек ырғағына сипаттама беру. |
Жүрек ұшында қалыпты ырғақ анықталады. |
10 |
Қорытынды жасау. |
Митралды қақпақшаның жеткіліксіздік шуы. |